Ас қорыту проблемалары. Асқазан үшін пайдалы өнімдер

Жыл сайын ас қорыту жүйесі мүшелері ауруының туындауы жиілеп байқалады. Көбінесе науқастар аурудың асқынып кеткен кезеңінде ғана медициналық көмекке жүгінеді. Бұл адамдардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауына байланысты. Көптеген науқастар ауыр патологиялық жағдайлардың дамуына әкелетін симптомдарға мән бермейді. Дұрыс тамақтану, профилактикалық медициналық тексерулерден өту асқазан-ішек ауруларын болдырмауға көмектеседі.

Симптомдары және белгілері

Ас қорыту жүйесіндегі проблемаларды келесі белгілері бойынша анықтауға болады:

  1. Тәбеттің төмендеуі-кейбір патологияларда тамақтанудан бас тарту. Еш өзгерістер тумаса да АІЖ ауруы туындауы мүмкін.
  2. Дәмді дұрыс сезінбеу. Дәмдік сезімталдықтың төмендеуі де белгілердің бірі. Жағымсыз дәм ішек, асқазан, қан ауруларындың туындауының пайда болады.
  3. Қыжыл-бұл құбылыс асқазанның ішіндегі заттардың өңешке құюылуы нәтижесінде пайда болады. Процесс ауырсыну синдромымен, тітіркенумен бірге жүреді.
  4. Кекіру- ауызға асқазанның ішіндегі заттар мен мен ауа келіп түседі.
  5. Құсу және жүрек айну-олар бір мезетте немесе бөлек пайда болады.
  6. Іштің ауыруы-симптом мезгілімен белгілі бір уақыт аралығында пайда болады. Бұл жағдайда өзін-өзі емдеу қатаң тыйым салынған, дәріні қабылдау аурудың нақты көрінісін жояды. Кейін аппендицит, жаралар секілді ауруларды анықтап, диагноз қою қиын болады.
  7. Метеоризм-асқазан-ішек жолында газдардың пайда болуымен бірге жүреді. Бұл жағдай кезінде іштің үрілуімен бірге жүреді. Дені сау адамдарда метеоризм ірі талшықты, крахмалы бар өнімдерді пайдаланған кезде туындайды.

Аурудың даму себептері

Ас қорыту жүйесінің аурулары әртүрлі себептермен дамиды. Көбінесе себептердің бірнешеуі болады. Себептер жойылатын және жойылмайтын болып бөлінеді. Ауруларға әртүрлі қоздырғыш факторлар әсер етеді, олар бір-бірін алмастыра алады. Тамақты қорыту үрдісі негізінен күрделі процесс. Оған ас қорыту шырынындағы ферменттер, пепсин белсенді қатысады. Олар тағамдарды көмірсуларға, майларға, ақуыздарға бөледі. Келесі кезеңде дене оларды сіңіреді, элементтер энергияға айналады. Ас қорыту процесінің бұзылуы асқазан-ішек ауруларының дамуына әкелуі мүмкін.

Ас қорыту жүйесі ауруларының себептері

Жойылмайтын себептер:

  • жасы-онкология 50 жастан асқан науқастарда пайда болады, жара 40 жасқа дейін дамиды;
  • жынысы – қатерлі ісік ер адамдарда жиі кездеседі, өт тас ауруы әйелдер арасында жиі кездеседі;
  • генетикалық бейімділік.

Асқазан-ішек ауруларының жойылатын себептері:

  1. Қомағайлық. Тағамның көп мөлшерін үнемі тұтынғаннан ол толық қорытылмай, ағзаға сіңбейді. Осының әсерінен адамда асқазан-ішек аурулары дамиды.
  2. Артық салмақ. Бұл фактор онкологияның, панкреатиттің, өт тас ауруының дамуына әкеледі. Нормадан шамалы ауытқу кезінде де аурулар туындауы мүмкін.
  3. Алкогольді ішімдіктерді ішу. Алкогольді сусындар онкологияны, асқазан жарасын, циррозды, панкреатитті тудыруы мүмкін. Алкоголь ас қорыту органдарын бұзады, қатар жүретін аурулардың катализаторы болып саналады.
  4. Темекі шегу. Ол асқазан жарасын тудырады.
  5. Дұрыс тамақтанбау, тамақтануда зиянды тағамдардың болуы асқазан онкологиясына әкелуі мүмкін.
  6. Тамақтану режимін бұзу. Таңғы астан бас тарту, ұзақ үзілістер, түнде тамақтану, аш қарынға газдалған сусындарды ішу көбінесе гастрит, қатерлі ісік ауруларының дамуына әкеледі.
  7. Стресс. Стресс жағдайлары капиллярлардың спазмымен бірге жүреді. Бұл шырышты қабықты қорғайтын шырыштың бөлінуін баяулатады. Асқазан сөлі ағзаның тіндерін бұзады, нәтижесінде жара пайда болады. Стресс жағдайлары дисбактериозға да әкеледі.
  8. Қант диабеті. Көп жағдайларда қант диабетінің аясында асқазан-ішек аурулары дамиды. Олардың арасында гастриттің созылмалы түрі, ахилия, колит, дисбактериоз.
  9. Кофе, сода қолдану. Хлороген қышқылдары қыжылдың пайда болуын, шырышты қабаттың тітіркенуін тудырады. Газдалған сусындардағы көмірқышқыл газы асқазанның қабырғаларын тітіркендіреді, нәтижесінде гастрит, жаралар және басқа аурулар дамиды.
  10. Аз қозғалысты өмір салты. Қозғалу белсенділігінің жетіспеушілігі, тонустың төмендеуі теріс факторлармен күресуге мүмкіндік бермейді.

Асқазан-ішек жолдары үшін пайдалы өнімдер

Ас қорыту жүйесі жұмысында бұзуылыстар болдырмауға тамақтануда пайдалы тағамдарды қосу көмектеседі. Бұл санатқа келесі өнімдер кіреді:

  • кебек және ірі тартылған ұннан жасалған бұйымдар  — талшықтыры, микро – және макроэлементтері, витаминдер ас қорыту жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіруге ықпал етеді;
  • дәнді дақылдар — ең көп таралған түрі сұлы жармасы;
  • өскен бидай — жүйелер мен органдардың жаңаруын қамтамасыз етеді;
  • бұршақ дақылдары — құрамында тағамдық талшықтар, минералдар (темір, мырыш және т.б.);
  • жаңғақтар, тұқымдар — талшықтың және қанықпаған майлардың көзі;
  • алмұрт — құрамында талшық, дәрумендер бар, ас қорыту процестерін белсендіруге ықпал етеді;
  • авокадо  — тағамдық талшықпен қамтамасыз етеді;
  • зығыр тұқымы — құрамында еритін және ерімейтін талшық бар, асқазан қабырғаларын тітіркенуден қорғайды, токсиндердің сіңуіне жол бермейді;
  • жидектер — құрамында талшық бар;
  • кептірілген жемістер — ішек жұмысын белсендіреді;
  • жасыл көкөністер — құрамында диеталық талшықтар, минералдар, дәрумендер бар.

Ас қорыту проблемаларын қалай болдырмауға болады, алдын-алу әдістері

Келесі ережелерді сақтау асқазан-ішек ауруларының алдын алуға көмектеседі:

  • тамақтану режимін сақтау, кішкене бөліктермене жиі тамақтану, тамақ пісірер алдында қол мен тамақты жуу;
  • тамақтанудан қуырылған, тұздалған, ысталған тағамдарды алып тастау, газдалған сусындардан бас тарту;
  • артық тамақтанудан бас тарту-сәйкесінше әйелдер мен ерлер үшін тамақтану мөлшері 300/400 мл-ден аспауы керек, тамақта талшықты тағамдар, салаттар болуы керек;
  • салмақты бақылау, біртіндеп салмақ жоғалту;
  • алкогольді тұтынуды азайту, одан толық бас тарту;
  • темекі шегуден бас тарту;
  • стресті болдырмау-серуендеу, жақсы ұйқы арқылы денсаулықты нығайту;
  • кофеден, газдалған сусындардан бас тарту;
  • дене белсенділігін арттыру-ересек адам аптасына 150 минут қозғалуы керек;
  • қант диабетін бақылау, дәрігердің ұсынымдарын сақтау.

АІЖ проблемалары көбінесе авитаминоз кезінде пайда болады. Витаминдер ас қорыту органдары ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Қоңыр балдырлардан жасалған «Ламифарэн» емдік-профилактикалық өнімі тамаша профилактикалық құрал болып саналады. Ол дәрумендердің жетіспеушілігін толтырады, асқазан-ішек жолдарының көптеген ауруларының дамуына жол бермейді.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp