Дәріханада сатылатын дәрумендердің пайдасы мен зияны

Дәріханада сатылатын дәрумендер әлдеқашан қызу пікірталастардың басты тақырыбына айналды. Пікірталастырушылардың бір жағы синтетикалық дәрумендерді көктемгі дәруменсіздік кезінде қабылдау керек екеніне сенімді. Ал оларға қарсы екінші тарап мүлдем тиімсіздігі мен тіпті ББҚ-ның және соған ұқсас заттардың зиян екеніне сенімді. Қай жақтың пікірі дұрыс екенін қарастырып көрейік. 

Дәрумендерді ішкен дұрыс па, бұрыс па?

Қазіргі кездегі адамдардың жолы болған: біз азық-түлік өнімдерінің тапшылығы мүлдем жоқ кезде өмір сүріп жатырмыз.  Дүкендердің сөрелерінен жаныңызға қажет нәрсенің барлығын табуға болады. Балғын көкөністер мен жеміс-жидектер жыл он екі ай қолжетімді.

Алайда мұнда бір мәселе бар. Өкінішке қарай, тағам өнімдерінің заманауи өндірушілері сапалық емес, сандық көрсеткіштерді бірінші орынға қояды. Табиғи өнімдерді қанттар қосылған және майлармен қаныққан тазартылған тағамдар ығыстырып тастады. Оның құрамында дәрумендердің мөлшері аз болып қана қоймай, олардың адамның ағзасы толық сіңіруіне кедергі жасайды. Небәрі 10-20 жыл бұрын дүкендердің сөрелеріне жеткізілетін балғын көкөністер мен жемістердегі пайдалы заттар қазіргіге қарағанда 2-3 есе көп болатын!

Біздің замандастарымыздың отырып жұмыс істейтін өмір салты да өз үлесін қосуда. Соның әсерінен тағам мөлшерінің құнарлылығы шектеліп, нәтижесінде дәрумендердің келіп түсуі де біртіндеп азая береді.

Дәрумендердің жетіспеушілігі қалалық жерде тұратын адамдарда көбірек байқалады. Қала өмірі адам ағзасына үнемі уытты жүктеменің болуын еске салады. Ал дәрумендер уытсыздандыру процесстеріне белсенді қатысады.

Қала тұрғындарын толғандыратын тағы бір мәселе – нашар экология. Ол пайдалы заттардың шығыны артатын көптеген ауыр дерттердің дамуын өршітеді. Міне, сондықтан да көпшілігімізге қосымша полидәрумендерді қабылдау керек.

Дәрумендердің жетіспеушілігі туралы бірер сөз

Ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігін келесі белгілер арқылы байқауға болады (бұнда толық тізім берілмеген):

жалпы әлсіздік;

тез шаршағыштық;

үнемі қарынның ашуы және тәбетін бақылай алмау (ағза тамақтың көмегімен пайдалы заттардың жетіспеушілігінің орнын толтыруға тырысады).

Аталып өткен белгілер біршама жалпылама болып табылады және адамға қандай дәрумендердің, минералдар мен микроэлементтердің жетіспейтінін нақты анықтауға көмектеспейді. Сондықтан көп жағдайда ағзадағы пайдалы заттардың жетіспеушілігінің мәселесі назардан тыс қалып жатады.

Егер адамның қызыл иегі қанаса, ол бірінші кезекте барып арнайы емдік пастаны сатып алады. Ал қызыл иектің қанауы С дәрумені жетіспеушілігінің белгісі екенін түсінбеуі де мүмкін. Егер емделуші ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жұқпалы аурулармен үнемі қиналатын болса, оның ағзасында А дәрумені жетіспейтінін кез келген дәрігер дөп басып айта алмайды. Дәл сол иммундық реакциялармен тығыз байланысты.

Жоғарыда айтылып өткендерден мынадай қорытынды жасауға болады: ағзаға нақты қандай дәрумен немесе микроэлемент жетіспейтінін тек қана қан және несеп талдауын жасау арқылы анықтауға болады.

Дәрумендерді кімдер қабылдауы керек?

Әрине, адамдардың басым көпшілігі ешқандай талдау жасамауды жөн көреді. Олар дәрумен жетіспеушілігіне күдіктенсе, жай ғана дәріханаға барып қораптағы сиқырлы дәрі-дәрмекті сатып алады. Дәрумендік кешендер мен ББҚ-лар қолжетімді және ешқандай дәріқағазсыз сатыла береді.

Медициналық көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, мұндай әрекет едәуір жауапкершіліксіз болып саналады. Дәрумендік кешендер профилактикалық және емдік болады. Компоненттердің мөлшерленуі препараттың бағытталуына тікелей байланысты. Профилактикалық полидәрумендер пайдалы заттардың бірқалыпты жетіспеушілігі кезінде қабылдауға есептелген. Ал емдік кешендерді талдау нәтижелері бойынша расталған дәрумен жетіспеушілігінің жоғары деңгейін жою үшін белгілейді. Міне, сол себепті терапевтік мөлшерлеуді тек қана дәрігер белгілеуі керек! Дәрігер қабылдау ұзақтығын да, қанша курс қажет екенін де өзі белгілейді. Профилактикалық препараттар айтарлықтай қауіпсіз болып саналады. Сондықтан да оларды дәрігердің кеңесіне жүгінбей-ақ сатып алуға болады (дегенмен, медициналық көзқарас тұрғысынан, бұлай жасау мүлдем дұрыс емес).

Адамдардың көпшілігі дәрумендерді тек қана көктем мезгілінде қабылдау керек деп есептейді. Мұндай тұжырымды сауатты деп атауға болмайды, өйткені адам ағзасы пайдалы заттарды жылдың кез келген мезгілінде қажет етеді. Ал кейбір дәрумендерді үзіліс жасамай қабылдау керек. Мысалы, D дәрумені. Бұл дәрумен жетіспеушілігінен жер шары тұрғындарының 98%-ы азап шегуде.

Орта белдеуде және оңтүстікте туылған мен тұратын адамдардың жолы болған. Оларда дәрумендерді ішпей-ақ, оларды жергілікті балғын жеміс-жидектер мен көкөністерден алуға болатын жаз мезгілі, жеткілікті мөлшердегі күн сәулесі және ультракүлгін сәулелер бар.

Алайда, емделушілердің кейбір топтарына тіпті жаз мезгілдерінде де синтетикалық дәрумендік дәрі-дәрмектерді қабылдау керек. Атап айтқанда:

вегетариандарға;

көптеген азық-түлік өнімдеріне тыйым салынатын қатаң диета ұстанатын адамдарға;

ағзасына белгілі бір қоректі заттың жүйелі түрде келіп түсуін қажет ететін аурумен ауыратын емделушілерге (қант диабеті, қан аздығы);

жүкті және бала емізетін әйелдерге;

қала тұрғындарына;

экологиясы нашар жерде тұратын адамдарға.

Гипервитаминоз қауіптілігі

Көбісі гиповитаминоздың ағзаға кері әсер ететіні туралы хабардар. Соңғы уақытта ғалымдар мен дәрігерлер гиповитаминоздың зиянды әсері туралы да сөз қозғауда. Дәрумендердің шамадан тыс мөлшері және оларды бақылаусыз қабылдау әртүрлі ауруларға, тіпті онкологияға дейін алып келетіні дәлелденді. Әсіресе, құрамында өте компоненттері бар дәрумендік кешендерді қабылдауда сақ болу керек.  Мұндай препараттар, мысалы, көбінесе арнайы спортшылар үшін шығарылады, бірақ оны кез келген сатып алғысы келген адам еркін сауда арқылы ала алады.

Дәрумендерді тек дәрігер ғана жазып бере алады! Тек дәрігер ғана әр жағдайда бөлек қарастыра отырып жалпы клиникалық жағдайға баға бере алады және дәрі-дәрмектің оңтайлы нұсқасын дұрыс таңдай алады.

Мысалы ретінде ең танымал, зиянсыз дәрумендердің бірі – аскорбин қышқылын (C) қарастырайық. Кейде С дәруменін профилактикалық мөлшерде қабылдаудың өзі де денсаулыққа қайта түзетуге келмейтін зиян келтіруі мүмкін. Атап айтқанда:

науқастағы эрозиялық гастрит кезінде – аурудың өршуіне алып келуі;

егер ұзақ уақыт бойы және өте көп мөлшерде қабылдайтын болса, онда несеп-тас ауруына алып келуі;

артрит және артрозға алып келуі мүмкін, өйткені аскорбин қышқылының ыдыраған өнімдері буындарда жиналады.

Аскорбин қышқылының гипервитаминозын дер кезінде байқаған және оның қабылдау мөлшерін азайтқан күннің өзінде жүре пайда болған аурудың даму механизмін тоқтатуға үнемі қабілетті бола бермейді. Ал бұл, сәл ғана үміт береді деп айтсақ болады.

Сондай-ақ А және Е дәрумендерін қабылдауда аса сақ болу керек. Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары олардың шамадан тыс артық болуы әртүрлі мүшелердің қатерлі ісікке шалдығуына алып келу мүмкін екенін анықтады. Адам бұл дәрумендерді тамақпен бірге жеткілікті мөлшерде алады. А және Е дәрумендерін қабылдау үшін олардың ағзадағы анық жетіспеушілігінің талдау нәтижелерімен расталуы негіз болып саналады.

Алайда алдын ала байбалам салудың қажеті жоқ. Гипервитаминоз өте сирек дамиды. Қазіргі синтетикалық дәрумендік кешендердің құрамы теңдестірілген және адамның пайдалы заттарды күнделікті қажет етуін ескере отырып дайындалған.

Адам ағзасы өте шебер құрылған. Ол өте көп мөлшердегі микроқоректі заттардан арыла алады. Дәрумендердің көп бөлігі – беріктігі аса жоғары емес, суда еритін заттар. Адамның ағзасына түскеннен кейін олар тез ыдырайды және сыртқа шығады. Дәрумендерді алмастыратын өнімдер қауіп төндіруі мүмкін (жоғарыда айтылып өткен аскорбин қышқылына келтірілген мысалды қараңыз), алайда мөлшерден тыс қабылдау қауіпі өте аз келтіріледі, әрине бұл – қуантарлық жағдай.

A, E және D майда еритін дәрумендермен өте сақ болу керек. Олар майлы тіндерде жиналатын және бірнеше ай бойы сол жерде тұратын қасиетімен сипатталады. Бірақ оларды мөлшерден тыс қабылдауды алдын алуға болады. Әрине, егер аталмыш заттардың емдік мөлшерін өз бетімізше белгілемейтін болсақ.

Дәрумендерді қажет етуге жас ерекшелігінің әсері

Есейе келе адамдардың дәрумендерді қажет етуі арта береді. Оның себебі – қосымша дәрумендік қолдауды қажет ететін, өмір бойы жүре пайда болған аурулары. Үлкен кісілердің көпшілігінің ас мәзірін алуан-түрлі деп атауға келмейді, ал ол өз кезегінде пайдалы заттардың қажеттілігін арттырады.

Адамның ДНК құрылымы сыртқы факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Оларды плюс-дәрумендер деп аталатындар қорғай алады. Солардың бірі ерекше амалымен ДНК-ның зақымдалған аймақтарын “өшіреді”, олардың әсерін бейтараптандырады, ал өзгелері – айтарлықтай маңызды гендердің қызметін қолдайды.

В тобындағы дәрумендерге мысалдар қарастырып көрейік. Бұл сансыз көп және адам ағзасы ең көп қажет ететін дәруменнің тобы. В тобының дәрумендерінің қажеттілігі баланың құрсақтағы кезінде–ақ басталады. Жүктілік кезіндегі бұл дәрумендердің жетіспеушілігі іштегі нәрестенің дамуында патологиялардың пайда болуына алып келеді. Егде жаста асқазанның В тобының дәрумендерін сіңіруі нашарлай береді, сәйкесінше қарт кісілерде олардың жетіспеушілігі арта береді.

Дәрумендердің бір-бірімен үйлесімділігі

Көптеген дәрумендер бір-бірімен үйлеспейді. Мысалы үшін, A және D, B2 және C, D және E дәрумендерін бірге бір мезгілде қабылдауға тіпті ұсынылмайды. Бұндай жағдайда бұл дәрумендер ағзаға сіңу қабілетін жоғалтады.

Адал, таза ниетті полидәрумендердің өндірушілері бұл туралы біледі және өз өнімдерін аталмыш ерекшеліктерін ескере отырып өндіреді. Осылайша кейбір дәрумендік кешендерде дәрумендердің тәуліктік дозасы компоненттердің бір-бірімен үйлесімділігі принципі бойынша бірнеше таблеткаға бөлінген. Өзге де кеңінен таралған түрі – көпқабатты домалақ дәрі түріндегі препараттар. Ондағы қабаттар дәрумендердің үйлесімділігі бойынша жасалған және әрқайсысы белгілі бір уақытта сіңіріледі.

Полидәрумендерді жасаудың мұндай технологиясы сіңу деңгейін жақсартады және қабылдаудың тиімділігін арттырады. Алайда бағасында да айырмашылық болады. Мұндай кешендердің бағасы айтарлықтай қымбатырақ болып келеді.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Рамазан айында қалай дұрыс тамақтану керек

Соңғы 3 жыл ішінде қасиетті Рамазан айы солтүстік жартышардағы ең қысқа түндер мен ең ұзақ күндерге сәйкес келуде. Осы жылы ...
«Далее»

Отыру өлімге алып келуі мүмкін: отырып істейтін жұмыс несімен қауіпті?

Отырып істейтін жұмыс — адамдардың көпшілігіне тән өмір ағымының бір түрі. Физикалық емес еңбек созылмалы шаршағыштықтың пайда болуының және денсаулықтың ...
«Далее»

Что такое витамин D и зачем он нужен организму

Список продуктов, где есть витамин D, ограничен. Это, в первую очередь, морские продукты и рыбий жир, а вот в «молочке» ...
«Далее»

Почему болит живот: 10 причин

Боль в животе бывает разной: ноющей, режущей, со спазмами. Дискомфорт не всегда означает нарушение пищеварения. Болезненные ощущения могут сигнализировать о ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp