Дисметаболизмдік нефропатия

Дисметаболизмдік нефропатия – белгілі құрылымдық-функционалды бүйрек патологияларына ұшырататын патологиялар жиынтығы. Сонымен қатар аурудың дамуы алмасу әрекеттері кезінде айтарлықтай ауытқушылықтар мен кристаллурияға байланысты. Дисметаболизмдік нефропатияның балаларда кездесуі – аллергиялық реакциялардан бастап арқаның ауыруына дейін әртүрлі себептерден туындауы мүмкін.

Ауру дамуының алғышарттары

Балаларда кездесетін дисметаболизмдік нефропатия түрлі себептерден дамуы мүмкін.

Оның негізгілері төмендегі жағдайларда байқалады:

– жүктілік кезінде жеріктік кеш басталса;

– бала ағзасында патология болса;

– бүйрек жетілуінің кемдігінде;

– жүйкелік артритте;

– улану кезінде;

– баланың шамадан тыс физикалық белсенділігі кезінде;

– кейбір дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт бойы қабылдауда;

– теңдестірілмеген тағам мөлшері кезінде.

Ауру дамуының тағы бір көп таралған түрі – тұқымқуалаушылық факторы екенін айта кету керек. Егер шыққан тегіңізде алмасу кезіндегі ауытқушылықтары бар аурулар түрі кездессе, аталған факт баланың бүйрек дертіне ұшырауының тәуекелін жоғарылатады.

Аурудың белгілері

Егер аурудың формасы оксалатты болса, бүйрек дерті жаңа туылған нәрестеде де болуы мүмкін және көп жағдайларда ауру жасырын түрде жалғасын таба береді.

Дисметаболизмдік нефропатиямен ауыратын баланың тұқымында зәр шығару жүйелерінің кеселдері, қант диабеті, подагра, буын дертіне шалдыққан ауруларды кездестіруге болады.

Балалардағы кристаллурияны 6-8 жасқа келгенде анықтайды, оның өзі жалпы зәр талдауын жасаған кезде кездейсоқ шығуы мүмкін. Ұқыпты ата-аналар бала зәрінің түсінің өзгерісін және дәрет сындырған ыдыста шөгіп қалған затты байқайды.

Аурудың басты белгілеріне төменде көрсетілгендер жатады:

– баланың аллергиялық ауруларға және тері тітіркендіргіштеріне шалдығу бейімділігі;

– вегет-қантамырлық дистония;

– артериялық қысымның төмендігі;

– самай бөлігінің аурулары;

– буын сырқырауы;поч.недостаточность

– дене салмағының артуы;

– тез шаршағыштық;

– белдің ауыруы;

– зәр шығару кезіндегі аурулар;

– шыжыңдық;

– сыртқы жыныстық органдар терісінің аймағындағы қышымалар;

– бұлшықеттер гипотониясы;

– іштің кебуі.

Болжау және ықтимал асқынулар

Аурудың асқынуы гормондық сипаттардың өзгеріске түсуімен түсіндірілетін жасөспірімдік шақта болуы мүмкін екенін білу маңызды. Егер уақытында бұл ауруды емдемесе, несеп-тас ауруының, бүйректің қабынуының және тіпті созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы әбден мүмкін.

Егер тамақтанудың диеталық режимін сақтап, сонымен қатар мамандар ұсынған дәрілерді қабылдап тұрсаңыз, жалпы ауру болжамы жаман болмайды. Сәтті емделу кезінде зәрдің биохимиялық көрсеткіштері қалпына келеді.

Егер ем жүргізілмесе немесе аурумен күресу шаралары кешіктіріліп басталса, бүйрек дерті үдеп, несеп-тас ауруына және бүйрек жеткіліксіздігіне дейін апарады. Соңғы жағдайда баланың бүйрегін ауыстыру қажет болады. Ескерте кетейік, егер трансплантация жасалған бүйректе цистин кристаллдары түсіп қалған жағдайда, науқас 16-18 жас қана өмір сүреді.

Мұндай қиындықтарға ұшырамас үшін, диспансерлік жағдайда баланы бақылау қажет.

Аурудың алдын алу

почкиӘрбір ұқыпты ата-ана үшін ең басты ереже – баланың су ішу режимін, сонымен қатар теңдестірілген тамақ режимін қадағалау. Балаға «дисметаболизмдік нефропатия»  деген диагноз қоймауы үшін, ересектер зәр шығару жүйелері ауруларының алдын алуға аса зор мән берулері қажет. Дәрілік өсімдіктермен емдеу мен балалар дәрігеріне үнемі көрініп тұрудан бөлек, өмір сүруге қажетті маңызды дәрумендер мен қоректік заттарға бай «Ламифарэн» өнімін баланың тағамдық үлесіне енгізуді ойлану керек.

Ламифарэннің әрекет етуі

«Ламифарэн» тағамдық өнімі – 100%  табиғи, оның құрамында өсіп келе жатқан ағзаның дұрыс дамуына арналған микро және макроэлементтердің барлық түрлері шоғырланған. Аталған өнім дәрілік зат емес, алайда ол мынадай қасиеттерге ие:

– метаболизмдік зат;

– дәрумендік-терапевтік құрал;

– несеп айдататын құрал.

«Ламифарэн» алмасу әрекеттерін қалпына келтіруге, ағзаны қажетті дәрумендермен қамтамасыз етуге, зәр шығару жүйелерінің жазылуына көмектеседі. Гельді арнайы тамақтану жоспарымен бірге қабылдау дисметаболизмдік нефропатияны емдеудің ең тиімді амалы бола алады. «Ламифарэнді» тамақтану жоспарына енгізіп, сонымен қатар көбірек су ішу несеп шығаруды дұрыстап, зәр тығыздығын қалпына келтіреді.

– Өнімнің құрамынан қажетті микроэлементтер мен дәрумендердің барлық түрін кездестіруге болады, олардың ішіне А, В1, B2, B3, B6, С, D, E, K кіреді. «Ламифарэнге» қатысты химиялық элементтердің шоғырлануы оңтайлы етіп жасалған, олар ағзаның барлық жүйесіне теңдей әрекет етеді. Қандай да бір химиялық өңдеудің және өнімді тазалаудан өткізудің орын алмауы оның адам денсаулығына еш зияны жоқ екенін тағы да бір дәлелдейді. Қабылдауға қарсы бір ғана көрсеткіш – ол құрамдас бөліктерге төзбейтін тұлғалар үшін.

«Ламифарэн» өнімі бала үшін қаншалықты қауіпсіз?

– Бұл өнімге сансыз зерттеулер жүргізілген, оның нәтижесінде – «Ламифарэннің» адам ағзасы үшін еш зияны жоқ екені белгілі болды. Оны ересектермен қатар, балалар да қабылдай алады. Тағамдық өнімді жүктілік және баланы емізу кезінде де қабылдауға еш кедергі жоқ.

– «Ламифарэн» – биологиялық белсенді қоспа емес, толықтай тағамдық өнім, оның негізін Ламинария қоңыр балдырлары құрайды. Міне осы себептен де аталған өнімді кез келген жаста қабылдай береді.

– «Ламифарэн өнімін қабылдап денсаулықты қалпына келтіру жасушалар негізінде әрекет етеді, соның арқасында ағзаның барлық жүйелері жанама әсерлерсіз тұрақталады. «Ламифарэнді» дисметаболизмдік нефропатия кезінде белгіленген кез келген дәрілік заттармен бірге қабылдауға болады.

Гельдің пайдалы қасиеттері мен әрекеті патенттермен, сертификаттармен және біраз ресми ғылыми зерттеулермен расталған, олардың қорытындылары сайтта жарияланған және бәріне қолжетімді.

Sidebar



X

Кеңес алу