Табиғи немесе синтетикалық дәрумендер. Қайсысын таңдаймыз?

    ДәрумендерСинтетикалық және табиғи дәрумендер арасындағы ерекшеліктер


     Адам ағзасына қажетті және дәрумендер деп аталатын табиғи органикалық қосылыстар белгілі бір заттардың бөлігі болғанда ғана әсер ете алады. Пайдалы дәрумендер әсер ету орнына жетіп, белсенді болуы және толықтай сіңірілуі үшін, олар флаваноидтар, органикалық қышқылдар, қанттар, микроэлементтер секілді басқа да белсенді заттармен бірге ағзаға түсуі тиіс. Дәрумендер жасанды түрде түзілген және биологиялық белсенді қосылыстармен байланыспаса, олардың сіңірілуі шектеледі. Сонымен қатар синтетикалық дәрумендер мөлшерін көбейту қажетті нәтиже бермейді. Бұл бауыр мен бүйрек жұмысына тек кері әсер етеді.    

Табиғи өнімдерден сүзіп алу жолымен алынған табиғи дәрумендер, ағза керемет сіңіретін табиғи органикалық қосылыстардан тұрады. Синтетикалық дәрумендерде мұндай кешен болмайды, ол жерде тек формуласы бойынша табиғи дәруменге ұқсас химиялық қосылыстар бар. Жасанды жолмен түзілген дәрумендер тамақ арқылы асқазаныңызға түсіп, қажетті әсер береді деп ойласаңыз, сіз қатты қателесесіз. Қышқыл орта синтетикалық заттарды жойып жібереді, ал табиғи дәрумендер мұндай әсерге төзімдірек болады. Асқазанға түсе салып жасанды жолмен түзілген органикалық қосылыстар түрлі метаболизмдік әрекеттерге түсіп, басқа химиялық байланыстармен бірге құрамдас бөліктерге айналады, ал ағза үшін бұл еш пайда әкелмейді.

     Қандай да бір дәрумен жайлы сөз болғанда, бірнеше зат туралы айтылады. Мысалы, сәбізде А дәруменінің көп мөлшері бар. Тәжірибеде бұл сәбіз құрамында каротин, ретинол, ретиналь және басқа да каротиноидтар кешені бар дегенді білдіреді. Ең маңызды жетекшісі – ол каротин, алайда оның әсерін басқа заттар күшейтеді және толықтырып отырады. Белгілі бір дәрумен деген атпен аталатын заттар кешені ағзаға түскенде ғана тиімді болады. Жасанды жолмен жасалған синтетикалық дәрумендер кешенінде қандай да бір дәруменнің жетекші органикалық заты болады да, басқалары мүлде болмайды. Мұндай жағдайда дәруменнің әсері толыққанды болмайды.

     Мұндай заттар белгілі бір ферменттерді белсенді ету үшін қажетті коэнзимдер болып табылады. Егер синтетикалық қосылыстар кей ферменттерге сәйкес келмейтін болса, жай ғана белсенсіз күйінде қалады. Алайда кей жағдайларда ферменттік қосылыстардың белсенділігі мен өндірілуін толықтай бөгеттеп тастайды немесе айтарлықтай тежейді. Ал егер үнемі химиялық түзіліс жолымен өндірілген дәрумендерді қабылдайтын болсаңыз,  онда ферменттеу әрекеті ағзада үнемі тежеліп отырады.

     Сонымен бірге мұндай жасанды изомерлер тек антиметаболиттер ретінде ғана емес, түрлі аллергиялық реакцияларды да тудыра алады, тіпті анафилаксиялық шокқа әкелуі де мүмкін. Осылайша ағза өзге заттарға иммундық жауап қайтарады. Табиғи дәрумендерге ағза бұндай қарсылық танытпайды. Яғни, кейбір жағдайларда мұндай реакциялардың орын алуы мүмкін, бірақ бұл жеке ағзаның өзіндік ерекшеліктері болуы ықтимал. Жалпылай айтқанда, табиғи дәрумендер аллергия тудыра алмайды. Олар сәйкес келетін ферменттік қосылыстарға оңай кірігіп кететіндіктен, антиметаболиттер ретінде әсер ете алмайды.

     Өндірілу кезінде синтетикалық дәрумендер бірнеше сатыдан өтеді. Химиялық әрекеттер кезінде бір заттан екінші зат пайда болып, жанама әсер беретін өнімдер саны көбеюі мүмкін. Осы аралықтағы қосылыстардан соңғы затты тазарту үшін қосымша шығын шығады, ал өндірушілер мұндай тәуекелге барғылары келмейді, себебі бұл өнімнің өз құнынан біраз асып кетеді. Тіпті препаратты тазарту үшін біраз шаралар қолданылса да, синтетикалық дәрумендер құрамындағы жанама өнімдер мөлшері бәрібір қалады, ал биоқолжетімділік бірден төмендейді.

     Синтетикалық дәрумендердің жанама заттары жасанды химиялық қосылыстар кірігетін биохимиялық реакциялардың жылдамдығын кәдімгідей бәсеңдетеді. Жасанды химиялық жолмен түзілген мұндай өнімдер көп емес, алайда мұндай дәрумендер кешенін үнемі қабылдау, соңында ағзадағы метаболизм әрекеттеріне жағымсыз әсерін береді. Сонымен қатар, мұндай қосылыстар жиынтықтау әсеріне ие. Жеткілікті мөлшерде жиналып қалған бұл өнімдердің түрлі биохимиялық реакциялардың жүруіне жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.  

     Химиялық түзіліс жолымен алынған мұндай дәрумендер кешеніне дәм күшейткіштері мен хош иістендіргіштер жиі қосылады. Бұл қоспалар ағзада, әсіресе бала ағзасында жағымсыз иммунологиялық жауап қалыптастыра алады.

      Клиникалық зерттеулер


      Оқымыстылар синтетикалық заттарға да көңіл аудармай кетпеген. Дүниежүзінде түрлі маркадағы мұндай өнімдерге клиникалық зерттеулер аз жүргізілмеген. Жақында Ұлыбритания оқымыстылары жасанды жолмен түзілген осындай дәрумендік кешендердің адам ағзасына жағымсыз әсер ететінін және тіпті онкологиялық ауруларды дамыту мүмкіндігінің бар екенін өз зерттеулерінде дәлелдеп берген. ХХ ғасырдың 80 жылдарына дейін дәрумендерді пайдалану тиімді, ал оның құрамындағы заттар жүрек пен қантамырлар патологияларының даму қатерін айтарлықтай төмендетеді деп есептелетін болған. Бұл табиғи өнімдер жайлы айтылғанда ғана шындыққа жанасады. 

     Дәрумендер кешенін қабылдаудың пайдасын көрсетуге бағытталған зерттеулердің бірінде оқымыстылардың өзін таңқалдырған қорытындылар орын алған. Бұл көп жылдық сараптамаға үнемі темекі шегетін адамдар қатысқан. Сараптамаға түскендер екі топқа бөлінген, олардың біреуіне А дәруменінің жасанды түрін, ал екінші тобына — Е дәруменін қабылдау ұсынылған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей А синтетикалық дәруменін қабылдаған, темекі шегетін адамдар тобында бақылау тобымен және елдегі орта көрсеткіштермен салыстырғанда өкпенің онкологиялық ауруларының көлемі айтарлықтай жоғары болған. Е дәруменінің жасанды түрін қабылдаған топта инсульт көрсеткіштерінің ортастатистикалық есебі жоғары болған.

     Бостон университетінің оқымыстылары жасаған басқа зерттеу барысында А дәруменінің синтетикалық орнын басатын түрлерін қабылдау балалардың жатыр ішілік дамуына жағымсыз әсер ететіні белгілі болған. Әсіресе жүктіліктің ерте сатысында бұл дәрумендерді қабылдау қауіпті болып отырады.

     Дәрумендердің жасанды түрімен өткізілген тағы бір сынақ дәрумендер құрамындағы заттардың жалпы нормадан ауытқыған жасушаларды жойып жіберетін иммундық жасушалардың белсенділігін бөгеттейтіні анықталған. Бұл зерттеу А және Е дәрумендеріне жасалған. В6 синтетикалық дәрумендеріне жүргізілген сынақтар нәтижесінде оны қабылдау қалыпты қан айналуының бұзылуына әкелетіні белгілі болған. D және С синтетикалық дәрумендеріне өткізілген клиникалық зерттеулер, бұл заттарды пайдалану атеросклероздық өзгерістердің дамуына әсер ететінін, сонымен қатар  асқорытудың тұрақты бұзылуына әкеліп соғатынын көрсеткен.

     Медициналық препараттар мен тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларға зерттеу өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын беделді тәуелсіз батыс ұйымдарының бірі түрлі синтетикалық дәрумендерді зерттеумен айналысқан. Бұндай ұйымдар өздері сараптама жасаумен айналыспайды, олар алдыңғы зерттеулер сараптамаларын жинап қарайды.

     Жиырма мыңнан астам адам қатысқан тағы бір клиникалық зерттеу қорытындысы бойынша,синтетикалық дәрумендердің ағзада жиналатынын, бірақ ешқандай пайда әкелмейтіні анықталған. Зерттеу мақсаты бета-каротин мен  С және Е дәрумендерінің антиоксидантты қорғаныс заттары ретіндегі қызметі болған. Сараптамаға түскендер бұл заттарды бес жыл бойы қабылдап жүрген, бірақ орта статистикалық деректермен салыстырғанда олардың инфаркт, инсульт және онкологиялық ауруларының көрсеткіштері еш азаймаған.

     90 жылдары ДДСҰ онкология дамуының алдын алу мақсатында А синтетикалық дәруменінің жағымды әсерін табуға бағытталған зерттеулерді бақылаған. Сараптамалар аяқталғаннан кейін алдыңғы қатарлы дүниежүзілік сарапшылар зерттелгендердің арасында денсаулық жағдайының жақсы жаққа өзгерген ешқайсысы болмағанын айтқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зерттеу нәтижелерін жариялап, қатерлі ісіктің алдын алу үшін мұндай дәрумендердің қолданыла алмайтынын ескертті. 

     Өндірушілердің өздері жасаған зерттеулер нәтижесі жарияланбайды. Мұндай деректер жарнамалық мақсатта қолданыла алмайды. Алайда, мұндай компаниялар өз өнімдерін бәрібір нарыққа шығарады, ал адамдар өндірушінің берген сөзіне сеніп, емдік бағытта пайдаланады.

     Табиғи дәрумендер мен синтетикалық орнын басушылар арасындағы айырмашылық өте үлкен. Ал егер бұл туралы ойланбасаңыз, демек сіз оларды қабылдамайсыз немесе өз денсаулығыңызға үлкен жауапкершілікпен қарамайсыз.

      Өнім туралы


       Ламифарэн кешенді антиоксидантты және иммундық ынта ландырғыш қасиетке ие. Сонымен бірге Ламифарэн гелінің құрамындағы белсенді қосылыстар ағзадан улы және радиоактивті заттарды, пестицидтерді, радионуклидтерді шығара отырып, оны уытсыздандырады. Бұл ағзаны табиғи дәрумендермен, минералдармен және йодпен қамтамасыз ететін бірегей өнім. Ол иммундық жүйені нығайтады, ағзаның инфекцияларға қарсы тұру мүмкіндігін жоғарылатады,  метаболизм әрекеттерін қалыпқа келтіреді.

      Ламифарен ағзаның иммундық мүмкіндігін күшейте отырып, алдын алу мақсаттарында қолданылады. Препарат заттары жасуша ішілік әсер етеді, жасушалар мембраналарын орнына келтіре отырып, ағзаны сонау негізінен бастап нығайтады. Ламифареннің белсенді құрамдас бөліктері жасушаның қызметін жақсартады, демек олар өмір үруге қабілеттірек болады.

       Препарат төменгі температуралық гидролиз технологиясы бойынша өндіріледі. Бұл өнім негізі — ламинарияның барлық пайдалы қасиеттерін сақтайтын бәрегей тәсіл. Ламинария полиқаныққан амин қышқылдарынан, қажетті дәрумендер кешенінен, биобелсенді табиғи қосылыстардан және минералдық заттардан тұрады. Олар биохимиялық реакцияларды белсенді етеді және ағзаның өмір сүру әрекеттерін қалыпқа келтіре отырып, ең жоғарғы биосіңірілу қасиетіне ие болады.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp