Жүрек ауырса не істеу керек?

Адамдардың медициналық көмекке жүгінуінің ең жиі кездесетін себептерінің бірі – жүрек тұсының ауруы. Егер жүрек ауырса, ол адамға осы мүше міндетінің бұзылғаны туралы дабыл қағып жатқан болуы мүмкін. Бұл бұзылыстар жіті қан тамыры синдромына дейін жеткізеді. Алайда, мұндай ауырсынулар кейде ағзаның өзге мүшелері мен жүйелерінің мәселелері туралы белгі береді. Сондықтан бірінші кезекте ауырсынуды түрлері мен сипатына қарай айыра білу, сондай-ақ жүрек ауруының ұстамасы ұстаған жағдайда қалай әрекет ету керек екенін білу қажет.

Кеуде тұсындағы ауырсынудың себептері

Жүрек адам ағзасының ауқымды жүйесіндегі бір кішкентай ғана мүше екеніне қарамастан, оның қызметінің бұзылуы денсаулыққа қатты зиян келтіреді. Ауру жүректі емдеп жазу өте қиын, сондықтан да ерте бастан оның сау болуының қамын жасау керек.

Жүрек көкірек қуысының сол жақ бөлігінде орналасады. Осы аймақтағы ауырсыну белгілерін медицинада торакалгия деп атайды. Адамдардың 20-40%-ы өмір бойы көкіректің ауырсыну синдромдарынан азап шегеді. Алайда 8-18% жағдайда ғана дәрігердің көмегі қажет болады, өйткені өмірге қауіп төнуі мүмкін.

Көкіректегі аурулар келесі себептер бойынша туындауы мүмкін:

миокард инфаркты;

ұстамалы тахикардия;

стенокардия, жүрек қыспасы;

күтпеген пневмоторакс;

қолқа аневризмі;

өкпе артериясының тарамдары мен өзегінің эмболиясы.

Бұның барлығы – шұғыл түрде емдеу керек жіті аурулар. Сондай-ақ көкірек қуысындағы ауырсынулар көп жылдық созылмалы аурулардың кесірінен пайда болады:

өңештің зақымдануы;

жүректің ишемиялық ауруы;

жүрекқап қабынуы;

Титце ауруы;

өкпе артериясының эмболиясы.

Кардиологиялық сипаттағы емес аурулар ауырсынудың жиі орын алатын себептері болады:

АІЖ қызметінің бұзылуы;

буын және омыртқа аурулары; 

пневмония;

плеврит;

өкпе асқыну немесе қатерлі ісігі.

Айта кету керек, мұндай себептердің барлығы 400-ден асады. Алайда ауырсыну белгілері көбінесе тек 40-50 жағдайда ғана жиі кездеседі. 

Көкіректің ауруының шығуы жүрек және жүрек емес болады. Әртүрлі аурулар кезінде аурудың сипаты да байқалады. Осылайша, егер миокард инфаркты және стенокардия кезіндегі сезінулерді салыстыратын болсақ, олардың әртүрлі екенін байқауға болады. Жүрек ишемиясымен асқазан және ішек қызметіндегі мәселелер кезіндегі аурумен шатастыру оңай. Алайда бұл жағдайда қосалқы тағамдық белгілері де бар: кекіру, қыжылдау, күйік дәмі.

Көріп тұрғанымыздай, жүрек ауруларының пайда болу себептері өте көп. Егер бұл ауруды сипатына қарай түсіне алса, қажет шараларды қолдануға болады.

Көкірек қуысы айналасындағы жүрек текті ауырсынулар

Егер ауырсыну белгілерінің себебі ишемиялық ауру болса, демек, қантамырларында оттек жетіспейді. Холестериндік түйіншектерден күретамырлар тарылады. Сонымен бірге тамырлар 70%-ға тарылса да, ауырсынулар пайда болады. Мұндай ауырсынулар медицинада стенокардия, ал ауызекі тілде жүректің талма ауруы деп аталады.

Миокард инфаркты кезіндегі ауырсынулардың себебі күретамырлардың қабырғаларындағы атеросклероздық түйіншектердің үзілуі. Үзілгеннен кейін қабырғаларда жүрекке қан апаратын күретамырды жабатын қан ұйығы, тромб пайда болады. Сол себепті қан ағысы қиындайды және тоқтайды, ал жүрек бұлшықеттерінің жасушалары жансызданып, өледі. Бұл ауруларды өз бетінше емдеу мүмкін емес және үздіксіз медициналық көмекті қажет етеді. Инфаркт кезінде ауырсынулар стенокардияға қарағанда қаттырақ болады. Ауру жүрек қағысының, тамырдың соғуының жиіленуіне, тершеңдікке алып келеді. Науқаста көз жұму қорқынышы пайда болады. Инфаркттың қалыпты уақыты – таңертеңгі уақыт, өйткені қандағы гормонды жағдай осы уақытта артады. Ауырсыну кезінде нитроглицерин дәруменсіз және де көбінесе жарты сағатқа жалғасады.

Ауырсынулар пайда болатын тағы жүрек ауруы – жіті тәждік синдромы немесе ЖТС. Мұндай жағдайда инфаркттің де, стенокардияның да белгілері болады. Шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртып, науқасты ауруханаға жатқызу керек.

Сондай-ақ миокардит деп аталатын жүрек бұлшықеттерінің асқынуы орын алатын болса, жүректе ауырсынулар пайда болады. Аталып өткен аурулардың белгілерін ауру ұстап қалған кезде қандай әрекет жасау керек екенін білу үшін қажет. Нақты диагнозды дәрігер-кардиолог қана қоюы керек! Емдеуді де сол дәрігер белгілейді.

Кеуде тұсының ауруы кезіндегі алғашқы көмек

Жүректің ауруы көбінесе адамға қолайсыз сәтте орын алады. Мамандар келгенге дейін адамға алғашқы көмекті көрсете алу өте маңызды. Жүрек ауырған кезде алғашқы көмек келесі алгоритм бойынша көрсетілуі керек:

  1. Дереу барлық қозғалыстарды, физикалық жаттығуларды тоқтату керек.
  2. Содан соң аяқтары жерге тимейтіндей етіп отырғызу керек. Бұл жүрекке түсетін салмақты азайту үшін қажет.
  3. Ары қарай киімдерінің алдын ағытып, таза ауа кіруі үшін терезені, есікті ашу керек.
  4. Содан кейін нитроглицериннің бір таблеткасын немесе нитроспрейдің дозасын қабылдау керек. 5 минут күтіп, егер ауру басылмаса, дәріні тағы бір рет қабылдау керек.
  5. Жедел жәрдем шақырып, ол келем дегенде тыныштық күйінде болуы керек.

Сауатты және дер кезінде көрсетілген алғашқы көмек науқастың жағдайын жеңілдетеді.

Сондай-ақ жүрек ауруы кезінде келесі белгілер туындайды:

ентігу;

жүрек қағысының жиіленуі;

тамыр соғысының баяулауы;

әлсіздік және бастың айналуы;

жүрек айнуы мен құсу;

төмен қан қысымы.

Жүректің жиі соғуы – кардиологиялық ауру кезіндегі сипатты белгілердің бірі екенін білген өте маңызды. Ол алдымен көкіректе пайда болады, содан соң тамаққа өтеді. Тахикардия кезінде жүрек минутына 100 реттен артық соға бастайды. Жаттыққан адамдардың, ырғақты азайтатын дәрілерді қабылдайтын,  адамдардың, қалқанша қызметінің төмендеуімен ауыратын адамдардың жүрегі минутына 60 реттен кем (бұл қалыпты деп есептеледі) соғады.

Ауырсыну синдромы кезінде жүрек қағысының жиіленуі, әрине, қорқыныш пен мазасыздық тудырады, бірақ шын мәнісінде ол денсаулық үшін қауіпті емес. Егер жүрек қағысы бірқалыпты болмаған кезде ғана алаңдауға болады. Бұл ауыр дерттің белгісі болуы мүмкін. 

Көбінесе жүрек қағысы толқып тұрған, қорыққан, күйзеліс, үрейленген кезде жиілейді. Жағдайды түзетуге арнайы тыныс алу гимнастикасы, йога және медитация, тынығу және ұйқы тәртібін ретке келтіру көмектеседі.

Жүрек қағысының мәселелері отырып жұмыс істейтін өмір салтын ұстанатын, тұрақсыз физикалық күш немесе спортпен айналысатын адамдарда туындайды. Мұндай жағдай жаттықпаған адам, нақтырақ айтқанда, оның ағзасы күштің бірден түскеніне шыдай алмағанынан орын алады. Іс жүзінде алкоголь сусындарын ішкеннен кейін үнемі жүрек қағысы жиіленеді.  

Сондай-ақ адамға түнде жүрегі жиі соғатындай көрінуі мүмкін. Бұл олай емес, түнде мүлгіген тыныштық болғандықтан, жүректің соғуы анық және қатты естіледі.

Кейде арқамен немесе сол бүйірімен жатқан кезде жүрек жиі соғады. Бұл кезбе жүйкеге қысым түсетіндігіне байланысты.

Жүрек ауруларын алдын алу шаралары

Айтып өткеніміздей, жүрек ауруларын емдеп жазу өте қиын. Сондықтан барлық мәселелер, атап айтқанда, жүрек ауруларын дер кезінде алдын алу керек. Алдын алудың негізгі шарттары:

жүрек қағысының жиіленуін тудыратын өнімдерден бас тарту (алкоголь, кофе, қою шай және т.б.);

ұйқы тәртібін сақтау;

тұрақты түрде және уақытылы демалу.

Егер жиіленген жүрек қағысынан басқа көкірек тұсында ауырсыну белгілері орын алса, тыныс алу қиындаса, тершең, әлсіз бола бастаса, басы айналып, есін жоғалтса, онда жедел жәрдем шақыру керек.

Көріп тұрғанымыздай, жүрек тұсының ауруы үнемі кардиологиялық аурулардың белгілері болып санала бермейді. Алайда екінші жағынан бұл ауырсынуларға бей-жай қарамау керек. Егер ауырсыну белгілері жиі байқала берсе, онда тез арада дәрігерге қаралу керек. Денсаулығыңызға неғұрлым ертерек көңіл бөлсеңіз, ол солғұрлым ұзақ әрі мықты болатынын естен шығармау керек!

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp