Көктемде өршитін 6 ауру

Көп жағдайда созылмалы патологиялардың қозуы көктем мезгілінде орын алады. Мұндай жағдайға таңқалуға болмайды, себебі көктемде ағзаның әлсірейтіні анық. Бұл дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігімен, иммунитеттің төмендеуімен, ауа-райының күрт өзгеруімен байланысты, ол денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Аурудың қайталануы атмосфералық қысымның өзгеруіне және қыста белсенді қозғалыстың аз болуына да байланысты болуы мүмкін. Алдын алу шаралары, атап айтқанда, иммундық жүйені нығайту және ағзаға басты дәрумендердің түсуін арттыру созылмалы сырқаттармен ауыруды төмендетуге көмектеседі. Бұл үшін ангустат қоңыр балдырларына негізделген емдеу-профилактикалық өнімі Ламифарэн өте қолайлы. Табиғи дәрумендер кешенін балалар мен ересектердің пайдалануына рұқсат етілген, оны курспен қабылдау ішкі жүйелерге жағымды әсер етеді, органдардың жұмысын жақсартады және ең қауіпті аурулардың дамуына жол бермейді.

Көктем мезгілінде қозуға бейім келетін аурулар

Төменде көрсетілген созылмалы патологиялар анамнезінде кездесетін науқастардың денсаулығы көктемде жиі нашарлайды:

Асқорыту органдары;

Иммундық және эндокриндік жүйелер;

Сүйек-бұлшықет аппараты;

Несеп жыныстық жүйелер.

Аурудың әрқайсысы, әрине, өз сипаттамаларына ие және түрлі себептерге байланысты нашарлап отырады.


 Асқазан мен аш ішектің ойық жарасы

Патология органдардың шырышты қабатының қабынуын және бұзылуын сипаттайды, оларда бір немесе бірнеше ақаулар пайда болады. Мұндай ақаулар көзге жаралар сияқты көрінеді. Бұл аурулардың шиеленісуі наурыз-сәуір айларында орын алады. Аурудың қайталануын мына белгілерінен білуге болады:

Аш қарында асқазандағы ауырсыну күшейе түседі;

Тәбет төмендейді;

Жүрек айниды;

Тамақтанудан кейін адам құсады;

Нәжіс іш қату немесе диарея сияқты бұзылады;

Ауыздан жағымсыз иіс шығады.

Аурудың қайталану белгілері пайда болған кезде емделу үшін міндетті түрде дәрігерге жүгіну өте маңызды. Әйтпесе, қабыну қабырғаларының перфорациясына (жарылуына), қан кетуіне әкелуі мүмкін, мұндай асқынуларға шұғыл ота жасау қажет болады.

Наурыз айына жақын, қыс кезінде жасалатын шаралар кешені көктемде жараның асқынуына жол бермейді. Ол кезде дәрі-дәрмектерді ғана емес, сондай-ақ емдік тағамдар, дәрумендік-минералды кешендерді де қолдануға болады. Олардың ішіндегі ең жақсысы — Ламифарэн болып табылады. Оны курспен қолдану бірден бірнеше әсер береді:

Қабынуды басады;

Асқазандағы тұз қышқылының өндірісін қалыпқа келтіреді;

Шырышты қабаттарды қоздырғыштардан қорғайды;

Уыттарды бейтараптандырады және оларды асқазан-ішек жолынан босатады;

Қалыпқа келтіру әрекеттерін жақсартады;

Ағзаны микроэлементтермен және дәрумендермен қанықтырады.

Ангустат балдырларынан жасалған емдеу-профилактикалық өнімі асқазан мен аш ішекке ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар жүйелі әсерге ие. Кешенді қабылдау иммундық жүйені жақсартады, тыныштандыру әсеріне ие, ұлпалардағы пайдалы қоректік заттардың сіңірілуін жеңілдетеді. Осылайша, Ламифарэн кешенімен жара ауруының асқынуының алдын алып, өршуді тудыруы мүмкін факторлардың ағзаға тигізер әсерін азайтуға болады.


Қуықтың қабынуы

Қуықтың қабынуы несеп шығару кезінде ауыру сезімдерімен, дәретханаға жиі отыру, органды толық босатпау секілді сезімдермен қатар жүреді. Ауру шыңына жеткенде науқастың денесі дірілдеп, тәбеті жоғалады, жаурайды. Жіті фазада қуық қабынуы жеке және қоғамдық өмірге теріс әсер етеді.

Ерте көктемде аурудың асқынуы иммундық жүйе жұмысының төмендеуіне байланысты жиі суық тию нәтижесі болып табылады. Бұған дәрумен жеткіліксіздігі, шаршау, үйде және жұмыс кезіндегі күйзеліс, несеп-тас ауруларының асқынуы және пиелонефриттің әсер етуі мүмкін.

Көктемде аурудың қайталану ықтималдығының алдын-алу шараларын елеулі түрде азайтады, яғни ағзаның қорғанысын нығайтуға көмектеседі. Бұған дәрумендік-минералды кешендерді қабылдау арқылы қол жеткізуге болады. Ламифарэн дәрумен жетіспеушілігіне кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен қатар барлық ішкі ағзалардың жұмысын жақсартады. Қуық қабынуының созылмалы түрінде кешенді пайдалану:

Микробқа қарсы әсері бар, яғни қуық қабырғаларын патогендік микроағзалардың әсерінен қорғайды;

Жергілікті иммунитетті жақсартатын қарсыденелердің өндірісін ынталандырады;

Қуық қуысында несептің тұрып қалуына жол бермей, зәр шығаруды қалыпқа келтіреді;

Шырышты қабаттардың қалпына келуіне ықпал етеді.

Қуық қабынуының беті бері қарағанда гельді қабылдау көктемдегі аурулардың дендеуіне кедергі болады. Кешенді қабынудың асқынуы кезінде де қолдануға болады. Бұл жағдайда ол жазылуды жеделдетеді, дәрілік заттардың әсерін арттырады және олардың ішкі ағзаларға тигізетін улы әсерін жояды.


 Гипертониялық ауру

Гипертония – 140 мм рт. ст. -ден жоғары қысымның ұлғаюымен сипатталатын патология. Аурудың себептері көбінесе қан тамырларының қабырғаларында атеросклероздық түйіндерінің тұрып қалуымен байланысты. Қысымның жоғарылауы күйзеліс, гормоналды теңгерімсіздік, гиподинамия, тамырлардың тарылуы және атмосферада қысымның төмендеуі салдарынан болуы мүмкін.

Артериялық қысымның жоғарылауы бас ауруына, бас айналуына, аритмияға, жүректегі ауырсынуға, жүрек айнуына, ашушаңдыққа, ұйқының бұзылуына әкеледі. Созылмалы шаршау белгілерінің дамуы және көру қызметінің нашарлауы мүмкін, бірақ патологияның ең қауіпті зардаптары – инсульт пен инфаркт болып табылады.

Гипертонияны болдырмау үшін жаман әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салты, теңдестірілген тамақтану, дәрігердің тағайындаған дәрі-дәрмектерін қабылдау, қалыпты жаттығулармен айналысу көмектеседі. Созылмалы аурудың шиеленісуінің тиімді алдын алуға Ламифарэн кешенінің дәрумендерін қабылдау арқылы қол жеткізеді. Оның ықпалымен келесі өзгерістер орын алады:

Қан тамырлары қабырғалары бірте-бірте атеросклероздық түйіндерден тазартылады, қан айналымы жақсарады;

Уыттар мен қалдықтар ​​жойылады;

Жүйке жүйесінің жұмысы тұрақтанады, нәтижесінде ағза психикалық жағдайлардың зиянды әсерінен құтылады;

Ұйқы және көңіл-күй қалыпқа келеді.

Ламифарэнді ақпан-наурыз айларында ішуді бастау керек. Бұл жағдайда күн жылына бастасымен қысымның маусымдық өсу ықтималдығы барынша азайтылады.


Тыныс алу жүйелерінің созылмалы аурулары

Көктемде созылмалы фарингит, тонзилит, гайморит және бронхит секілді аурулармен  ауыратын ересектер мен балаларда тыныс алу жүйелерінің аурулары жиі кездеседі. Ең алдымен, бұл белгілердің қайталануы иммунитеттің төмендеуімен түсіндіріледі, ол, өз кезегінде, гипотермия, дәрумен жетіспеушілігі, қыста күн сәулесінің болмауы салдарынан болуы мүмкін.

Фарингит пен тонзиллитке шалдығу тамақтағы ауырсыну мен қышу, қатты әлсіреу, тамақта бөгде нәрсе тұрған секілді белгілер арқылы көрінеді. Бронхит кезінде қатты жөтел, интоксикация белгілері болады. Тыныс алу жүйесіндегі қабыну дене қызуының жоғарылауына, қатты терлеуге және жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Созылмалы гайморитте, мұрынның бітелуі, мұрнынан су ағу және бастың ауыруы мазалайды.

Ламифарэнді қолдану көктем мезгілінде осы аурулардың өршуіне жол бермейді. Гель бір дегенде бірнеше әсер береді:

Ағзаның қорғаныс қызметтерін арттырады;

Алмасу әрекеттерін қалыпқа келтіреді;

Жұтқыншақтың шырышты қабаттарындағы жергілікті иммунитетті арттырады, бұл сыртқы тыныс алу жүйесіне кіретін бактериялар мен вирустардың ықтималдығын төмендетеді;

Қақырықты сұйылтып, оның тыныс алу жолынан шығуын жеңілдетуге ықпал етеді;

Қабынуды жеңілдетеді.


Артрит және артроз

Күн жылынысымен сүйек-бұлшықет жүйесінің деградациялық-қабыну аурулары жиі орын алады. Артроз бен артриттің белгілеріне буындардағы ауырсыну, олардың ісінуі, қозғалыстың шектелуі, жергілікті және жалпы дене қызуының көтерілуі жатады.

Буын ауруларының профилактикасы ретінде пайдаланылатын Ламифарэн:

уытсыздандырғыш әсеріне ие — ағзадан уыттар мен бос радикалдарды жояды;

Ұлпалардағы микроциркуляцияны жақсартады;

Буындардағы алмасу әрекеттерін қалыпқа келтіреді;

Қабынуды басады;

Буындардың бүлінуін болдырмайды

Буын ұлпаларының беріктігін арттыратын микроэлемент кальцийдің орнын толтырады.

Артрит және артрозы бар науқастарғатұрақты қабылдап отыру үшін бірнеше препарат тағайындалады. Оларды Ламифарэнмен бірге пайдалану дәрі-дәрмектердің терапевтік белсенділігін арттырады, нәтижесінде олар дәрі мөлшерін бірте-бірте азайтуға көмектеседі.


Герпес вирусы

Герпес инфекциясы – бұл ағзаның герпес вирусын жұқтыруына байланысты орын алатын ауру. Бұл вирустан құтылу мүмкін емес, бірақ иммундық жүйенің қалыпты жұмысы кезінде инфекция мүлде қозбайды. Көктемде герпестің пайда болуы қашанда әлсіз иммунитетке байланысты. Сондықтан, ауру белгілері пайда болмас үшін, қыс мезгілінен бастап қорғаныс күштерінің нығаюына назар аудару керек. Мұны істеу үшін дұрыс тамақтану керек, көп дәрумендік кешендерді алу, алмасу реакцияларын жақсарту қажет. Осы міндеттердің бәрін Ламифарэн оңай атқара алады.

Герпес инфекциясы кезінде гельді қабылдау мынадай әсерлер береді:

Ағза дәрумендер  мен микроэлементтердің қажетті мөлшерін алады;

Патогендік микроағзалар әсеріне ұлпалардың сезімталдығы төмендейді;

Терінің, шырышты қабықтың және бүкіл ағзаның алмасу әрекеттері жоғарылайды;

Иммундық жүйе органдарының қызметі қалыпқа келтіріледі.

Ламифарэн инфекцияның асқынуына алып келуі мүмкін мөлшердің көбейіп кетуіне жол бермей, вирусты қауіпсіз түрде бөгеп тастайды.

Емдеу-профилактикалық өнімі Ламифарэн іс жүзінде ешқандай қарсы көрсетілімдерге ие емес. Кешенді қабылдау тәуелділікті және қолайсыз реакцияларды тудырмайды, ал гельді үнемі курспен пайдалану созылмалы аурулармен толықтай күресуге немесе олардың өршу жиілігін едәуір азайтуға мүмкіндік беретін иммундық жүйенің жұмысын кеңейтіп, кең таралған патологиядан қорғайды.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp