Күміс (argentum), Ag

Күміс «Ламифарэн» тағамдық өнімінің белсенді құрамдас бөліктерінің бірі, ол ұзақ жылдар бойы өте мұқият зерттелді. 19 ғасырдың соңында швейцариялық оқымысты Карл Негель адам денсаулығына айтарлықтай зиян тигізетін ауру тудырушы микроағзаларды күміс иондарының жойып жіберетінін ғылыми жолмен дәлелдеп берген.

     Күміс 600-ден астам ауру тудырушы бактерияларға әсер етеді. Сондықтан да, «Ламифарэн» кез келген антибиотиктерден артық, ал антибиотиктердің әсері көп болса микроағзалардың 5-10 түріне ғана бағытталған.

     Күміс пайдалы бактериялар қызметіне еш зиянын тигізбейді, сол себептен де жоғарыда айтылған антибиотиктер секілді дисбактериоз сияқты жайсыз жағдайлар тудырмайды. Кезекті артықшылығы Ангустат ламинариясының қоржынында.

      Күмістің медицинада қолданылуы

     Күміс ежелгі заманнан бері медицинада қолданылып келеді. 17 ғасырдың өзінде аталған металл асқорыту және жүйке жүйелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын, ал қазіргі кезде көптеген заманауи дәрілік заттардың негізі болып отыр. Құрамында күмісі бар дәрілерді көз, тамақ, несеп шығару жүйелері, жара аурулары кезінде қабылдауға кеңес беріледі. 

     Күмістің жағымды жақтары онкологиялық ауруларға қатысты да белгілі болып отыр, қатерлі ісік ауруларымен ауыратын науқастарға тамақ үлесін  теңіз балдырларымен байытуға кеңес беріледі екен. «Ламифарэн» өнімін үнемі қолдану — көптеген қауіпті ауруларды дұрыс емдеу мен олардың алдын алудың негізі.

      Ламифарэнді қабылдаудың басқа да себептері

     Кішкене химия – күміс тек ағзадағы зиянды микробтарды құртатын қарапайым металл емес, ол ұлпалардың ерекше құрамдас бөлігі. Күмістің біраз мөлшері мида, бездерде, сүйектерде, қаңқада болады. Тәулігіне адам 85 мкг күміс қабылдау керек, «Ламифарэн» мұны қамтамасыз ете алады. Бұл көптеген клиникалық зерттеулер барысында дәлелденген.

     Егер тек аэрозоль түрінде метаболизм әрекеттерінің белсенді болуына қатысатын болса да, бұл элементті ішке қабылдау қаншама пайда әкелетінін ойлап көріңізші. Тамақ үлесінде теңіз балдыры үнемі болатын болса – бұл зат алмасудың тұрақтылғының кепілі ғана емес, сонымен бірге мықты иммунитеттің де сенімді қорғаушысы болады. Соңғы дерек клиникалық зерттеулер арқылы дәлелденген, оның нәтижесі – күміс иммунитетті көтеру қасиетіне ие екенін көрсеткен.

      Күміс ми қызметіне қалай әсер етеді?

     Бұл химиялық элемент ми жасушаларындағы қышқылды фосфорлану қарқындылығын күшейту қасиетіне ие. Сонымен қатар, металл бас миының қалыпты қызметіне жауапты нуклеин қышқылдарының шоғырын көбейтеді.

      Күміс  — табиғи жасарудың негізі ме?

     Бір жағынан қарасаңыз бұл рас, себебі күмістің қанға тигізетін жасарту қасиеті ғылыми түрде дәлелденген. Сондай-ақ элемент ағзада болып жатқан көптеген физиологиялық әрекеттерге  жағымды әсер етеді.

       Жағымсыз әсер қалдыратын және жанама әсерлері болатын көптеген мықты дәрілерді қабылдау әрқашан күшті денсаулықтың негізі бола бермейді. Күміске және көптеген бағалы микроэлементтерге бай ангустат ламинариясы, ең пайдалы тағамдық өнімдердің қатарына жатады. «Ламифарэн» – денсаулыққа, жастық пен әдемілікке жетелейтін табиғи өнім.