Сынап (лат. Hydrargyrum), Hg

Сынап — ежелгі заманнан бері адам баласына белгілі микроэлемент. Бұрынғы ата-балаларымыз оны алғашқы қалпында, яғни сұйық күйінде таныған. Сол кездің өзінде бұл заттың жоғары улылығы жайлы белгілі болған, бірақ оның пайдасы туралы ешкім білмеген.  

      Сынап көп адам түсіне бермейтін көптеген маңызды қызметтер атқарады, ол Ламифарэн тағамдық өнімінің және  теңіз балдырының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

      Медицинада қолданылуы

     Өткен жүзжылдықтың 70 жылдарына дейін сынапты және оның қосылыстарын медициналық мақсатта кеңінен қолданған. Мысалы сынап хлориді іш өткізгіш дәрі ретінде пайдаланылса, меркулаз бен промеран несеп шығару жүйелерінің ауруларын емдеген. Сынаптың көптеген қосылыстары антисептикалық заттар ретінде пайдаланылған.

     Ерте замандарда іштің түйілуін емдеу үшін сынапты тіпті стақандап ішетін болған. Әрине, мұның нәтижесі жағымсыз әсерлерге әкеліп соққан. Бүгінде бұл элемент мүлде басқа мақсатта пайдаланылады, оның ішінде кең таралғаны – температрура өлшегіштер мен барометрлерді сынаппен толтыру. Бұл сынаптың пайдалы қасиетін жоққа шығармайды.

      Сынап несімен пайдалы?

     Бұл заттың адам ағзасына қажеттілігі таңқалдырады. Тәулігіне микроэлементтің шамамен 3 мкг біздің ағзамыз үшін қажет. Егер тәуліктік мөлшер 0,5 мкг дейін төмендесе, ол сынап тапшылығы орын алғандығын білдіреді. Биохимиялық сынаптық қосылыстар – ақуыздар мен пептидтердің неше түрімен бірге қайтымды тәртіпте әрекеттесу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Адам ағзасында шамамен заттың 12 мкг кездеседі, олар барлық жүйелерге тегістей жайылған. Ең көп мөлшері бүйректе болады.

     Бұл зат сульфгидрильді элементтер тобымен бірге көптеген ұқсастықтарға ие, сондықтан да басқа металдарға қарағанда солармен жылдам байланысқа түседі. Ақуыздар мен пептидтермен ағза үшін маңызды болып табылатын тиол элементтері сынаппен байланысқа түсіп, ақуыздардың кейбір түрлерін белсенді етеді. Нәтижесінде сынап биохимиялық әрекеттердің ағза үшін маңызды реттегіші ретінде байқалады.

      Сынап дихлориді және оның ағзадағы рөлі

     Аталған қосылыстың біраз көлемі ферменттік әрекеттер мен биоқышқылдану әрекеттерінің белсенді болуына мүмкіндік береді, соның нәтижесінде ағзаның оттегімен қанығу деңгейі жоғарылайды.

     Осындай әрекеттердің нәтижесінде метаболизмнің жақсаруы және иммундық жүйенің қорғаныс күштерінің мықтылығы байқалады. Көне замандарда  бұл қосылыстың сыртқы ісіктермен күресуде тиімді болғаны бекер айтылмаған екен.

     Сынап қосылыстарына қатысты заманауи зерттеулердің қорытындысы олардың иммуноглобулиндердің белсенді болуына кішкене болса да әсер ететіні, сонымен қатар кейбір лимфоцит түрлерінің өзара әрекеттесуін күшейтетіні белгілі болған.

     Сондай-ақ сынап пен оның қосылыстары интерлейкин-II және интерферонның түзілуін белсенді етеді, қатерлі ісік жасушаларын емдеудегі Т-лимфоциттерінің тиімді шоғырлану деңгейін бақылайды. Осымен байланысты бұл қосылыстардан мықты иммуномоынталандырушы шығару үшін қазіргі кезде белсенді жұмыс жүріп жатыр. Егер сәті түссе, жақын арада дүниежүзі қатерлі ісік ауруына қарсы алғашқы дәріні де көруі мүмкін.

      Сынап ненің құрамында болады?

     Сынаптың ең көп мөлшері теңіз балдырында, басқа да теңіз өнімдерінде, сәбізде, күріште болады.

      Сынап тапшылығы адам үшін несімен қауіпті?

     Бұл сұрақ әлі толықтай зерттелмеген. Алайда ағзада сынап жетіспеген кезде қабыну әрекеттері орын алып, инфекциялық ауруларға ағзаның қарсы тұруы әлсіреуі мүмкін.