Ішек дисбактериозы

Ішек дисбактериозы дегеніміз не?

disbakteriozАс қорыту жүйесі ерекше микробтардың көмегінсіз тамақты толығымен қорытуды қамтамасыз ете алмайтыны тәжірибе жүзінде тексерілген және дәлелденген. Дисбактериоз – ас қорыту әрекетіне қатысатын микроағзалар құрамының өзгеруінен байқалатын аурудың түрі. Ауру өте залалды болған жағдайда, пайдалы бактериялар саны қысқарып, ал зияндылары белсенді түрде көбейеді. Көріп тұрғанымыздай, ішек-қарын жолдарының жұмысы бұзылған.

Ішектегі микробтар теңгерімі қаншалықты маңызды?

Адам ішегінде микробтардың сансыз көп түрі бар, оларды шартты түрде «зиянды», «пайдалы», «бейтарап» деп бөледі. Маңызды жұмысты бифидобактериялар, лактобактериялар, бактероидтар орындайды. Осылар ішек-қарын жолдарының дұрыс жұмыс істеуі мен тамақты тұрақты қорытуға жауап береді. Сонымен қатар олардың қызметіне аллергиядан қорғау, иммунитетті нығайту және онкологияның даму тәуекелін төмендету жатады. Олардың жұмысы осымен аяқталмайды: «пайдалы» бактериялар ішектің қауіпті жаулары – протеяға, зең ауруларына, стафилококк пен стрептококқа қарсы тұрады.

Дисбактериоз «пайдалы» микроағзалар санының бұзылуынан арта түседі, соның нәтижесінде зиянды бактериялар көбейеді. Дисбактериоздың артуы салдарынан басқа да аурулардың түрлері пайда болуы мүмкін.

Аурудың  білінуі

Ішектің ауру белгілері метаболизмнің бұзылуынан және иммунитеттің төмендеуімен түсіндіріледі. Аурудың көп таралған сипаттарына төмендегілерді жатқызуға болады:

– дәреттің бұзылуы (диарея, іш қатуы);

– шектен тыс газдың түзілуі (метеоризм);

– метеоризм әсерінен іштің кебуі;

– іштің ауыру сезімдері;

– кекірік;

– тамақты күйдіру;

– ауыздан жағымсыз дәм мен иістің шығуы.

Асқыну ықтималдығы

Дисбактериозды өз уақытында емдемесе, ол қатты асқынып кету арқылы ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін.

Олардың ішінде:

– Энтероколит (асқынған түрі) – ішек микрофлорасының ұзақ уақыт бойы бұзылуы салдарынан тоқ ішек пен тік ішекті зақымдайтын ауру.

– Ағзадағы дәрумендер мен пайдалы заттардың жетіспеушілігі – қан аздықтың (темір жетіспеушілігі), дәрумен жетіспеушілігі және т.б. дамуының салдары болуы мүмкін.

– Сепсис (қанға жұққан індет) – ішек жолдарынан қанға залалды микроағзалардың еніп кетуі салдарынан болады. Көп жағдайларда мұндай асқыну түрлері науқастың маманға кеш көрінуінің нәтижесінде орын алады.

– Іш пердесінің қабынуы – ауру тудырғыш микробтардың ішек қабатын бүлдіру салдарынан дамиды. Ішек қабатының бұзылып, ішіндегі нәрселердің құрсақ қуысына шығып кетуімен түсіндіріледі.

– Метаболизм мен дұрыс тамақтанбау нәтижесінде орын алатын дене салмағының күрт төмендеуі.

– Ұйқы безінің қабынуы – ұйқы безінің белсенді түрде қабынуынан болатын ауру.

Аурумен қалай күресеміз?

Дисбактериозға қарсы негізгі шабуылды тамақтанудың арнайы жоспары арқылы жасауға болады. Кейбір жағдайларда дәрілік құралдарды пайдалану қажет болады.

Медицинаның дамуы мен емделудің заманауи әдістерінің арқасында науқастың дәрілерді қабылдаудан толықтай бас тартуына болады. Ішек микрофлорасының сапалы және сандық құрамын қалпына келтірудің тиімді әдісі «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау болып табылады.microflora

Аталған өнімнің ішінде мынадай қасиеттер бар:

– ауру тудырушы бактериялар әрекетін ішінара жою мүмкіндігі бар бактерияларға қарсы құрал;

– бактерия құратын зат;

– пробиотик.

Пробиотиктік қасиеттерге ие бола отырып, «Ламифарэннің» құрамдас бөліктері ішек микрофлорасының қалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Пробиотик ретінде, бұл өнім ішекте бифидобактериялар мен лактобактериялардың тұрып қалмауын қадағалайды.

Ламифарэннің әрекет етуі

«Ламифарэн» тағамдық өнімі өзінің құрамы мен қызмет ету әрекетіне байланысты бірден-бір өнім болып табылады. Құрамында Ламинария қоңыр балдырлары жатқан бұл гель ішек-қарын жолдарының кез келген ауруларына қарсы соққы бере алады. Ішек дисбактериозы кезінде «Ламифарэнді» қабылдау ауру ошағына кешенді түрде әрекет етуге, асқазан қышқылдығының деңгейін қалпына келтіруге, қабынуды жоюға, ағзаны пайдалы микроэлементтермен және тәуелсіз амин қышқылдарымен байытуға көмектеседі.

Ішек дисбактериозы мен күресудегі гельдің негізгі құрамдас бөлігі натрий альгинаты – тұрақты қабынуға қарсы әсер беретін зат. Гельді тұрақты түрде қабылдау арқылы ішек микрофлорасын қалпына келтіруге, дисбактериозды, сонымен қатар антибиотиктер қабылдау әсерінен болған басқа да ауруларды жоюға болады.

Асқынған  ішек дисбактериозы кезінде бұл өнім таптырмас көмекші. Гель өте жұмсақ, сонымен бірге ауруды басатын қасиетке ие. Сонымен қатар «Ламифарэнді» қабылдау арқасында тағайындалған дәрілік заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтуға болады. Өнім құрамында бояғыш заттардың, қоспалардың және хош иістендіргіштердің жоқтығына байланысты оны кез келген жаста қабылдауға болады.

Гельді пайдалану тек ішек ауруларының қоздырғыштарымен күресуде ғана тиімді әсер етіп қоймай, стафилококк штамдарымен де күреседі. Бұл ас қорыту жүйесі ағзаларының кез келген ауруларында – гастрит, ойық жара, ас қорыту келеңсіздіктері, шаншу, ұйқы безінің қабынуы кезінде қабылдауға кеңес берілетінін білдіреді.

«Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдаудан кейінгі ең жоғарғы әсер емдеуші дәрігер құрастырып берген арнайы диеталық жоспарды сақтау кезінде көріне бастайды. Ас үлесіңізден (рационыңыздан) майлы, ащы және тұзды тамақтарды алып тастай отырып, дәрігер белгілеген дәрілік заттар әрекетін айтарлықтай тездетуге болады. Басқалармен салыстырғанда «Ламифарэн» сіңімділіктің ең жоғарғы қасиеттеріне ие – қабылдағаннан кейін 15 минуттан соң гельдің құрамдас бөліктері белсенді түрде әрекет ете бастайды.

Сонымен қатар «Ламифарэн»:

– жанама әрекетерге ие емес (қабылдауға қарсы бір ғана көрсеткіш – ол құрамдас бөліктерге төзбейтін тұлғалар үшін);

– дағдылануға әкелмейді;

– дәрілік заттармен қарсы көрсетілімдері жоқ;

– құрамы толықтай табиғи болғандықтан, 4 айдан асқан балалардың ас үлесіне енгізуге болады;

– жүктілік және бала емізу кезінде қабылдауға болады.

Sidebar



X

Кеңес алу