B1 дәрумені

B1 дәрумені: жалпы мәліметтер

    В1 дәрумені — В дәрумендер тобына жататын зат. Бұл дәрумен суда ериді, кристалды болып келеді. Температура жоғары болған кезде бұзылады.

    Аталған зат  тиамин, аневрин, тиаминпирофосфат деген аттармен де белгілі. Өлшем бірлігі – жалпыға бірдей (МЕ). Сіздерге «Ламифарэн» тағамдық өнімінің құрамдас бөліктерінің ерекшеліктерімен және пайдалы қасиеттерімен толығырақ танысуды ұсынамыз.

    Қандай өнімдерде болады

     В1 дәрумені  Ламинария қоңыр балдырларында көп кездеседі. Соның негізінде «Ламифарэн» табиғи тағамдық өнімі жасалған. Заттың шоғырлануы қатаң салыстырылған, В1 дәруменінің басқа заттармен өзара әрекеттесу теңгерімі сақталған.

     Сонымен бірге мына өнімдерде көп мөлшерде кездеседі:

  • балқарағай жаңғағында;
  • бөріжидекте;
  • жабайы күріште;
  • күнбағыс шемішкелерінде;
  • өсірілген бидай түйіндерінде;
  • күнзеде;
  • күнжіт дәндерінде;
  • жержаңғақта;
  • пістеде;
  • бұршақтарда;
  • меңтай уылдырығында.

      Тиамин қалай әсер етеді?

     Бұл зат ағзаның барлық жүйелеріне жағымды әсер етеді:

     Бас миындағы метаболизмдік әрекеттерді қалыпқа келтіреді. Заттың кофементі сүт және пирожүзім қышқылының жойылуына қарсыласуға әсер етеді.  Оның шоғыры шамадан тыс артып кеткенде ағза күшін жояды, тез шаршайды, энергияның қатты жетіспеушілігін сезеді. В1 дәрумені көмірсулы метаболизм өнімдерінің жағымсыз әсерін тиімді жойып отырады, оны ми жасушаларының қоректенуіне жауап беретін глюкозаға айналдырып отырады. Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, тиаминнің «сергектік дәруменінің» рөлін атқаратынын айтуға болады, себебі ол көңіл-күйді көтереді, күшіңізді тасытады, күйзеліс жағдайынан жылдам шығарып, тәбетті де ашады.

   Сонымен қатар тиамин несеп тас ауруларының және өт қабы патологияларының дамуының алдын алу үшін жауап беретін қанықпаған май қышқылдарымен өзара әрекетке түседі. В1 дәруменсіздігі кезінде амин қышқылының алмасуында айтарлықтай ауыр ауытқулар орын алады.

    Тері қабынуларынан арылуға көмектеседі, шырышты қабаттардың жағдайына жақсы әсер береді. Заттың бірегей ерекшелігінің арқасында, тиамин нейродерматитпен, белдемелік теміреткімен, күйген жарақаттармен, қышымамен күресте қолданылады, интеллектуалды қызметке жағымды әсер береді.

   Тиамин — қантүзілім әрекетінің маңызды бөлігі. Сонымен бірге ол тері қабаттарының тұрақты өсуі үшін де қажет.

Жасушалық бөліну әрекеті кезінде В1 дәрумені генетикалық материалдың реттегіші (оны көшіреді) болып табылады. 

 Тиамин әрекеті ағзаның қорғаныс қызметтеріне, ойлау әрекеттерінің,  асқорыту жүйесі органдарының жақсаруына  бағытталған.

Тиамин жүрек-қантамыр жүйесіне, бауыр жұмысына, асқазанның қозғалыс қасиеттеріне, қалқанша безінің қызметіне жақсы әсер етеді. 

  Ауыруды басатын зат болып табылады.

 Темекі шегу мен спирттік сусындардың жағымсыз әсерлерін тиімді жояды. Осы себептен де, В1 дәрумені алькогольдік мастық салдарын жою үшін пайдаланылады.

