Метаболизм дегеніміз не және оны қалай жақсартуға болады

Метаболизм (заттар алмасуы) термині көбінесе «салмақ жоғалту», «үйлесімділік» сөздерімен бірге қолданылады. Көбісі метаболизм жылдамдығын калорияны қаншалықты тез тұтынатындығымен және салмағын жоғалтуымен байланыстырады. Метаболитикалық алмасудың бұзылуы — судың, майдың, ақуыздың, көмірсудың, минералдың алмасуының бұзылуы ағзаның жұмыс істеуіндегі ақау және ол жалпы адам денсаулығына жағымсыз әсер етеді.

Метаболикалық процестерді жақсартудың әртүрлі жолдары бар.

Метаболизм дегеніміз не

Грек тілінен метаболизм «трансформация» деп аударылады. Бұл адам ағзасындағы химиялық реакциялардың жиынтығын білдіреді, тұтынылған тағамнан алынатын калорияны өмірге пайдалы энергияға айналдырады. Басқаша айтқанда, метаболизм — бұл өмірлік процестерге энергияны жұмсау. Мұндай процестер дененің әр жасушасында жүреді.

Біздің денеміз негізінен энергияны жұмсайды:

  • демалыс кезінде;
  • физикалық белсенділік кезінде;
  • тамақты сіңіру кезінде.

Біздің ағзамыз тіпті демалған кезде де энергияны жұмсайды. Энергияның шамамен 60 пайызы (жалпы күнделікті тұтынудан) дене температурасы мен жүрек соғысын сақтауға, жаңа жасушалар мен ұлпалардың пайда болуына, тыныс алуға, қан ағымына және т.б. жұмсалады. Демалу кезіндегі метаболизм жылдамдығы (ештеңе жасамау кезіндегі) базальды метаболизм деп аталады.

Белгілі бір мөлшердегі энергияны ми қажет етеді. Сондықтан адамға қатаң диеталар ұстану кезінде шоғырлану мен назарды ұстау қиын болуы мүмкін. Тамақты қорыту үшін дене энергияның 5-10 пайызы жұмсалады. Диетологтар күніне 5-6 рет аз мөлшерде пайдалы тамақ ішу метаболизмді едәуір тездететінін дәлелдеді.

Физикалық белсенділік энергияның 10-30 пайызын «алады» (егер біз кәсіби спортшы болмасақ және жұмыста көп физикалық күш қажет болмаса).

Маңызды! Күні бойы қалыпты тыныштық кезеңде калориялардың көп бөлігі белсенді метаболикалық процестер үшін жұмсалады. Физикалық жаттығу дененің күйіне әсер етеді, бірақ салмақтың шамалы өзгеруіне әкеледі.

Неліктен зат алмасу процесі баяулайды

Кейде ағза келетін калорияларды «сақтай» бастайтын жағдайлар болады, яғни метаболизм белсенділігін жоғалтады, теңгерім жоғалтылады. Бұл дене салмағының артуымен, энергияның жетіспеушілігімен, летаргиямен, апатиямен, депрессиямен көрінеді.

Көбінесе метаболикалық процестердің бұзылуларының себептері мыналармен байланысты:

  • теңгерімсіз, қоректік заттары аз тамақпен тамақтану;
  • гиподинамиямен;
  • стресстік жағдайлар;
  • тұқым қуалайтын факторлар;
  • тұрақты калория тапшылығы;
  • тамақты жеуде бұзылушылықтар;
  • тым көп тамақ жеу.

Уақытша бұзылулар витаминдер мен микроэлементтердің жетіспеушілігінен, ұзаққа созылған аурудан, дегидратациядан, қызып кетуден және басқа да жағымсыз факторлардан туындауы мүмкін.

Метаболизм деңгейін қалай есептеу керек

Ғалымдар метаболизм жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтады.

Жылдамдық мыналарға байланысты:

  • бұлшықет ұлпасының мөлшері;
  • май ұлпасының мөлшері;
  • жасы;
  • генетика.

Маңызды! Зат алмасу жылдамдығы жынысына да тікелей байланысты. Кез-келген жастағы және кез-келген мүсіндегі әйелдер, бірдей параметрлері бар еркектерге қарағанда аз калория жұмсайды.

Біз метаболизм деңгейін тез есептей алмаймыз. Заманауи тесттер мінсіз нәтижеге кепілдік бермейді. Барынша нақты нәтижелер қажет болса, оған арнаулы аппараттар болуы тиіс. Мысалы, Seahorse анализаторы қолданылады. Аспап микропланшетте қазіргі уақыттағы жасушалардың базалық метаболизмін зерттеу үшін қолданылады.

2005 жылы американдық дәрігерлер жасаған Миффлин — Сан-Герордың негізгі алмасу формуласын да қолдануға болады. Оның көмегімен біз салмақ жинау қаупінсіз қанша калория жеуге болатындығын білеміз.

Формула жеңілдетілген және күрделі нұсқада бар.

Жеңілдетілген нұсқа келесідей:

  • Әйелдер үшін (кез келген жастағы): 10 Х дене салмағы (кг) + 6,25 Х бойы (см) – 5 Х жас (жас) – 161.
  • Ерлер үшін (кез келген жастағы): 10 Х дене салмағы (кг) + 6,25 Х бойы (см) – 5 Х жас (жас) + 5.

Дәлірек нәтиже алу үшін формуланың жетілдірілген нұсқасы қолданылады https://www.calc.ru/Formula-Mifflinasan-Zheora.html. Көмірсулар мен майларды асыра қабылдамау үшін онлайн калория калькуляторын қолданыңыз https://www.calc.ru/kalkulyator-kalorii.html

Метаболизмді жеделдетудің 5 дәлелденген әдісі

Метаболизм 18 жастан бастап біртіндеп баяулайды. Метаболизмді тез тарататын керемет таблеткалар немесе қоспалар жоқ.

Алайда мұнайатын себеп жоқ. Біз метаболизмді жеделдетудің көп рет дәлелденген әдістерін қолданамыз:

  1. Таңғы асты міндетті түрде ішеміз. Метаболизмді жақсартқысы келетіндердің барлығына таңғы асты үнемі ішіп отырулары керек. Оянғаннан кейінгі бір сағаттан соң тойымды таңғы аспен тамақтану керек. Аш қарынға бір кесе жылы суға қышқылдандыратын етіп лимон шырынын қосып ішуді ұмытпаңыз. Бұл түнде жоғалған ылғалды қалпына келтіреді, метаболизмді «оятады». Таңғы ас ретінде: грейпфрут пен жұмыртқа, түрлі жидектермен сұлы, пияз бен қызанақ қосылған жұмыртқа, алма мен омлет.
  2. Талшықты өнімдерді көбірек жейміз. Ағза тазартылған көмірсулар мен майларға бай тағамдарды қорытуға қарағанда талшықты тағамдарды сіңіру үшін көп калория жұмсайды. Құрамында ерімейтін талшықтың көп мөлшері бар: бидай кебек және гүлді қырыққабат, алма, бұршақтар.
  3. Тамақтануға тұтас дәнді өнімдерді қосыңыз. Бұл теңдестірілген және дұрыс тамақтанудың негізі. Өңделмеген және жабайы күріш, арпа, қарақұмық, тарының құрамында минералдар, фитонцидтер, антиоксиданттар, A, B, C, D, E дәрумендерінің көп мөлшері бар.
  4. Көк шай ішеміз. Диетологтардың пікірінше, жасыл шай метаболизмді 4% арттырады, майларды «жағу» (тотығу) процесін 14% жылдамдатады.
  5. Бұлшықет массасын жинақтаймыз. Күшті және жаттыққан бұлшықеттер демалу кезінде майларды жағудың кілті болып табылады. Бұлшықет массасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым біз оларды күтуге көп энергия жұмсаймыз, сәйкесінше метаболизм жоғарылайды.

Ұйқының маңыздылығын да ескеріңіз. Күніне 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдар кем дегенде 8-9 сағат ұйықтайтындарға қарағанда жалпақ белге ие. Көбірек қозғалыңыз, теледидарды шектеумен көріңіз, әлеуметтік желілерде көп отырмаңыз.

Метаболизмді түзетуге және иммунитетті арттыруға арналған қарапайым және тиімділігі жоғары құрал — Ламифарэн емдік-профилактикалық гелі. Препараттың құндылығы – бұл табиғи, теңіз балдырлары негізінде жасалған. Lamifaren өнімі арқылы метаболикалық процестерді реттеу ондағы дәрумендердің, микро және макроэлементтердің бай құрамына байланысты.

Табиғи құрал қышқыл-сілті балансын, липидтер, көмірсулар алмасуын, анаэробты процестерді қалыпқа келтіреді. Омега 3 май қышқылдары май ұлпаларын ынталандырады, спортпен шұғылдану кезінде тиімді. Қазақстан өңірлері бойынша гельді жеткізу құны тегін түрде жүзеге асырылады.

Енді сіз метаболизм адамның өмірлік белсенділігін қамтамасыз ететін организмдегі жүйелі химиялық реакциялар екенін білесіз. Метаболикалық процестердің төмендеуі көбінесе дұрыс тамақтанбау, аурулар, стресс және басқа себептермен байланысты. Оны реттеу үшін тамақтануды түзету, табиғи өнімдерді тұтыну, физикалық белсенділікті қамтамасыз ету, жеткілікті ұйқы алу және стресстен аулақ болу керек.

Сұлулық үшін, барлық ойластырылған істеріңізді орындау үшін көп күшке ие болыңыз!

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp