Иммундық түзету дегеніміз не?

Иммундық түзету – ағзаның қорғаныс қызметтерін қалпына келтіру және жаңарту мақсатында жүргізілетін шаралардың кешені. Ол түрлі сырқаттармен күресу кезіндегі маңызды саты болып табылады, өйткені қандай да бір ауытқулар орын алғанда иммунитет бірінші кезекте тұрады.    immunitet

Кез келген аурудың негізінде жатқан жүйелік ауытқулардың ағзада сақталып қалуы кезінде иммундық реакциялардың бұзылуы сөзсіз сақталатын болады. Сонымен бірге иммундық ауытқулар түрлі қауіпті аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Бұл иммунитет әлсіреген кезде қорғаныс жүйесінің кейбір бөліктерінің жұмысында өзгеріс болатынымен байланысты. 

Иммунитетті түзетуге кіріспес бұрын, емдеу курсын тағайындау немесе ота жасаудың алдында қорғаныс тізбегінің тура қай бөлігін қалыпқа келтіру керектігін біліп алу қажет. Сонымен қатар иммунитетте ауытқудың орын алу себебін табу керек. Түзетулер төменде көрсетілген бағыттарда болуы мүмкін:

  • Иммунитетті көтеру;
  • Иммунитетті түсіру;
  • Қасиеттерді түзетулер.

Иммунитетті түзету керек екенін қалай білуге болады?

Егер төменде көрсетілген жағдайлар байқалса:

– суық тиюден болатын ауруларға тез бейімделгіштік (2 аптаға дейін созылуы мүмкін);

– бронхтың қабынуы, созылмалы ринит;

– жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы іріңдеген аурулары;

– суық тию мен тұмаудың айқын белгілері болмаса да, дене қызуының ұзақ уақыт бойы 37°С жоғары болуы;

– сыздауықтың асқынуы;

– бітеу жара;

– тері зеңі, ауыз жарасы;

– созылмалы қызылиек ісінуі;

– тіс пен ауыз қуысының басқа да созылмалы аурулары;

-асқынған ұшық;иммунитет

дисбактериоз;

– түрлі диспепсиялық ауытқулар;

– аллергиялық реакцияда.

Иммундық түзету шаралары дұрыс жүргізілуі және ағза мүмкін болатын асқыну салдарынан зардап шекпес үшін, иммунолог дәрігермен кеңесіп, иммунитет диагностикасынан өту керек.

Иммундық түзету түрлі әдістер арқылы жасалуы мүмкін. Олардың негізгілері төмендегілер:

  • Иммунитетті ынталандыру – қорғаныс тізбегінің бөліктерін ынталандыруға бағытталған әсер ету әдістерінің жиынтығы;
  • Иммунитетті бөгеу- гиперқызметті тұншықтыру мақсатында иммундық жүйенің кейбір бөліктеріне кедергі жасайтын иммунитетке әсер ету әдістерінің жиынтығы;
  • Иммунитет модуляциясы – ағзаның қорғаныс қызметтерін қалпына келтіруге әсер етеді.

Шешім табылды!

Иммундық түзету- бұл тұрақты әрекет! “Ламифарэн” тағамдық өнімі – денсаулығына зиян келтірмей иммунитетін күшейткісі келетіндер үшін табылған олжа. Аталған тағамдық өнім жалпы күшейткіш қасиетке ие және тиімді иммундық модулятор қызметін атқарады. Гель кез келген тағамдық диета үшін тиімді қосымша болып табылады. Тағам үлесін айтарлықтай шектеу кезінде ағза қоректік заттардың маңызды бөлігінен айрылуы мүмкін.  “Ламифарэн” гелін қабылдау ағзаны дəрумендермен қамтамасыз етуде және иммундық жүйені нығайтуда тиімді әдіс ретінде қарастырылуы мүмкін.

Өнім гомогенезацияланған – оның құрамы бірегей қоңыр балдыр Ламинариядан тұрады, ол пайдалы теңіз өсімдігі ретінде көпшілікке белгілі. “Ламифарэнді” тұрақты қабылдау ағзаны айтарлықтай сауықтыруға көмектеседі, иммундық жүйенің әлсіреген бөліктерін табуға әсер етеді.  Соңғысы өнім құрамында амин қышқылдарының, альгинаттардың, қаныққан май қышқылдарының, дəрумендердің, микро және макроэлементтердің, биобелсенді табиғи өнімдердің, өсімдік талшықтарының болуының арқасында мүмкін болады.

«Ламифарэн» – ол қауіпсіз!

водоросльГельді өндіру технологиясы ерекше назар аударуды қажет етеді, соның арқасында барлық биологиялық белсенді құрамдас бөліктер ағзаға орта есеппен 97% сіңіріледі. Сонымен қатар, құрамының толықтай табиғи болуымен ерекшеленеді, демек “Ламифарэнді” жүкті әйелдер де, балалар да және аллергияға бейім адамдар да қабылдауына болады.

Сондай-ақ, бұл тағамдық өнімнің еш жанама әсері жоқ. Бұл өнімге қатысты сансыз зерттеулер жүргізілді, олардың қорытындылары бойынша гельдің адам денсаулығына еш зияны жоқ екені мәлім болды. Гельді қолдануға болмайтын бірден-бір шектеу – өнімнің құрамдас бөліктерін көтере алмаушылық болып табылады.

Зерттеу нәтижелері

Клиникалық жағдайларда өткізілген сараптамалар мен сынақтардың нәтижелері бойынша, “Ламифарэн” тағамдық өнімі емдеу-алдын алу өнімі ретінде қолдануға ұсынылады. Гель иммундық түзету қасиеттеріне ие және иммунитет үйлесімсіздігі болған кезде өте тиімді.

Мынадай үйлесімсіздік жағдайлары орын алған кезде, “Ламифарэн” адам ағзасына жағымды əсер етеді:

– ота жасалғаннан кейін;

– инфекциядан кейін;

– күю кезінде;

– дәрі ішу кезінде.

Тағамдық өнімді ағзаның функционалдық қорларын қалпына келтіру мен толықтыру, жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату, психоэмоционалдық және физикалық күш түсуіне байланысты психиканы нығайту мақсатында қабылдауға кеңес беріледі.

“Ламифарэн” жүкті әйелдерге де ұсынылған: өнімнің құрамдас бөліктері әйелдің функционалды жағдайын түзетеді, улану салдарынан болған жағымсыз зардаптарды жояды. Гельді емшекпен емізу кезінде де қолдануға болады.  Өнімді балаларға  беруге болады: осылайша баланы пайдалы тамақтануға үйретесіз және әлі бекімеген ағзаны дəруменсіздіктің кез келген түрінен қорғай аласыз.

Өнімнің басқа да пайдалы бағыттары

“Ламифарэн” тағамдық өнімін қабылдау кезінде төменде көрсетілген жағдайлар байқалады:

  • Ағзаның респираторлы инфекциялық ауруларға қарсы тұруының жоғарылауы;
  • Жұқпалы аурулар кезінде иммунитеттің нығаюы;
  • Созылмалы аурулардың ағзаға жағымсыз әсер етуін төмендету;
  • Қатты қабыну әрекеттерінің әлсіреуі;
  • Ауру тудыратын бактериялар мен вирустарды жою;
  • Метаболизм әрекеттерін қалпына келтіру.

Иммундық түзету бұл маңызды!

Осылайша,“Ламифарэн” тағамдық өнімін қабылдау иммундық үйлесімсіздіктің кез келген түріне соққы бере алады. Ағзаны дəрумендердің, қоректік заттардың және бағалы нутриенттердің тәуліктік мөлшерімен қамтамасыз ету үшін өнімді аздан ішу қажет.

Бұл өнім ресми медицина бойынша мақұлданған және сөзсіз әр үйден табылуы керек. Оның тағам үлесінде үнемі болуы дәрілік заттарды қабылдауды, антибиотиктермен және күшті препараттармен емделудің орнын оңай алмастырады.