Микроциркуляция және оның бұзылуы

Микроциркуляция дегеніміз не?

Микроциркуляция – адам ағзасындағы зат алмасудың маңызды физиологиялық негізі. Біздің ағзамыздың әрбір жасушасы қажетті қоректі сіңіргенде ғана дұрыс қызмет ете алады. Қоректік заттар мен оттектің жеткізілуі қандағы микроциркуляция әрекеттерінің есебінен болады. Олар жіңішке тамырлар мен қылтамырлар арқылы ағады.

Микроциркуляция қызметін бақылау неге сонша маңызды?

кровотокҚылтамырлар қабаты мен қанның сұйық құрамдас бөлігі науқастың аса маңызды органдарының жұмысын анықтайды, олар: жүрек, ми, бүйрек және басқа жүйелер. Қылтамырлар диаметрі миллиметрлер бөлігін есептейді, олардың қабатында бұлшықетті қабық жоқ. Ол табиғи түрде екі жақты алмасу үшін жаралған – қоректік затты жіберу мен өңделген өнімдерді шығарып отыру. Егер оларды ірі қантамырлармен салыстыратын болсақ, қылтамырлар ішіндегі қысым 5 есеге қысқарады.

Қанның ағымдағы өлшемдері мен тұтқырлығы өзгерген кезде немесе жіңішке тамырлар қабаттары зақымдалғанда, микроциркуляция әрекетінің бұзылуы байқалады. Бұл адам ағзасы үшін өте маңызды органдар жасушаларына қоректік заттардың жеткізілуіне кері әсерін тигізеді.

Маңызды алғышарттар

Көп жағдайларда мұндай көріністер қантамыр қабаттарының зақымдалуы кезінде болады. Пішіннің өзгеруі қантамырлар қабаттарының өткізгіштігіне әсер етеді. Бұндай жағдайдың салдары қанның тұрып қалуына және қанның сұйық құрамдас бөліктерінің майда қылтамырларды қысып қалып, жасушалар кеңістігі жаққа шығып кетуіне әкеледі. Көрсетілген әрекеттер қылтамырлар мен жасушалар арасындағы алмасу әрекеттерінің бұзылуына әкеліп соғады.

Аурудың тағы бір себебі қантамырлардың қабыну аутоиммундық аурулары бола алады, соның ішінде – атеросклероз, бұл жағдайда қылтамырлық қабырғаның зақымдалған ішкі қабатына белсенді түрде тромбоциттер «жабысып қалады». Ағза пайда болған тесікті бітеуді алдына мақсат етіп қояды, алайда ол бұдан да ауыр жағдайларға әкеліп соқтырады.   

Қанның микроциркуляциясының бұзылуына соқтыратын негізгі патологиялық әсерлердің ішінде мамандар жүрек жеткіліксіздігінің түрлі формаларын бөліп көрсетеді, олар есеңгіреу жағдайының кез келген түрі,  көктамырлық кернеу, миокард ишемиясы, қан құрамының патологиялық өзгеруі.

Майда тамырлар қабатының зақымдары да қауіп төндіреді. Қабыну, атеросклероз, қантамырлардың зақымдалуы қанның микроциркуляциясының бұзылуына әкеледі. Тәуекел тобына қант диабетімен ауыратын науқастар жатады, ол кезде жұмсақ тіндердің ишемиялық жағдайы (оттектің аз жеткізілуі) қарқын ала бастайды.

Микроциркуляция әрекетінің бұзылуы адамның кез келген органдарында болуы мүмкін. Қанмен қамтамасыз ету көбіне жүрек бұлшықеттері мен ОЖЖ аймақтарында кездеседі.

Ішкі органдардың зақымдалуы

Жүрек бұлшықеттерінде микроциркуляция бұзыла салысымен, миокард ишемиясы қарқын ала бастайды. Оны жүректің ишемиялық ауруы деп атайды. Бұл науқастың басты қаупі миокард инфарктының туындауында және өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Мамандар микроциркуляция әрекетінің бұзылуынан жүрек жеткіліксіздігінің асқынған түрі орын алған науқастарға да жайсыз болжамдар жасайды.

Жүректегі микроциркуляция бұзылуын жылдам шаршап қалу, әлсіздікті жиі сезіну, физикалық күш түскенін көтере алмау, жүрген кезде қатты демігуден, аяқтың ісуінен байқайды. Миокард ишемиясының үдемелі кезінде науқас жүрек тұсында күйдіріп немесе қысып бара жатқандай ауру сезімдерін сезінеді.

Мидағы қан айналымының бұзылуы адам үшін өте қауіпті. Мұндай оқиғалар салдарынан инсульт, артериялық гипертонияның асқынған түрі және басқа да жағымсыз, қауіпті жағдайлар орын алады. Қанның тоқтап қалуы мен ми жасушаларының ісуінен  алуға болады. Оның алғышарттары ұмытшақтық, эмоциялық ауытқушылықтардан, үнемі бастың айналуынан, неврологиялық белгілер (сонымен бірге – шайқалақтаған жүріс) кезінде байқалады.

Бүйректегі микроциркуляция бұзылуы жағымсыз әсерлердің дамуына әкеледі. Есеңгіреу халінде бүйрек қантамырларына қанның жеткізілуі тоқтап қалып, бүйрек жеткіліксіздігіне соқтырады. Бүйректерінде асқынған аурулары бар науқастарда ауру әлсіз байқалатын белгілер береді. Қан ағысының бұзылғанын зәрді аз шығару, беттің ісуі және түнде зәр ұстай алмау белгілеріне қарап білуге болады. Ең күшті сатысында адам ағзадан шығатын зәр көлемінің кенет төмендеуімен немесе оның мүлдем болмауымен соқтығысады. Егер дұрыс ем таңдалмаса, науқас ағзасы несепнәр мен креатининнің салдарынан үнемі уланып, күшін жоғалтады.

Артериялық немесе көктамырлық қан ұюдың асқынған түрі салдарынан болған қан айналымының бұзылуынан аяқ зардап шегуі мүмкін. Темекі шегетіндер осындай жағдайларға жиі түседі, себебі олардың қантамырлары үнемі құрысып тұрады. Клиникалық кесел ақсау белгілері арқылы білінеді, ол бірде байқалып, бірде жойылып отырады. Қан ағысының бұзылуы кезінде адам қатты ауыруды сезінеді, аяғында ақшыл немесе көкшіл реңкті байқайды, кенет ісудің орын алғанын көреді.

Көрсетілген өзгерістер қандай қауіп тудырады?

Көптеген ауытқулар адам ағзасы үшін айтарлықтай қауіп төндіреді. Ең күрделі жағдай барлық органдарда бірдей микроциркуляция бұзылуы орын алғанда болады. Асқыну сатысы аса көңіл бөлуді қалайды. Сонымен, жүрекке қан тасымалдайтын қантамырларда  қанның ұюынан болған жүректегі микроциркуляция бұзылуы салдарынан, қысқа уақыттың ішінде жүрек жасушалары өліп, науқас миокард инфарктының ерекше қабынуын алады.

Аяқта қан ұю кезінде микроциркуляцияның бұзылуын емдеу орын алмаса, науқас аяғынан айырылуы мүмкін. Денесінде болып жатқан өзгерістерге ұзақ уақыт бойы дұрыс мән бермеу салдарынан науқас ішкі органдары қызметінің ауытқушылығына тап болады.

Қалай күресу керек?

Ағзаның барлық ішкі жүйелеріндегі микроциркуляция әрекеттерін қалыпқа келтіруге көмектесетін тиімді және керемет құрал бар. Қоңыр балдырлар сығындысынан жасалған Ламифарэн өнімі туралы айтып тұрмыз. Бұл өсімдіктің құрамы өте керемет, онда ағзаның жалпы сауығуы мен оның ішкі органдарының қалпына келуіне әсерін тигізетін микроэлементтер жиынтығы мен қажетті заттар бар.

Ламифарэннің ерекшелігі оның қарсы көрсетілімдерінің жоқтығында, сол себептен бұл өнімді балаларға да, жүктілік кезінде және емізіп жүргенде де үнемі қабылдауға болады. Басқа дәрілік заттармен үйлесімділігі арқасында емделуді тиімдірек ете аласыз. Ламифарэн ББҚ-ға жатпайды және медицина саласындағы әлемдік сарапшылардың мақұлдауын алған.

Препараттың негізгі тағайындалуы – аурудың салдарымен емес, оның алғашқы белгілерімен күресу. Бұл аз уақыттың ішінде қанның микроциркуляция әрекеттерін қалпына келтіруге және мазмұнды, толық өмір сүруге көмектеседі.