Термоневроз. Дене қызуының түсініксіз жағдайда көтерілуі

Термоневроз термині медицинада қабыну әрекеттері жоқ және ешқандай инфекция болмаған кезде дене қызуының кішкене көтеріліп тұруымен түсіндіріледі. Дене қызуы 37 немесе одан жоғарылау қалыпта бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін тұруы мүмкін. Дәрігерлер мұны адамның термореттелу орталығы бас миында орналасатындықтан, тамырлық дистонияның әртүрлі болуымен түсіндіреді. Термоневроз кезінде, қызуды түсіретін дәрілер тиімсіз болып келеді. 

Термоневроздың пайда болу себептері

Түрлі себептермен пайда болған термоневроздың белгілері ұқсас болып келеді. Дене қызуының жоғары болуы гомоналды өзгерістер салдарынан, ұзақ шаршаудан және қатты күйзеліске түскеннен болады. Термоневроз тудыратын аурулардың ішіндегі негізгілері төмендегілер болып табылады:

Жасөспірімдік шақта, жүктілік кезінде және климакс басталғанда дене қызуы жиі  37 болып тұрады. Мұндай термоневроз гормоналды өзгерістер салдарынан көптеген адамдарда болады. Балалардың дене қызуының жоғары болуы психоэмоционалды жағдайымен байланысты болады және балабақшаға немесе мектепке бейімделу уақытында, сонымен қатар қатарластарының ұжымына қосылған кезде орын алады. Барлық жағдайларда бас миындағы термореттегіш орталығының жұмысы бұзылады, осының салдарынан қызу  37 болады, ол қызуды басатын дәрілерді ішкеннен түспейді.

Термоневроз кезінде ауытқулардың пайда болуы

Дене қызуының көтерлуінен басқа ешқандай ауытқулар болмайды, сөйтіп бұл ауру ұзақ уақыт бойы байқаусыз қалып отырады. Осының нәтижесінде денсаулық нашарлай бастайды, себебі ұзақ уақыт тұратын дене қызуының жоғарылығы біртіндеп ағзаны бұзып, оны әлсірете бастайды. Сонымен бірге термореттегіш орталығының жұмысының бұзылуы басқа да неврологиялық белгілерді қоздырып, өзге органдар мен жүйелердің қызметін бұзуы мүмкін. Термоневроз көптеген басқа патологиялармен ұқсас болады:

  • ұйқы басуы;
  • жиі шаршау;
  • бастың қатты шаншып ауыруы;
  • ұйқының бұзылуы;
  • асқорыту мәселелері;
  • тамырдың жиі соғуы;
  • жүйкенің тозуы;
  • жылай беру.

Қатты шаршағаннан болатын термоневроз кезінде енжарлық байқалады, бұл түсетін салмақты азайту үшін энергияны үнемдеу тәртібіне бірден көшетін ағзаның қорғаныс қызметтерімен байланысты. Бұл кезде де дене қызуы  37 тұрады,  бас пен мойын аймағы ауырады және үнемі ауырып тұрғандай сезім пайда болады.

Жағдайды диагностикалау

Термоневроз белгілері басқа да көптеген патологияларға ұқсас болғандықтан, оны диагностикалау қиын. Сондықтан оны анықтау үшін алдымен терапевт дәрігерден өту қажет және дене қызуы 37 көтеріле беретін қабыну әрекеттерін анықтау үшін несеп және қан талдауларын өткізу керек.  Егер бұндай белгілер анықталмаса, науқасты невропотолог қарайды. Невропотолог дәрігер тексергеннен кейін, оны эндокринологқа жібереді. Инфекцияның кесірінен дене қызуының жоғарылауын тоқтату үшін,  аспиринді тест жасалады, бұл кезде қызуды түсіретін дәрілер береді. Егер бұлар да көмектеспесе, демек 37 дене қызуы вегеттік-қантамырлық сипаттағы ауытқулардан орын алған дегенді білдіреді. 

Ауытқуды емдеу

Анықталған термоневроз емдеуді қажет етеді. Дене қызуы ұзақ уақыт 37 болып тұрғанда  жағдайда көп жүруге болмайды, себебі үнемі дене қызуының жоғары болуы ағзаның әлсіреуіне әкеледі. Термоневроз дәрімен емдеуді қажет ететін сырқат. Сонымен қатар өмір қарқындылығын өзгерту қажет.

  1. Қоздырғыш-факторының әсерін жою. Егер термоневроз психологиялық және неврологиялық әрекеттер себебінен туындаса, дене қызуының жоғары болуынан мұндай қорғаныс бірінші кезекте қажет. Күніңізді демалу мен таза ауада серуендеуге уақыт қалатындай етіп жоспарлаңыз.
  2. Тыныштандыратын дәрілер. Қатты жүйке тозғаннан және қозған күйден дене қызуы 37 көтерілсе осындай дәрілер тағайындалады. Көбінесе мұндай ем түрі жасөспірімдік шақта және климакс кезінде қажет болады.
  3. Массаж курсы. Дене қызуы 37 болып ұзақ уақыт сақталатын бұлшықетке қатты күш түскенде оның себебін жою үшін қолданылады. Мұндай жағдайда ара-тұра дене қызуының көтерілуі байқалады.  

Жоғарыда аталған тәсілдердің барлығын қолдана отырып, термоневрозды көбіне кешенді түрде емдеу керек. Дене қызуы 37 болып бір аптадан аса жүрсе, ал тексеру кезінде ешқандай белгілер білінбесе, онда науқасқа ең алдымен жақсылап демалуды қамтамасыз ету керек.

Асқыну және алдын алу

Термоневрозды емдемесе асқынудың салдары болуы мүмкін. Олардың негізгілері мыналар:

  • ұйқысыздық;
  • жұмысқа қабілеттіліктің жойылуы;
  • қатерсіз ісіктердің орын алуы, кейін олар қайта пайда болуға бейім тұрады;
  • АІЖ патологиялары.

Неврологиялық сипаттағы дене қызуының жоғарылауы орын алмас үшін, мынадай алдын алу шаралары қажет: өзіңізге қажетті демалыс қамтамасыз етіңіз, көңіңліңізді жайландыратын ванна қабылдаңыз, тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамаңыз. Міндетті түрде таза ауада серуендеңіз.

Термоневроз алғашында көрінгендей залалсыз сырқат емес. Адам еш себепсіз дене қызуы неге 37, ал кейде одан да жоғары болғанын,  түсінбегенде, ал қызуды түсіретін дәрілер еш көмектеспегенде, міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну керек. Өз бетіңізбен бұл мәселемен күресе алмайсыз.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp