Бауыр мен бүйректің қызметтері

Бауыр мен бүйректі адамның маңызды ішкі органдарының қатарына жатқызады. Олардың жұмысында ауытқу орын алған сәтте, ол адамның басқа да ішкі жүйелеріне жағымсыз әсер етеді. Сырқаттың алғашқы белгілері біліне салысымен, емдеу тағайындау үшін тез арада маманға жүгіну керек. Бауыр мен бүйректің қызметтері – ағзаның дұрыс жұмыс істеуі мүмкін болмайтын маңызды әрекет.

Кең таралған белгілері

Бүйрек жұмысының бұзылуын олардың әдеттегі белгілеріне қарап білуге болады. Көбіне науқастар ағзаның жалпы әлсіреуінен және сырқаттың маза бермегенінен зардап шегеді. Тез шаршау бастың ауыруымен және тәбеттің төмендеуімен жалғасады. Таңертеңгілік ісу белгілерін байқайтын боласыз, әсіресе, көздің айналасы мен бет ісіп тұрады. Сонымен бірге артериялық кысым көрсеткіштері жоғарылайды. Сырқат қатты асқынған кезде науқастың қызуы көтеріліп, үнемі қалтырау сезімінде болады. Тері кабаты өте бозғылт тартады.

Жергілікті белгілерді жеке қарастырады. Олар ауыру сезімдері арқылы белдің айналасында білінеді, бүйрек орналасқан тұстың тері қабаты қызарып кетеді. Сырқаттың үдеуіне қарай бел аймағының көлемі жоғарылай береді.

Несептің түсі қызыл-қоңыр болады, ал дәрет сындыру өте жиі және оны бақылау қиын болып кетеді. Несеп шығару кезінде орын алатын жайсыздық пен қышу белгілеріне де көңіл бөлу керек.

Тастың бар екенін қалай анықтауға болады?

Несеп-тас ауруының көп таралған белгілерінің бірі бүйрек шаншуы болып табылады. Бұл өте қиын жағдай және маманның көмегі міндетті түрде қажет. Несеп тамырдың бітелуі кезінде бұл белгі қалыптасады. Несеп шығару жолдарының қысқаруы өте жылдам болады, себебі ағза туындаған кедергіні өз бетімен шешкісі келеді. Несептің қайтуы кезінде ауытқу байқалады, соның салдарынан жүйкенің қатты тітіркенуі болады. Туындаған белгілер несеп-тас ауруының дамуын орнатуға мүмкіндік береді.

Науқастар бел аймағында адам төзгісіз қатты ауыруды сезінеді, ол босану кезіндегі толғақты еске салады. Ауыру белгісі іштің төменгі жағына қарай, жыныс огандары аймағына және бөксенің ішкі жағына жайыла бастайды. Несеп-тас сырқаты туралы жалпы жағдайдың қатты нашарлауы, бүйрек аймағындағы ауыру сезімдері байқалғанда айтуға болады. Көп науқастарда қатты үрей туады, өйткені дене температурасы күрт жоғарылайды, қысым асқақтап кетеді, құсу мен лоқсу рефлекстері дамиды.

Сыртқа шығарылатын несеп мөлшерінің күрт азаюы да дұрыс емес, бұнымен қатар несеп шығаруға жиі барғыңыз келіп тұрады. Зәрдің шоғыры күрт өседі, оған қан араласқанын байқауға болады. Мұндай жағдай бірнеше минуттан бастап бірнеше сағатқа дейін жалғасып, науқасты төзгісіз ауыру жағдайына әкеледі.

Бауырдың зақымдалуы

Адам ағзасында бауыр қабырғаның астыңғы жағында дененің оң жақ тұсында орналасқан.  Оның зақымдалу белгілерін басқа аурулармен шатастырып алу мүмкін, сондықтан да адам өз жағдайына өте сақ болуы керек. Бауырдың атқаратын қызметі ішкен асты қорыту, қоректік заттарды сіңіру және өз уақытында улы заттарды сыртқа шығару.

Бауырдың зақымдалғанын тері қабаттары мен көздің ағының түсінің ақырындап өзгеруі арқылы білуге болады, олар кішкене сарғыштау болу керек. Іш аймағында қатты ауыру белгілері пайда болып, кішкене ісіп тұрады. Зәрдің қара қошқылдануымен қатар, бұл сырқат туралы тері қабаттарының қатты тітіркенуі мен ағзадан шығарылған үлкен дәреттің түссізденуіне қарап та айтуға болады. Үнемі шаршай беру, сондай- ақ тәбеттің күрт төмендеп кетуі де күдік тудырады.

Бұндай ауытқулар қашанда тұқымқуалаушылық сипатта бола бермейді. Олар алкогольдік және аутоиммундық гепатит, бауыр циррозы, бауыр көлемінің үлкеюі кезінде меңдеп кетуі мүмкін. Сырқат себептеріне органда пайда болған онкологиялық әрекеттер де жатуы ықтимал.

Алдын алу

Бауыр мен бүйрек аурулары адам денсаулығы үшін айтарлықтай ауыр, сол себепті оларды ерте кездерінен табу қажет. Сол кезде бауыр мен бүйректі емдеу тиімдірек болады. Аталған сырқаттардың алдын алуға арналған қолжетімді дәрі-дәрмектер ішінен “Ламифарэн” аса жоғары мәртебеге ие.

Өнім толықтай табиғи құрамға ие, сондықтан оның қарсы көрсетілімдері жоқ және кез келген жастағы науқастар үшін қауіпсіз. “Ламифарэннің” негізінде бірегей қоңыр балдырлар бар, олардың емдік қасиеттері біздің ата-бабаларымызға белгілі болған. Дәл осы қоңыр балдырлар адамның жағдайын бір сәтте жақсартуға көмектесетін микроэлементтер мен пайдалы заттардың көп мөлшеріне ие.

”Ламифарэн”  құрамы адам қанымен өте ұқсас, сол себептен де ол жылдам сіңіргіш және ағзаның ішкі жүйелерінің жағдайына жағымды әсер етеді. “Ламифарэннің” құрамында кездесетін заттар бауыр мен бүйрек жасушаларының жылдам қалпына келуіне көмектеседі, сондықтан органдар қызметі қалыпты қызмет етуге қайта оралады.

Өнімнің сіңіргіштігі 98%-ға дейін жетті, сол себепті “Ламифарэнді”  кабылдаған бірінші күннен-ақ ағзаңыздағы болып жатқан өзгерістерді байқайсыз. Өнім көптеген клиникалық сынақтардан өтті және беделді медициналық мекемелермен мақұлданды, бұл оның тиімділігі мен қауіпсіздігін тағы да қосымша дәлелдеп отыр.

 Сырқаттар жайлы мүлде ұмыту үшін, “Ламифарэнді” қабылдаңыз!

Sidebar



X

Кеңес алу