B3 дәруменін

B3 дәруменінің пайдалы қасиеттері


В3 дәрумені ағзаның барлық жүйелерінің қызметінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады, ең алдымен ол тері қабатының саулығы үшін қажет. Бұл зат майлы сипатта болады, суда, спиртте, сірке суында ериді. Ішек микрофлорасының көмегімен түзіледі, температураның әсері мен ультракүлгін сәулелерге төзімді. В3 дәрумені асқорыту жолдарында болатын қышқылдар мен сілтілер әсерінен жойылып кетпейді.

Никотин қышқылы жаман холестериннің (төменгі және өте төменгі липопротеидтердің) қандағы деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Тағам өндірісінде Е375 белгісімен белгіленеді. Өлшем бірлігі – жалпыға бірдей (МЕ).

Ниацин ненің құрамында болады?


Никотин қышқылының біраз мөлшері «Ламифарэн» табиғи тағамдық өнімінің негізінде – Ламинария қоңыр балдырларында болады. Гельдің стандартты мөлшерін қабылдау В3 дәруменінің күндізгі үлесіне сәйкес келеді.

Төмендегі тағамдық өнімдерде В3 дәрумені кездеседі:


қарабидай нанында;

қарақұмық ұнтағында;

бұршақ тұқымдастарда;

бауырда;

етте;

субөнімдерде;

картофельде;

сәбізде;

алмаларда;

ашытқыларда;

халуада;

жаңғақтарда (әсіресе грек және бадам жаңғақтарында).

В3 дәрумендерімен жақсылап қанығу үшін заттың өсімдік негіздерін жаңа піскен күйінде тұтынуға кеңес беріледі. Термиялық өңдеуден өткізбеу керек.

Ниациннің ағзаға әсері


Никотин қышқылы – өзінше бірегей зат. Ол дәрілік зат болып табылады, себебі көптеген аурулар бойынша емдік қасиеттерге ие. Негізінде, осы ниацин қандағы холестериннің шекті көлемде болуымен күресте бірден бір әсер етуші терапиялық зат қызметін атқарады.

Түрлі емдік қасиеттерінен басқа, ниацин көптеген маңызды биоқызметтерді атқарады, олардың ішінде:

майлар мен көмірсулардың араласуымен жасушалық энергияны қамтамасыз ететін ферменттер белсенділігі. Осылайша, ниацин қатысуымен ағзаның барлық жасушаларының қоректенуі үшін қажетті қант энергияға тасымалданады. Демек, В3 дәруменсіздігі жағдайында, энергия түзілу әрекеті бұзылады, жасушалар қалыпты жұмысын тоқтатады. Осымен байланысты, ниациннің тиімді түзілуі жүрек пен қантамырлар үшін маңызды болып табылады;

әйелдер мен ер адамдардың жыныстық гормондарының дұрыс қалыптасуы үшін қажетті ферменттердің түзілуін күшейтеді;

инсулиннің түзілуіне қатысады.

Ниациннің терапиялық әсері өте кең. Дәрумен мынадай бағыттарда әсер етеді:

қантамырларды кеңейтеді;

қандағы атерогенді липидтердің төмендеуіне әсер етеді;

қандағы холестерин деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Пайдалы әсерінің көптігіне байланысты ниацин липидтердің теңгерімін қалыпты етуге, қандағы холестерин деңгейінің қалыпты болуына, триглицерид түзілуін бақылауға, қантамырларды кеңейтуге, кейбір органдар жүйесіндегі зат алмасу әрекеттерін жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар никотин қышқылы тромбоз бен осыған ұқсас ауруларға шалдығу деңгейін біраз төмендетеді.

Пайдалы қасиеттері


Никотин қышқылы төменде көрсетілген себептерге байланысты ағзаға қажет болады:

майда қантамырлардың кеңеюіне әсер етеді;;

қан айналымын қалыпқа келтіреді;

микроциркуляцияны қалыпты етеді;

антикоагулянтты әсерге ие;

жасушалық энергияның түзілуі үшін қажет болады;

зиянды холестериннің төмендеуіне әкеледі;

жүрек ауруларының даму мүмкіндігін төмендетеді;

жүрек бұлшықетін нығайтады;

гемоглобиннің түзілу әрекетіне қатысы бар;

амин қышқылдық метаболизм үшін қажет;

асқазан сөлінің пайда болуына жауап береді;

асқорыту ферменттерінің түзілуіне қатысы болады;

майлардың ыдырауына әсер етеді; көмірсулық алмасуды бақылайды;

гормондық түзілім үшін маңызды;

ақуыздар мен өсімдік тектес өнімдердің қалыпты сіңірілуі үшін қажет;

жүйке жүйесінің жұмысына жағымды әсер етеді;

көздің қалыпты көруін қамтамасыз етеді;

тері қабатына, ішек микрофлорасына, ауыз қуысының саулығына жағымды әсер етеді.

Ниацин көптеген қатерлі ауруларды емдеуде қолданылады: қант диабеті — никотин қышқылы ағзаның өз бетімен инсулин түзуіне әкеліп соғатын ұйқы безі жасушаларының беріштенуіне кедергі келтіреді. Осы аурудан зардап шегетін және үнемі ниацин қабылдайтын науқастардың инсулин мөлшерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндіктері бар;

остеоартрит — ниациннің ауыру белгісін азайту және буындардың қозғалмалылығын төмендетуге әсер береді;

жүйке-психикалық сипаттағы сырқаттарда – никотин қышқылы тыныштандыратын әсерге ие, сондықтан күйзеліс жағдайымен күресу кезінде қолданылады, тіпті шизофренияның ауыр түрлерінде де пайдаланылады;

пеллагра – бұл тері патологиясының,  дерматиттің кейбір түрлерінің дамуына әкеледі және қабыну әрекеттімен бірге жүреді.  В3 дәрумені толықтай ауру белгісін жоятын әсерге ие.

Ниациннің тәуліктік мөлшері


Адам ағзасына тәулігіне В3 дәруменінің 13-26 мг қажет болады. Мөлшерлеме нормасы тікелей жас ерекшілігіне, жынысына, өмір салтына және адам денсаулығының жағдайына тікелей байланысты. Бұл мөлшер жүктілік кезінде, емшекпен емізу кезінде, жүйке қатты зақымданғанда, интенсивті интеллектуалды қызметте, жиі физикалық салмақ түскенде, антибиотиктер қабылдау жағдайында көбеюі керек. Сонымен бірге қатаң климаттық жағдайларда өмір сүру кезінде мөлшері көбеюі керек.

Ниациннің тәуліктік мөлшері «Ламифарэн» гелінің бір үлесінде болады. Тағамдық өнімнің құрамы табиғи, тікелей жанама әсерлері мен қарсы көрсетілімдері жоқ. Жүктілік кезінде және емшекпен емізу уақытында да тұтынуға кеңес беріледі, балалардың жылдам дамуы мен интеллектуалды қызметін жақсарту үшін пайдаланылады.

В3 дәруменсіздігінің белгілері


Ниацин жетіспеген кезде адам ағзасы түрлі жағымсыз белгілер беріп, дабыл қағуы мүмкін, бұл қалыпты өмір салтына кәдімгідей кедергі келтіреді. Бірінші кезекте бұл эмоционалды көңіл-күйге қатысты пайда болады: науқасты жиі қорқыныш сезімі мазасыздандырады, ашуланшақтық белгілері, көңіл-күйдің ауытқуы, үрейдің соққы беруі, ызалану белгілері туындайды. Сонымен қатар салмақтың кенет артып кетуі жиі байқалады.

В3 дәруменсіздігі кезінде мынадай белгілер байқалуы мүмкін:

Бас сақинасы, жылдам шаршау;

Жабырқаңқылық жағдай;

Тәбеттің жойылуы;

Еңбекке жарамдылықтың төмендеуі;

Құсқысы келу, асқорытудың бұзылуы.

Осындай жағымсыз жағдайлардан құтылу үшін, ниациннің қалыпты мөлшерін үнемі қадағалап отыру керек. Жетіпеушіліктің ең тиімді орнын толтыру – «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау. Бұл өнім қалыпты тамақ үлесін де, сонымен бірге емдеу-алдын алу мәзірін де керемет толықтырады.

Қолданылу тәсілдері


Никотин қышқылын қосымша қабылдау төмендегі жағдайларда қажет болады:

Тамақтану бұзылғанда, пеллаграда, АІЖ ауруларында, салмақтың күрт төмендеуінде, амин қышқылдық алмасудың бұзылуы кезінде;

Бауыр ауруларында, гепатиттерде, безгекте, қалқанша без қызметінің күшеюінде, онкологиялық ауруларда, инфекциялық сырқаттар орын алғанда, күйзелісте, жүктілік кезінде және емшекпен емізу кезеңінде;

Бет жүйкесінде, тоқ ішек ауруларында, трофикалық жарада, тері патологияларында;

Бас миының қан айналымы ишемиясында, ауру ұстап қалғанда, қантамыр ауруларында;

Несеп шығару жүйелерінің патологиясы кезінде;

Гиперлипидемия кезінде.

Басқа заттармен байланысы


Ниацин триптофанмен өзара байланыса отырып, сонымен қатар В2 және В6 дәрумендерінің қатысуымен ішек бактерияларын түзе алады. Соңғысы мыспен бірге байланысып, никотин қышқылының жақсы сіңірілуіне әсер етеді. Ниацин неомициннің улылығын азайтатынын ескерте кетейік.

Жаңа деректер


Алмасу әрекеттеріне қатысатын басқа бірде бір зат, никотин қышқылы секілді психикаға әсер ете алмайды. Ниацин психогормондардың биологиялық түзілуіне тікелей қатыса алады, транквилизациялық әсер береді, қорқыныш әсерін төмендетеді. В тобындағы басқа дәрумендерге қарағанда, ниацин шизофрения пайда болуын басып, психикалық ауытқуларды жояды.

В3 дәруменінің осындай бірегей қасиеттерінің құпиясы неде? Бұл сұраққа заттың жаңа зерттемелері жауап берді. Жануарларға зертханалық жағдайда жасалған зерттеулер мен тәжірибелердің қорытындысы бойынша никотин қышқылы күшті тыныштандырғыш зат болып табылады, оның пайдалы қасиеттері айтарлықтай көп. Міне, сондықтан да В3 дәрумені асқорыту жүйкелік ауытқулармен (анорексия, булимия) күресуде белсенді түрде қолданылады.

 

Sidebar



X

Кеңес алу