Артериялық қысымның жоғарылауы және оның денсаулыққа төндірер қаупі

Ағзадағы қан айналымы үш негізгі қызмет атқарады: ұлпалардың қоректенуін, олардың тыныс алуын және көмірқышқыл газын жоюды қамтамасыз етеді, – сондықтан адам өмірі қантамырларының бойымен тоқтаусыз жүріп жатқан қан тоқтағанша жалғасады. Осы жағдайды қамтамасыз ету үшін жүрек-қантамыр жүйесі жекелей алғанда, артериялық қысымды қалыпта ұстап тұрады. 

Артериалық қысымның нормасы

Жоғарғы және төменгі қысымның ең дұрыс арақатынасы сынапты өлшемнің 120/60 миллиметрлік көрсеткішін құрайды, бірақ ол шамамен 130/80 мм.рт.ст. аралығында ауытқуы мүмкін. Бұл жас ерекшелігіне, ауырған ауруларына,  қызмет түріне және адамның эмоционалдық сезімталдығына байланысты.

Қысымның топтастырылуы

Шектен асып кеткен қысым қауіпті болып саналады және екі түрге бөлінеді.

Төмен қысым

Дәрігерлер оны гипотония деп атайды, бұл қантамырлар тонусының төмен болуымен түсіндіріледі – ол атауының өзінен көрініп тұр. Қантамырлар тонусының әлсіз болуы оның өту жолдарының айтарлықтай кеңеюіне әкеліп соғады, сол себепті қан зорға ағады. Ұлпалардың ашығуын жою үшін, артериялық қысымды жоғарылатуды білу керек.

Жоғары қысым

Мұндай жағдай гипертония деп аталады, бұл қантамырларының тонусы жоғары дегенді білдіреді және қантамырларының жолдары қысылып қалады. Бұндай жағдай қан қысымының жоғарылауына алып келеді. “Гипертензия”және“гипертония”терминдерінің еш айырмашылығы жоқ, себебі олар синонимдер болып табылады.

Артериялық қысымның жоғарылауының белгілері және оның денсаулыққа төндірер қаупі

Гипертонияның клиникалық көрінісі нақты емес, яғни бұл тек осы ауруға ғана тән дегенді білдірмейді, ол көбіне диагноздағы қателерді тудырады. Бұл жағдайда науқас мұқият тексеруден өтуі және алынған нәтижелер сараптамасын жасауы керек.

Қысымның жоғарылауы

Жүйелі түрде 130/80/мм.рт.ст., шегінен асқан көрсеткіштер гипертонияның бар екенін білдіреді. Артериялық қысымның бір рет жоғарылауы сізде гипертония бар дегенді білдірмейді, себебі ол физикалық немесе психологиялық жағдайлардың әсерінен көтеріліп кетуі мүмкін.

Шаршау сезімі

Жоғарыда айтылғандай, қан органдар мен ұлпаларға қоректік заттар мен оттегін жеткізіп отырады. Гипертония кезінде қан ағымы жеткіліксіз болады, сондықтан олар ашығып, ағзаны қинала отырып жұмыс істеуге мәжбүрлейді және осы кезде адам шаршағанын сезеді.

Бас аурулары

Бас миы өте сезімтал болып келетін қоректік заттар жеткіліксіздігінен ауру басымдық танытады. Бұдан басқа, ауру белгілері қантамырлардың қысылуы мен түйілуі әсерінен де орын алады.

Жүрек ауруы

Бұл белгі де жоғарыдағы себептерден туындайды, сондай-ақ жүректің физикалық жұмысы шамадан тыс болғанда  орын алады. Жүрек ауруы пайда болса, оны мұқият тексеру қажет, себебі ол стенокардияның дамуына әкелуі мүмкін.

Бас ішілік қысым

Ағзада артериялардан басқа оттегі тасымалдайтын қанды жүрекке қайта қайтаратын тамырлар да бар. Бас миының тамырларының жұмысы дұрыс болмаған жағдайда қан тоқтап қалып, осылайша бас ішілік қысымның жоғарылауы, яғни бас ішілік гипертензия орын алады. Мұндай кездері ауыру сезімі бастың желке жағында болады, солқылдатып ауырады, ал науқастың беті  ісіңкіреп тұрады, көзінің алды көлкілдеп кетеді.