 Ағзаның уақытынан бұрын қартаюына кедергі болады.  

  Жүйке-бұлшықет аппараттырының жағдайының жақсаруына әсер етеді, жүйке жүйесінің саулығын нығайтады. Өзінің әрекетінің арқасында тиамин холиннің (дәрумен тәрізді қосылыс) уақытынан бұрын ыдырауының алдын алады. Соңғысы «жаман» холестериннің деңгейінің төмендеуіне, ертерек қартайту жасушаларының қоректенуі мен қорғанысы үшін жауап береді.

Амин қышқылдарының әрекетін бақылайды, сонымен бірге серотонин (тұрақты эмоционалдық жағдайға жауап беретін гормон) реттегіші болып табылады.

      Тиаминнің тәуліктік мөлшері

     Төмендегідей стандартты мөлшерлер белгілі:

  • ересек ер адамдарға 1.3 — 2 мг;
  • егде жастағы адамдарға — 1.3-1.4 мг;
  • 19 жастан асқан әйелдерге — 1.2 — 1.6 мг (жүктілік кезінде бұл мөлшер 0.5 мг, емшекпен емізу кезінде — 0.7 мг жоғарылайды);
  • жас ерекшелігіне қарай баларға — 0.2-1.6 мг (6 айға дейін тәулігіне — 0.3 мг; 6 айдан 1 жасқа дейін — 0.4 мг; 1-3 жас — 0.6 мг; 4-8 жас — 0.7 мг; 9-13 жас — 1 мг; 14-18 жас — 1.1.мг).

     Жүкті әйелдерге шарананың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін тиаминнің тәуліктік мөлшерін 2,5 мг дейін көтеру керек. Заттың жетіспеушілігі кезінде жүкті әйелдің ағзасы аса қатерлі қауіпке тап болады, соның ішінде болашақ нәрестенің жүйке жүйесінің патологияларының туындауы мен органдарының дұрыс қалыптаспауы қатері болады. 

     Жүкті әйелдер В1 дәруменсіздігін әсіресе, жүктіліктің соңғы 3 айында сезеді. Ол бөкседе, белде қатты ауыру сезімдерінің болуымен білінеді, бұл жүйке өрімін жатырдың қысуына байланысты орын алады. Осыған байланысты аяғы ауыр әйелдің тиамин жетіспеушілігінің орын толтыратын өнімдерді қабылдауын бақылау керек. Осы мақсатта тамақтану үлесін сәйкес өнімдермен байыту қажет.

     Жүкті әйелдің денсаулығына зиян тигізбей, В1 дәруменсіздігімен күресудің тиімді жолы – «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау. Гельдің  құрамында шарананың дұрыс дамуы мен жүкті әйелдің ағзасын жақсы ұстап тұру үшін қажетті биоқолжетімді дәрумендер мен минералдардың толық кешені бар.

     Қай кезде тиаминнің тәуліктік мөлшерін көбейту қажет?

     Жүктілік және емшекпен емізу кездерінен де басқа, В1 дәруменінің тәуліктік мөлшерін көбейтуді қажет ететін көптеген жағдайлар жетерлік. Оларға төмендегілер жатады:

  • үнемі тетраэтилдік қорғасынды және басқа да ауыр металдармен, улы заттармен байланысты жұмыс кезінде;
  • темекі шегу, алкоголь қабылдау кезінде;
  • антибиотиктер қабылдаған кезде;
  • жоғарғы физикалық салмақ түскенде;
  • күйік жарақаттарын алғанда;
  • күйзеліс жағдайларына түскенде;
  • қант диабетінде;
  • гормоналды контрацептивтер қабылдағанда;
  • құрамында кофеині бар сусындар мөлшерін күніне 2 немесе одан көп ішкен кезде;
  • жасөспірімдік шақта;
  • асқорыту жүйелері органдарының патологиялары болғанда;
  • жалпы күштің азаюы кезінде;
  • тамақтанудағы көмірсу шоғыры жоғары болғанда;
  • жасыңыз 55-те не одан жоғары болғанда;
  • қатаң климаттық жағдайларда.

      Тиамин жетіспеушілігінің белгілері

     В1 дәруменсіздігі төмендегідей білінеді:

  • аяқтар ұйып қалады;
  • бас миының қызметі бұзылады;
  • аушушаңдық байқалады, үнемі мазасыздық орын алады;
  • суық, қалтырау сезіледі;
  • үнемі жылағыңыз келіп тұрады;
  • жады нашарлайды;
  • теріңіз зуылдайды;
  • жабырқаулық сезіледі;
  • бұлшықет тонусы төмендейді;
  • үйлесімділік нашарлайды;
  • дәретке баруда мәселелер туындайды;
  • бауыр өсіп кетеді;
  • тамақ ішкіңіз келмейді;
  • аздаған салмақ түссе де демікпе байқала бастайды;
  • тахикардия дамиды;
  • жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғарылайды.

      В1дәруменін кімдердің қабылдағаны дұрыс?

     Төменде көрсетілген сырқат түрлері мен жағдайларда тиамин қабылдауға кеңес беріледі:

  • эндокринді жүйе жұмысында ауытқулар орын алғанда;
  • бауыр ауруларында;
  • асқорыту органдарының патологиясында;
  • инфекциялық емес сипаттағы тері ауруларында (теңге қотыр, қышыма, нейродермит);
  • жүйке жүйесі қызметінің тұрақсыздығында;
  • жүрек-қантамыр ауруларында;
  • бүйрек істен шыққанда.

      Тиамин және оның басқа элементтермен байланысы

Ең алдымен,  В1 белсенді түрін тудыратын тиамин мен магнийдің өзара әрекетін атап өту керек. Соңғысы жетіспеген жағдайда, ағза ағымдағы химиялық әрекеттерді жүзеге асыру үшін дәруменнің қорын алуы мүмкін. Осыған байланысты тиаминді қабылдау кезінде тамақ теңгерімін үнемі магнийге бай өнімдермен толықтырып отыру керек.

 В1 дәрумені В5 дәруменінің жетіспеушілік белгілерінің бәсеңдеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін, соның ішінде еркектік қауқардың бәсеңдеуі, такихардия, бастың айналуы, тез шаршау, аяқтардың ұйып қалуы сияқты белгілерге кері әсер етеді.

  В1, В2 және аскорбин қышқылын бірге қабылдаған кезде, қоректік заттардың тиімді әсер етуі айтарлықтай жоғарылайды. Ағзада В1 дәруменінің мөлшері жеткілікті болғанда,  циклофосфанның жағымсыз әрекеті төмендейді.

 Аскорбин қышқылы жоюшы қышқылды әрекеттерінен тиаминді қорғайды.

     Жаңа деректер

     Клиникалық зерттеулердің көрсетуі бойынша В1 дәруменсіздігінің ұзақ уақыт бойы жалғасуы (12 айдан аса) АМК метаболизмінің ақауына әкелуі, жасушалық энергетикалық ресурстың пайда болу қарқынын төмендетуі мүмкін. Бұл глюкозамен бірге келетін тамақ АТФ молекулаларына айнала алмайды деген сөз. Нәтижесінде қанда көмірсулық өнімдерден өңделген улы заттардың жиналуы орын алады. Мұндай жағдай ауыр неврологиялық патологиялардың дамуына дейін жеткізуі мүмкін.

      Мұндай ауытқушылықтар орын алмас үшін, В1 дәруменін қосымша қабылдау қажет болады. «Ламифарэн» тағамдық өнімі – табиғи құрамын, жанама әсерлерінің жоқтығын және пайдалы әсерінің көптігін есепке ала отырып, осы жағдайға сәйкес келетін бірден бір зат.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp