Альгинаттар тағы немен пайдалы?

alginateАльгинат: жалпы мәліметтер


   Альгинат — полисахаридтер тобына жататын қосылыстар. Ол өзінің ісіну қасиетіне, жабысқақтығына және басқа құрылымдармен тиімді өзара әрекетке түсуінің арқасында кеңінен таралған.  «Ламифарэн» өнімінің құрамындағы альгинаттар Ламинария балдырларының талшықтарынан құралатын полиуронды қышқылдардың ұзын тізбегін құрайды.

     Соңғы бірнеше жылдар бойы осы альгинаттарға қатысты медицинада үлкен ашылулар орын алды. Оқымыстылар аталған заттың керемет қасиеттерін аша алды – альгинаттардың пайдалы қасиеттерінің шегі жоқ. Бұл қосылыстың бірегейлігі мен ерекше құндылығы неде?

Сіздерге «Ламифарэннің» маңызды құрамдас бөлігі туралы ең қажетті ақпаратты таба алатын қысқаша шолу ұсынамыз.

      Полисахаридтердің пайдалы қасиеттері


     Бірінші кезекте альгинаттардың судың көп мөлшерін сіңіру мүмкіндігін ескерте кету керек (300-ге көбейтілген альгин қышқылының массасы). Осы қосылыстан тұратын дәрілер мен өнімдерді қабылдаған кезде, ол ішкі қансырау мен жаралар орнының жазылуына жағымды әсер етеді. Альгинаттарды ішке қабылдау қандағы холестерин деңгейін өнімді түрде қалыпқа келтіреді.  

     Терең зерттеулер мен сараптамалардың бірқатары альгинаттардың күйіктермен және тері жарақаттарымен тиімді түрде күресетінін дәлелдеп берді. Альгинаттардың ағзадан уыттарды, ауыр металдарды, қалдықтарды шығару мүмкіндігіне негізделген қышқылдың радиацияға қарсы әсері табылды. Ағзаның тазалануының нәтижесінде оның радиотөзімділік деңгейі жоғарылайды (ионды сәулеленуді қабылдаудың жақсаруы).

      Альгинаттар және асқорыту

    Полисахаридтер асқорыту органдарының аурулары — гастрит, асқазан жарасы, ішек аурулары, асқазан ауруларын емдеу кезінде кеңінен пайдаланылады. Асқорытудың бұзылуы мен микрофлораның жұмысы ауытқығанда бұл зат тиімді болып табылады. Альгинаттарды  ұйқы безін сауықтыруға арналған көптеген тиімді дәрі-дәрмектердің құрамынан кездестіруге болады. Полисахаридтер органдардың барлық жүйелерінің қызметіне әсер етеді және кейбір аурулардың белгілерін жоюға ықпалын тигізеді.

    «Ламифарэн» өнімінің құрамына кіретін қосылыстар жалпы сауықтыру әсерін береді: көңіл-күй жақсарады, науқас күшінің артқанын сезінеді, дәреті қалыпқа келеді. Альгинаттар асқорыту жүйесі органдарының кез келген ауруларын емдеуде қолданылады.

      Бұл қосылыстар төмендегі бағыттар бойынша тиімді әсер береді:

 ішкі органдарды асқазан сөлінен қорғайды. Полисахаридтертің бүркегіштік қасиеті бар, сондықтан қышқылдың жағымсыз әсеріне қарапайым кедергі бола алады;

 зақымдалған ұлпаларды жаза отырып, қалпына келтіру әрекеттеріне қатысады. Асқазанның жаралармен зақымдалуында, эрозия кезінде пайдалануға кеңес беріледі.

 асқазан сөлінің мөлшері шамадан тыс артып кеткенде оның деңгейін төмендете отырып, тәбетті көтереді;

 ағзаның қорғаныс қызметтерін жоғарылатады. Осы қасиетінің арқасында альгинаттар органдардың барлық жүйелерінің тұрақты қызметі үшін қажетті қоректік заттарды ағзаның жақсы сіңіруіне әсер етеді.

     Сонымен қатар альгинаттар қыжылға, трофикалық жараларға қарсы дәрілік заттардың құрамында жиі кездеседі.

     Альгинаттар (Ламифарэн» тағамдық өнімінің басқа құрамдас бөліктері секілді ағзаға түгелдей сіңіп кетеді (орта есеппен 97%).  Заттың салыстырмалы мөлшерінің арқасында гельді емшекпен емізу мен жүктілік кезінде де қолдануға болады. Полисахаридтерді сондай-ақ кез келген жастағы балалардың ішуіне де болады. 

      Альгинаттар тағы несімен пайдалы?


     Осыншама бағалы полисахаридтердің арқасында «Ламифарэн» төменде көрсетілген жағдайлар мен аурулар кезінде алдын алу және емдік әсер етеді:

 аллергиялық реакциялар. Альгинаттар А иммуноглобулинді белсенді етуге қатысады. Бұл зат жалпы сауықтыру сипатына ие;

 ауыр металдар тұздарының ағзаға тигізетін жағымсыз әсерлері кезінде. Полисахаридтер иондық алмасуға қатыса отырып, олардың кері әсерлерін жояды;

 альгинаттардың сіңіру әсерінің арқасында қанға түскен уыттардың зияны жойылады;

зең аурулары, вирустық инфекциялар. Альгинаттар суық тию ауруларын кешенді емдеу кезінде кеңінен қолданылады;

 полисахаридтер — сау ішектер үшін тиімді қорғаушылар болып табылады;

ағзадағы  барлық алмасу әрекеттерін қалыпқа келтіреді;

созылмалы іш қатуы кезінде жақсы әсер береді. Әсерінің жеңіл болғанына қарамастан, альгинаттарды қабылдау нәтижесі аз уақыттың ішінде біліне бастайды. Нәжіс массасымен бірге ағзадан ауру тудыратын бактериялар қоса шығарылады;

 асқазандағы қалдықтың өңешке өтіп кетуіне кедергі болады;

 асқорыту жақсарады.

      Альгинаттар және эстетикалық медицина


     Полисахаридтер тек ішкі органдар аурулары кезінде ғана пайдалы болмайды. Бұл зат арнайы жасалған жасарту қасиетіне ие косметологиялық маскалардың құрамында жиі кездеседі. Альгинаттардың әсерінен тері тартылады, жергілікті қан айналымы жақсарады, терінің ұсақ тесіктері тарылады, терінің түсі тегістеледі. Сонымен қатар альгинаттар терінің алдын ала қартаюына жол бермейді, оның тонусын көтереді, серпімді қасиет сыйлайды.

     Альгинаттар лифтингке арналған бағалы шет елдік жақпа майлар құрамында жиі кездеседі, бұған таңқалуға болмайды – себебі бұл қосылыстар бірден әсер етеді және жанама әсерлері жоқ. Полисахаридтердің «Ламифарэн» өнімінің құрамында болуы бұл қосылыстардың барлық пайдалы қасиеттерін ашады, себебі басқа да құнды заттармен үнемі өзара байланыста болады (манниттерфукоидан,ламинаран және т.б.).

      «Ламифарэн»: барлық құнды заттар бір құтыда


      Денсаулықты сатып алу мүмкін емес дейді. Бір жағынан бұл шындық. Алайда «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдай отырып, денсаулығыңызға тиімді пайда әкелуге болады. Гельді қабылдауды құнды макро және микроэлементтерді, сонымен бірге – альгинаттар көзін қосымша қабылдау деп қарастыруға болады.    

      Гельді тұрақты қабылдасаңыз, ол жалпы сауықтыру әсерін береді, иммунитетті күшейтеді, сергектік сыйлайды. Бұл өнім шаршауды жақсы басады, ұйқыны тыныштандырады және ауытқыған биоырғақ салдарларын жояды. 

      «Ламифарэн» — дәрісіз өмір сүрудің сенімді серігі!

 

Sidebar



X

Кеңес алу