Ер адамдар мен нәзік жандылардың қысымының жоғары болу белгілерінің бірдей болатынын ескере кету керек.

Төменгі қысымның жоғарылауының себептері

Ең алдымен жоғарғы  және төменгі қысым дегеннің не екенін түсініп алайық. Үстіңгі сан жүрек жиырылуы кезінде туындайтын систолалық қысым, төменгі сан – диастолалық қысым – жүрек бұлшықетінің босаңсу кезіндегі көрсеткіші болып табылады.

Тек диастолалық қысым көтеріліп кететін жағдайлар жиі болады. Бұндай жағдайларда науқастар бұны қалыпты деп санап, дәрігерге баруға асықпайды. Ал шын мәнінде олар қатерге бас тігіп отыр, себебі бұл жағдай патологиялық әрекеттерді білдіреді және ағзадағы қызметтер бұзылады.

Қантамырларының иілгіштігін жоғалтуы. Әдетте бұл жас ұлғайғанда немесе қантамырлар қабырғаларының қабынуы кезінде болады.

Жүйкеге көп салмақ түскенде ол құрысып тұрады.

Жүрек бұлшықетінің жеткіліксіз босаңсуы. Аталған жағдай жүректен электр өткізгіштік бұзылуымен түсіндіріледі.

Жүрек-қантамыр жүйелеріне күш түсу. Әдетте мұның себебі ұзақ уақыт бойы ауыр физикалық жұмыс істеу болып табылады.

Рининнің шамадан тыс бөлінуіне әкеліп соқтыратын бүйрек аурулары. Бұл гормон қантамырларының түйілуі мен қысылуына әкеледі.

Қалқанша безінің патологиялары. Оның гормондарының шамадан тыс болуы симпатикалық жүйке жүйесін белсенді етеді, жекелей алғанда, қантамырларының қызметін нашарлатады. 

Атеросклероз– қантамырларында холестерин түйіршіктерінің пайда болатын кезі. Олар тығынның рөлін атқарады, толықтай немесе жекелей саңылауларды бітейді, бұл қанның жылжуына мүмкіндік бермейді немесе қиындатады.

Диастолалық қысымды қалыпқа келтіру үшін оның жоғарылауының нақты себебін анықтау керек. Қарсы жағдайда ол күрт жоғарылап кетуі мүмкін.

Мүмкін болатын асқынулар

Гипертонияның қауіпті екені туралы мәселе әр науқас үшін түсінікті болуы керек: бұл сырқаттың асқынуы өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Гипертония кезінде мүгедектік алғашқы орындардың бірін алады.

Гипертониялық асқыну

Бұл гипертонияның ең жиі орын алатын асқынулары: артериялық қысымның 250/150 мм.рт.ст. мәніне дейін күрт өсуі. Бұндай жағдай өмірге қауіпті және шұғыл медициналық араласуды талап етеді. 

Осындай жағдай туындаған кезде адам ауыр халде болады, бұған мынадай белгілер тән:

Тамыр соғуының жоғарылауы;

Құсу, лоқсу;

Қатты бас ауруы;

Көздің алдынан қара немесе жарық нүктелердің өтуі;

Бастың айналуы;

Қорқыныш;

Қатты суық тер шығуы.

Кей жағдайларда гипертониялық асқынуы өз бетімен ақырындап басылады, алайда көбіне аурухананың стационарында ғана емделеді, себебі жоғарғы қысым сауатты емді қажет етеді. Сонымен қатар, науқас гипертониялық асқынудың гипертонияның кез келген сатысында пайда болатынын біліп жүруі керек.

Миокард инфаркті

Артериялар холестерин түйіндеріне толып қалып, қан ұйып қалса, көбінесе қантамырлар жарылып кетеді, сонымен қатар жүрек бұлшықетінің белгілі бір бөлігі семіп қалады. Бұның салдары өте қауіпті, тіпті өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Инфаркт мынадай белгілер арқылы білінеді:

кеуденің қатты ауыруы, оның сол жақ болуы міндетті емес;

аурудың қолға немесе жаққа берілуі, ол көбіне әйел адамдарда кездеседі;

жүрек соғысының әлсіреуі;

қорқыныш;

бастың айналуы;

қатты терлеу;

әлсіздік;

құсу, лоқсу.

Мұндай жағдай орын алса, міндетті түрде «Жедел жәрдем» шақыру қажет.

Инсульт

Миды қанмен қамтамасыз етудің бұзылуы оның холестерин түйіндерімен бекітілуінен немесе қанның ұйып қалуынан, сондай-ақ артериялық қысымның күрт жоғарылауынан болады. Кейбір жағдайларда қантамырының жарылуы орын алады, ал кейде ауру оны айналып өтіп кетеді, бірақ әрдайым қан ағымының бұзылуы нәтижесінде туындаған оттегі жетіспеушілігінен мидың бір бөлігі зардап шегеді.

Көбінесе мидың бұл бөлігі өз қызметтерін орындай алмай қалады, мысалы, көру немесе қозғалу қызметтері шектеліп, адам мүгедек болып қалады. Бұдан шығатын жол таппаған жағдайларда ми толығымен өледі.

Инсульттің белгілері:

қатты бас ауруы;

бастың айналуы;

жүректің айнуы, құсу;

естен тану.

Емдеу тәсілдері

Медицина құралдардың керемет түрлеріне ие. Гипертонияның себебін дұрыс анықтау маңызды: бұл сізге дұрыс емдеуді тағайындауға және оны жоюға мүмкіндік береді. Бұл ауруды емдеу дәрі-дәрмекті немесе халықтық емдеуді өз бетінше таңдау керек дегенді білдірмейді, себебі ол сіздің денсаулығыңызға ғана емес, сонымен бірге өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Бұндай жағдайда терапияның тағайындалуы – жалпы тәжірибелі дәрігердің немесе кардиологтың жұмысы.

Дәрімен емдеу

Дәрі-дәрмектерді таңдау гипертонияның себебіне байланысты. Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезінде кардиолог бірнеше дәрі тағайындайды.

Түйілуді басатын дәрілер. Бұл препараттар қантамырларының түйілуін жеңілдетеді, олардың жолдарын кеңейтеді.

Несеп айдайтын дәрілер. Несеп шығаратын дәрілер артериялық қысымның жоғарылауына себепкер болатын артық суды ағзадан шығаруға көмектеседі.

 ААФ тежеуіштері. Бұл заттар да қысымды төмендете отырып, қантамырлар жолының кеңеюіне әкеледі.

Бета-адреноблокаторлар. Препараттар қантамырлардың күрт қысылуы мен қантамырларының түйілуін тудыратын адреналин, күйзеліс гормоны секілді сәйкес рецепторлардың сезімталдығын жоюға ықпал етеді.

Бүйрек аурулары

Емдеуді нефролог дәрігер тағайындайды. Ол антибиотиктер мен қабынуға қарсы дәрілер береді, себебі рининнің шамадан тыс бөлініп шығуы, қабынудың бер екенін білдіреді. Мұндай жағдайда бүйрек гипертониясы арнайы шаралар қабылдауды талап етеді, жекелей алғанда, қысымыңыз жоғары болса тамақ үлесіне ашты және тұзды азық-түліктерді қосуға болмайды.

Атеросклероз

Бұл жағдайда ауруды басатын дәрілер тағайындалады. Препарттар ағзадағы холестерин деңгейін бақылауға көмектеседі. Оған емдік тамақтануға қосымша болуы тиіс: гипертония кезінде майлы тамақтан бас тарту маңызды. 

Дұрыс таңдалған емдеу гипертония кезінде мүгедектікке шалдығудан қорғайды.

Халықтық дәрілер

Ескі орыс «Шөп қайнатпаларында» гипертония кезінде көмектесетін көптеген тұнбалар, қайнатпалар, ұнтақтар, жақпа майлар және компрессорлардың көптеген түрлері бар. Қысым аздап қана көтерілетін аурудың алғашқы кезеңінде мұның жақсы екенін есте сақтау маңызды. Басқа жағдайларда, олардың әсері жеткілікті тиімді емес, және шөптерді ғана пайдалану тек ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Сондықтан да, дәстүрлі медицина қосалқы терапия ретінде пайдаланылады. Оларды қолдану үшін дәрігермен кеңесу керек екенін есте сақтау маңызды: ол қарсы көрсеткіштерді анықтайды және ескереді, дәрі-дәрмекпен өзара әрекеттесу мәселелерін шешеді және қабылдау ұзақтығын анықтайды.

Бірінші дәрежедегі гипертензияны емдеудің қарапайым әдістері төменде келтірілген. Олардың  күші керемет емес, әсері әлсіз білінеді, сондықтан ұзақ уақыт өтсе, гипертониялық науқас жақсы нәтиже алады.

Тау жалбызының тұнбалары

Дәріханадан алынған заттың бес тамшысын суық суға қосады. Үш ай бойы күніне үш рет қолданады.

Қылша ванналары

Бірнеше қылшаны алып, бір литр қайнаған су құйып, бір сағатқа қойып қояды, су толтырылған жылы суға осы қайнатпаны қосу керек. Ваннаны 15 минут қабылдаңыз, толықтай денеңізді  босаңсытыңыз, содан кейін жылы киім киіп, ағзаңызға қаншалықты қажет болса, сонша уақыт жатып демалыңыз.

Екі қайнатпа да жүйке жүйесінің босаңсуына, қан тамырларының кеңеюіне және соның салдарынан қан қысымының төмендеуіне көмектеседі. Олар қалыпты қысым кезіндегі қатты жүрек соғысын тұрақтандыруға көмектеседі.

Олардың көмегімен гипертонияның алдын алуға болады.

Төменгі қысымның жоғарылауы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

Мұндай жағдайда жоғары қысымды қалай түсіру керек деген мәселе науқастың осыған дейін ем қабылдағанына байланысты. Бұдан да басқа, жоғары қысым кезінде үй жағдайында алғашқы көмек көрсету элементтері диагнозға байланысты.

Бірінші жағдайда, дәрігер тағайындаған препаратты кішкене көп мөлшерде қабылдау керек, екінші жағдайда «Жедел жәрдем» шақыру қажет. Жоғары артериялық қысымды түсіруге арналған дәрілік затты өз бетінше таңдау, кейде ауыр жағдайларға соқтыруы мүмкін:

қарсы көрсетілімдері болады;

мөлшерін дұрыс анықтамай қателесуіңіз мүмкін;

Науқастар қабылдайтын дәрілік заттармен жағымсыз өзара әрекеттесу де болады. өкпе гипертензиясы болса, бұл өте қауіпті болып саналады.

Диагностика

Дұрыс ем тағайындау үшін, дәрігер тура диагноз қоя білуі керек. Кейбір кездері науқастар жоғары артериялық қысымнан біржола арыла алады, өйткені ол аурудың негізгі себептерін жояды, ал кей кездері дәрілік заттарды үнемі қабылдау қажет болады.

ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ

Артериялық қысым мониторингі

Гипертония туралы айтпас бұрын, артериялық қысымның бірден емес, жүйелі түрде көтеріліп кететініне көз жеткізу керек. Бұл үшін күніне үш рет қысымды өлшеп, «Бақылау күнделігін» ашып қою керек. Оның әр беті мына жазбаларды жазуға арналған бөліктерге бөлінуі керек:

Күні және уақыты;

Артериялық қысым көрсеткіштері;

Жүрек жиырылуы жиілігінің көрсеткіштері;

Жағдайыңызды сипаттау;

Оның себептерін жазу;

Қолданылған шараларды жазу, мысалы, дәрілердің мөлшерін көрсету, тыныс алу гимнастикасы туралы жазып қою;

Нәтиже.

Осындай жазбаларды түртіп қою тура диагноз қоюға көмектеседі.

Электрокардиограмма

Қарапайым электрокардиограмма

Бәріне таныс, қарапайым зерттеу. Жалғыз кемшілігі – зерттеудің аз ғана уақытқа созылуы. Белгілі бір патологиялар кезінде, мысалы, жүрек соғысының жиілігі бұзылғанда, олар анықталмай қалады.

Холтер бойынша тәуліктік мониторинг жасау

Бұл кезде науқас өзімен бірге кішкентай құрал алып жүреді: ол тұрақты түрде электрлік кардиограмманы түсіріп тұрады, сонымен қатар қысым мен жүрек жиырылуының жиілігін өлшеп тұрады. Бұл жүрек-бұлшықет жүйесі жұмысының, соның ішінде жаяу жүру, баспалдаққа шығу және жүгіру кезінде де  толық көрінісін алуға көмектеседі.

Жүрек УДЗ

Зерттеу кезінде дәрігер жүректің құрылымдық ауытқуын, мысалы, қақпақшаның патологиясын көреді, сонымен бірге қан айналымының тиімділігін анықтайды.

Омыртқа артерияларының УДЗ

Бұл зерттеу бас ішілік гипертензия орын алғанда жасалады. Осы кезде дәрігер омыртқаның мойын бөлігіндегі артерияның жағдайын бағалайды, себебі оның өзгеруі аталған жағдайдың дамуының алғашқы себептерінің бірі болып табылады.

Құрсақ қуысын УДЗ

Зерттеу көмегімен порталды гипертензия анықталады. Оны жасар алдында белгілі бір диетаны сақтау қажет болады. Порталды гипертензия көкбауыр мен бауырдың үлкеюі кезінде пайда болады, бұл ауыр сырқаттардың дамуына әкеледі және бұл кезде қажетті шаралар қолдану керек, міне сонда порталды гипертензияны емдеу автоматты түрде болады.

Бүйректі УДЗ

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бүйрек гипертензиясы рининнің шамадан тыс өндірілуінен болады. Дұрыс диагноз қою үшін бүйректі зерттеу міндетті болып табылады.

Спирометрия

Бұл зерттеу түрі өкпе мен бронхтардың жағдайын анықтауға көмектеседі, ол науқаста өкпе гипертензиясы дамып келе жатқанда маңызды орын алады.

ТЕКСЕРУДІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ

Жалпы қан талдауы

Ең алдымен дәрігерді қан тұтқырлығы қызықтырады, сол себепті ол ең алдымен гемоглобиннің, эритроциттердің және тромбоциттер деңгейіне назар аударады. Сонымен қатар, ағзада қабыну әрекеттерінің орын алғанын білдіретін көрсеткіштер маңызды орынға ие.  

Биохимиялық қан талдауы

Холестерин деңгейіне көңіл аудару маңызды, себебі атеросклероздық түйіндер содан пайда болады, олар қанның ұйып қалуына әкеледі.

Бұл талдауда бүйректердің жұмысы да маңызды болып табылады, себебі кез келген ауытқушылық бірден көрінеді.

Ламифарэнмен бірге профилактика жасау

Қазіргі уақытта өте көп препараттар бар, сол себепті дұрыс таңдау жасау маңызды. Олардың ішіндегі ең тиімділері, құрамында табиғи құрамдас бөліктер барлары. Мұндай өнім Ламифарэн болып табылады. Ол гель түрінде шығарылады және Охот теңізінде өте көп болатын теңіз балдырларын өндіру арқылы алынады. Жердің бұл бөлігінің флорасы мен фаунасы керемет, себебі ол жерде ең алғаш пайда болған қасиеттер сақталған, сондықтан оны көптеген аурулардың, соның ішінде гипертонияның алдын алуда қолданады.

Препарат  құрамына альгин қышқылы, ламинаран және фукоидан секілді полисахаридтер кіреді. Олардың беретін әсерлері төмендегідей:

Қантамырларды атеросклероздық түйіндерден қорғау;

холестерин деңгейін төмендету;

Улы заттарды сорып алу және сыртқа шығару;

Ағзаны микроэлементтермен, соның ішінде селенмен, калиймен, фтормен, йодпен және мырышпен қанықтыру.

Ламифарэн қолжетімді, қауіпсіз және тиімді, сол себепті гипертония профилактикасы табысты болады. Жасанды синтезделген препараттарды табиғи заттармен алмастыру мүмкіндігі қашанда керемет нәтижелер береді.

Сонымен, гипертония емдеуге болатын сырқат екенін білдік, сол себепті әрбір гипертоник біраз еңбектенуі керек. Ол толыққанды керемет өмір сыйлайды.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp