Дистрофиялық көз аурулары

Дистрофиялық көз аурулары көздегі түрлі ауытқулардың әсерінен туындайды. Мамандардың айтуынша, аталған ауру түріне көбінесе, ересек адамдар шалдығады екен. Көздегі нәзік жасушаларға тиген соққының әсерінен, фоторецептор бұзыла бастайды. Фоторецептор көздің көру қабілеті мен түстерді ажырату мәселесіне жауап беретіні белгілі. Дистрофиялық көз аурулары алғашқы сатыларында байқалмағанымен, өте қауіпті болып келеді. Тіпті, кейбір адамдар оның алғашқы белгілерін де сезбей қалады.

Көздің тор қабығы (сетчатка) – көздің ең маңызды құрамдас бөлігі. Бұл құрылым сыртқы ортадағы жарық импульсін сапалы көруге мүмкіндік берумен ерекшеленеді. Көздің тор қабығы көздің көру қызметін қамтамасыз етіп, миға түстер жайлы ақпарат жіберетін қасиетке ие. Көздің тор қабығының көмегімен, адам айналадағы түрлі құбылысқа қатысты мәліметті қабылдап, оның түсін есінде сақтайды.

Дистрофиялық көз аурулары дамуының белгілері

Дистрофиялық көз ауруларының дамуы ең алдымен, көз тамырларының қызметіне зиян келтіріп, оның салдары көздің жиі жасаурауына әкеліп соғады. Шын мәнісінде, бұл ауру бастапқы сатыларында білінбегенімен, уақыт өте келе байқалады.

Негізгі факторлар:

– тамақтану режимінің бұзылуы;

– темекіге әуестік;

– спирттік өнімдерді жиі ішу;

– иммунитет жүйесіндегі ауытқушылықтар.

Білуге маңызды

Осы салаға қатысты соңғы зерттеулердің нәтижелері келесідей: егер сіздің тұқымыңызда дистрофиялық көз ауруларымен зардап шегіп жүрген жақыныңыз болса, міндетті түрде өзіңізде мұндай қауіптің бар-жоғын анықтау мақсатында, офтальмолог маманға қаралғаныңыз жөн.

Зерттеу негізінде, сондай-ақ, аталған ауру қаупі кімдерде жоғары екені де анықталған болатын. Олардың қатарына:

– ашық өңді, көк көзді адамдар;

– қант диабетімен ауыратындар;

– жоғары қан қысымымен зардап шегетіндер кіреді.

Жақыннан жақсы көргенімен, алыстан нашар көретіндер де (ғылыми тілде – миопия) тұрақты түрде офтальмолог маманына көрініп тұруы тиіс. Бір қызығы, статистика бойынша бұл ауруға шалдығушы әйелдерден гөрі, ерлер саны басым екен.

Ауру симптомдары

Адам барлық түсті ми арқылы қабылдайтындықтан, дистрофиялық аурулары көз ауруы ми жүйесінің жұмысына елеулі өзгеріс әкеледі. Ол өзгеріс түстерді бір-бірінен ажыратуда ауытқушылықтың байқалуынан басталады.

Дистрофиялық көз ауруларының салдары:

– көру қабілетінің төмендеуі;

– нысанды (объект) танудағы өзгеріс;

– көзде қара дақ пайда болу;

– кез келген кескінді анық емес, бұлдырап көру;

– түстерді танудағы ауытқушылық.

Дистрофиялық коз ауруларын дер кезінде байқап, тиісті емдеу шаралары қолға алынбаса, асқынған жағдайда, салдары көптеген химиялық көмекке жүгінуге тура келетінін түсіну маңызды.

Дәрумендер арқылы алдын алу жолдары

Дәрумендердің көз мүшесі үшін өте пайдалы екені бұрыннан белгілі. Күн сайын біз көзімізге көп салмақ түсіреміз: мысалы қағаз жазу, кітап оқу, компьютердің алдында отыру, теледидар қарау. Осының бәрі де көзге үлкен жұмыс. Оған сыртқы ортадағы түрлі қолайсыз жағдайларға тітіркенуді қосыңыз. Тіпті, қартаю процесінің өзі көзге кері әсер етеді.

Дистрофиялық көз ауруларының алдын алудың бірден-бір жолы – ағзаны қажетті мөлшерде дәрумендер мен пайдалы микроэлементтермен байыту. Осы ретте, дәрумендер кешеніне сенім артудың қажеті жоқ. Себебі, оны қабылдағаннан кейін ағзада кейбір заттардың шамадан тыс артып кету қаупі жоғары.

Осы ретте, мұның ең тиімді әдісі – “Ламифарэн” өнімі. Себебі, оның құрамында көзге келетін түрлі қауіпке қарсы тұратын көптеген құнарлы элементтер бар әрі адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай. Басқа өнімдерден басты айырмашылығы, мұның адам денсаулығы үшін ешқандай зияны жоқ.

“Ламифарен” өнімінің құрамында көздің көруін жақсартатын дәрумендер мен микроэлементтерді атап айтар болсақ:

– А дәрумені;

– В тобының дәрумендері B (В2, В3, В6, В12);витамины

– Е дәрумені;

– мырыш;

– калий;

– фосфор;

– кальций;

«Ламифарэн” тағамдық гелінің құрамына кіретін А дәрумені (ретинол) бойды өсіріп, жаңа жасуша түзілуіне септігін тигізеді. Иммунитетті жақсартады. Бұл дәрумен адамның көру қабілеті үшін өте қажет. Сондай-ақ, түнде көру қызметін де жақсартады. Егер ағзаға А дәрумені жетіспесе, адам түстерді ажырата алмай қалады. Түнде көруі нашарлап, көз құрғайды. Конъюнктивит ауруы пайда болуы мүмкін.

В тобы дәрумендері көз бұлшықеттерін шаршаудан қорғайды. Ал, В2 тобы көздің жиі жасаурауына қарсы бірден-бір пайдалы элемент.

Аскорбин қышқылы иммунитетті көтеру үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар, көз тамырларын нығайтуға әсер етеді.

Е дәрумені түрлі көз ауруларының (катаракта, глаукома, дистрофия т.б.) алдын алады. Ішкі ағзаның қызметін реттеуге, ақуыздың алмасуына, сондай-ақ, қан айналымы процесіне де жағымды әсер етеді.

Күресу жолдары

Дистрофиялық көз ауруларының алдын алу оның неден туындағанына тікелей байланысты. Ал, егер көздің тор қабатына қатты зақым келген болса, онда жедел түрде химиялық операцияның көмегіне жүгінуге тура келеді. Қалыпты жағдайда, ауруға қарсы тұру мақсатында арнайы препараттар мен дәрумендер ұсынылады.

“Ламифарэн” гелі қан айналымын жақсартып, көзді пайдалы дәруменмен толықтырады. Сондай-ақ, өнімнің пайдалы тұсының бірі – ағзаға керек емес шлактар мен токсиндерді шығаратын қасиетке ие.

Айта кететін бір жайт, “Ламифарэн” өнімі 100 пайыз табиғи жолмен жасалғандықтан, барлық санаттағы адамдарға ұсынылады. Соның ішінде, жүктілік кезінде де, бала емізіп жүрген уақытта да қолдануға болады. «Ламифарэн» өзінің пайдалылығымен қатар, ең қауіпсіз, нәтижелі әрі тиімді құрал.

«Ламифарэн» өнімінің әсері

Әдетте, дистрофиялық көз аурулары н емдеу кезінде мамандар теңіз өнімдерінен, теңіз қырыққабатын, жеміс-жидектерді, бау-бақша дақылдарын көптеп пайдалануға кеңес береді. Осы ретте, “Ламифарэн” өнімі де пайдалылығы жағынан аталғандардан кем түспейді әрі құрамында химиялық қоспалар кездеспейді. Ең бастысы, өзінің алғашқы табиғи элементтерін толықтай сақтайды.

«Lamifaren» өнімін күнделікті ішу арқылы сіз көзіңізге қажетті маңызды микроэлементтердің тәуліктік қажеттілік мөлшерін қанағаттандырасыз. Аталған өнімнің көздің көру қабілетіне жағымды әсер ететіні түрлі зерттеулердің нәтижесінде дәлелденіп, арнайы сертификаттарға ие болған. Сонымен бірге, арнайы патенттелген. Өнім жайында жан-жақты ақпаратты https://lamifaren.kz сайты арқылы танысуға болады.

Sidebar



X

Кеңес алу