Ішек аурулары, созылмалы іш қату және геморрой

Соңғы жылдары ішектің зақымдануымен байланысты аурулар мәселері ерекше өзекті болып бара жатыр.

Асқазан-ішек жолдары ауруларының арасында созылмалы іш қату мен геморроймен ауыратын ересектер мен балаларды емдеу мәселесі маңызды орын алады. Дәрі-дәрмектің, іш жүргізетін заттардың көп мөлшері мәселені шешкенімен қоймай, көптеген жанама әсерлерін де тигізеді.

Клиникалық тәжірибеде көп қолданылатын және жарнамаланатын бисакодил, фенолфталеин, майсана майы, листсенналар, калиоф, регулакс секілді дәрілік препараттар аллергиялық реакция, дәрілік диарея тудыруы, анальды жаралардың, геморройдың, ішектің қатерлі ісігінің пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Магний және натрий сульфаты тәрізді препараттар гипокалемиямен сусыздандыру, мальабсорбция белгісін дамытады; вазелин майы майда еритін дәрумендердің сіңуіне кедергі келтіреді және асқорыту жолдарының түрлі бөліктерінде қатерлі ісіктердің пайда болуына ықпал етеді.

Іш жүргізетін дәрілердің әртүрлі топтарын қолдану оларға тәуелді етіп, толықтай үйреніп аласыз. Тоқ ішектің шырышасты жүйкелік өрімдеріне зақым келгендіктен, созылмалы іш қату одан да күшейе түседі, бұл жағдайда тоқ ішектің қабынуы, энтерит және т.б. пайда болады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты жағымсыз жанама әсерлері жоқ жаңа емдеу әдістерін табу қажет.

Ішек аурулары, ересектер мен балалардағы созылмалы іш қату, геморрой аурулары кезінде Ламифарэн гелін қолдану, тиімді болып табылады.

Гельді қолданар алдында науқастар эндоскопиялық тексеруден өтті, ол тоқ ішектің шырышты қабығындағы түрлі құрылымдық өзгерістерді анықтауға көмектеседі, соның ішінде қабынбалы (44%), атрофиялық өзгерістермен (4,9%), сонымен қатар тоқ ішектің шырышты қабығындағы жаралардың болуымен (3,9%) байқалған. Барлық науқастарда тоқ ішектің шырышты қабығының морфологиялық өзгерістері анықталған. Жиі кездескендері: цилиндрлік эпителий мен беріштің (75%) тегістелуі, ал науқастардың 15% -ында  шырышты қабығының атрофиясы анықталды. Науқастардың барлығында дерлік плазмациттік-гистиоциттік жасушалық реакция, эозинофилдер және нейтрофилдер кездесті. Көптеген науқастардағы несеп реакциясы қатты сілтілі (93,5%) және тек 6,5% -ы әлсіз сілтілі болып шықты. Көптеген науқастардың несептеріндегі аммиак мөлшері жоғары (94,4%), ал органикалық қышқылдардың саны 86% -ға азайды.

Бифидобактериялар (94,2%) жетіспеушілігінің аясында ішек таяқшаларының (68,5%) және лактобактериялардың (43,8%) жалпы санының төмендеуі, сондай-ақ ішек микрофлорасының міндетті бөлігінде елеулі өзгерістер (47,4%) байқалды. Шартты-патогендік микрофлора науқастардың 70,2%-ында, ал 24,7%-ында ішек дисбактериозының асқынған түрі анықталды.

Зерттеу клиникада заманауи диагностикалық әдістер: фиброгастроскопия, фиброцолоноскопия, ирригаология, несеп қышқылдығын анықтау (РН)арқылы өткізілгендіктен, несепте органикалық қышқылдар мен аммиак мөлшері (Трибулс сынамасы) байқалы.

Тоқ ішек микрофлорасын зерттеу КСРО Денсаулық сақтау Министрлігінің ұсыныстарына сәйкес жүргізілді (1991).

Ламифарэн гелінің тағамдық негізгі құрамдас бөліктерінің бірі натрий алигатының бактерияға қарсы қасиеттері зерттелді.

Негізгі топқа 63 науқас енгізілді, оларды емдеу үшін Ламифарэн гелі пайдаланылды. Бақылау тобы 60 адамнан құралды. Бұл топты емдеуде №3 диета, биологиялық өнімдер, микроклизмалар, физиошаралар, қажет болған жағдайда түйілуге қарсы және іш жүргізетін препараттар қолданылды.

Ламифарэн  гелімен емдеу кезінде аурудың келесі негізгі белгілері бойынша жақсы өзгерістер анықталды: науқатардың 98,1%-ында нәжістің қалыпқа келуі байқалды, 92,4% -ында ішекті толық босатпаған секілді сезімдер жойылды.

Эндоскопиялық және морфологиялық зерттеулер нәтижесінде тоқ ішектің шырышты қабатында жағымды өзгерістер динамикасы байқалды, науқастардың жасушалық шоғырлануын (74,8%) төмендететіні анықталды, ол қабынуды (89,4%) төмендету мен тоқ ішектің шырышты қабықшасының (100%) эрозиялық өзгерістерін жою кезінде көрінді. Ламифарэн гелінің әсерінен несептегі химиялық өзгерістер қалыпқа келді: науқастардың 98,3% РН, органикалық қышқылдар мен аммиак 98,5%, несепте тек 4,7% ғана муцин сақталған, тіндік ақуыз байқалмады.

Ламифарэн гелі, натрий алигатының бактерияға қарсы қасиеттеріне байланысты, шартты түрде патогенді микрофлораның және микроағзалардың бірігуінен туындаған ішектің дисбактериозын қалыпқа келтіреді. Стефилококк, гемолитикалық стрептококк, протей және олардың қауымдастықтарының әсіресе сезімтал екендігін атап өту маңызды.

Осылайша, Ламифарэн гелі ішек және геморройлық ауруларды емдеуде, сондай-ақ анальды жарықтарда емдеуде емдік және профилактикалық өнім ретінде пайдаланылуы мүмкін, өйткені ол нәжістегі химиялық өзгерістердің қалыпты жағдайына, ішектің биоценозын жоғарылатуына және қалыпқа келуіне оң әсер етеді.

Ламифарэн гелін емдік мақсатта тәулігіне 2-3 реттен 150-200 г мөлшерде 15күн бойы, профилактикалық мақсатта күніне тәулігіне 50-100 мг мөлшерде 1-2 ай бойы қолдану ұсынылады.

Геморроймен анальды жаралар үшін гельді жарықты аймаққа жапсырма жасау арқылы және тік ішекке енгізуге болады, мұндай рәсімдерді кешкі уақытта (түнде) жасауға және оларды шөптерден дайындалған микроклизмаларды жасау арқылы орындауға болады.

 

 

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp