Бүйректе тастардың пайда болуының алдын алуға арналған 7 кеңес

Бүйрек-бұл адам ағзасындағы жұптасқан орган, оның рөлі сұйықтықты сүзу, уларды, токсиндерді, сондай-ақ тағамдағы қайта өңдеу өнімдерін жою болып табылады. Басқа органдар сияқты, бүйрек көптеген ауруларға бейім, олардың ең көп тарағаны уролития.

Осы проблемаға тап болған адамдар бұл ауруды емдеу және алдын-алу мәселелерімен танысады. Алайда, ауруды тудыратын себептерді және оның алдын алу шараларын әрқайсымыз білуіміз керек.

Бүйректегі тастар: аурудың сипаттамасы, себептері

Егер қанды сүзіп, тазартуды және ағзадан қажетсіз микро-макроэлементтерді толығымен алып тастауды орындайтын жұптасқан орган, өз функциясын нашар атқарса, онда бүйректе тастар пайда болып, жинақтала бастайды. Алдымен олар кішкентай болады, бірақ уақыт өте келе олар үлкейіп, диаметрі 15 см-ге жетуі мүмкін. Бұл түзілімдер несепағарға өтіп, зәр шығару кезінде қатты ауырсынуды тудыруы мүмкін.

Уролитиямен бірге жүретін симптомдардың бірі – белдің төменгі бөлігіндегі тұрақты ауырсыну ұстамалары болып табылады. Ұзақ физикалық күш салғаннан кейін ауырсыну сезімі іштің төменгі бөлігіне, жамбас және жыныс мүшелеріне беріледі. Бүйректе тастардың болуынан күніне зәр шығару саны артады, бүйректе шаңшулар (коликтер) дамуы мүмкін, олар жүрек айнуы мен құсумен бірге жүреді.

Зәр шығару жүйесі ауруының негізгі себебі, бүйрек пен несепағар тастарының пайда болуымен бірге жүретін,  – метаболизмнің бұзылуы болып табылады. Уролития ауруының дамуына дұрыс тамақтанбау, ас қорыту жолдарының аурулары, құрамы нашар суды үнемі тұтыну әсер етеді.

Уролитияның алдын-алу: 7 негізгі кеңестер

Зәр шығару жүйесінің органдарында тастардың түзілуінің алдын алу үшін, келесі ұстанымдарды ұстану керек. Зәр шығару жүйесі ауруларының алдын-алуға арналған кеңестер уролития ауруының дамуының алдын-алу шараларының негізін құрайды.

Тұз мөлшерін азайту

Тұзды қолдану натрийдің жиналуын тудырады, бұл зәр шығару жүйесінің ауруларына әкеледі. Натрийдің артық мөлшері жинақталғанда бүйректер қарқынды жұмыс істейді, бұл олардың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі. Зәр шығару жүйесі әлдеқайда осал бола бастайды және көптеген аурулар мен инфекцияларға бейім болады.

Қант пен тәттілендіргіштер мөлшерін азайту

Қантты шамадан тыс тұтыну микро және макроэлементтердің теңгерімсіздігін тудыруы мүмкін, бұл өз кезегінде тастардың пайда болуына себеп болады. Сонымен қатар, ішекте магний мен кальцийдің сіңу процесі бұзылады. Метаболизм процесінде фруктоза оксалаттардың санын көбейте алады. Өндірістік тәттілендіргіштері бар тағамдар, қантты сусындар бүйрекке айтарлықтай зиянды келтіреді.

Тәулігіне жеткілікті мөлшерде су ішіңіз

Суды жеткіліксіз ішетін адамдар уролития ауруының дамуына көбірек бейім. Қанды метаболикалық қалдықтардан толығымен тазарту үшін бүйрекке жеткілікті мқлшердегі су қажет. Бүйрек шығара алмаған заттар уақыт өте келе кристалданады және құм түйірлері түрінде жиналады, несепағарға енуі мүмкін. Сондықтан күніне кемінде 2 литр таза газдалмаған су ішу керек.

Газдалған сусындардан бас тартыңыз

Көптеген газдалған сусындардың құрамында фосфор қышқылы бар, ол уролитияның дамуын тудырады. Өнеркәсіптік өндірістің қантты сусындары зәр шығару жүйесінің басқа ауруларының дамуына әкелуі мүмкін, сондықтан оларды қолдануды азайту немесе тамақтануда толығымен алып тастау керек.

Кальций мөлшері жоғары тағамдарды көп ішіңіз

Ағзада оксалаттардың жоғары мөлшері уролития ауруын туындатады. Бұған жол бермеу үшін мәзірге кальцийге бай тағамдарды қосу керек. Кальцийдің жеткілікті мөлшері ішектегі оксалаттардың қанға сіңуіне жол бермейді.

Диетаға кальций қосылған тағамдарды қосу жеткіліксіз екенін есте ұстаған жөн. Кальций сіңуі үшін ағзаға D дәрумені қажет. Денедегі қажетті дәрумендердің жетіспеушілігін өтеу үшін мультивитаминді кешендерді қабылдауға болады.

Фторланған суды пайдаланбаңыз

Құрамында фтордың көп мөлшері бар су зәр шығару жүйесі үшін қауіпті. Мұндай суды үнемі пайдалану бүйректе тастардың пайда болуына әкелуі мүмкін, сондықтан фторланған суды тазарту үшін сүзгі алу немесе қайнатылған, сондай-ақ бөтелкедегі суды пайдаланған дұрыс.

Ағзада дәрумендік балансты сақтаңыз

Бүйректе тастардың туындауының кең тараған себебі – метаболизмнің бұзылуы. Аурудың алдын – алу шаралары ретінде тамақтануға қажетті макро-және микроэлементтерге бай пайдалы тағамдарды қосып қана қоймай, сонымен қатар арнайы емдік және профилактикалық өнімдердің көмегімен ағзадағы витаминдік тепе-теңдікті сақтау ұсынылады.

Ағзада дәрумендік тепе-теңдікті сақтау үшін ең тиімді, қол жетімді және теңдестірілген өнімдердің бірі-Ламифарэн.

Қоңыр балдырлар негізінде жасалған Ламифарэн пайдалы элементтер мен дәрумендердің жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік береді, иммунитетті арттырады, ағзаны қалпына келтіреді, көптеген аурулардан, соның ішінде зәр шығару жүйесі ауруларынан арылуға көмектеседі.

Уролитияның алдын-алу: ұсынылатын тағамдар

Кальцийге бай тағамдардан және таза ауыз судан басқа, бүйрек денсаулығына пайдалы деп саналатын тағамдар:

  • жарма;
  • майсыз ет және балық;
  • екінші сорпадағы сорпалар;
  • нан-тоқаш өнімдері;
  • сүт және ашыған сүт өнімдері;
  • жасыл бұршақ, асқабақ және басқа да көкөністер;
  • қышқыл алма.

Уролитияны емдеу немесе алдын-алу терапиясы кезінде диета ұстанғанда тамақтанудан көк шөптерін, қырыққабатты, кофе және алкогольді ішімдіктерді алып тастау керек.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp