Жүрекке пайдалы ең жақсы 6 өнім: толық тізімі

Жүрек және қан тамырларының аурулары өлім себептерінің тізімінде көшбасшы болып табылады. ДДҰ деректері бойынша жыл сайын кардиологиялық патологиядан 17,5 млн.адам қайтыс болады. Алайда бұл жағдайлардың жалпы санының 80% – ын дәрі-дәрмекпен емдеуге жүгінбей-ақ алдын алуға болады. Басты көмекшілерге салауатты өмір салтын сақтау, оның ішінде қалыпты физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, жақсы демалу және басқа компоненттер жатады. Бүгінгі әңгіме тамақтануға арналған: жүрекке қандай өнімдер пайдалы және қайсысын мәзірінізден алып тастау керек екенін біліңіз.

Жалпы жүрек аурулары мен тамақтанудың арасында байланыс бар ма?

Жүрек және қан тамырлары ауруларының арасындағы ең көп таралған түрлері:

  • ишемиялық ауру;
  • артериалды гипертензия (гипертония);
  • аритмияның әртүрлі түрлері;
  • жүрек ақаулар;
  • қабыну аурулары – эндокардит, перикардит, миокардит;
  • басқа патологиялар.

Тізімді әрі қарай жалғастыруға және нақтылауға болады, бірақ нақты кардиологиялық жіктеуге кіріспей, тек жүрек пен тамыр ауруларының алдын-алу үшін қандай тағамдар пайдалы екенін айтамыз.

Қазіргі заманғы адамның тамақтануы әртүрлі және ол кәсіби диетологтардың көмегімен құрылмайды. Біз азық-түлікті өз қалауымызды басшылыққа ала отырып, сатып аламыз. Сүйікті тағамдарымыздан қан тамырлары мен жүрек зардап шегеді, витамин тапшылығы дамиды, иммунитет төмендейді деп ойланбаймыз.

Дұрыс өнімдерді таңдаймыз

Жүрек бұлшықеті мен тамырлары үшін пайдалы минералдар (калий, магний, фосфор), Омега – 3, 6 май қышқылдары, A, B, C,D,E витаминдері, микро-макро элементтері бар өнімдер. Күнделікті мәзірде болуы тиіс тамақ өнімдерінің өзіндік рейтингін жасауға тырысайық.

  1. Теңіз балығы. Пайдалысы ақсерке, арқанбалық (лосось), тунец. Дәл осы сорттарда «жаман» холестериннің пайда болуына жол бермейтін Омега – 3, 6 май қышқылдары көп. Өнімнің құрамында жүрек ауруы мен онкологияны тудыратын бос радикалдардың белсенді жұмысына кедергі келтіретін антиоксиданттар бар.
  • Қызықты! Қымбат ақсерке мен лососьті жаңа мұздатылған скумбрия немесе майлы майшабақпен алмастыруға болады. Күнделікті тамақтануға 100 грамм қайнатылған, буда піскен немесе пеште пісірілген скумбрия холестериннің өсуінен қорғайды.
  1. Сұлы және қарақұмық жармасы. Қарақұмық жарманың патшайымы деп аталатыны бекер емес, оның құрамында құнды микро және макроэлементтер, көптеген дәрумендер бар. Қарақұмық қандағы гемоглобин деңгейін жоғарылатады, тамыр қабырғаларын нығайтады, глюкоза деңгейін төмендетеді. Сұлы жармасында калий көп, ол миокард пен қан тамырларын нәрлендіретін және нығайтатын маңызды минерал. Тұтас сұлы жармасы дайын қабыршақ жармаларға қарағанда пайдалы, сондықтан оны басқа жармалармен қатар мәзірге қосыңыз.
  2. Құрма, мейіз, кептірілген өрік, жаңғақтар, зығыр тұқымдары. Шын мәнінде, біз пайдалы тағамдар мен қоспалардың барлық нұсқаларын ұсындық. Жүрек пен қан тамырлары үшін дәмді қоспалардың құрамында талшықтың, калийдің, пайдалы май қышқылдарының тамаша үйлесімі бар. Сондай-ақ, кептірілген жемістер тәттілерді жақсы алмастырады, шаймен тамаша үйлеседі.
  • Қызықты! Біздің ендіктегі калийдің ең қол жетімді көзі – долана. Оны пісетін кезеңде жинап, құрғатыңыз және шайға қосыңыз – осылайша сіз пайдалы калий аласыз.
  1. Зәйтүн және басқа да өсімдік майлары. Зәйтүн майы құрамындағы антиоксиданттар, флавоноидтар мен қоректік заттардың мөлшері бойынша топ жарады. Бірақ тазартылмаған күнбағыс назардан тыс қалмауы керек, бұл құрамы жағынан құнды өнім.
  • Маңызды! Өсімдік майын қараңғы жерде сақтаңыз, жарықта ол пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Майға арналған шашыратқыш сатып алыңыз – бұл тағамдардың калориялығын азайтуға мүмкіндік береді және майдың тотығуына жол бермейді.
  1. Бұршақ, жасымық, маш. Артық салмағы бар адамдар үшін бұршақ тұқымдастылар таптырмас өнім. Бұршақ тұқымдастардағы ақуыздың, талшықтың көп мөлшері жүрекке аса пайдалы емес майлы және қызыл етті тамақтан толығымен алмастыруға мүмкіндік береді.
  2. Көкөністер мен жапырақты көк шөптер. Көкөніс тағамдары талшық, дәрумендер мен минералдарға бай. Күніне 2 көкөніс тағамдары жүрек патологиясының қаупін 25% төмендетеді. Ал жасыл дақылдарда ең көп калий мөлшері бар.
  • Қызықты! Мұздатылған ақжелкенде балғын түріндегіге қарағанда калий екі есе көп. Сондықтан көк шөптерді алдын ала мұздатып, жинау қиын емес.

Біз күнделікті қолдануға болатын негізгі және қол жетімді өнімдердің тізімін жасадық. Енді жалпы алдын-алу шаралары туралы сөйлесейік.

Жүрек және қан тамырлары ауруларын дәрісіз алдын-алу

Сіздің денсаулығыңыз айтарлықтай мықты болса да, жылдар өте келе ағза әлсірейді. Жүрек-тамыр патологиясын болдырмау үшін стресстен аулақ болыңыз. Ұстамды болуды үйреніңіз, ұсақ-түйектерге ашуланбаңыз, дұрыс әзіл сезімін ұмытпай, сынды дұрыс қабылдаңыз.

Толыққанды демалыңыз. Жеткілікті толық түнгі ұйқы – сәттіліктің жартысы. Егер сіз түнде ұйықтамасаңыз, күндізгі ұйқы оны өтей алмайды. Демалыс күндері үйде компьютер немесе теледидар алдында отырмауға тырысыңыз, оның орнына сол уақытта серуендеңіз, бассейнге, мұз айдынына, спортзалға, көрмелерге, театрларға барыңыз. Спорт туралы айтсақ, бүгінде сәнді «жаттықтырғыштар» шынымен істеуді қажет ететін зат емес. Тұрақты таңертеңгілік 10 минут бойы жасалатын жаттығулар әлдеқайда маңызды және пайдалы.

Өзіңіздің көмекшіңіз ретінде табиғи емдік-профилактикалық қоспаларды алыңыз. Қарсы көрсетілімдері жоқ, қоңыр балдырлардан жасалған «Ламифарэн» өнімі өте жақсы. «Ламифарэн» ұзақ өмір сүруге арналған өнім деп бекер айтылмаған. Оның құрамындағы бай дәрумендер мен минералдар толығымен табиғи, сондықтан ағзаға жақсы сіңеді. Ол ағзадағы гормондардың үйлестірушісі, метаболизм процестерін жеделдетеді, глюкоза мен холестерин деңгейін қалыпқа келтіреді, ас қорыту және жүйке жүйесінің қызметін белсендіреді.

«Ламифарэн» иммундық жүйені ынталандырады, ағзадан токсиндер мен шлактарды шығарады, антитромботикалық қасиеттерге ие, бұлшықеттерді, соның ішінде миокардты нығайтады. Жүрек ауруларының алдын алу үшін өнім өте қажет, сонымен қатар инфекциялардан, операциядан, химиотерапиядан және сәулеленуден кейін тез қалыпқа келуге көмектеседі. Қоспаның құрамы мен қасиеттері туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Тамақтануда бірнеше ережелерді сақтаңыз:

  • жиі және аздап тамақтаныңыз. Әртүрлі диеталарды ұстанбаңыз;
  • қызыл ет пен майлы тағамдарды аптасына 2 реттен көп емес ішіңіз, балық, көкөніс, сүт тағамдарына артықшылық беріңіз;
  • кешкі асты түнгі ұйқыға 2 сағат бұрын ішіңіз.

Қысқартуды қажет ететін өнімдер

Жүрек және қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектесетін кеңестер:

  1. Тамақтануда тұзды азайтыңыз. Ол ұлпалардағы суды сақтай алады, бұл гипертонияны тудырады.
  2. Жылдам көмірсулар (сүйікті тәттілер, кондитерлік өнімдер, тәтті газдалған сусындар, тоқаштар, картон қораптардағы шырындар) – қант диабеті мен семіздікті тудырушылар. Жиі тұтыну проблемаларға әкеледі.
  3. Ысталған ет, маринадтар, консерванттар тек асқазан жарасын ғана емес, семіздікті де тудыруы мүмкін, бұл жағдайда жүрек те сау болып қалмайды.
  4. Гастрономиялық ләззатты банкеттер мен мерекелерге қалдыру жеткілікті.
  5. Қуыруды пешпен пісіруге, бұқтыруға және суда пісіруге ауыстырыңыз.
  6. Майонездің орнына қаймақ, табиғи йогурт қолданыңыз. Мұндай тұздығы бар салаттар әлдеқайда пайдалы.
  7. Алкогольді ішімдіктерді өте сирек және ақылға қонымды шектерде ішіңіз. Норманы анықтау үшін американдық «дринк» жүйесін қолданыңыз.

Біздің ұсыныстарды орындау өте оңай. Тек оларды кейінге қалдыруға болмайды, салауатты өмірді «дүйсенбіден» бастамаңыз. Тура қазір бастап, кешкі асқа көкөніс бұқтырмасын немесе сүзбе дайындаңыз, кептірілген жемістерден компот пісіріңіз. Үйдегі қуаратын табаны антресольге жіберіңіз, «Ламифарэнге» тапсырыс беріңіз және сау болыңыз! Өзіңізді күтіңіз.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp