Артериялық қан қысымы

Артериялық қан қысымы жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Егер адамның дені сау болса, қалыпты артериялық қысыммен қан тамырларында қанның дұрыс айналымы орын алады. Артериялық қысымның физиологиялық нормадан ауытқуы адамға біраз қиындықтар тудырады. Мұндай сырқат дұрыс өмір сүруге кедергі келтіреді және науқастың іс-қимыл әрекеттерін шектейді.

Төменгі артериялық қан қысымы (АҚ)

Төменгі артериялық қан қысымы тұқым қуалайды немесе жүре пайда болуы мүмкін. Мұндай диагнозды АҚ-ы 100/65 мм.сын.бағ. аспайтын науқастарға қояды. Көрсетілген белгіден төмен болатын кез келген мән, адам ағзасы үшін қауіпті, себебі перифериялық жүйелерде қан айналымын нашарлатады. Науқастың ағзасында жағымсыз өзгерістер орын алады, соның нәтижесінде ішкі органдар мен ұлпаларға оттегі жетіспейді. Төменгі қан қысымы немесе гипотония жүрек бұлшықетінің жеткіліксіз қысқаруына, бүйректің және қантамыр жүйелерінің ауруларына әкеледі.

Даму себептері

Гипотония туа біткен және сыртқы факторлар әсерінен жүре пайда болған деп бөлінеді. Вегето-қантамырлық дистония, церебралды атеросклероз, жүрек айдайтын жалпы қан мөлшерінің төмендеуі, сусыздану, жүрек жұмысының ауытқуы, эндокринді ауытқулар, қалқанша безі бөлетін гормондардың төмендеуі және басқа да көптеген себептер кезінде қысым көрсеткіші шекті мәннен төмендеп кетеді.

Ағза айтарлықтай қатты жарақат алғанда қысым күрт төмендеп кетуі немесе салдарынан қан аздықтың пайда болуы мүмкін. Мұндай ауру түріне онкологиялық науқастар көп шалдығады, олар үшін гипотония ағзада болып жатқан өзгерістерді толықтыратын жағымсыз жағдай болып табылады.

Кең таралған белгілері

Гипотония өздігінен туындауы немесе басқа соматикалық аурудың зардабынан болуы мүмкін. Мұндай жағдайдың ең көп таралған белгісі ол қысымның 100/65 мм.сын.бағ. жетпеуі және ұзақ уақыт бойы сақталуы. Тері қабаты бозарып, суланып және суық болып кетеді.гипотония Эпидермисте ақ дермографизм іздері байқалады,  себебі гипотониямен ауыратын адамдарда парасимпатикалық жүйке жүйесі басым болады. Оттегі жетіспеушілігінің асқынған түрі көздің астында байқалатын көкшіл көлеңкелер мен қоңыр дақтардың пайда болуына әкеледі. Гипотонияның асқынған түрі бозғылт тері қабаттарына мұрын-ерін қатпарларына және саусақ бөліктеріне көкшіл түс береді.

Кей кездері науқастар беттері мен аяқтарының іскенін, сонымен қатар шаштары түскіш және тырнақтары сынғыш болғанын байқайды. Ауруларда ІҚЖ жұмыстарының бұзылуы қалыпты болып саналады, бұлардың түрлі формалары болуы мүмкін. Ауыру сезімдері ІҚЖ-ның түрлі бөліктерінде пайда болады және кей кездері қыжыл орын алады. Асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеп, науқас тамақ немесе ауа кекіруі мүмкін.

Ауру орталық жүйке жүйесінің жұмысына да әртүрлі әсер етуі мүмкін. Аурудың асқынған түрінде науқас оқыс талып қалу, көздің қарауытуы, жүрек соғысының жиілеуі және қорқу сезімдері сияқты жағдайлардан зардап шегеді. Кейде есте сақтау төмендеп,  ұйқыбастық пен тез шаршау байқалады.

Гипотонияның себептері

Науқастың еркек немесе әйел адам болуына байланысты гипотония дамуының түрлі себептері болуы мүмкін.гипертония Нәзік жандылар үшін монодиета сақтау, жиі ашығу, тек вегетариандық тағам түрлерін тұтыну аса қауіпті болып келеді. Ет тағамдарын жеуден бас тартқан кезде минструалдық цикл уақытында дамитын төменгі қысым қан аздықтың салдары да болуы мүмкін.

Артериялық қысымның төмендеуі жүкті әйелдер үшін қалыпты жағдай, себебі жүктіліктің бас кезінде прогестерон мөлшерінің бөлінуі өте жоғары болады. Соңғы триместрде гипотонияның туындауына судың көп болуы, темір тапшылығынан болатын қан аздық, егіздерді немесе үшемдерді көтеру себеп болады.

Мамандар артерия лық қысымның күрт ауытқып кетуін ең күрделі жағдай ретінде санайды. Қан қысымы деңгейінің жиі ауытқуы қантамырлар жұмысына жағымсыз әсер етеді, себебі оларға көп күш түсіреді. Мұндай жағдайда инфаркт немесе инсульт болуы мүмкін, өйткені гипотония ағзада пайда болған ұйыған қандардың жарылуына әкеледі.

Жоғарғы артериялық қан қысымы (АҚ)

Жоғарғы артериялық қысымның да екі түрі болады – асқынған және созылмалы. Асқынған түрін гипертониялық күрт асқыну деп те атайды. Ол алкоголь ішетін, қатты күйзеліске түскен немесе эмоционалдық ауытқулар орын алған науқастарда болады. Аурудың созылмалы түрін қантамырларда болатын өзгерістермен: қантамырлар қабырғаларының қалыңдап қатаюымен байланыстырады. Гипертония жүрек қызметінің туа біткен ақауы кезінде басымдық танытады. Кофе немесе қою шай ішу, шоколад мөлшерін шамадан тыс жеу, темекі көп шегілген бөлмеде ұзақ отыру АҚ-ның жоғарылауына әкеледі. АҚ-ның жоғарылауына: қызылмия тамырынан және өсімдік нейроынталандырғыштарынан дайындалған дәрілерді қабылдау, баспалдақпен көтерілу, жоғарғы физикалық күш түсуі де себеп болады.

Гипертонияның алдын алу

Тұқым қуалаушылық бейімдігі бар, дұрыс тамақтанбайтын, шамадан тыс дене салмағынан зардап шегетін, көп физикалық күш түсіретін адамдар тәуекел тобына кіреді. Күніне 5-6 сағат бойы ағзасында өзгерістер орын алып жатқанын сезінген науқастардың сақ болуы шарт. Гипертония да гипотония секілді маманның көмегімен емделуі тиіс және науқас өз бетінше ем қабылдамағаны дұрыс.

Аурумен күресу

Артериялық қысымның физиологиялық нормасының ауытқуымен және қантамырлар қызметінің бұзылуымен күресуде – “Ламифарэн” инновациялық өнімі көмекке келеді. Өнім тек табиғи

 ингредиенттерден тұрады, сондықтан адам ағзасына тек пайда әкеледі. Оның құрамдас бөліктері адам денесінің ішкі жүйелеріне жағымды әсер етеді, қан айналу әрекетін қалыпқа келтіреді, жалпы жағдайды жақсартады. “Ламифарэнді” қабылдаған аз уақыттың ішінде сіз ағзаңыздағы жағымды өзгерістерді байқайсыз.

Бірегей қоңыр балдырлар негізінде дайындалған бұл өнімді бүкіл әлем таныды, себебі қысқа уақыттың ішінде артерия лық қысым көрсеткіштерін қалпына келтіруге және қантамыр түйіршіктерін тиімді еріте отырып, олардың қабырғаларын тазартуға мүмкіндік береді. Бұл өнімді үнемі қабылдау мәселені шешуге көмектесіп, оны мүлде ұмыттырады және толыққанды өмір сүруге жетелейді!

Ламифарэн өнімін Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Шу, Петропавл, Өскемен, Орал, Павлодар сонымен қатар Қазақстанның кез келген жеріне жеткізіп беру тегін болады.

Sidebar



X

Кеңес алу