Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!

Денсаулық – адамдардың басым көпшілігінің басты құндылығы. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері байқала салысымен дәрігерге қаралу керек. Бірақ, әртүрлі ауруларды алдын алу туралы да есте шығармаған өте маңызды. Бұл терминнің грек тілінен аударғанда “сақтандыратын” деген мағына беретіні бекер емес, осындай алдын алу әдістерімен біз ағзамызды пайда болуы мүмкін дерттен қорғаймыз. Ауырып, емделудің әртүрлі техникаларының көмегімен ем іздегенше, ауруды алдын алған әлдеқайда тиімді әрі жеңіл.

Алдын алу немесе емделу?

Өкінішке қарай, көпшілігіміз жоғалтқан кезде ғана бағалауға үйреніп кеткенбіз. Және де бұл бірінші кезекте денсаулыққа да қатысты.

Тамағымыз жыбырласа – ештеңе етпес, жолжелкеннен жасалған кәмпитті жей салсам, бәрі де жақсы болады.

Тоқсандық есеп беру жақындап қалды, демек 3 апта күйзеліспен өмір сүре тұрам, ештеңесі жоқ, содан соң қатарынан 3 күн демалыс болады, сол кезде ұйқымды қандырып аламын. 

Ертең досымның туған күні, ағамның туған күні – арғы күні, әйелімдікі – сенбі күні. Алкогольді сусындарды көп ішемін. Ештеңе етпейді, ең бастысы жұмысқа жақсы түрмен барсам болды.

Жүрегім шаншып кетті. Ештеңе етпейді, менің түпнегізім, тұқымқуалаушылығым өте жақсы, отбасымызда “жүрегі ауыратындар” ешқашан болмаған.

Осыған ұқсас сөздерді өмірімізде бір рет болсын өзіміз туралы әрқайсымыз айттық деп ойлаймын. Ал содан кейін кенеттен сергектігіміз жоғалып, таңертең тұруға күшіміз біртіндеп азайғанын, ал созылмалы аурулар, инфекциялар мен көз астының қараюы біздің айнымас серігімізге айналғанын түсінеміз.

Неліктен мұндай жағдай орын алады?

Денсаулық – нәзік дүние, кей кезде біз оны өзіміз бұзып жатқанымызды да білмейміз. Денсаулықты нашарлатудың себептері өте көп болуы да мүмкін:

Салауатты өмір салтын ұстанбау. Ұйқының жиі қанбауы, дұрыс тамақтанбау, артық тамақтануға бейімділік, физикалық белсенді өмірдің жеткіліксіздігі – мұның барлығы жақсы көңіл-күйімізді жойып, иммунитеттің түсуін өршіте отырып, біздің ағзамызды тез қартайтады.

Зиянды әрекеттер. Темекі шегу, алкогольді және құрамында кофейні бар сусындарды салынып ішу бізді әртүрлі инфекцияларға өте сезімтал ете отырып, денсаулығымызға өте жағымсыз әсер етеді.

Дұрыс тамақтанбау. Су ішу теңгерімін сақтамау, тамақты үйлесімсіз ішу, күн сайынғы рационда майлы, тәтті, хош иісті өнімдердің, азықтардың артуы, жемістер мен көкөністерден алынатын дәрумендердің жетіспеушілігі – мұның барлығы өмірімізді қысқартып, жауап ретінде созылмалы аурулар мен вирустарды тартады.

Үнемі күйзелісте болу. Олар тек депрессияның пайда болуын өршітіп қана қоймай, біздің денсаулығымызды зиянды әрекеттерден бетер бұзады.

Денеге түсетін ауырлық күштердің болмауы. Біздің бұлшықетіміз босаңси бастайды, денеде артық май жиналады, ентігу де сіздің сенімді серігіңізге айналады. Күнделікті спортпен айналысу туралы ешкім сөз қозғамайды да, бірақ аптасына екі-үш рет спортзалға немесе йога және пилатес үйірмелеріне бару керек.

Аз қозғалатын өмір салты. Жоғарыда айтылған пунктпен тығыз байланысты. Дәрігерлер бір сағат сайын жұмыс орнынан тұрып, «отырып қалмауы» үшін денемізге 3-5 минут арнап, тұрып, серпілу керек деп кеңес береді.

Жағымсыз климат. Егер де жоғарыда айтылып өткен денсаулықты нашарлатудың себептерімен мықты күш-жігеріміз болса, күресе аламыз, ал климаты жағымды болатын өзге мемлекетке көшуге кез келген адамның мүмкіндігі бола бермейді.

Мұнымен қалай күресуге болады?

Мақаланың басында ағзаға алдын алу құралдары мен шараларының сауықтыратын әсері туралы сөз қозғалды. Солардың ішінде мынадай әдістер:

Үйлестірілген, дұрыс тамақтану. Күнделікті тамақтану рационында көкөністер мен жемістердің, астық тұқымдас өнімдерінің өзге де пайдалы азық-түліктердің жеткілікті мөлшерде болуы. Ботқаларды, буға піскен ет пен балықтарды жеу, кофе және алкоголь өнімдерін ішуден бас тарту – мұның барлығы сіздің өміріңізді әлдеқайда жақсартады, өйткені сіз өзіңізді керемет сезінетін боласыз.

Темекі шегуден, наша қабылдау мен алкогольді сусындарды ішуден бас тарту. Әрине, аптасына бір рет құрғақ қызыл шараптың бір бокалын ішу зиян келтірмей ғана қоймай, қантүзіліміне жақсы көмектеседі. Міне осыны ғана қоспай-ақ қоюға болады.

Позитивті және жағымды өмірлік ойлау. “Қайырымды, жақсы” кітаптарды оқыңыздар, теледидардан түрлі бағдарламаларды көруден бас тартыңыз, сүйікті ісіңізбен, хоббиіңізбен айналысуға уақыт бөліңіз, велосипед тебіңіз – мұның барлығы күйзеліс деген түсінікті ұмыттыруға көмектеседі.

Жұмыста отырған кезде әр сағат сайын орныңыздан тұру және аяқ-қолдарға, мойын, арқаға жаттығу жасап тұру керек екенін ұмытпаңыз.

Спортзалға жазылыңыз. Ауырды көтергіңіз және жүгіргіңіз келмесе, онда биге барыңыз. Әр сеанс сайын босаңсып, өзіңізбен үндестікте, үйлесімділікте болғыңыз келсе, йогаға, суды жақсы көрсеңіз, бассейнге барыңыз. Бастысы сіздің денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, бақытты ететін, жан тыныштығын беретін спорттық бағытты таңдау.

 Дәрумендер мен емдік-профилактикалық кешендерді қабылдаңыз. Солардың ішіндегі қоңыр теңіз балдырларынан (Ангустат Ламинариясы) жасалған,  жасушалық деңгейде әсер ететін Ламифарэн өнімін атап өтуге болады. Оның құрамында өте көп мөлшерде макро- және микроэлементтер (солардың ішінде йод, мырыш, селен, кальций, темір), полисахаридтер бар.  

Бұл кешен қамтамасыз етеді:

жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу және алдын алуды, әсіресе ауру әлі өршімеген кезде. Мұндай әсерді фукоидан және ламинарин полисахаридтері қамтмасыз етеді;

олар қатерлі ісік жасушаларын, сонымен бірге дерттің соңғы кезеңіндегі метастаздарды жоюға көмектеседі;

фукоидан – бұл иммундық түзеткіштер, яғни иммунитеттің түсуімен, сонымен бірге әртүрлі аурулармен, вирустармен күреседі.

ол сондай-ақ зат алмасу процесін реттейді, заттардың ақуыз, көмірсу және май алмасуын жақсартады;

ангустат ламинариясының құрамындағы альгин қышқылы жоғары молекулалы полисахаридтер сияқты қансырауды тоқтатуға, асқазан сөлінің жоғары қышқылдығын азайтуға, асқазан және ішек жараларының жазылуына жақсы әсер етуге көмектеседі;

сондай-ақ Ламифарэн құрамындағы альгинаттар дисбактериозды емдеуге және ішектердің әлсіз толқи жиырылуын күшейтуге көмектеседі;

оларды жатыр мойнының жарасы мен пародондитті емдеуде қолданады;  

олар әлсіз иммунитетті қалпына келтіруге және көтеруге жақсы көмектеседі;

Ламифарэн – бұл ағзадағы уытты заттарды жылдам шығаратын энтеросорбент;

Ол атеросклероздық түйіншектердің, жоғары қан қысымының, қант диабетінің, қалқанша безі, АІЖ, инфекциялық аурулар, соның ішінде созылмалы, тіпті тері аурулары мәселелерінің дамуына, пайда болуына жол бермейді.

Қорытынды

Денсаулықты жас кезден күту керек! Дегенмен, дер кезінде осыны түсінбесек те, түсінген кезде жағымсыз әсерлер орын алып қойып жатады. Сондықтан дерттің дамуына жол ауруды алдын алу, сақтандыру әрекеттері туралы да ұмытпау керек. Айтып өткеніміздей, көп қимылдап, күйзеліске түсуге жол бермей, жағымды, жақсы ауызбірлікте, күйде болу керек. Сондай-ақ жақсы әрі пайдалы тамақтанып, дәрумендер мен емдік-профилактикалық кешендерді қабылдауды естен шығармаған жөн. Осылайша, Ламифарэн өзіңізді жақсы сезінуге, АІЖ, жүрек мәселелері немесе дұрыс емес зат алмасу туралы бас қатырмауға, ойламауға көмектеседі.

Келтірілген кеңестерге құлақ түріп, орындайтын болсаңыз, өзіңізді физикалық та, моральді тұрғыдан да барынша жақсы сезінетін боласыз. Өйткені ауырып қалу қатері туындамайтын болады, күйзеліс, үнемі шаршағыштық және күш-жігердің жоғалуы ұмыт болады. Денсаулығыңыз мықты болсын!  

Біздің мақсатымыз – Сіздің денсаулығыңыздың мықты болуы және ұзақ ғұмыр жасауыңыз!

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp