Рубидий (лат. Rubidium), Rb

Рубидий деген атпен белгілі химиялық элемент адам ағзасында өте аз мөлшерде — бір грамдай ғана кездеседі. Көбіне бас миында, сүйектерде, өкпеде, жыныс безінде, одан да аз мөлшерде — ұлпаларда болады.  Заттың барлық үлесін АІЖ арқылы сорылып, несеп шығару кезінде сыртқа шығарылады.

     Бұл химиялық элементті Ламифарэн тағамдық өнімінің құрамынан кездестіруге болады, бұл рубидийдің адам ағзасы үшін орасан зор пайдасы бар екенін білдіреді. 

      Рубидийдің адам ағзасында алатын рөлі

     Микроэлемент өзінің шоғырлануына қарай органдар жүйелеріне әсер етеді. Заттың көп мөлшері сүйек массасында, өкпеде, мида және жыныс бездерінде болатынын естеріңізге сала кетейік. Оқымыстылар қазіргі кезде рубидийдің адам ағзасына тигізетін әсерін толық ұсына алмай отыр, бірақ бұл оның маңыздылығын жоққа шығара алмайды.

     Сонымен зат мынадай қызметтер атқарады:

белгілі бір дәрежеде калийдің орнын баса алады және ферменттеу әрекетіндегі оның қызметін атқара алады;

түрлі қоздырғыштарға қарсы күресте гистаминге қарсы зат болып табылады;

жасушалық деңгейде қабыну әрекеттерінің айтарлықтай әлсіреуіне мүмкіндік жасайды;

орталық жүйке жүйесінің саулығын қалыпқа келтіру кезінде тиімді;

тыныштандыру қасиетіне ие.

      Рубидий және оның медицинадағы қосылыстары

     Бүгінгі күні оқымыстылар баршаны қызықтыратын мәселені зерттеумен айналысуда — ол заттың қан айналым әрекетіне тигізетін әсері, сонымен қатар артериялық қысым төмен болғанда рубидийді пайдалану жайлы. 19 ғасырдың соңында белгілі оқымысты С.Боткин рубидий қосылыстарын артериялық қысымның жоғарылауына себеп болады деген. Дәрігер рубидийдің бұл қасиетін  қантамырлар тарылуымен, жүрек-қантамыр жүйесінің ары қарайғы белсенділігімен байланыстырамын шешім қабылдады.

     Сонымен қатар, оқымысты бұл элемент микроскопиялық мөлшерде жағымсыз әсерлерге эритроциттік қарсыласудың деңгейін жоғарылататынын, сондай-ақ гемоглабин мөлшерінің деңгейін көтеретінін айтқан. Мұндай қасиеттер ағзаның қорғаныс күштерінің ақырындап нығаюына мүмкіндік береді. Жалпы бұл микроэлемент цезий элементімен бірге зерттеледі.  Бұл элеменеттердің қосылыстары гипоксия кезінде пайдалы. Медицна осы бірегей элементтің басқа да пайдалы қасиеттерін жақын арада ашады деген сенімдеміз және күтеміз.

      Тәулігіне рубидийдің қанша мөлшері керек?

     Ересек адам үшін тәулігіне рубидийдің шамамен 1,5 мг керек. Элемент жылдам сіңуімен ерекшеленеді, ағзаға түскеннен кейін бір жарым сағаттан кейін-ақ оны қаннан байқауға болады.

      Микроэлемент тапшылығы несімен қауіпті?

     Рубийдің тапшылығының зардаптары туралы әлі зерттелмеген. Зертханалық жағдайда жануарларға жасалған зерттеулер нәтижесі бойынша ғана талдау жасауға болады.

     Осы зерттеулер бойынша рубидий тапшылығы төмендегідей жағдайларға әкеледі:

тәбеттің болмауы немесе тамаққа мүлде қарамау;

ағза дамуының және қалыптасуының бәсеңдеуі;

орта өмір сүру ұзақтығын қысқартады;

түсік тастау;

ұрық дамуының бұзылуы.

      Рубидий ненің құрамында кездеседі?

     Бұл химиялық элемент көбіне өсімдік тектес өнімдерде кездеседі, соның ішінде:

теңіз қырыққабаты және балдырларда;

астық тұқымдастарда;

картопта;

қызанақтарда;

қызылшада;

қозықұйрықта;

зімбірде;

жаңғақтарда;

шемішкеде;

шай мен кофеде.

      Ағзаға рубидийдің түсуін теңіз балдырларын, сонымен қатар «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау арқылы қамтамасыз етуге болады.

      Кімге қабылдауға кеңес беріледі?

     Бірінші кезекте бұл зат жүйкенің бұзылуында пайдалы. Бұдан бір ғасыр бұрын оны талма белгілерінде жиі қолданған екен. Қазіргі кезде рубидий жүйке жүйесін нығайтатын ноотропты дәрілердің құрамдас бөліктері ретінде пайдаланылады.