Созылмалы арнайы емес тоқ ішектің қабынуы

Арнайы емес ойық жаралы тоқ ішек қабынуы ауыр патология түрінде қабылданады. Бұл кезде тоқ ішектің шырышты қабаты зақымдалады. Ол жерде түрлі қарқындылықпен дамитын қабыну және ойық жара түріндегі қатты зақымдаушы әрекеттер жүреді. Арнайы емес ойық жаралы тоқ ішек қабынуы тік ішек аймағына әсер етіп, ішектің барлық бөліктеріне белсенді түрде тарайды.  

Бұл формадағы тоқ ішек қабынуы өте баяу жүреді. Көптеген науқастар тік ішектен қан кеткен кезде ғана  аттан сала бастайды. Бұл ауру жақсы зерттелмеген, сол себептен де оны диагностикалау және толыққанды емдеу қиынға соғады.

Үлкен мегаполистердің тұрғындары осындай ауруға жиі ұшырайды. Науқастардың көп бөлігі 60 жастан асқан, бірақ қазіргі таңда 30 жасқа жетпеген науқастар саны да біртіндеп артып келеді. Арнайы емес ойық жаралы тоқ ішек қабынуын жұқпалы деп санауға болмайды, ол аутоиммундық сипатқа ие.

Алғашқы себептері

Арнайы емес патологиялық процестің қалыптасуына арналған тәуекел тобына тұқым қуалайтын бейімділігі, анықталмаған инфекция, гендік мутацияға бейімі барлық науқастар жатады. Жүйесіз тамақтану, ішек микрофлорасының бұзылуы да қауіп төндіреді. Арнайы емес ойық жаралы тоқ ішек қабынуы кейде арнайы дәрі-дәрмектерді қабылдау аясында да дамиды, ондай дәрілерге: қабынуға қарсы препараттар, контрацептивтердің жекелеген түрлері жатады. Жиі күйзеліс жағдайлары да патологияны дамыту ықтималдығын арттырады.

Ауру адамның иммундық жүйесінің патогендік микробтармен емес, ішек шырышты қабаттарымен күресуінің салдарынан болады. Бұл оның бетінде жараның пайда болуына әкеліп соқтырады. Әлсіз иммундық жүйе зиянды әсерін басқа ішкі жүйелерге біртіндеп таратады, оларға: көру органдары, эпидермис, шырышты қабықтар, буындар жатады.

Пайда болуы

Арнайы емес ойық жаралы тоқ ішек қабынуының созылмалы түрінде оны жіті патология түрі мен қайталанатын аурулардан ерекшелейтін кейбір белгілері бар. Аурудың беті бері қарамай, тоқтаусыз дами береді. Ауру ағымы жеңіл белгілерінен ауыр түріне қарай ақырындап өзгеруі мүмкін. Ауырлық сатысы туралы науқастың ішкі органдарының шырышты қабаттарының зақымдалу көлеміне қарай айтуға болады.  Формасы үздіксіз және тыныш сатысына қарай сипатталады. Оның ұзақтығы адам денсаулығының жай-күйіне байланысты болады. Ауру адам ағзасының айтарлықтай шаршауына дейін жеткізеді. Ауыр жағдайларда науқас өте қиын жағдайға түсуі мүмкін, бұл кезде хирургиялық араласудан басқа жол болмауы ықтимал.

Белгілері

Әрбір науқастың арнайы емес ойық жаралы тоқ ішек қабынуы  әртүрлі дәрежедегі ерекше белгілерге ие. Кейбір науқастар өмір бойы өздерін жақсы сезінеді, басқалары қиын жағдайларға ұшырайды, олар үшін қан аралас іштің өтуі, дененің дірілдеуі және абдоминалды аурулар әдетке айналып кетеді.

Арнайы емес ойық жаралы тоқ ішек қабынуының созылмалы түрінде негізгі шағымдар арасында төмендегілер ең танымал болып саналады:

ауыру сезімдері және нәжістегі қан аралас диарея;

тәулігіне 20 рет болатын диарея;

іштің түйіліп ауыруы;

тамақ ішуге деген қызығушылықтың жоғалуы;

дене температурасының жоғарылауы;

үнемі болатын диарея салдарынан көп салмақ жоғалту;

үнемі қан кетуі салдарынан гемоглобин деңгейінің төмендеуі.

Кейбір науқастар ішін босату үшін түн де ояна береді. Кейбіреулері ұстай алмайтын метеоризмнен және ішкі органдардың қатты улануынан зардап шегеді.

Ары қарай АІЖ жұмысына еш қатысы  жоқ белгілерді де атап көрсетуге болады. Патология қатты дамыған кезде,  науқасты жиі буындар ауруы, бауыр жұмысындағы ауытқулар мазалай бастайды. Тромбтардың пайда болуы, теріге бөртпе қаптау, көру органдары патологиясының дамуы ықтимал. Ойық жаралы тоқ ішек қабынуының белгілеріне қарағанда, кей кездері осы белгілер ертерек біліне бастауы мүмкін. 

Салдары

Арнайы емес ойық жаралы тоқ ішек қабынуының созылмалы түрінің адам ағзасына әкелетін салдары ең қауіпті болып табылады. Науқастардың ішектерінің тесілуі, тіпті ішек қабырғаларының жарылуы мүмкін. Бұл патологияда анальды тесіктің жарылуы және тік ішектің өткізгіштігі айтарлықтай төмендейді. Ең күрделі жағдайларда адам тоқ ішектің қатерлі ісігінен зардап шегеді.

Дәл диагноз қою үшін сарапшылар диагностикалық әдістердің толық ауқымын қолданады. Көбінесе науқастарға тікішекті саусақпен зерттеу және ректороманоскопиядан өтуге кеңес беріледі. Бұл тәсіл дəрігерге АІЖ-ғы əртүрлі ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері зертханалық және аспаптық зерттеулермен қамтамасыз етілуі керек.

Емдеу

Осы патологияны емдеу кезінде бірнеше ауқымды міндеттерді шешіп алу қажет:

Асқынулардың алдын алу;

Науқас ағзасын жеткілікті қоректік заттармен қамтамасыз ету;

Аурудың белгілерін жеңілдету және жою;

Ауру ұстамаларын бақылауда ұстау және олардың кейінгі пайда болуына жол бермеу.

Жоғарыда аталған мәселелер табиғи қоңыр балдырларға негізделген «Ламифарэн» бірегей өнімі арқылы оңай шешіледі. Ежелгі заманнан бері бұл зат кең ауқымды сауықтыру қасиеттерімен белгілі. Құралды өндірушілер оны қазіргі заманғы адамдардың пайдасына қолдануды шешті. «Ламифарэн» құрамын адам қанының құрамына мүмкіндігінше жақындата отырып, олар өнімнің рекордты сіңуіне қол жеткізе алды, бұл 98% құрап отыр. Өнім синтетикалық қоспалардан толықтай таза және адам ағзасына жалпы сауықтыру және қалпына келтіру қасиетіне ие. «Ламифарэнді» алғашқы қабылдағаннан кейін, сіз өз ағзаңызда орын алған оң өзгерістерді байқайсыз.

Гель кез-келген жастағы науқастарға көмектеседі, оның қолдануға қарсы көрсетілімдері және шектеуі жоқ. «Ламифарэн» тіпті әйелдердің жүктілік кезінде және балаларға да тағайындалады, себебі өнім адам ағзасына айрықша пайда әкеледі. Ең айқын және тұрақты нәтижелерге қол жеткізу «Ламифарэнді» үнемі пайдалануға болады.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp