Қалайы (лат. Stannum), Sn

     Қалайы — жұмсақ металдарға жататын химиялық элемент. Жарқын күміс түсті және сүйек ұлпаларының тұрақты дамуы үшін үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, қалайы ферменттік әрекеттерге әсер етеді. Сіздерді Ламифарэн тағамдық өнімінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірімен таныстырып өтейік.

      Қалайы қалай әсер етеді?

     Микроэлемент улы емес, сол себептен де тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Қалайының ағзаға тигізетін әсері қазіргі кезде жақсылап зерттелуде, бірақ соның өзінде оның сүйек массасына, өкпеге, жүрекке, бүйрекке, ішекке жақсы әсер ететіні белгілі. Уақыт өте келе қалайының өкпеде шоғырлануы ақырындап өсе бастайды, бұл қоршаған орта факторына баланысты.

      Заттың маңыздылығы неде?

     Адам ағзасындағы қалайының мынадай қызметтері анық белгілі болып отыр:

даму мен өсу әрекеттеріне қатысады;

асқазанда болып жатқан көптеген ферменттік әрекеттердің қатысушысы болып табылады;

қышқылдану және қалпына келтіру реакцияларына қатыса алады;

сүйек массасында көп болатынына қарай тірек-қимыл жүйесінің дамуы мен тұрақты қалыптасуын қамтамасыз етеді;

май қышқылдарымен өзара баайланыса  отырып, ағзаға жағымды әсер ете алады.

      Қалайы және оның ауруларға қарсы қолданылуы

     Біраз уақыттан бері аталған затты медицинада мынадай ауруларға қарсы қолданып жүр: 

талма белгілері;

жүйкенің бұзылуы;

гельминтоз;

тері аурулары;

көздің мүйізгек қабығы .

     Көбіне қалайы қосылыстарын сыртқа жағу әрекеттері белгілі болған. Бүгінгі күні әсері бұдан жақсы, сонымен бірге құрамында металл жоқ, улылығы аз заттарды байқауға болады. Қалайы – химиялық жағынан белсенділігі төмен, ағзаға зиян келтірмейтін зат ретінде белгілі.

      Тәулігіне қалайының қанша мөлшері керек?

     Адамға шамамен тәулігіне қалайының 3-9 мг керек. Мөлшері адамның жынысы мен жас ерекшелігіне тікелей байланысты. Ағзада осы заттың тиімді мөлшері сақталуын қамтамасыз ету үшін үнемі тамақ үлесін   теңіз балдырларымен,  теңіз өнімдерімен, үрмебұршақтармен қанықтырып отыру керек. Сонымен қатар мамандардың кеңесі бойынша алдын алу мақсатында «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау қажет.

      Қалайы тапшылығы несімен қауіпті?

     Аталған заттың көп бөлігі тамақ өнімдерімен бірге ағзаға түсетіндіктен, оның тапшылығы сирек кездеседі. Егер бұндай жағдай орын алатын болса, мынадай белгілер байқалады:

минералды заттардың теңгерімі бұзылады;

есту мүмкіндігі нашарлайды;

өсу және даму бәсеңдейді;

 алопеция даму қаупі (шаштың түсуі) болады.

     Ағзадағы бұл заттың мөлшерін анықтау үшін, несеп және шаш талдауын жасату қажет. Бірінші кезекте қалайы мөлшерінің шамадан тыс болуы консервілік тағам өнімдерін тұтынатын адамдарда, сонымен қатар құрамында фторы бар тіс пастасын пайдаланатын адамдарда жиі кездеседі.  Жағымсыз әсерлерге тап болмас үшін, қалайы мөлшерінің шамадан тыс артып кетуінен сақ болу қажет.

      Қалайы ненің құрамында кездеседі?

     Қалайыны әр үстелде кездесетін кез келген тағамдардан алуға болады. Аталған микроэлементтің басты тасымалдаушылары өсімдіктік тектес өнімдер саналады. Олардың қатарына төмендегілер жатады:

теңіз балдыры;

картоп;

көкөністер;

жасыл өнімдер;

бұршақ тұқымдастар (үрмебұршақ, бұршақ, жасымық);

тамыр жемістер;

күнбағыс шемішкелері.

      Сонымен қатар қалайы мал өнімдерінде де кездеседі:

сиыр тілінде;

нәлімде;

майлы теңіз балығында.

      Аталған микроэлементтің «жағымсыз» көздеріне консервіленген өнімдерді жатқызуға болады, оларды тұтыну денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді.