РР дәрумені

РР дәрумені: жалпы мәліметтер


РР дәрумені – көпшілікке түрлі аттарымен белгілі зат. Олардың ішінде ниацин, никотинамид, никотин қышқылы бар. Бұл атаулардың әрқайсысы РР дәруменінің белсенді формасын көрсетеді. Біздің денсаулығымызға бұл заттың қаншалықты маңызды екенін білу үшін дәруменнің ресми түсініктемесімен танысу жеткілікті. Ол былай дейді: дәрумендік кешен қышқылдану жасушалық және ұлпалық реакцияларға қатысады, терапиялық мақсатта қолданылуы мүмкін.

Заттың түсі ақ, кристалды ұнтақ тәріздес формада болады. Дәмі қышқылдау, қатты өткір иісі жоқ. Дәрумен суық суда ериді, алайда еру деңгейі өте төмен. Дәрумен сонымен бірге тағам өндірісінде қолданылады. Өлшем бірлігі жалпыға бірдей (МЕ).

Ары қарай осы затпен толығырақ танысуды ұсынамыз: оның пайдалы қасиеттері, ерекшелеіктері, қолданылу тәсілдері туралы біліп алыңыздар.

Қандай өнімдерде болады


vitamin PPТолыққанды, теңдестірілген тамақтану үлесінде РР дәруменсіздігі туралы ойлауға болмайды, алайда кей адамдар ғана өзінің күнделікті мәзірін мұқият ойластырады.

Қажеттілігіне қарай ағзада осы заттың шоғырын көбейту үшін төмендегі тамақтану өнімдерімен тамақ үлесін байыту қажет:

Ламинария қоңыр балдырлары;

Сүт өнімдері;

Сиыр бауыры;

Тауық жұмыртқасы;

Балық;

Шошқа еті;

Майлы ірімшік түрлері.

Сонымен қатар РР дәрумені өсімдік өнімдерінде біраз мөлшерде кездеседі. Төмендегі астық тұқымдастарын, көкөністер мен жемістерді атап өтуге болады;

Томаттар;

Картофель;

Сәбіз;

Брокколи;

Түрлі-түсті қырыққабат;

Құрма жемісі;

Жүгері;

Қарақұмық ұнтағы;

Бидай;

Сұлы;

Сұлы жармасы.

Салауатты өмір салтын ұстана отырып, тамақтану үлесін табиғи өнімдермен толықтырып, РР дәруменсіздігінің дамуы туралы қорықпай-ақ қоюға болады. Қауіп мүлдем болмасын десеңіз, Ламинария қоңыр балдырларының негізінде жасалған «Ламифарэн» тағамдық өнімін тұрақты қабылдап отыру қажет.

Гельдің құрамында РР дәруменінің тиімді үлесі бар, сонымен бірге ағзаға үнемі қажет болатын дәрумендер мен микро және макроэлементтердің толық тізімі бар. Өнімнің тікелей қарсы көрсетелімдері мен жанама әсерлері жоқ, сондықтан жүктілік және емшекпен емізу кезінде де пайдалануға кеңес беріледі.

Ағзаға тигізетін әсері


Ағзаның қышқылдану реакцияларын реттегіштердің бірі ретінде, РР дәрумені иммуниетті көтеру мен ағзаның қорғаныс қызметтерін күшейту бойынша көшбасшылық танытуда. Затты толыққанды терапиялық зат деп бекер атамаған – ол дәрілік заттың барлық қасиеттері мен белгілеріне ие.

Мысалы, пеллагра дамуы кезінде ниацин қатты дерматитпен, жаралармен, қышымамен ауыратын, құсық мазасыздандыратын, ауыр диареяға шағымданатын және шынайылықпен байланысты үзетін науқасты толық мағынада құтқарушы болып табылады. РР дәруменін үнемі қабылдау кезінде, барлық алмасу әрекеттерін (энергетикалық, ақуыздық, көмірсулық, липидтік) қалыпқа келтіруге болады, дәруменсіздіктің салдарын жоюға, ағзаның қорғаныс қызметтерін нығайтуға болады.

Сондай-ақ заттың басқа да әсерлері дәлелденген – ол қалыпқа келтіру әрекеттерін белсенді етеді. Тері қабаттарының және шырышты қабаттардың қатты жаралармен зақымдануы кезінде ниацин жараны демде жазу қарқыны мен жараның кебуін жылдамдатады, иммунды денелер жұмысын қалыпқа келтіреді, қан құрамын реттейді. 

Органдар жүйесінің әрқайсысына әсер ете отырып және қанды тазалап, РР дәрумені жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін жақсартады, бауырды сауықтырады, бүйрек жұмысын реттейді, жүрек жеткіліксіздігінің даму ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді. Соңғы қасиеті қандағы никотин қышқылының жоғарғы шоғыры кезінде артериялық қысымды қалыпқа келтіреді. РР дәрумені қантамырлардың қатты жоғарғы қысымға төзуіне жауап береді және химиялық, физикалық сипаттағы жағымсыз әсерлердің кесірінен  жойылып кетпейді. 

Сонымен бірге ағзада ниациннің қалыпты мөлшері болған кезде асқазан-ішек жолдарының қызметі қалыпқа келеді, қантамырларды атеросклероздық қалдықтармен бекітіп тастайтын «жақсы» холестериннің (жоғарғы тығыздықтағы липопротеидтер) шоғырының көп болу ықтималдылығы төмендейді.

РР дәруменін тұрақты қабылдау кезінде қантамырлық жолдарға майдың жиналып қалмауына қол жеткізуге болады. Осылайша ниацин гиполипидемиялық бірегей қасиетті жүзеге асырады, бұл липидтік метаболизмнің ұлпалардағы және ағзаның биосұйықтықтарындағы қалыптылығын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ ниацин төмендегідей пайдалы қызметтер атқарады:

Қантамырлар мен қылтамырларды тазалайды;

қандағы микроайналымды жылдамдатуға көмектеседі;

ұлпаларды уыттар мен қалдықтардан қарқынды тазалау үшін жауап береді;

сәйкес бөліктерді пайдалы заттармен белсенді қоректендіреді;

адамның психомоторикасын реттей алады, көптеген психикалық ауытқулардың, эмоциялық қысымның алдын алу мен оларды емдеу үшін жиі қолданылады, күйзелістен шығу үшін пайдаланылады;

ниацин жоғарғы физикалық салмақпен күресу кезінде тиімді болып табылады;

ұйқы сапасын жақсартады;

жүйкені тыныштандырады, ашушаңдықты басады;

жалпы тонусты жоғарылатады, жұмысқа қабілеттілікті қайтарады;

бұлшықеттердің шаршауын басады;

күш пен сергектік береді. РР дәрумені созылмалы шаршаңқылық белгілерінен зардап шегетін адамдар үшін өзекті болып табылады. Арнайы дәрілік заттарды қабылдаудан гөрі, құрамында ниацині бар «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау денсаулық үшін еш қауіп төндірмейді. Тіпі стандартты мөлшерден асып кеткен жағдайда да  жағымсыз салдарлардың болуы туралы қауіптенбей-ақ қою керек. 

Тәуліктік мөлшері


нәрестелерге — 6 мг дейін;

балаларға — 8 мг;

ер адамдарға — 20 мг дейін;

әйел адамдарға — 6 мг дейін;

жүктілік кезеңі мен емшекпен емізу уақытында бұл мөлшер 18 мг дейін жоғарылайды.

РР дәруменсіздігінің белгілері


РР дәруменінің ағзадағы мөлшерінің жетіспеушілігінен ауыр салдарлар орын алуы мүмкін. Жетіспеушіліктің басты белгілеріне төмендегілер жатады:

енжарлық;

күштің азаюы;

депрессия;

агрессияның туындауы мен ашушаңдық;

пассивті жүріс-тұрыс;

шаш пен тырнақтардың түсуі;

терінің дызылдауы;

терінің бөртуі, дерматиттер;

терінің қабыршақтануы;

терінің жарылуы мен жаралардың пайда болуы;

тері қабатының солғындығы;

жүрек қағысының жиілеуі;

ұйқысыздық;

түнгі қорқыныштар;

жиі құсқысы келу; асқорыту органдары жұмысының бұзылуы;

тілдің құрғақтығы, оның жарылуы;

сілекейдің қатты бөлінуі.

РР созылмалы дәруменсіздігінің салдарлары одан да жаман болады:

терінің түсі өзгеруі мүмкін;

ақыл-есті жоғалту байқалады;

интеллектуалдық қызмет қатты төмендейді.

Осындай аянышты жағдайға түспеу үшін ағзадағы ниацин мөлшерін дұрыс қадағалау қажет. Бұл үшін тамақтанудың теңгерімді болуы мен РР дәруменін қосымша қабылдау отыру керек. Мәселені шешудің тиімді жолы – «Ламифарэн» тағамдық өнімін үнемі қабылдау. Гель мен тамақтанудың арнайы жоспарының үйлесімділігі РР дәруменсіздігін болдырмаудың кепілі.

Қолданылу тәсілдері


Пеллагра — ниацинмен емделетін жалғыз ауру емес. Сонымен қатар никотин қышқылы төменде көрсетілген жағдайлар мен сырқат түрлерінде тағайындалады:

бауыр ауруларында;

хрондалу сатысындағы гепатиттерде;

түрлі формадағы невриттерде;

холестериннің шамадан тыс артуы кезінде;

атеросклерозда;

жаралардың нашар жазылуы кезінде;

инфекциялық ауруларда;

Хартнуп ауруында;

безгекте;

қант диабетінде;

онкологиялық ауруларда;

қалқанша без қызметінің күшеюінде.

Басқа заттармен байланысы


Никотиннің түзілуі триптофан мен жануарлар ақуызымен байланысты. Тиамин мен пиридоксиннің жеткіліксіз мөлшері ағзадағы никотин қышқылының шоғырлануына кері әсерін тигізеді, себебі оларды бірге қабылдау қажет.

Аталған дәрумендік кешенді үнемі қабылдауы қажет адамдар ниациннің тиімділігін төмендететін құрамында индол-3-сірке қышқылы бар өнімдерді азық-түліктер қатарынан азайтулары керек. 

Сонымен бірге спирттік сусындарды тұтынуды бірден тоқтату немесе олардан мүлдем бас тартқан дұрыс: алкогольдің дәрумендердің жақсы сіңірілуіне кері әсер ететіні белгілі.

Жаңа деректер


Ниацин тек жалпылама сауықтыратын дәрумен ғана емес, сонымен бірге әдемілік пен жастық жаршысы екенін дәлелдеді. Клиникалық зерттеулер нәтижесі бойынша РР дәрумені қантамырларды кеңейтеді, қан айналымын жақсартады, ұлпалардан сұйықтықтың артығын шығарады, қабынуға қарсы әсер етеді, ұлпалардың қалпына келуіне көмектеседі және тері қабатын тазартады.