Күміс (argentum), Ag
Күміс ежелгі заманнан бері медицинада қолданылып келеді. 17 ғасырдың өзінде аталған металл асқорыту және жүйке жүйелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын, ал қазіргі кезде көптеген заманауи дәрілік заттардың негізі болып отыр. Құрамында күмісі бар дәрілерді көз, тамақ, несеп шығару жүйелері, жара аурулары кезінде қабылдауға кеңес беріледі.