В6 дәрумені

В6 дәрумені: жалпы мәліметтер

     В6 дәрумені — суда еритін және ағзада жиналу мүмкіндігі бар зат. Осыған қарамастан, дәрумен қорын үнемі толтырып отыру керек. Пиридоксиннің химиялық құрамын соған жақын заттар (пироксидаль, пироксамин) қатарына жатқызады.  Пайдалы әсеріне қарай бұл заттарды бір бірімен салыстыруға болады. 

     В6 дәруменінің физикалық қасиеттері мынадай: суда, спиртте ериді, майда ерімейді. Пиридоксиннің ыдырауы жарықтың әсерінен орын алады, бірақ жоғары температурада емес.   В6 дәрумені  тотықпайды. Заттың өлшем бірлігі — жалпыға белгілі (МЕ).

     Қандай азық-түліктерде кездеседі

     Пиридоксиннің көп мөлшері Ламинария қоңыр балдырларында, ашытқыларда (сыра және наубайшылық),  тауық жұмыртқасында, балықта, бұзау етінде, құс етінде, бүйректе, бауырда кездеседі. Дәруменнің орташа мөлшері бұршақта, үрме бұршақта, астық тұқымдастарда, жүгеріде, күнбағыс пістесінде, қызанақта және картопта болады. Көкөністер мен жемістердің құрамында В6 дәруменінің аздаған мөлшері болатынын ескерте кету керек.

     Бұл зат микропты ішек ортасында көп түзіледі. Сондықтан да В6 дәруменсіздігі мен дәрумен жетіспеушілігі ішек микрофлорасының бәсеңдеуіне (оның себебі – антибиотиктер қабылдау, созылмалы инфекциялық аурулар) тікелей байланысты. Кей жағдайларда осы заттың жетіспеушілігі оның тамақ үлесінде аз мөлшерде болуына да байланысты.

      Ағзаға тигізетін әсері

     Пиридоксин ағзаның көптеген маңызды химиялық әрекеттеріне қатысады және ақуыздық, май, энергетикалық метаболизм кезінде айтарлықтай маңызға ие. В6 дәруменінің көмегі болмаса,   қымыздық қышқылы кальциймен бірге ерекше қосылыстар түзіп, бұл несеп-тас ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы пиридоксин ағзадан улы заттар мен уыттардың уақытылы шығуына жауап береді.

     Пиридоксинді әйелдерге арналған зат деп бекер айтпайды, себебі оның әсері әйел ағзасының гормондық жағдайларына таралады. В6 дәрумені МАС белгілерін жеңілдетуге әсер етеді, жүктілік кезінде маңызы зор, гормоналды контрацепциялық заттардың жағымсыз зардаптарын төмендетеді. 

     Пиридоксинді үнемі қабылдап отыру – кейбір онкологиялық аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілі. В6 дәрумені жасушалардың уақытынан бұрын қартаюының ылдын алады, шаштың, тері қабатының жағдайына жағымды әсер етеді, жалпы тонусты көтеруге септігін тигізеді. Пиридоксин өз әсерін іш жақтан бастап, сыртқы факторларға жақсы әсер береді.

     Бұл заттың тағы бір пайдалы қасиеті – оның серотин (күйзеліске қарсы гормон) түзуге тигізетін әсері. Дәрумен гемоглобин  түзілуіне, амин қышқылдық алмасуға белсенді қатысады, жүйке жүйесінің қызметін қалыпта ұстайды, дұрыс қан түзіліміне әсер етеді, бұлшықет ұлпаларының дұрыс қалыптасуы үшін қажет, калий мен натрийдің шоғырын бақылайды.

     Пиридоксин сонымен қатар ішкі қантамыр қабырғаларын бітеуге қарсы тұратын холестерин өндіреді. В6 дәруменінің қатысуынсыз өте қауіпті сырқат – атеросклероздың пайда болуынан қашып құтылу мүмкін емес. Осылардың бәріне қосымша, пиридоксин бауырдың саулығына, глюкозаның жақсы сіңірілуі үшін де қажет.  

      Пиридоксин әсерінің басқа да пайдалы жақтары

     В6 дәрумені сондай-ақ май қышқылдарының толыққанды сіңірілуіне де қажет. Пиридоксин көптеген ферменттердің қызметіне тікелей әсер етеді, глюкозаның өнімді шығындалуына ықпалын тигізеді. Ағзада жиналған дәрумен  қандағы глюкоза деңгейінің оқыс шарықтап кетуіне мүмкіндік бермейді, орталық жүйке жүйесінің ұлпаларындағы алмасу әрекеттерінің қалыпты болуына жауап береді, жүрек-қантамыр жүйелерінің жұмысына жағымды әсер береді, күш береді.

     Тек бұл ғана емес: В12 дәруменімен және  тиаминмен өзара әрекеттесу кезінде бұл зат жүрек пен қантамырлардың саулығына әсер етеді, ишемиялық аурулардың, атеросклероздың пайда болуына кедергі болады, миокард инфарктының алдын алады.

     Пиридоксин ағзаның биосұйықтықтарындағы калий мен натрийдің орташа ара салмағы үшін де жауап береді. В6 дәруменінің жетіспеушілігі орын алғанда аяқтар ісіп кетеді, бұл сұйықтықтың шамадан тыс жиналуына байланысты болады.

      В6 дәрумені — сымбаттылық негізі ме?

     Бірнеше жыл бұрын АҚШ-та ерекше емдәм кеңінен етек жайған болатын, мұның негізі майды еріткіш азықтар туралы теориямен байланысты болды. Бұл емдәмнің басты құрамдас бөлігі пиридоксин болған, ал қосымша алма  сірке суы, зығыр пістесі, соя майы пайдаланылған. Аталған тамақтану жоспары бойынша В6 дәруменінің шоғыры шекті мөлшерден айтарлықтай асып түскен.  

    Мұндай емдәмнің нақты кемшіліктеріне және оған қатаң түрде тиым салғанына қарамастан, пиридоксин өзінің тиімді май еріткіш зат екенін дәлелдеп берді. Оны қосымша көмекші элемент ретінде пайдалану арықтау әрекетін біраз жеңілдетуге мүмкіндік береді.  

     «Ламифарэн» тағамдық өнімінің құрамында В6 дәруменінің кездесуі сымбатыңыз үшін еш қорықпай, оны емдәм жоспарына қосуға мүмкіндік тудырады. Сіз тек майларыңызды жойып қана қоймай, ағзаңызды дәрумендермен қанықтырасыз.

      Пиридоксин және жүктілік: өзара байланысы қандай?

     В6 дәрумені— жүктілік кезіндегі ең маңызды заттардың бірі. Болашақ нәрестенің дұрыс дамуы барысында маңызды болып табылатын қан жасушаларының,  қарсы денелер мен элементтердің, бағыттаушы жүйке импульстерінің қалыптасуына пиридоксин жауапты.

     Сонымен қатар пиридоксин болашақ ана үшін де жағымды әсер береді: ол жеріктік белгілерін жеңілдетеді,жүрек айнуды жояды. Сондай-ақ, В6 дәрумені  магниймен қосыла отырып, жатыр тонусын төмендетеді.

     Пиридоксиннің тәуліктік мөлшері 1,3-тен 2 мг көлемінде ауытқып отырады. Тыныштандыратын заттар, гормондық контрацептивтер қабылдайтын, сонымен бірге жоғарғы физикалық күш түсетін адамдарға заттың көп мөлшерін қабылдауға кеңес беріледі. Темекі шегушілер мен спирттік сусындарға қызығушылық танытатындарға да В6 дәруменінің мөлшерін көбейтуге кеңес беріледі.  ЖИТС-мен ауыратын, сәулелік науқастарға және созылмалы С гепатитімен сырқаттанған ауруларға дәруменді қосымша қабылдау қажет.  

      Пиридоксин жетіспеушілігі және оның зардаптары

    Статистикалық ақпараттарға сәйкес, В6 дәруменінің жетіспеушілігі салдарынан планетамыздың әрбір бесінші тұрғыны зардап шегеді екен. В6 дәруменінің жеткіліксіз шоғыры кезінде өзіңізде көптеген жағымсыз белгілерді байқайсыз, бірінші кезекте бұл әйел адамдарға қатысты. Пиридоксин жетіспеушілігі, менструация мен МАС-ын айтарлықтай қиындатады, климакс кезеңінде жағдайды нашарлатады.

     В6 дәрумені жетіспеушілігінің басты белгілеріне төмендегілер жатады:

ашушаңдық, күйзеліс жағдайлары, психоз;

темірдің жеткілікті болуына қарамастан, қан аздықтың пайда болуы;

гингивит кезінде;

тері аурулары;

тырыспа;

қанның қатты жабысқақтығы және оның қоюлануға бейім болуы;

көз аурулары;

құсу;

тәбеттің болмауы;

жүйкенің қабынуы;

кейбір инфекциялардың қоздырғышына  ағзаның қарсы денелер өндіру мүмкіндігінің жоғалуы.

      Қолдану тәсілдері

     Төменде көрсетілген науқастар қатарына аталған затты қосымша қабылдауға кеңес беріледі:

гормоналды контрацепция қабылдайтын әйелдерге;

ағзасында эстрогендердің жоғары шоғыры табылған жүкті әйелдерге;

ағзадан эстрогендердің айтарлықтай көп мөлшері шығатын уақытта, менструация алдындағы 2 апта кезінде;

стероидтық заттар (мысалы, картизон) қабылдайтын науқастарға;

қанша тырысса да артық салмақтан арыла алмай жүрген (мұның себебі көбіне В6 жетіспеушілігінен болады) науқастарға;

безеуден немесе басқа да тері ауруларынан зардап шегіп жүрген жасөспірімдерге;

     Басқа заттармен байланысы

В6 дәрумені В12 дәруменінің дұрыс сіңірілуі үшін қажет. Сонымен қатар аталған зат тұз қышқылының қалыптасуы үшін керек.  

Артриттен зардап шегетін науқастар пеницилламин қабылдайтын терапиядан өтеді. Осыған қосымша олар белгіленген тәртіпте пиридоксин қабылдауға міндетті.  

Тиаминмен, В12 және В9 дәрумендерімен өзара байланысқан кезде пиридоксин жүрек пен қантамыр саулығына жағымды әсер етеді, ишемиялық аурулар мен инфарктың алдын алу үшін қызмет етеді.  

      Соңғы деректер

     Пиридоксин, соңғы зерттеулерге сәйкес, адамды күйзеліс жағдайынан шығаруға жауап беретін серотин, ГАМҚ және кейбір элементтердің түзілу барысында маңызды және ынталандырғыш қызмет атқарады. Осыған байланысты В6 дәруменін күйзелістен емдеу бағдарламасына белсенді түрде қосады және кейбір психикалық аурулармен күресу барысында қолданады.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp