Әлсіздік пен шаршағыштық

Әлсіздік дегеніміз – әдеттегі жағдайда бізге энергияның жетіспеушілігі. Өзіңізді жақсы сезіну маңызды психологиялық және физиологиялық факторлардың әсеріне байланысты. Олардың ішінде: ең жақын адамдарыңыз, өмір сүру салтыңыз, іскери қызметіңіздің ерекшелігі, ағзаның негізгі жүйелерінің жағдайы. Жігерлілік пен сергектікті бізге дәрумендер мен микроэлементтердің беретіні бұрыннан дәлелденген. Ағзаны қоректік заттардың қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін теңдестірілген тамақтану және дәрумендер кешенін қабылдау керек.   

Бұл мақалада біз ағза жағдайының арасындағы өзара байланысы, оның энергетикалық қоры және оларға дәрумендердің қалай әсер ететініне тоқталып өтеміз.      

Дәруменсіздік: ол денсаулыққа қаншалықты қауіпті? Әлсіздікті қалай жоюға болады?

Көптеген адамдар дәрумен жетіспеушілігінен туатын қауіпке мән бермейді. Сондай-ақ әлсіздік пен шаршаудың қайдан туындайтынын, қалай тез шаршап қалатынын және жиі ауыратынын түсінбейді. Дәрумен жетіспеушілігі тек тез шаршауға ғана соқтырып қоймай, ағзаның қорғаныс қызметтерін әлсіздендіруге дейін әкеледі.

Дәрумендер көңіл күй деңгейіне де әсер етеді. Ағзаны дәруменмен қамтамасыз ету жетіспеушілігі орын алған кезде көңіл күй оқыс ауысып, ашушаңдық және тіпті енжарлық байқалуы мүмкін. Фармацевтикалық компаниялардың адамның психологиялық бейімделуіне әсер ететін полидәрумендер кешенін шығаратыны бекер емес.

Алайда барлығы оңай емес – бір дана дәрі ішіп алып, дәруменсіздіктен құтыла алмайсыз. Егер сіз әрдайым әлсіздікті сезініп, бірақ ағзаңызды қалай жігерлендіруді білмей жүрсеңіз, бұл мәселеге егжей-тегжейлі қарау керек.

Әйгілі және кеңінен жарнамаланған дәрумендер кешеніне сенімсіздікпен қарау түсінікті нәрсе. Кейде бағасы өте қымбат болғанымен түкке тұрғысыз зат болып шығады, ол ағза жағдайына айтарлықтай әсер бере алмайды. Сонымен бірге, мұндай жиынтықтардың көптеген түрлері бір дәруменнің жетіспеушілігінің орнын толтырғанмен, басқасының шамадан тыс көбеюінің салдары болуы мүмкін.

«Ламифарэн» – басқа әдіспен әсер ететін жаңа буын өнімі. Гельдің құрамы мынандай, оның құрамдас бөліктерінің құрамы қатаң есептелген, сол себептен де оны қабылдағаннан кейін заттардың шамадан тыс көбейіп кетуіне жол берілмейді.

Ламинария қоңыр балдырларының негізінде жасалған бұл өнім, біз ары қарай айтатын маңызды дәрумендер мен микроэлементтердің көлеміне өте бай.

Аса көңіл бөлуді қажет ететін дәрумендер

«Ламифарэн»  құрамдас бөліктерінің ішінде басты орынды В тобының дәрумендері (В1, В2, В3, В6, В12) алады. Кешенді түрде жасалып, олар өте тиімді әсер етеді. Бұл дәрумендік кешен ағзада жеткілікті болса, шаршау мен әлсіздіктің алдын аласыз деген сөз. В1 дәрумені жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді, ойлау қабілеттерінің белсенділігіне әсерін тигізеді, адамның шығармашылық әдеттеріне жақсы әсер береді, жасушалық деңгейде ағзаның қартаю қарқынын айтарлықтай ақырындатады. Жалпы айтқанда, В тобының дәрумендері интеллектуалды мамандықтағы адамдар үшін өте маңызды. Аталған дәрумендердің жетіспеушілігі кезінде адамдар ұйқысыздықтан, ашушаңдықтан және жалпы тонустың төмендеуінен зардап шегеді.avitaminoz

В тобының дәрумендері сонымен қатар тағы бір маңызды процеске қатысады –   ол глюкокиназа түзілуі. Осылайша, глюкозалық метаболизм мен қандағы қант мөлшерінің деңгейі осыларға байланысты болады.

В1 дәруменін (тиамин) « дәрумені» деп бекер айтпайды: рухты көтеруге, ынталандыруға және көтеріңкі көңілде жүруге жауап беретін тура сол. Оның жетіспеушілігінің алдын алу және сәтті қамтамасыз етілуі үшін жаңғақтарға, бұршаққа және тауық жұмыртқасына бай теңдестірілген ас үлесі мен «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдауға кеңес беріледі.     

С дәрумені (аскорбин қышқылы) – жастыққа, жігерлілікке және жақсы денсаулыққа жол ашады. Фенилаланинмен өзара әрекеттесуі норадреналин түзуді ары қарай ынталандыру үшін дәруменнің тура жүйке жасушаларына кіруіне әсер етеді. Бұл гормон көңіл күй деңгейіне, жалпы тонусқа, жігерлілікке және эмоциялық жағдайларға жауап береді. С дәрумені магний, кальций сияқты басты құрамдас бөліктердің бірі ретінде «Ламифарэн» гелінде бар.

Өзіңізді жақсы сезіну үшін тағы бір маңызды құрамдас бөлік – энергетикалық түзілуге жауап беретін магний. Оның жетіспеушілігінен адам аяқ астынан болатын әлсіздік пен шаршағыштықты сезініп, енжар күйге түседі. Аталған микроэлемент – ағзаның энергетикалық қоры тәуелді болатын тікелей энергия өндіруші. Магний жеткіліксіз болса, дұрыс өмір сүру салтын елестету мүмкін емес.

Миоглобин мен гемоглобиннің тұрақты түзілуіне қажетті темір де маңызды рөл атқарады. Темір жетіспеушілігі фагоцитоздың төмендеуіне және нейтрофилдер әрекетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Ламифарэн: сергектік үшін әлсіздік пен шаршағыштыққа қарсы

Заманауи жағдайларда үлкен қалалардың тұрғындарына қиындау болатыны белгілі нәрсе. Эмоциялық тұрақсыздық және денсаулықтың сыр беруі күрделі экологиялық жағдайларға, қарқынды өмір сүру салтымен және әрдайым күйзелісте болумен байланысты. Мұның барлығы тек көңіл күй деңгейіне емес, сонымен бірге сыртқы келбетіңізге де әсерін тигізеді.

«Ламифарэн» тағамдық өнімі – керемет кешен, оны пайдалану ағзаның жалпы жақсаруы мен тонусты көтеруге көмегін тигізеді.

Гельдің бай құрамдас бөліктері түрлі бағыттарда әсер етеді:витамин

– дәрумендер мен қоректік заттар қамтамасыз ететін ойлау әрекетін ынталандырады;

– алмасу әрекеттерін қалпына келтіреді;

– минералдық алмасуды тиімдірек етеді;

– көңіл күйді көтереді және рухты беріктендіреді;

– ағзаның қорғаныс қызметтерін күшейтеді (иммундық модульдеуші әсер);

– шаштың, тырнақтың, терінің жақсаруы;

– шаршағыштықты басу;

– түрлі аурулардың алдын алу;

– күйзеліс пен қажудан қорғаныс.

Ламинария: табиғаттың өзі сыйлаған энергия!

– Қоңыр балдыр – «Ламифарэн» тағамдық өнімінің негізі. Бұл өсімдікке жасалған көптеген зерттеулер, өнімді тұрақты қабылдау кезінде алмасу процестерінің айтарлықтай жақсаруы мен жалпы тонустың көтерілуін дәлелдеді.

– «Ламифарэн» құрамында полисахаридтердің толық кешені бар, олар иммунитетті көтеруге септігін тигізеді. Гель 40 жастан асқан адамдардың қабылдауы үшін көрсетілген: осы жастан бастап иммунитет әлсіреп, қолдауды қажет етеді.

– Балаларға, жүкті әйелдерге (сонымен бірге емізу кезінде де)  «Ламифарэн» өнімін тұрақты қабылдауға кеңес берілетінін ескертіп кетейік. Осылайша йод, кальций, магний, фосфор, калий, мырыш және басқа да ағзаға қажетті заттардың орнын толтыруға болады.