2 сатылы қуықалды без аденомасы

енома предстательной-железыЖыл өткен сайын адамның интимді денсаулығына қатысты мәселелерге қатысты қызығушылық артып келеді. Сондай аурулардың біріне еркектер арасында кең таралған қуықалды без аденомасы жатады.

Аталмыш ауру түрі күннен-күнге өрбіп келеді, оған жағдайды кеш дигностикалау мен пациенттердің жас шамасының жасарып жатқандығы әсер етуде. Ер адамдардың көбісі әлі күнге дейін намыстанғандықтан, мамандарға көруге асықпайды. Бұл мәселені кешеуілдету өте жағымсыз зардаптарға әкеледі, сондықтан мәселені шешуді баяулатпауға кеңес береміз. Дәрігер диагнозды неғұрлым кеш қойса, соғұрлым ауру асқынып, жазылу мүмкіндігі төмендейді.

Қуықалды без аденомасының  простатиттен айырмашылығы

Қуықалды без аденомасын (ҚБА) бірінші және алғашқы  кезеңде емдеу тиімділігі жоғары болады. Бұл дертті простатиттен айыра білу керек, өйткені аталмыш екі аурудың өздеріне тән түрлі этиологиясы бар. ҚБА кезінде без немесе безді эпителий арқауының қалыптасуынан  еркекбезде қатерсіз өскін пайда болады. Еркектерде қуықасты безі  кіші жамбаста, яғни қуық асты бөлігінде орналасқан. Ағза шар пішіндес болып келеді, тұқымның жұмысын қалыпты болуын қамтамасыз ететін өзіне тән белсенді сөл бөлу қызметін атқарады.

Қуықалды без аденомасы қаншалықты кең таралған?

Қуықалды бездің қатерсіз ісігінен көбіне 40-50 жас аралығындағы ер адамдар азап шегеді. Одан жасырақ пациенттер мұндай сырқатпен көп ауыра бермейді, дегенмен соңғы жылдары бозбалалар арасында диагностикалау кезінде бұл ауру түрінің  көбейіп келе жатқандығы жайлы тенденция бар. Дәрігерлер 80% еркектің ерте ме, кеш пе қуықалды без аденомасына тап келетінін айтады. Жас ұлғайған сайын, осы сырқатпен ауыру қаупі жоғарылай береді. Мұның негізгі себебін ағзаның еркек климаксына өтуімен байланысты деп түсіндіреді. 40 жасқа келген соң ерлердің ағзасында белсенді гормоналды қайта құру пайда болады.

Андрогендердің дәрежесі төмендеп, «әйелдердің» жыныстық гормоны саналатын эстрогендердің мөлшері артады. Әрбір адамның ағзасында бұл екеуінен басқа гормондар да бар, алайда климакс басталған соң олардың теңгерімі өзгереді. Осыған қатарлас ерлердің денесінде қуықалды без жасушаларының өсуі мен бөлінуіне әсер ететін эстрадиолдың көлемі ұлғаяды.

Қауіп кімдерге төнеді?

аденома предстательной железы Көбіне жасы 40-тан асқан ерлерге қауіп төнеді.  Мамандар аса назар салып отырған қауіптің басқа факторына артық салмағы бар және туған-туысқандарында осындай мәселесі бар ерлерді жатқызған. Интимді денсаулыққа алкогольді сусындар ішу мен шылым шегу іспеттес зиянды әдеттер кері әсерін береді. Артериалды қан қысымы және гиподинамиямен ауыратын ерлерге өз денсаулықтарына аса мән бергендері жөн. Майлы және ащы тағамдарды шамадан көп ішу де аденомаға соқтырады.  Қуықалды без аденомасы «белсенді сексуалды өмір мен таңдалған сексуалды бағдарлануға байланысты» деген  қоғам арасында жаңсақ пікір бар.

  Қуықалды без аденомасы мен ер адамның ішкі жамбастағы инфекция арасында ғылыми дәлелденген қатынас жоқ.

Симптоматика

Сізді қандай симптомдар алаңдатып, дәрігерге жүгінуге  мәжбүрлейді? Алғашқы белгілеріне жиі дәрет сындыру, қайта-қайта дәретханаға барудың салдарынан ұйқының бұзылуы. «Әлсіз ағыс»  немесе үзік-үзік несеп шығару кезінде де зейінді болу керек. Қуық үнемі толып тұрғандай сезілсе, бұл простатаның нағыз белгісі. Аталмыш белгілерді өз бойыңыздан тапсаңыз, ұзаққа шегермей, емдік курс алу үшін маманға көрініңіз.

Қуықасты безі аденомасының алғашқы кезеңі

Сырқаттың шиеленісіп кетпей тұрғандағы алғашқы екі сатысында тиімді ем алуға болады. Аденоманың дамуындағы алғашқы кезеңді «орны толықтырылған» деп атайды. Бұл саты кезінде пациенттер түнгі уақытта жиі несеп шығарудан азап шегеді. Ер адам бұл кезде бір түннің ішінде 3-4 рет дәрет сындыруға баруы мүмкін. Дәретханаға қатты барғысы келген адамның несебі үзі-үзік болып келеді. Кейбір кездері еркектер аз мөлшерде еріксіз несеп шығарытындарын байқайды. Егер сырқат осы сатыда батыл әрекет жасамаса, қуықасты безі аденомасы жайлап екінші сатыға өтіп кетуі мүмкін.

  Екінші кезеңді «шала теңгерілген»  деп атайды. Бұл кезде қуықта қабыну процестері жүреді, соның салдарынан несеп шығару кезінде ауырсыну сезіледі. Ер адам  еріксіз несеп шығаруға тап болады, сонымен қатар қуықтың үнемі толып тұрғандай сезімі орын алады. Несеп шығару кезінде қан аралас шығындыларды көруге болады.  Ерекше қалташалардың салдарынан қуықтың қабырғалары созыла бастайды. Оның ішіне несеп толады, оның мөлшері 0,2 литрге дейін жетуі мүмкін. Емделу барысында қандай жағдай болмасын немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені сырқат ақырындап үшінші сатыға өтіп кетеді.

Күресуге арналған тиімді құрал

      ҚБА-ның дамуының алғашқы екі сатысында Ламифарэннің көмегімен емдеу тиімді нәтиже көрсетеді. Өнім сирек кездесетін балдыр түрінен жасалады және пациенттің ағзасына өте жағымды әсер береді. Табиғи таза өнімнің өзіне ұқсас дәрі-дәрмектерге қарағанда артықшылықтары басым. Кері әсерінің жоқтығы мен кез келген дәрімен үйлесімділігі Ламифарэннің танымалдығының артуына әсер етеді.  

      Өнім ББҚ-ға жатпайды және адамның қанына ұқсас құрамға ие. Бұл қажетті заттардың пациенттің қанына максималды түрде баруына, қан қысымын және липидтер мен қанттың деңгейін реттелуіне  әсер етеді. Пациенттер өнімді қабылдап болған соң, 15-20 минут өткен соң, өзгерістерді байқай бастайды. Ламифарэн улы заттарды белсенді түрде шығаруға әсер етеді, сонымен қатар барлық тамыр арналары мен қылтамырлардың мығымдығы мен иілгіштігін  арттырады.

      Ламифарэн өндірілетін бұл сирек кездесетін балдырдың түрі ерлердің ағзасындағы йод жетіспеушілігін толықтырады және қабыну үрдістерін тоқтатады.  Клиникалық зерттеулер қуықасты безі аденомасының бірінші және екінші сатысынан максималды тез арылуға септігін тигізеді. Екінші жағынан пациенттің ағзасы пайдалы заттар, минералдар және дәрумендік кешендермен толығып, түрлі ауруларға төзімділігі артады. Ламифарэнді қуықалды безі аденомасын емдеу үшін тиімді бағамен бізден алуға болады.