Жақсы көру қабілетін сақтауға арналған дәрумендер: нені білу керек?

Қазіргі әлемде жақсы көру сирек кездеседі. Технологиялық прогрестің дамуымен біздің өмірімізге смартфондар мен компьютерлер келді, соның салдарынан көру қабілетіміз нашарлап, дәрігерлерге жиі жүгінетін болдық. Елдің әрбір бесінші тұрғыны зардап шегетін аурулардың бір бөлігі – астигматизм, миопия және гиперопия. Нашарлауын жою үшін  дұрыс ұйымдастырылған жеке күн тәртібі мен мәзір жеткіліксіз, сонымен бірге көзге арналған витаминдер ішу керек.

Көру қабілеті проблемаларының сипаттамасы және себептері

Көру мүмкіндігі табиғатпен берілген ерекше сый болып табылады. Алайда, әрқайсымыз керемет көру қабілетімен мақтана алмаймыз. Көру өткірлігінің нашарлауы, төмендегі аурулардың симптомы болып табылады:

  • Көз аурулары, оның құрамдастары, қабық, линза, әйнек немесе тор қабығы.
  • Жүрек-тамыр жүйесінің проблемалары (гипертония, ми тамырларының атеросклерозы).
  • Дәнекер тінінің аурулары (ревматоидты артрит, лупус). Олар көздің құрылымына тікелей теріс әсер етеді.
  • ОЖЖ қабынуы.
  • Эндокриндік жүйенің аурулары (қант диабеті, қалқанша безінің проблемалары). Олар көздің торы мен тамырына теріс әсер етеді.
  • Ми және оптикалық жүйке аурулары.

Көру қабілетінің проблемаларының ушығуына жол бермеу үшін, оларды уақытылы диагностикалау және емдеуді бастау керек.

Көру қабілетін жақсарту үшін пайдалы өнімдер

Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру көру қабілетінің проблемаларын шешуге, сондай-ақ витамин тапшылығынан құтылу үшін маңызды. Көзге пайдалы өнімдерді қолдану арқылы көру қабілетін жақсарту мүмкіндігіне ие боламыз. Осы мақсатта сіздің күнделікті мәзіріңізде келесі өнім топтары кіруі керек:

  • Сәбіз. Ол құрамындағы А дәруменінің мөлшері бойынша жеңімпаз. Каротиннің сіңімділігін жақсарту үшін сәбізді пайдалы майлармен (кілегей, қаймақ және т.б.) тұтыну керек.
  • Шпинат пен брокколи-лютеиннің қоймасы. Көру өткірлігін жақсартуға ықпал етеді, көздің тез қартаюына жол бермейді. Сондай-ақ, брокколи катарактамен күреседі.
  • Көкжидек. Оның құрамында қан тамырларын нығайтуға, көзді шамадан тыс шаршаудан құтқаруға мүмкіндік беретін антацидтер бар.
  • Цитрус жемістері. Олардың құрамына көп мөлшерде С дәрумені кіреді, соның арқасында көздер жасқа байланысты өзгерістерден қорғалған.
  • Жаңғақтар, олар В2 дәруменіне бай.

Алайда, тек қана тамақтануды өзгертумен шектелуге болмайды. Сонымен бірге, көзге арналған жаттығулар жасап, компьютер мен телефондағы жұмысты азайту керек.

Көру қабілетін жақсартуға арналған дәрумендер

Адамның денсаулығы оның ағзасындағы дәрумендер мен микро-макроэлементтердің жеткілікті болуымен тікелей байланысты. Осылайша, көру қабілетіне оң әсер ететін дәрумендер мен минералдар бар. Тамақтануда теңгерімсіздік жағдайы болса, ағзаға қоректік заттар жетіспейді, сондықтан көптеген адамдар әртүрлі проблемаларға тап болады (мысалы, катаракта, астигматизм және т.б.).

Көруге арналған дәрумендер көздің пішіні мен көздің сыну ортасының бұзылуымен байланысты мәселелерді (мысалы, миопия, гиперопия) шешпейтінін есте сақтаған жөн. Витаминдер қабылдау мен дұрыс тамақтану арқылы сіз көру қабілетіңізді нашарлатпай қалыпты жағдайды сақтайсыз.

Көру қабілетімен проблемалар туындаған жағдайда көмектесетін дәрумендердің арасында, аталғандар:

  • А дәрумені (ретинол). Көздің қабығын нығайтуға көмектеседі, көру қабілетіне пайдалы әсер етеді. А дәрумені жетіспеген жағдайда адам ымырт кезінде заттарды көре алмауы мүмкін, сонымен қатар түстерді дұрыс қабылдауы нашарлайды.
  • В1 дәрумені (тиамин). Оның көмегімен көру жүйесі мен ми арасында жүйке импульстарының үздіксіз берілуі жүреді. Сонымен қатар, көзішілік қысымның қалыпқа келуіне әсер етеді.
  • В2 дәрумені (рибофлавин). Ол көз тамырларындағы қан айналымды жақсартады, қараңғыда жақсы көруге мүмкіндік береді.
  • В6 дәрумені (цианокобаламин). Ол көз алмасындағы қан айналымын қалыпқа келтіреді.
  • С дәрумені (аскорбин қышқылы). Оның көмегімен ультракүлгін сәулеленуден қосымша қорғаныс қамтамасыз етіледі, бұл көздердегі тотығу стрессін  азайтады.
  • Е дәрумені (токоферол). Ол да тотығу стрессінің төмендеуіне әсер етеді, капиллярлардың серпімділігін арттыруға және олардың өткізгіштігін жақсартуға көмектеседі.

Көру өткірлігіне витаминдерден басқа, пайдалы әсер етеді:

  • Лютеин. Көз торындағы жас патологиясымен күресуге бағытталған, көз торының бұлдырлануына жол бермейді.
  • Бета-каротин. Антиоксидантты әсерге ие.
  • Мырыш А дәруменін жақсы сіңіруге мүмкіндік береді.
  • Селен көз торшасының жасқа байланысты деградациясына жол бермейді.

Витаминдер мен минералдардардың тобын қажетті көлемде алу үшін дәрігерлер арнайы кешендерді қабылдауды ұсынады. Осы дәрумендердің, микро және макроэлементтердің барлығын қамтитын өнімдердің бірі – «LamiFaren» болып табылады. Сонымен қатар, оның құрамына мыналар кіреді:

  • Қоңыр балдырлар ангустат ламинариясы, онда көруді жақсарту үшін мырыштың қажетті концентрациясы бар.
  • Қаныққан май қышқылдары.
  • Полисахаридтер;
  • Табиғи биоактивті қосылыстар.

«Ламифарэн» өзінің бай құрамының арқасында ағзаның жалпы жағдайына пайдалы әсер етеді, ДК немесе смартфонда жұмыс істеуден шаршауды азайтады, капиллярлардың жұмысын жақсартады.

Алдын-алу әдістері

Көптеген офтальмологтар көз аурулары ағзаның жалпы жағдайының көрінісі деп санайды. Сондықтан алдын-алу шараларын жүргізу үшін, дәрігерлердің келесі кеңестерін басшылыққа алу керек:

  • Дұрыс тамақтану режимін сақтаңыз. Дұрыс тамақтану әдеттерін ұстану керек. Осылайша, сіздің тағамдарыңызда дәнді дақылдар, көкөністер мен жемістер басым болуы керек. Мінжетті түрде қант қабылдауды азайту қажет.
  • Күнделікті түрде көзге арналған гимнастикамен айналысыңыз. Көз бұлшықеттерінің жағдайын жақсарту үшін күніне 10-15 минут жеткілікті.
  • Жақсы демалу қажет. Ұйықтау ұзақтығы кемінде 8 сағатты құрау керек.
  • Ішкі үйлесімділікті сақтауды үйреніңіз. Осыған байланысты жан-жақты жиі бақылап, жанжалдарға араласпаңыз.
  • Дәрігердің тексерісінен уақтылы өтіңіз. Әлемдік статистикаға сәйкес, егер адам офтальмологқа уақытында жүгінсе нашар көру проблемасымен байланысты жағдайлардың 75% – ын жоюға мүмкін болар еді.

Жоғарыда көрсетілген ережелерге сүйене отырып, өзіңіздің көру қабілетіңізді толыққанды сақтап қалуға болады.

 

Көз ауруының проблемасы дер кезінде анықталса, оның дамуына жол бермеуге болады. Сондықтан, офтальмологтан уақытылы кеңес алу ұсынылады (жылына кемінде 1 рет), сонымен қатар тамақтануға витаминдік кешендерді қабылдауды қосып, дұрыс ұйымдастыру ұсынылады.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp