Альгинат маскасы ー тері әдемілігін қалай сақтауға және арттыруға болады

Альгинат маскасы —  бұл қымбат тұратын салондар қызметіне жүгінбей-ақ теріні жасартып, оған сау және күтімді әр беретін оңай және қолжетімді әдіс. Косметикалық маскалар нәзік жандылар арасында үлкен сұранысқа ие. Олардың көмегімен теріні ылғалдандыруға, оған жастық сыйлауға және қартаю уақытын біразға дейін кейін қалдыруға  болады.

Маскалардң түрлі пішіндері кездеседі: гель, жақпа және тін түріндегі. Қазіргі кезде альгинат маскалары танымал болып жатыр.

Бұл қандай зат және оны қалай қолдану керек?


Альгинат қышқылының көп мөлшері теңіз балдырларында, әсіресе қоңыр балдырларда кездеседі. Оның мұндай қасиеттерін оқымыстылардың ашқанына көп болған жоқ – шамамен 30 жыл бұрын ашты. Есесіне, қазіргі таңда альгинат қышқылы мен оның маскалары кеңінен танылып отыр.

Альгинат маскалары не себептен мұншама атаққа ие? Альгинат маскасының бетке тигізетін пайдасы қандай?


Біріншіден, ол зиянды қоспалар мен консерванттар қосылмаған, табиғи өнім болып табылады. Бұл экологиялық таза косметикаларды қолданатындарды қуантпай қоймайды.

 Екіншіден, альгинат маскалары ылғалдандыратын құрамдас бөліктерге бай. Осылардың көмегімен тері қажетті ылғалға қанығып, оның жағдайы біраз жақсарады.

 Үшіншіден, альгинат маскалары теріден зиянды заттардың бөлініп шығуына көмектеседі. Бұл уыттар мен қалдықтарға қоса, радиоактивті зиянды элементтерге де қатысты.

 Төртіншіден, мұндай масканың құрғақ негізін сатып алып, үйде дайындау өте оңай. Тек косметологтан кеңес алу болмаса, қызмет көрсетіп беруге салонға барудың мүлде қажеті жоқ.

Мұндай маскаларды қалай қолданады? Қандай да бір ерекше бір машық керек пе?


Альгинат маскаларын қолдану машығы тек біреу болуы тиіс – сумен араластырылған альгинат ұнтағын жылдам араластыра білу. Ол жылдам қатып қалады, сол себептен бетіңізге араластырған масканың барлығын жағып үлгеруіңіз қажет. Сондықтан да маска көлемі мен су мөлшерін дұрыс есептеңіз.

Альгинат маскалары сығылмалы болып келеді, сол себептен де басқа косметикалық өнімдердің әсерін жақсарту қасиетіне ие. Масканы жасар алдында, бетіңізге майлы немесе эмульсия сияқты кез келген сарысуды жағыңыз: осылайша бұрынғыдан да жақсы әсер береді.

Масканы жағарда аса мұқият болыңыз: оны жатқан күйде массажды сызықтар бойымен жағу қажет. Масканы еш үнемдемей, қалың қылып жағыңыз. Оны ерінге және мойын аймағына жағуға да болады.

Альгинат маскасын жаққаннан кейін, шамамен 20 минуттай жата тұруға болады. Маска біраз уақыттан кейін резеңке секілді созыла бастаса, қорқып жүрмеңіз: бұл қалыпты жағдай.

Альгинат маскасын жуудың қажеті жоқ, ол өзі бір қабатпен толық түрде жеңіл түседі. Алғаннан кейін бетіңіздің көшірме бейнесі секілді бір нәрсе шығады. 

Альгинат ұнтағының немесе гелінің маскалары кез келген бетке жарайды, таңдау жасамайсыз. Егер шөп сығындылары, майлар немесе қышқылдар қосылған түрлерін алатын болсаңыз, қандай бет терісіне сәйкес келетінін қарасаңыз болады.

Ламифарэн тері әдемілігіне арналған


Гель жоғарғы өткізгіштік қасиетке ие, микро және макроэлементтермен қанықтыра отырып, теріні сақтайды және оны қалпына келтіреді. Ламифарэн терінің жалпы жағдайын күшейтеді, бетті тазартады және тыныштандырады, май бездерінің қызметін реттейді, қан айналымын жақсартады және ылғалды сақтайды, теріні сергітеді және  жарқыратады. Ламифарэн гелі теріге әсер еткен кезде жасушалардың белсенділігі артады, ол қоректенеді және энергия алады. Ламифарэн целлюлитпен өте тиімді күреседі, сонымен қатар емдеу сауықтыру үшін булауда немесе «балдырлар лайы» үшін өте тиімді болып табылады.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp