Варикозды тамырлардың кеңеюі

Варикозды тамырлардың кеңеюі – аяқ сүйектері қан тамырының кеңейіп, ұзарып, түйінделуіне қатысты ауруды айтады. Сондай-ақ, «түйіндердің» қалыптасуы нәтижесінде, тамырдың тіпті, өз жұмысын тоқтатуына дейін алып келуі мүмкін.

Кезінде көптеген атақты дәрігерлер мен беделді қоғам қайраткерлері варикозды веналарға қарсы күрес әдістерін белсенді зерттеген болатын, бірақ іс жүзінде оның бәрі нәтижесіз болып шықты. Белгілі анатомист әрі танымал итальяндық дәрігер Марчелло Мальпиги үш ғасырдан астам уақыт бұрын осы варикозды қан тамырларының кеңеюіне қатысты жаңалық ашқан. Оған дейін бұл бағыттағы зерттеулер мыңдаған жылдар бойы қыры ашылмаған құбылыс болып саналған. М. Мальпиги капиллярлық қан айналымының бірегей механизмдерін анықтаған ең алғашқы ғалым.

Өкінішке қарай, бүгінде әйелдер арасындағы варикозды вена ауруы ең өзекті жаһандық проблеманың біріне айналып отыр. Статистикаға сүйенетін болсақ, әлемдегі әр үшінші нәзік жанды варикозды тамырлардан зардап шегеді. Ерлер арасындағы статистика бойынша, әрбір оныншы ер адамда варикозды тамырлардың кеңеюі байқалады. Әдетте, отыз жастан асқан әрбір адамда осы аурудың алғашқы белгілерін сезіну қаупі жоғары болып келеді.

Аталған дертке кез болмас үшін өзіңізді қалай қорғауға болады және оның алдын алу мақсатында қандай тиімді шаралар жасаған дұрыс?

Ауру таралған аймақтар

Қазақстан үшін бұл ауру өзекті мәселелердің біріне айналды. Варикозды веналардан зардап шеккендердің үлесі бойынша Қазақстан АҚШ пен Ұлыбританиядан кейінгі үшінші орында тұр. Африкада және Моңғолияда (шамамен 0,08%) аталған кеселдің ең аз көрсеткіші ретінде саналады. Бұл мемлекеттердің 40% -дан астам азаматы осы аурумен зардап шегетіні анықталған. Аталмыш жағдайдың кең етек алуының негізгі себебі, көбінісе, қазіргі заманғы өмір салтының адам денсаулығына теріс әсер етуімен тікелей байланыстырылады.

Аурудың алдын-алу жолдары

Қимыл қозғалыс аз өмір салты бірінші кезекте варикозды тамырлардың кеңеюіне әкеліп соғады. Егер сіз уақытыңыздың көп бөлігін компьютердің алдында немесе ұзақ уақыт бойы көлік жүргізуге арнасаңыз, қолыңыз бен аяғыңыздың тамырларын мұқият бақылағаныңыз жөн.

Варикозды тамырлардың кеңеюі көбінесе, тамырда жоғары қысым болған кезде байқалатыны белгілі. Бұл жағдайда, аяқтың төменгі жағындағы тамырлар ғана кеңеймейді. Сонымен қатар, асқазан мен өңешке кері әсер ететіні жасырын емес. Сондай-ақ, кеуде қуысына, және т.б. ағзаларға да жағымсыз әсер етеді.

Әдетте, кез келген варикозды аурудың соңы хирургиялық көмекті талап ететін басқа да ауыр ауруларға әкелуі мүмкін екенін түсіну маңызды. Мысалы, кіші жамбастың варикоздық тамырларымен геморрой дамуы мүмкін және бедеулікке ұласатын варикоцелеге шалдығу қаупі бар. Ал, оны түзету үшін тек хирургиялық операцияға жүгінуге тура келеді. Жалпы, варикозды тамырлардың кеңеюі ең алдымен, аяқтың төменгі бөлігіндегі тамырларына зиян.

Аурудың дамуының негізгі себептері:

тұқым қуалайтын фактор – варикозды веналардың кеңеюінен зардап шеккен жақын туыстардың болуы, көп жағдайда сіздің де басыңызда орын алу қаупін туғызады;

жыныстық категория да өте маңызды, себебі, бұл ауру әйелдерде әдетте, жүктілік кезінде және гормоналды препараттарды қолдану кезінде анықталады;

тамырларда қысымның жоғарылауы, бәсең өмір салтын ұстануы, жеткілікті дене белсенділігінің болмауы, артық салмақ).

Варикозды көктамырлардың жоғарыда көрсетілген белгілері тек тамырларды кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге, қан қысымын арттырады немесе венозды клапандардың жұмысын бұзады. Варикоз ауруы рефлюкс, яғни аяқ-қол тамырларына қан айналым жүйесінің дұрыс жүрмеуінен болатыны анықталған. Бұл құбылыс веноздық қан ағымына әкелетін қауіпті патологияларды туындатуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ, уақытылы емделмеген варикозды көктамырлар басқа да көптеген соматикалық ауруларға жол ашуы ғажап емес. Варикоздық симптоматика варикоздық жүйеде тұрақты қысымның болуымен тікелей байланысты.

Варикозды тамырлардың асқынуы қаншалықты қауіпті?

Ең алдымен, үлкен тамырды кесіп алып тастауға тура келеді. Ғылыми тілде бұл процесс «флебэктомия» деп аталады. Көбінде науқас: «Неліктен қантамырларын алып тастау керек? Онсыз қалай өмір сүруге болады?»,- деп таң қалып жатады. Өкінішке қарай, қанның қоюлануының қауіптілігі сонда, нәтижесінде, өкпе эмболиясына ұшыратады, тіпті өлімге дейін апарады.

Варикозды тамырдың кеңеюінің нәтижесі, өкпе артериясының тромбоэмболиясына әкеліп соғатын жағдайлар жиі орын алған. Соның әсерінен өкпе артериясының жұмысы бұзылып, ол өз кезегінде қан айналымына кедергі келтіреді. Ең қиыны, бұл нәрсе ең соңында өлім жағдайына дейінгі оқиғаларға әкелуі мүмкін.

Емдеу отаны (операция) талап етеді ме?

Шындығында, бірден операция жасалады деу мүлдем дұрыс емес. Тек қатты ауыр жағдайда және мәселені шешудің басқа жолы болмаған кезде ғана шұғыл хирургиялық операция жасауға тура келеді. Бұл аурудан қазіргі кезде озық технологиялық жетістіктердің арқасында дұрыс емдік курстарын жүргізе отырып, ешқандай хирургиялық жолсыз-ақ айығуға мүмкіндік бар.

Осы ретте, консервативті емдеу науқастардың жекелеген санаттары үшін тіпті қолайлы екенін түсіну өте маңызды. Сондықтан, бірден сары уайымға салудың еш қажеті жоқ. Егер ауру бастапқы сатыда болса, түрлі медикоменттер мен қоспаларды пайдалану арқылы жағдайды айтарлықтай түзете аласыз.

Әдетте, мамандар көктамырды сергіту мақсатында науқасқа түрлі флеботропты құралдарды пайдалануды ұсынады. Дегенмен, бұл препараттар тиімді болғанымен, тигізер зияны көп.

Мұндай жағдайдың ең тиімді шешімі, 100% табиғи және жан-жақты тексеруден өткен өнім «Lamifaren» препаратын қолдану. Өйткені, оның құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер мен микроэлементтер толықтай қамтылған.

Lamifaren өнімінің әсері

Тағамдық өнім болғандықтан, токсин, шлак, инфекцияларды ағзадан шығаруға ықпал етеді;

Ламифарен компоненттері, қантамырларға серпімділік береді;

Ағзадағы йод тапшылығын жойып, қантамырларының қабынуының алдын алады.

Варикозды көктамырларды бақылаудағы өнімнің басқа маңызды қасиеттері:

капиллярлардың мықты болуына әсер ету;

ісінуді жою;

ағзаға венотоникалық әсер беру;

веноздық жетіспеушілікті болдырмау;

аяқ-қолдағы лимфа ағымын қалыпқа келтіру;

тегіс бұлшық ет талшығын жиыру арқылы веноздың өңін жақсартады.

Ең дұрысы, басқа аурулардағы сияқты мұнда да маманға барып көрінуді, кеңес алғанды кейінге қалдырмаған абзал. Басқаша жағдайда, тіпті «Ламифарэн» сияқты пайдалы өнімді пайдаланудың өзі де сіз күткендей жоғары нәтижеге қол жеткізбесі анық.

Сөз соңында айтарымыз, деніңіз әрқашан сау болып, сергек жүрулеріңізге тілектеспіз!

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp