Созылмалы шаршау синдромы: емдеу және алдын алу

Шаршау және энергияның жетіспеушілігі көптеген адамдар үшін үлкен проблема болып табылады, бірақ бұл мәселені шешу үшін оның себептері белгілі болу керек. Егер сіз үнемі шаршау сезінсеңіз, бірінші кезекте медициналық тексеріс өту керек. Дәрігер анамнезді мұқият зерттеп, физикалық қарау мен қажетті тексерулерді өткізіп, шаршаудың себебін анықтай алады. Әсіресе, бұл күзгі-қысқы маусымда жиі кездеседі.

Созылмалы шаршау синдромы

Созылмалы шаршау синдромы (СШС) – ауыр созылмалы ауру. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, 6 айдан астам уақытқа созылатын күштің жетіспеушілігі, әлсіздік, энергияның жетіспеушілігі, күшті және азаймайтын шаршау сезімі – иммундық дисфункция синдромының ерекшеліктері болып табылады. Науқастар әдетте тұрақты физикалық және психикалық сарқылудан, танымдық бұзылулардан, тұмау белгілерінен, вегетативті дисфункциядан және созылмалы ауырсынудан зардап шегеді.

Созылмалы шаршау синдромының нақты себебі әлі белгісіз. Бірақ, артып келе жатқан дәлелдер бойынша, инфекциядан туындаған иммундық дисфункция секілді биологиялық процес аурудың пайда болуында маңызды рөл атқарады.

Сондықтан, СШС көбінесе иммундық дисфункцияның синдромы деп атайды. Созылмалы шаршау синдромы бар пациенттердің 50% – дан 70% – на дейін өздерінің симптомдарының көріністері вирустық аурудан немесе инфекциядан кейін басталғанын айтады.

Сонымен қатар, пациенттердің көпшілігінде иммундық немесе аутоиммундық аурулар бар, мысалы фибромиалгия немесе Хашимото ауруы секілді. Бұл адамдарда аутоиммунды аурулардың отбасылық тарихы жиі кездеседі. Осылайша, ағзаның иммундық жүйесі СШС пайда болуында маңызды рөл атқарады.

Иммундық жүйенің шамадан тыс жүктелуі

Сонымен, иммундық жүйенің бұзылуына және СШС белгілеріне не себеп болуы мүмкін? Бірнеше теория бар. Алайда, соңғы ғылыми мәліметтер инфекциялардың шешуші рөл атқаратынын көрсетеді. Кейбір адамдардың иммундық жүйесінің аурудан кейін тынышталу қабілетіне инфекциялар нұқсан келтіреді. Тынышталудың орнына иммундық реакция жоғары берілісте тұрып қалған машина сияқты болады. Витамин тапшылығы да маңызды рөл атқарады.

Бұл тұрақты «қозғалтқыштың айналуы» орталық және перифериялық жүйке жүйесінде қабынуды тудыруы мүмкін. Содан соң иммунитеттегі зардаптар созылмалы шаршау синдромының белгілерін тудырады, бұл кейде ауыр мүгедектікке де әкелуі мүмкін.

Шын мәнінде, СШС науқастарының 25% – дан астамының ауруы соншалықты қиын, олар тіпті тек үйде отыруға мәжбүр болады немесе толығымен төсекте жатады. Әйелдер ерлерге қарағанда екі есе көп зардап шегеді. Ауру кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, алайда ауру деңгейі 10-19 жастан 30-39 жасқа дейінгі аралықта өте жоғары.

СШС белгілері өзгеруі мүмкін, қарқындылығы әртүрлі және кенеттен немесе біртіндеп пайда болуы мүмкін. Көптеген пациенттер баяу ойлауға, өнімділіктің төмендеуіне, бақылап таңудың қиындықтарына, ұйқысыздық пен ұмытшақтыққа, сондай-ақ мотивацияның болмауына шағымданады.

Созылмалы шаршау синдромын анықтай алатын бірыңғай зертханалық тест болмаса да, мамандар созылмалы шаршау синдромымен байланысты белгілердің инфекциядан туындаған негізгі аутоиммундық процестің салдары болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтайды.

Аутоиммунды созылмалы шаршау

Зерттеушілердің мәліметі бойынша, кейбір адамдарда жедел инфекциялар созылмалы шаршау синдромының белгілеріне әкелетін аутоиммундық реакцияны тудыруы мүмкін деп санайды. Жалпы инфекциялар, соның ішінде Эпштейн-Барр вирусы, герпес вирусы және парвовирус B19, сондай-ақ жасушаішілік бактериялар ауруды тудыратыны белгілі.

Сонымен қатар, Коксаки, цитомегаловирус (ЦМВ), С гепатиті, Chlamydia pneumoniae және Coxiella burnetii сияқты энтеровирустар да созылмалы шаршау синдромымен байланысты. Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, сондай-ақ желшешек және белдемелік теміреткі вирустарының да байланысы бар. Басқа зерттеулер де инфекциядан туындаған аутоиммундылық СШС ауруының механизмі болуы мүмкін екенін көрсетті.

Инфекциялар аутоиммундық шабуылды тудырады

Инфекцияға жауап ретінде дененің иммундық жүйесі антиденелер шығарады. Әдетте антиденелер кез-келген зиянды сыртқы заттарға (мысалы, микробтар, бактериялар) шабуыл жасайды және өлтіреді. Бірақ кейбір науқастарда бұл «аутоантиденелер» мидағы сау жасушаларға (немесе нейрондарға) қате шабуыл жасайды.

Кейбір науқастарда инфекциялар иммундық жүйенің шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін, бұл созылмалы шаршау синдромының белгілерін тудырады. Бұл аутоиммундық шабуыл мидың қабынуын және бірқатар белгілерді, соның ішінде қатты шаршауды және СШС-нің басқа көріністерін тудырады.

Созылмалы шаршау синдромында қабыну маңызды рөл атқаратыны белгілі. ПЭТ-сканерлеуді қолдана отырып жүргізілген зерттеу созылмалы шаршау синдромы бар науқастарда мидың белгілі бір аймақтарында (мысалы, таламус және бадам тәрізді денеде) қабыну байқалады, бұл танымдық бұзылулар мен қатты шаршауды тудыруы мүмкін.

Аурудың қоздырғыштары мен механизмдері әр түрлі болса да, зерттеушілердің мәліметтері бойынша созылмалы шаршау синдромы бірқатар биологиялық ауытқулармен, ең алдымен нейроэндокринді, вегетативті, неврологиялық, биоэнергетикалық, тотығу және иммунологиялық аймақтармен байланысты екендігі туралы нақты дәлелдер бар екендігін айтады.

Қауіптілігі неде

Созылмалы шаршау синдромының туғызуы мүмкін асқынуларға мыналар жатады:

  1. Еркін өмір салтының шектелуі.
  2. Еңбек қызметімен айналысу мүмкін емес.
  3. Әлеуметтік оқшаулану.
  4. Депрессия.

Ауыр жағдайларда СШС мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Энергияны қалай толтыруға болады

Қазіргі уақытта СШС арналған арнайы дәрі жоқ. Әр адамның әртүрлі белгілері бар, сондықтан ауруды жеңу және симптомдарды жеңілдету үшін әртүрлі емдеу қажет болуы мүмкін.

Шаршауды тиімді емдеу үшін дәрігер негізгі себепті тауып, диагноз қоюы керек. Дұрыс емдеуді таңдау шаршауды азайтуға көмектеседі.

Дәрігерлер күніне кемінде 8 сағат ұйықтауға кеңес береді. Жақсы ұйқы – шаршаумен күресудің маңызды бөлігі.

Ұйқы гигиенасын сақтау үшін:

  1. Ұйықтауға жату мен тұруды күн сайын, тіпті демалыс күндері бір уақытта орындауға тырысыңыз.
  2. Жатын бөлмеде ыңғайлы температураны орнатыңыз.
  3. Бөлме қараңғы және тыныш екеніне көз жеткізіңіз.
  4. Ұйқыдан бір сағат бұрын экранға қараудан аулақ болыңыз, өйткені теледидар, компьютер немесе телефон экранының жарығы мен дыбыстары мидың белсенділігін арттырады және ұйқының сапасына әсер етеді.

Ұйықтар алды тамақ жемеңіз. Ұйқыға жақындаған сайын физикалық және ақыл-ой жағынан баяулауға тырысыңыз. Жылы ванна қабылдау немесе тыныштандыратын музыканы тыңдау ұйқы кезінде стресстен және мазасыз ойлардан арылуға көмектеседі. Белгілі заңдылықтарды анықтау  үшін ұйқы күнделігін жүргізу де көмектесе алады.

Диета адамның шаршауына немесе көңілділігіне әсер етеді. Қалыпты және теңгерімді  тамақтануды сақтау денсаулық пен ұйқыны жақсартады. Мәзірде тек табиғи өнімдер болуы керек.

Бірнеше кеңестер:

  1. Бір күн ішінде жиі және аз ғана бөліктермен тамақтаныңыз.
  2. Қант мөлшері аз тағамдар ішіңіз.
  3. Қажетсіз тағамдардан аулақ болыңыз және теңгерімді, дұрыс диетаны сақтаңыз.
  4. Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді көп жеңіз.
  5. Күндіз және кешке кофеин ішуден аулақ болыңыз.

Тұрақты физикалық белсенділік шаршауды азайтуға және ұйқыны жақсартуға көмектеседі. Біраз уақыт физикалық белсенді болмаған адамдар жаттығуларды біртіндеп енгізуі керек. Адамдар күннің ең өнімді уақытында спортпен шұғылданып, мезгілімен демалуы керек.

Бір зерттеуде склерозы бар адамдар 2 айлық ақыл-ой медитациясын аяқтағаннан кейін, өздеріндегі шаршау, мазасыздық және депрессия деңгейі төмендеп, өмір сапасы жақсарғанын хабарлады.

Денедегі дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі созылмалы шаршау мен күш жоғалтуға әкеледі.

Созылмалы шаршаудың алдын алу

Кейбір сарапшылар созылмалы шаршау синдромының себебі белгісіз болғандықтан, оны болдырмау мүмкін емес деп санайды. Дегенмен, патологияның пайда болуының алдын алу жолдары бар. Оларға жатады:

  1. Ұйықтау және ояну режимін сақтау.
  2. Дұрыс тамақтану.
  3. Қалыпты физикалық белсенділік.
  4. Иммундық жүйені қалыпқа келтіру.
  5. Витаминді-минералды кешендерді қабылдау.
  6. Салауатты өмір салтын ұстану.

«Ламифарэн» витаминді-минералды кешені өзін жақсы жағынан көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша ол иммундық жүйенің бұзылуымен байланысты көптеген патологиялардың дамуына жол бермейді, бұл өз кезегінде созылмалы шаршау синдромының пайда болу қаупін азайтады.

 

Иммунитеттің төмендеуі созылмалы шаршау синдромының дамуына әкеледі. Бұған жол бермеу үшін иммундық жүйенің жұмысын тиісті деңгейде ұстау қажет. Адам ағзасында микро-макро элементтер, A,B,C,D,E витаминдері және минералдар жеткілікті болуы керек. СШС алдын-алу мен емдеудің дұрыс тәсілі қолданылса, адамның өмірлік белсенділігі қалыпқа келе алады.

Салауатты өмір салтын ұстану, мезгілімен демалу, дұрыс тамақтану және спортпен шұғылдану маңызды.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp