Аллергиямен күресуге арналған 20 кеңес

Дәрігерлер өсімдіктердің тозаңынан пайда болатын аллергия қандай болатынын, нені қамтитынын, оны қалай емдеу керек екенін, аллергологке қаралу қанша тұратынын, аурудың белгілері байқалған кезде қандай әрекет жасау керек екенін толық түсіндіріп береді. Көктем аллергия мазалайтын адамдардан басқа барлық адамға ең тамаша шақ болып саналады. Көктеп, гүлдеп келе жатқан бақшалар өзінің алуан түрлі бояуларымен тіпті жылдың осы мезгілінде еріксіз көздерінен жас ағатындардың өзінде қуанышқа бөлейді.

Көктемгі аллергия ұзаққа созылған суықтан кейін күшейе түседі: күннің жылынуымен қатар бір сәтте барлық өсімдіктер гүлдей бастайды. Аллергологтер оның дамуының негізгі себебіне гүлтозаңды жатқызады. мәселе оның өзінде емес, иммундық жүйенің қате реакциясында: ол ағзаға келіп түскен ұшқындарға шабуыл жасай бастайды. 

Оның келіп түсуінен ең бірінші көздің және мұрын жолдарының шырышы зардап шегеді –  табиғатта оның қорғанысы қарастырылмаған. Нәтижесінде еріксіз көз жасының ағуын өршітетін асқынулар, ринит және өзге де аллергиялық реакциялар пайда болады. Асқынуды бір немесе бірнеше өсімдік түрінен пайда болуы мүмкін.

Аллергия туралы кең таралған аңыздар

Тізімге жергілікті тұрғындардың пікірі бойынша ауру пайда болатын негізгі жаңылулар енгізілген.

  1. Теректің мамығы – аллергиялық реакцияның негізгі себебі.

Оның қауіптілігі аллергияны асқындырушыларға жататын ағаштардың тозаңдары мен спораларын тасымалдаудан тұрады. Мұрыннан су ағу және қайта-қайта түшкіре беру сияқты мәселелер туындайды:

бұталы өсімдіктер мен ағаштардан – қандыағаш, жаңғақша, қайың, емен, тал, шаған, талшын, қарағаш, терек;

дәнді өсімдіктер – бетеге, шалғындық атқонақ, қоңырбас, үйбидайық, бидайық, бидай, түлкіқұйрық;

арамшөп – ойраншөп, көкпек, жусан, қалақай, қарасора.

Теректің мамықтары жиі жағымсыз белгілердің қайнаркөзі болады. 

  1. Өсімдіктердің тозаңынан пайда болатын аллергияның асқынуы көктемгі гүлдеу кезінде пайда болады

Аллергияның белгілері көктемгі, күзгі, жазғы кезеңдерде пайда болуы мүмкін және тұрғылықты жерге байланысты. Ауру асқынуының үш шыңы бар:

көктемде (сәуір-мамыр) – ағаштардың тозаңдарының таралуымен байланысты;

жазда (маусым-тамыз) – аллергия дәнді өсімдіктердің гүлдеуіне жауап ретінде пайда болады;

күзде (тамыз-қазан) – белгілері бөлек арамшөптермен өршиді.

Емделушілер ағзаның кері әсер ететін аллергенді өсімдіктердің гүлдеуінің кезеңдерін нақты білуі керек.

  1. Аллергия тұқымқуалаушылықпен беріледі

Генетикалық бейімділік аурудың пайда болуында үлкен рөл атқарады. Оның пайда болу қауіпі отбасында аллергик болған кезде бірнеше есеге артады:

егер анасы да, әкесі де ауырса – балада пайда болу ықтималдығы 70-тен 80%-ға дейін;

жақындарының арасында аллергия болмаған кезде – пайда болу қауіпі 15-20%-ға дейін азаяды.

Соңғы жағдай нашар экологиямен, сапасыз азық-түлік өнімдерімен, консерванттармен, емдік дәрі-дәрмектерді бақылауға алмай қабылдаумен байланысты. Аталмыш факторлар иммундық жүйенің жұмысына жағымсыз әсер етеді.

  1. Ересек адамдарда аллергияның пайда болмайды

Өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияның алғашқы белгілері 5 жастан 20 жасқа дейінгі емделушілерде тіркеледі, алайда ол одан да үлкен жаста көрініс табуы мүмкін. Ауру климаттық жағдайы басқа жаққа көшкен кезде пайда болады. Онда адамның ағзасына таныс емес өсімдіктер аллергияның пайда болуының басты себебі болуы мүмкін. Кейбір науқастар оның пайда болғанына күдіктенбей-ақ ұзақ уақыт бойы мұрыннан су ағумен, тұмаумен, бронк қабынуымен күресіп жүреді. Маусымдық пайда болуы кезінде аллергологке міндетті түрде қаралу керек:

жөтел;

ринит;

мұрынның және көз айналасының қышуы;

көзден жас ағуы;

түшкіру;

тыныс алудың нашарлауы.

Бұл белгілер аллергияның басталып келе жатқанын және оның неден пайда болғанын анықтау керек екенін білдіреді.

  1. Егер түшкіру және көз жасаурауы орын аламаса, онда ол аллергия емес

Стандартты көрініс табудан басқа, оны қоздыруы мүмкін:

ентігу және тыныс алудың қиындауы;

дерматиттер, қалақай безгек;

терінің қышуы, күлдіреуі;

 анафилактиялық шок және Квинке ісігі.

Кейбір кездері циститтің, үрпінің қабынып ауруының, вульвовагиниттің, нефриттің пайда болуына себепші болады. Тозаңға әдеттен реакциялар АІЖ жұмысының бұзыдуына, яғни жүрек айну, құсуға алып келеді.

  1. Аллергия – бұл созылмалы ауру

Аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер аурудың белгілерін басып қана қояды, оның пайда болуының негізгі себептерімен күреспейді. Аллергияны емдеудің жалғыз сенімді тәсіліне АСИТ-ті (аллерген-спецификалық иммунотерапия) жатқызады. курстан өткеннен кейін емделушілерде аурудың асқынуынсыз ұзаққа созылған аурудың бетінің қайтуы байқалады.

  1. Аллергияның зияны жоқ және терапияны қажет етпейді

Ауру аллергологтің бақылауымен емделуді қажет етеді. Өз бетінше емделу көбінесе асқынулардың пайда болуының себепші болады:

қойнаудың қабынуы – мұрын қуысының асқынуы;

жылауықтардың қалыптасуына – мұрын жанындағы қойнауларда.

Аллергия шел ауруларының, тозаңды тыныс демікпесінің пайда болуын өршітеді.

Аллергияның ескерту бойынша кеңестер

Мына кеңестерді орындау арқылы өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияның пайда болуын алдын алып, толыққанды өмір сүруге болады:

  1. Үй жануарларының гигиенасы – көшеге шығып келген мысық немесе ит үйге келгеннен кейін жүндерімен тозаң алып келеді. Мүмкіндігінше оларды өсімдіктердің тозаңынан туындайтын аллергияның белсенді болатын маусымында далаға шығармаған дұрыс.
  2. Жабық терезелер – тозаң түнгі уақытта да ауада таралады, терезенің желкөзін жауып ұйықтау керек.
  3. Психоэмоциялық және ауыр физикалық күштерді жою – олардың иммунитетке жағымсыз әсер ететіні дәлелденген.
  4. Күн сәулесінен қорғайтын көзілдіріктерді қолдану – көздің шырышының тітіркенуін ескертуге көмектеседі.
  5. Ұйықтар алдында жуыну – күнде кешке жақын душқа түсіп, міндетті түрде шашты жуу керек. Бұл күні бойы шашқа жиналған аллергендерді тазалауға көмектеседі. аллергиялық реакциялардың түнгі ұстамалары айтарлықтай азаяды.
  6. Дәрі-дәрмектерді қабылдау, косметикалық заттар мен гомеопатикалық препараттарды қолдану бойынша шектеулер – қолданар алдында құрамын оқып шығып, айқын аллергендердің бар немесе жоғын анықтап алу керек.
  7. Жоспарлы ота жасау, профилактикалық екпе егу уақытын ауыстыру –өсімдік тозаңынан болатын аллергия кезінде орын алады. Емделуші мұндай мәселелер туралы емдейтін дәрігерін алдын ала ескертуі керек.
  8. Еңбек демалысын жоспарлау – басқа климаттық жағдайға, теңіз немесе тауға шығарда таңдаған жердегі өсімдіктердің гүлдейтін уақытын да ескеру керек.
  9. Қатты жабылған терезелер – көлікпен жолға, әсіресе қаланың сыртына шыққанда тозаңның түсуіне жол бермейді.
  10. Үйге келгеннен кейін душқа түсіп, сыртқа киген киімдерді жуу керек. Оларға аурудың белгілерінің пайда болуына алып келетін тозаңдар жиналады.
  11. Өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияға қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау үшін аллергологпен кеңесу керек. Екінші және үшінші буындағы гистаминге қарсы дәрілер іс жүзінде ұйқышылдық тудырмайды және ағзаға ақырындап, ұқыпты әсер етеді.
  12. Мұрын жолдарын жуу – физерітінділер мұрынның бітеліп қалуын азайтады, жиналып қалған шырыш пен аллергендерді тазалайды.
  13. Желді және құрғақ күндері серуенді азайту. Жаңбыр жауғаннан кейін тозаңдар азаяды, далаға шығу қауіпсіздеу болады.
  14. Таза төсек жабдықтарын ғимаратта, үйде кептіру – аллергендердің келіп түсуіне жол бермейді. Кеңеске құлақ аспау киімді немесе төсек жабдықтарын қолдана салысымен өсімдік тозаңынан болатын аллергияның ұстамасының ұстауына алып келеді.
  15. Ауылдық жерлерге баруды азайту – белсенді гүлдеу кезеңінде тозаңдардың концентрациясы қала сыртында ең жоңғары көрсеткішке жетеді. Бақшада, үй жанындағы жерде жұмыс істеуге бұл уақытта қатаң тыйым салынады.
  16. Кондиционер орнату және қолдану – арнайы фильтрден өткізу зиянды бөліктерді ұстап қалады, олардың көлікке немесе пәтерге түсуіне жол бермейді. Тұрақты түрде ылғалды тазалау мен гипоаллергенді фильтрі бар шаңсорғыш аурудың асқыну қауіпін азайтады.

Аллергия кезіндегі кеңестер

Емделуші үнемі өзімен бірге «аллергиялық аурумен ауыратын науқастың төлқұжатын» алып жүруі керек. Ондай төлқұжат поллинозды растаған кезде беріледі. Онда мынадай ақпарат көрсетіледі:

Аты-жөні, тегі;

туған жылы, айы, күні;

аллергияның түрі;

анықталған аллергендердің түрі; 

проводимые мероприятия по снижению контактов с источником болезни.

Төлқұжатта науқасқа жазып берілген дәрі-дәрмектердің тізімі, оларды қабылдау ережелері, анафилаксиялық шокпен күресу алгоритмі көрсетілген. Аурудың асқынулары орын алған кезде аллергологтер арнайы диеталық тамақтарды ішуге кеңес береді:

  1. Дәнді өсімдіктердің шөбіне реакциясы кезінде – тыйым салынатын өнімдер ретінде ұсынылатындар дәндер, ботқалар, кебектер, нан-тоқаш өнімдері, еттен жасалған консервілер, құрғақ тұздық қоспалары, шұжық, табиғи бал және ара шаруашылығы өнімдері, квас, какао, құлпынай, бүлдірген, соя, цитрустар, бұршақтар, жер жаңғақ, қымыздық, жүгері, дәнді фитодәрілер.
  2. Арамшөптерге аллергия кезінде – зиянды өнімдерге мыналар жатады: бал және ара шаруашылығының басқа да өнімдері, күнбағыс майы, күнбағыс дәндері, майонез, қыша, қарбыз, қауын, кәді, баялды, картоп, қызанақ, алкогольды сусындар, дәмдеуіштер, цитрустар, банан, сарымсақ, шпинат, қызылша, сәбіз.
  3. Ағаш тозаңдарына аллергия кезіне – дәндері бар жемістерді, кивиді, табиғи балды, алмұрттарды, дәмдеуіштерді, шарап пен коньякты, қызанақтарды, картоп, пияз, қияр, қайыңның суын ішуге тыйым салынады.

Барлық емделушілерге аллергиктердің күнделігін жүргізу ұсынылады. Онда барлық тағамдар мен олардың құрамын енгізеді. Күнделікке дәрі-дәрмектерді, қабылдағаннан кейінгі ағзаның күйі, емдейтін дәрігерге келу, қаралу кестесі жазылады.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp