Жүктілік кезіндегі гипоксия

Гипоксия – ағзаға оттегі жетіспеушілігінен пайда болатын патологиялық жағдай. Ауру кез-келген жаста болуы мүмкін, сондай-ақ аяғы ауыр әйелдерде де кездеседі. Соңғы жағдайларда гипоксия бала үшін қауіпті. Шын мәнінде, баланың өзі тыныс ала алмайды және оған анасы арқылы оттегі жеткізіледі. Егер анасына оттегі жетіспесе, онда нәрестеде гипоксия орын алып, бұл жағымсыз салдарға әкеп соғады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін дәрігерлер аурудың алдын-алу туралы ертерек ойлануды немесе оның пайда болуына жол бермеу үшін уақытылы терапияны бастауды ұсынады.

Жүктілік кезіндегі гипоксия деген не және оның түрлері

Гипоксия өз бетінен пайда болатын ауру емес, ол денсаулықтағы кез-келген мәселелердің салдары болып табылады.

Бұл жағдайдың төмендегідей түрлері бар:

Созылмалы гипоксия. Бұл жүктілік кезінде пайда болады және нәресте дүниеге келгенше дамып отырады.

Алдындағы. Бала дүниеге келгенге дейін бірнеше күн дамиды.

Жіті.Босану уақытында, көбінесе босану ауыр болған кезде пайда болады. Бұл баланың өміріне қауіп төндіреді.

Ұзақ уақыт бойы оттегінің жетіспеуі баланың дамуына кедергі келтіреді немесе кейбір органдардың және жүйелердің дұрыс қалыптаспауына әкеледі. Бұған жол бермеу үшін жүктілік кезінде гипоксияның алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге жүгіну ұсынылады.

Пайда болу себептері

Оттегі жетіспеушілігі болашақ ананың денсаулығына байланысты туындайды. Мынау, гипоксияның негізгі себептері:

 Қан аздық. Бұл патология гемоглобин шоғырының төмен болуына байланысты. Бұл зат эритроциттердің белсенділігіне әсер ететіндіктен, оның жетіспеушілігі барлық ұлпалар мен жүйелерге, соның ішінде балаға оттегі жеткізілуінің бұзылуына әкеледі.

 Жүрек-қантамыр жүйелерінің аурулары. Жүрек қызметінде мәселелер туындаған кезде, қан нашар айналады. Бұл ағза ішіндегі оттегінің басты тасымалдаушысы болғандықтан, қан айналымы бұзылғанда элемент тапшылығына әкеледі. Осылайша, жүктілік кезіндегі гипоксия дамиды.

 Демікпе, бронхит және басқа да тыныс алу жолдарының аурулары. Мұндай аурулар кезінде тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болады, бұл жүктілік кезінде балада гипоксияның орын алуына себеп болады.

 Диабет және бүйрек патологиялары.

 Зиянды әдеттерге тәуелді болу. Темекі шегу және есірткі пайдалану немесе алкогольді ішімдіктерді қолдану ағзада уыттардың жиналуына әкеліп соғады. Олардың кесірінен балада оттегі жетіспеушілігі болады.

 Ананың бала жолдасына және одан кері қан жеткізуінің бұзылуы. Бұл ауру келесі себептер бойынша туындайды – баланы уақытынан аса көтеру, бала жолдасының қалыптасуы кезінде туындаған қиындықтар, баланың мерзімінен бұрын туылу ықтималдығы, бала жолдасының бөлініп кетуі, кіндіктегі өзгерістер.

Оттегі жетіспеушілігі, сондай-ақ баланың денсаулығына байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда гипоксияның себептері келесідей болады:

Аурудың белгілері

Жүктіліктің ерте кезінде гипоксияның белгілері білінбейді. Патологиялық күйді көрсететін жалғыз нәрсе – әйелдің жағдайының нашарлауы. Алайда, бұған көп адам көңіл аудара бермейді, себебі болашақ ана жүктілік кезінде болатын жағымсыз нәрселер қалыпты деп түсінеді.

Жүктілік кезіндегі гипоксияны тиісті зерттеулердің нәтижелері бойынша тек дәрігер ғана анықтай алуы мүмкін. Осы себепті, үнемі маманға барып қаралу, барлық белгіленген қан талдауларын өткізу, ультрадыбыстық зерттеулерді жүргізу және осындай процедуралардан өтіп тұру маңызды.

Жүктіліктің соңғы айларында кездесетін гипоксиясыны баланың белсенділігі арқылы анықтауға болады. Қалыпты жағдайда, бала 1-2 минут ішінде итереді, бұрылады және басқа да қозғалыстар жасайды. Бала белсенділікті 12 сағатта 10 рет көрсетуі керек. Егер мұндай қозғалыстар байқалмаса, бұл гипоксияның белгілерін білдіруі мүмкін. Бұл жағдайда мәселе туындағаннан кейін дереу дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Диагностика

Жүктілік кезеңде гипоксия деген диагнозды тек дәрігер қоя алады. Бұл үшін маман келесі зерттеулерді белгілейді:

  • Ультрадыбыстық зерттеу. Баланың дамуындағы ауытқуларды анықтауға көмектеседі. Зерттеудің көмегімен баланың өсуін, көлемін және салмағын анықтайды, сондай-ақ плацентаның қалыптасуын өлшейді. Осы мәліметтер негізінде маман балада гипоксия бар ма немесе жоқ екенін анықтай алады.
  • Допплерометрия. Мұндай зерттеу жатыр артерияларында және ұрықтың қан айналымы бұзылғандығын анықтайды, бұл оттегі жетіспеушілігін көрсетеді.

Кардиотокография, қан сараптамалары, амниоскопия – жүктілік кезіндегі гипоксияны анықтауға көмектесетін қосымша зерттеулер болып табылады.

Бала үшін гипоксияның қаупі және оның салдарлары

Оттегі жетіспеушілігі – бұл балаға қауіп төндіреді. Оның үстіне, оның дәрежесі гипоксия пайда болған кезіне байланысты:

бірінші семестрде – нәрестенің дамуында ауытқулар тудырады, өйткені осы кезеңде барлық органдар мен жүйелердің пайда болуы басталады;

екінші және үшінші семестрде – жүктілік кезінде кешігу байқалады, ал осы кезеңдерде оттегінің жетіспеушілігі баланың жүйке жүйесінің ауруларына әкелуі мүмкін;

босану кезінде – нәрестенің тұншығуына және жүйке жүйесінің ауруларының дамуына әкеледі.

Балалардағы гипоксияның әсері нәресте дүниеге келген сәттен кейін байқалады. Балада:

жоғары қозғыштық;

қолы мен аяқтарының жиі дірілдеуі;

иегінің дірілдеуі;

ұстамалар орын алады.

Жаңа туылған нәрестелердегі гипоксия жиі құсу арқылы да білінеді. Бала емізуден бас тартады және белсенді болмайды.

Жаңа туылған нәрестеде оттегінің жетіспеуіне байланысты бас миының гипоксиясы орын алуы мүмкін. Бұл уақтылы медициналық көмек болмаған жағдайда, баланың мүгедектігі мен тіпті қайтыс болуына дейін әкелуі мүмкін қауіпті жағдай.

Тек уақтылы емдеу гипоксияның асқынуының алдын алуға көмектеседі. Тиісті зерттеулер жүргізгеннен кейін дәрігер терапияны тағайындайды.

Гипоксияны емдеу

Гипоксияны емдеу дәрі-дәрмектерді қолдануға негізделген, олар:

ағзаның қорғанысын арттыруға;

жатырдың тонусын төмендетуге;

қан тамырларының жолын кеңейтуге;

қан айналымын қалыпқа келтіруге;

жасуша өткізгіштігін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Ламифарэн өнімінің көмегімен алдын алу

Гипоксияның пайда болуын болдырмау үшін мынадай алдын алу шараларын қолдану ұсынылады:

таза ауада күн сайын серуендеу;

дұрыс тамақтану ұстанымдарына жүгіну;

зиянды әдеттерден бас тарту;

дәрумендер қабылдау.

Ламифарэн өнімі оттегі жетіспеушілігінің алдын алуға көмектеседі. Бұл Ангустат қиыр шығыс ламинариялары теңіз қоңыр балдырлары негізінде жасалған табиғи емдік және профилактикалық өнім. Бұл құрамдас бөлік кешеннің емдік қасиеттерін тудырады, себебі дәл соның құрамында дәрумендер, минералдар және басқа да пайдалы заттар бар.

Ламифарэн ересектерде, балаларда гипоксияның пайда болуына кедергі келтіріп қана қоймайды, сондай-ақ бала күту кезеңінде әйелдердегі де бар мәселені шешуге көмектеседі. Бұндай әсерге құрамындағы пайдалы элементтердің болуына байланысты қол жеткізіледі. Заттардың атауы және олардың қасиеттері 1-кестеде келтірілген.

1-кесте. Ламифарэн өнімінің құрамы

Заттың атауыАғзаға тигізетін әсері
А дәруменіАғзаның қорғаныс күштерін арттырады.
В1 дәруменіЖүктілік кезінде гестациялық диабеттің пайда болуына кедергі боладыости.
В6 дәруменіМерзімінен бұрын босануға кедергі келтіре отырып, жатыр тонусын төмендетедіым родам.
С дәруменіИммунитет жағдайын жақсартады.
Д дәруменіЖасушаларда болып жатқан алмасу әрекеттерін қалыпқа келтіреді
Е дәруменіҚан айналымын, қантамырларының жағдайын жақсартады, қан ұйықтарының пайда болуына кедергі болады
К дәруменіБосану кезінде қан кетуіне кедергі болады және қан айналымын жақсартады.
РР дәруменіЖалпы ағзаға жақсы әсер етеді және жекелей жүрек-қантамыр жүйелерін жақсартады
ТемірГемоглобин деңгейін жоғарылатады және қан аздықтың пайда болуына кедергі болады.
МагнийНәрестенің мерзімінен бұрын туылуына кедергі болады.

Жүктілік алдында, сондай-ақ жүктілік кезінде әйелдерге Ламифарэн қабылдау ұсынылады. Өнім бала гипоксиясы мен оттегі жеткіліксіздігіне әкелетін аурулардың пайда болуына жол бермейтін барлық дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігінің орнын толтырады.

Жүктілік кезіндегі гипоксия қауіпті жағдай болып табылады, ол бақытсыздыққа әкелуі мүмкін, соның ішінде нәрестенің дамуындағы ауытқуларға және тіпті өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін оттегі жетіспеушілігінің дұрыс алдын-алу керек. Егер гипоксия анықталған болса, тиісті зерттеулерден кейін дәрігердің тағайындаған емін уақытылы, білікті жүргізу маңызды.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp