Йод тапшылығының зардабы

Соңғы жылдары йод тапшылығының әсерінен қауіпті патологиялар саны көбейе бастады. Ақыл-ой белсенділігінің төмендеуі, организмнің қорғаныс функцияларының әлсіреуі – қалқанша безінде қандай бір өзгеріс болып жатқанының бірден-бір дәлелі.недостаток йода Бүгінде адам ағзасындағы йодтың жетіспеушілігі үлкен жаһандық проблемаға айналып отыр.

Йод екі ғасырдан бері адамзатқа химиялық элемент ретінде белгілі. Осы уақыт ішінде йод дезинфекциялау үшін және бактерицидті қорғау мақсатында қолданылып келеді.

Тұрмыстық өмірде және медицина саласында болсын йодты қолданушылар саны күн санап өсуде. Қоңыр түсті құтыдағы өңі сарғыш бұл сұйықтық әркімнің үйінен табылатыны анық. Өйткені, йод бронхиттен бастап іріңге дейін көптеген ауруға таптырмас ем. Сонымен қатар, ауырған жерге жағатын құрал ретінде де «йодты тор» (йодная сетка) бала кезден баршамызға таныс. Дегенмен, аталған микроэлементтің адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екенін бірі білсе, бірі білмейді.

Йодтың адам өміріндегі маңызы

Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарап отырып, йодты адам денсаулығына өте қажетті әрі пайдалы элемент деп сенімді түрде айтуға болады. Орташа алғанда, адам ағзасында аталған микроэлементтің жеткілікті мөлшері шамамен 28 мг-ды құрайды. Ал, егер йод концентрациясы максималды рұқсат етілген 30 мг-нан асып кетсе, адам улану әсерін сезінеді. Ең дұрысы, артық та, кем де емес, қалыпты деңгейде болғаны жөн.

Йод адам өмірі үшін қалқанша безінің дұрыс қызметінің басты кепілі. Ол ағзаның өсіп-жетілуін, дамуы мен зат алмасуын қамтамасыз ететін қалқанша безі гормонының (тироксин) құрамына кіреді. Демек, йод гормонды құрайтын құрылыс материалы. Сондықтан, йодтың рөлі қашан да жоғары болмақ.

Төменде көрсетілген процестердің барлығы да ағзадағы иодтын құрамына тікелей тәуелді:

– ас қорыту процесіне жеңілдік келтіріп, ақуыздар мен майларды ыдырату;

– көмірсулар алмасуын реттеу;

– дене температурасын бақылау;

– ойлау процесінің қалыпты деңгейін қамтамасыз ету.

Йод жетіспеушілігінің алғашқы белгілері:

– әлсіздік;йод

– тез шаршау;

– суыққа сезімталдық;

– жиі суық тигізіп алу, тұмау;

– тонустың патологиялық өзгеруі (дистония) .

Йод тапшылығының салдары:

– ең әуелі, қалқанша безі қызметін бұзады;

– қалқанша безі ауруларына жол ашады. Мәселен, зоб ауруы — бұл қалқанша безінің үлкеюінен пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін.

Егер адам ағзасы қажетті мөлшерде иод қабылдамаса, түрлі ауруларға шалдығады. Өйткені, жоғарыда айтып өткендей, бұл жағдай ағза қызметінің дұрыс жұмыс істемеуіне тікелей байланысты. Мұндай өзгерістің адам ағзасына қауіптілігі неде:

– зат алмасу процесінде гормоналды теңгерімсіздік орын алып, адам тез салмақ қоса бастайды.

– адамның көңіл күйінің жиі құбылуы, ұйқысыздық, тез шаршап қалу. Аталған белгілер түрлі қауіпті жағдайлар туғызады. Мұндай кезде, жұмыс орнын және өмір сүру салтын өзгерту қажет.

– жиі депрессияға түсу, апатия. Бұл айналасындағы адамдарға бірден білінетін құбылыс.

– йод тапшылығының бірден-бір салдары – бала сүйе алмау. Сонымен қатар, йод жетіспеушілігі ерте түсік тастауға әкелуі мүмкін.

– ой еңбегінің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, бағыт-бағдарды ажырата алмау сияқты гормоналды өзгерістердің орын алуы да ғажап емес.

– баланың ақыл-ойымен қатар, бойының да дамуы кешеуілдеп, кретинизмге ұшыратады.

Йод тапшылығының басты қауіптілігі

Йод тапшылығының зардабы басқа аурулардан кем емес:йод

– микседеманың дамуы – қалқанша безінің дұрыс жұмыс жасамау салдары шырышты қабықшалардың ісінуіне апарар бірден-бір жол. Бұл көбінесе, ересек адамдарда кездеседі.

Қалқанша без функциясының жеткіліксіздігінен болады.

– зат алмасу процесінің баяулауы, ерте қартаю, метаболизм процестерінің төмендеуі, әлсіздік;

– түрлі онкологиялық аурулардың пайда болуы;

– инфекциялық, химиялық және физикалық, патогендік өзгерістерге қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, тіпті, ақыл-естің кемуіне әкеледі.

Сонымен бірге, түсік тастау, мезгілінен ерте туылу, баланың дұрыс жетілмеуі, сәбидің іштен ауру болып туылуы немесе өлі туылуы да осы йод тапшылығының салдарынан екені дәлелденген.

Ағзаға табиғи жол арқылы йодты қалай толықтыруға болатынын білудің маңызы зор. Теңіз өнімдерінде йодтың деңгейі жоғары болатыны белгілі. Мысалы, 100 грамм Ламинария немесе теңіз қырыққабатының құрамында йодтың бір тәуліктік мөлшері кездеседі. Алайда, бұл адам күн сайын 100 грамм теңіз балдырын немесе теңіз орамжапырағын жеу керек дегенді білдірмейді. Дегенмен, бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды.

Әрине, йод басқа да тағам өнімдерінде, мысалы, жеміс-жидектер, балықта, бау-бақша дақылдарында да жеткілікті. Сонымен қатар, Ламинария қырыққабатын тағамға немесе салатқа қосу артық етпейді. Ең бастысы, ешқандай өңдеуді қажет етпейді.

Егер ағзаға йодтың мөлшері өте көп мөлшерде керек болса, тамақтану рационына пайдалы дәрумендер мен құнды микроэлементтермен байытылған өнімді пайдалануды әдетке айналдыру нәтижелі. Ең бастысы, денсаулығыңыздың жақсы болуы өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!

Әдетте, мамандар табиғи жолдан бөлек, йодомарин, йодонорма т.б. сияқты түрлі препараттарды қабылдауға кеңес береді. Дегенмен, аталған арнайы препараттарды тек қана эндокринолог маманның қатаң бақылауымен ғана қабылдаған дұрыс. Өйткені, бұл дәрілердің өзіндік кері әсерлері жетерлік.

Осы ретте, біз сіздерге йод тапшылығының заманауи жағдайдағы бірден-бір шешімі ретінде «Ламифарэн» өнімін ұсынамыз. Аталмыш тағамдық өнімді қолдану арқылы сіз өзіңіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесін ретке келтіресіз. Ал, зат алмасу процесінің дұрыс жүруі ол – қалқанша безі қызметінің дұрыс жұмыс істеуінің басты көрсеткіші. «Ламифарэн» гелі ағзаға тез сіңіп қана қоймай, пайдалы элементтермен байытумен ерекшеленеді, әрі барлық ағзаның қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне септігін тигізіп, гормондардың қызметін реттейді.

«Ламифарэн» өнімін күнделікті ішу арқылы сіз йод тәрізді маңызды микроэлементтің тәуліктік қажеттілік мөлшерін қанағаттандырасыз. 100 пайыз табиғи заттардан тұратындықтан, бұл өнім жүктілік кезеңінде және бала емізіп жүрген уақытта қолданыла береді. Аталған өнімнің қалқанша безі қызметіне жағымды әсер ететіні түрлі сертификаттар арқылы әлдеқашан   дәлелденген.