Маннит – асқазан жарасының ауруларынан туындаған зақымдарды емдейді

Маннит: жалпы мәліметтер


     Маннит алты атомдық спирттің түзілуі мен жиналуы – «Ламифарэн» тағамдық өнімінің негізі болып табылатын Ламинария қоңыр балдырларының керемет қасиеттерінің бірі. Аталған өсімдіктен алынатын маннит қант қызылшасы мен қант құрағын өңдеу нәтижесінде алынатын затқа қарағанда айтарлықтай сапалы болатынын айта кету керек. Маннит тромбтардың жойылуына әсер етеді, бүйрек ауруларында, ми ісігі кезінде қолданылады.   

     Маннит — кейбір дәрілік заттарды өндіру кезінде кеңінен қолданылатын қосылыс, оның ішіне осмо несеп айдағыш және қан плазмасын ауыстыруға арналған заттар кіреді.

     Бұдан аз уақыт бұрын бұл қосылыстың емдік қасиеттері туралы көп адам білмейтін еді. Бүгінде, ғылымның қарқындап дамуы кезінде, манниттің әр пайдалы қасиетімен кез келген адам таныса алады. Олардың керемет қасиеттері, затты қолдану көрсеткіштері және басқа да жақтары туралы осы мақалада айтылады. 

      Манниттердің пайдалы қасиеттері


қосылыстың әрекет ету спектрі өте керемет:

өт айдау қасиетіне ие (өтті күшті шығарады);

қабынуға қарсы әсерге ие;

фагоцитозды белсенді ететін иммунитет ынталандырушысы;

 вирусқа қарсы және микробтарға қарсы реакциялар деңгейін жоғарылатады;

 Маннит — қабыну әрекеттерінің дамуына кедергі болады;

 аллергия белгілерін жояды;

 тері қабаты мен тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарына бөгет болатын қызметтерді күшейтеді;

 микроағзалардың ағзаға тигізетін жағымсыз әсерлеріне кедергі болады;

 қарсы денелердің (А иммуноглобулин) түзілуін жақсартады, осылайша жергілікті иммунитетті күшейтеді;

 қатерлі ісікке қарсы әсерге ие (қатерлі ісіктердің пайда болуына кедергі болады);

 гипоаллергенді әсерге ие;

 аллергия қоздырғыштарының (гистамин, брадикинин) әсер етуіне кедергі болады;

 аллергия қоздырғыштарын қанға жіберетін жасушалық мембрананы күшейтеті;

қабыну әрекеттері негіздерінің әрекетін басады;

атеросклероздың алдын алу кезінде тұтынуға кеңес беріледі.

      Маниитер тағы несімен пайдалы?


     Бұл зат асқазан ішек жолдарының жараларын емдеуге арналған дәрілік заттардың құрамдас бөлігі болып табылады. Маниттер асқазан жаралары зақымдарының жазылуына жағымды әсер етеді. Сол себептен де оны асқазан жараларына қарсы құрамдас бөліктер ішінен кездестіруге болады. Олар қан кетуін жақсы тоқтатады, антацидті әсер береді, жара түріндегі қабынуларды басады.

     Сонымен қатар манниттер мен полисахаридтердің басқа да түрлері жаралардың, терінің күйіктен қалған зақымдарын, трофикалық жараларды жазуға арналған. Манниттер альгинаттармен бірге  арнайы құрғатқыш таңғыштарда болады. Мұндай таңғыштар құрғатқыш қасиетке ие, жараларды жұмсақ тазартады, олардан инфекция қоздырғыштарын шығарады, жылдам жазылуға ықпал етеді.

     Манниттер косметологияда жақсы бағаланады: альгинаттар мен аталған қосылыстар маскасы  жасарту және теріні тарту қасиетіне ие. Манниттер ұлпалардың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, мимикалық әжімдерді тегістейді.

     Әрекет ету қасиетінің осындай кеңдігіне қарай маскалар құрамына биологиялық құрамдас бөліктерді енгізу оны қолдануда ең жоғарғы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

      Манниттер косметикалық маскалардың барлық төменде көрсетілген қасиеттерін күшейтеді:

 ылғалдандыру;

 қоректендіру;

 тазарту;

 бактерицидті;

 тарту;

 жас ерекшелігіне қарай;

 целлюлитке қарсы;

 ағарту.

     Қосылыстардың басқа да тамаша қасиеттері


     Мұнымен қосылыстар мүмкіндіктерінің бітпегендігі таңқалдырады. Манниттің несеп айдатқыш ретіндегі маңызды әрекеті туралы ескертуді ұмытып барады екенбіз. Төменде көрсетілген аурулар мен жағдайларда осы затты қолдануға кеңес беріледі:  

  жіті бүйрек жеткіліксіздігінде;

  қояншық ауруында;

  бас миының ісігі кезінде;

  бас ішілік қысымның көтерілуінде;

  көз ішілік гипертензияда;

  жіті су қараңғылықта;

  экстракорпоралды қан айналымы қолданылатын операциялық әрекеттерде;

  жіті бауыр жеткіліксіздігі кезінде;

  қан тобының сәйкессіздігі кезінде поттрансфузиологиялық сипаттағы қабынуларда;

  барбитураттармен улану орын алғанда;

  несеп айдауда (күшейтілген);

  гемолиз бен гемоглобинемияның алдын алуда (аортокоронарлы тұйықтаудан кейін);

  инфаркттен кейін қалпына келу кезеңінде;

  инсульт алғаннан кейін науқасты қалпына келтіру кезінде.

      Манниттерді қандай формада қабылдау қажет?


     Бүгінде құрамында аталған қосылыстар кездесетін препараттардың түрлі формаларын байқауға болады. Сондай-ақ бұл формалардың барлығының пайдалы қасиеттері толықтай ашылған және ауру мен патологиялық жағдай негізіне мақсатты түрде әсер етеді деп айтуға болмайды.

     Шығарылу формасының ең тиімдісі – гель түріндегісі. Гель түріндегі «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау жоғарыда аталған сырқаттар мен ауру жағдайларында ең тиімді болып табылады. Гельді қабылдау белсенді заттың биологиялық шекті қолжетімділігін қамтамасыз етеді, бұл оның толықтай сіңуіне мүмкіндік береді. Құрамдас бөліктерінің арнайы өңделуінің арқасында оның сіңірілу әрекеті «Ламифарэнді» қабылдағаннан кейін 15 минуттан соң  жүреді.

     Манниттер «Ламифарэннің» басқа да құрамдас бөліктері секілді, өнімде қатаң салыстырмалы мөлшерде болады, бұл қосылыстың биотүзеткіш қасиеттерін тек күшейтіп отырады.

       «Ламифарэн» — барлық ауруларға қарсы дәрі ме?


      Мұндай ұрандар шындығында өте сапалы, тиімді өнім үшін қажет емес. Ұзақ жол мен жіті зерттеулердің барлығынан өткен «Ламифарэн» емдеу және алдын алу қасиетіне ие ең пайдалы тағамдық өнім деген құрметке ие. Тамаша пайдалы қасиеттеріне қарамастан, гель дәрілік зат болып табылмайды.    

      «Ламифарэнді» қабылдағаннан кейін көрсеткен мықты нәтижелерінің арқасында оның аты белгілі болды, бұл оның әр құрамдас бөлігінің бірегей технологиялар арқылы өңделуімен түсіндіріледі. Бұл технологияның іргетасы биологиялық, физикалық және биохимиялық факторлардың өнімді түрде өзара әрекеттесуінің тұжырымдамасы болып табылады.

      Өнімнің жасалуына деген мұндай тәсіл қолданылуының нәтижесі көрініп тұр: гельді емдеу-алдын алу тамақтану үлесіне еркін түрде қосуға, балаларға беруге, жүкті әйелдерге ішуге (тіпті емшекпен емізу кезінде де) болады. Өндіруші полисахаридтердің пайдасы үшін синтетикалық қосылыстардан толықтай бас тарту жолымен осындай дұрыс, алайда қиын дайындау жолынан өткен.