Ағза дабыл қағады: дәрумендер жетіспеушілігінің белгілері

Сырт келбеті пен көңіл-күйі қанағаттанарлық жағдайда болуы үшін адам ағзасына дәрумендер қажет. Бәрімізге белгілі, бұл – ағзаны қуатпен, күш және денсаулық қорымен толықтыратын пайдалы заттардың қайнаркөзі. Дәрумендер ағзаға тағамдармен келіп түседі, сондықтан соңғы уақытта көп сөзге тиек етіліп жүрген үйлестірілген дұрыс тамақтану өте маңызды. Егер дәрумендер жетіспейтін болса, онда олардың жетіспеушілігі адамның сырт келбетінен және жалпы көңіл-күйінен байқалады.

Дәрумендер жетіспеушілігінің себептері

Ағзадағы дәрумендер жетіспеушілігі келесі себептер бойынша пайда болады:

дұрыс үйлестірілмеген тағам;

АІЖ қызметінің бұзылуы;  

антибиотиктер қабылдау;

зиянды әдеттер, солардың әсерінен ағза пайдалы заттарды сіңірмейді;

зат алмасудың бұзылуы;

ауырған аурулар, жасалған оталар;

азық-түлік өнімдеріндегі дәрумендер мен минералдардың маусымдық жетіспеушілігі;

тағамның дұрыс дайындалмауы;

азық-түлік өнімдерінің дұрыс өңделмеуі.

Дәрумендер жетіспеушілігін өз бетінше қалай анықтауға болады?

Медицинада дәрумен жетіспеушілігін гиповитаминоз деп атайды. Бұндай жағдайда анықтаудың ең дұрыс тәсілі – қан талдауын жасау. Талдау нақты қандай дәрумендердің орнын толтыру керек екенін анықтауға көмектеседі. Сонымен бірге адам дәрумен жетіспеушілігі туралы медициналық білімі болмаса да, нақты белгілер бойынша да біле алады.

Дәрумендер жетіспеушілігінің негізгі белгілері

Дәрумендер жетіспеушілігін бірнеше белгілер бойынша анықтауға болады. Айта кететіні, олар жиынтық ретінде кездеседі.

Дәрумендер жетіспеушілігінің сыртқы белгілері

Ағзаның дабыл қағып жатқанын білдіретін ең маңызды белгі – бұл шаштың жансызданып, өңі кетуі. Олар шатасады, ұшталады, түсе бастайды, тарау қиынға соғады. Мұндай жағдайда емдік сусабындар да, пайдалы маскалар да көмектеспейді. Бұл ағзаға пайдалы дәрумендер мен минералдар жетіспейтінін білдіретін дұрыс әрі нақты белгі. Егер адамның денсаулығында ешқандай кінәрат болмаса, онда оның шаштары жылтыр, жұмсақ, жібектей болады.

Сондай-ақ ағзаға дәрумен жетіспейтінін тырнақтардың сыртқы келбетінен білуге болады. Олардың беткі қабаты алынып, майысып, сына бастайды. Ауру тырнақтар табиғи емес сары түске енеді. Сонымен бірге терең кебелер пайда бола бастайды.

Адамның терісі – бұл оның көңіл-күйінің дәлме-дәл бейнесі. Кез келген сырқат, ауру терінің күйіне бірден әсер етеді. Егер ағзаға дәрумендер жетіспейтін болса, онда теріде пайда болуы мүмкін:

әжімділік, құрғақтық;

қуқылдық, көз астының қараюы;

майлылық, безеу;

пигменттену;

сарғыштық;

қышып дуылдау.

Сондай-ақ дәрумендер жетіспеушілігі кезінде шынтақ, тізе, иық, бөксе тұстарына назар аудару керек. Дәл осы жерлерде бірінші кезекте тері құрғақтанып, қабыршақтанады, кейде көгере бастайды. Терідегі жараның ұзақ уақыт жазылмауы да дәрумендер жетіспеушілігін білдіреді.

Дәрумендер жетіспеген кезде адам өзін қалай сезінеді?

Дәрумен жетіспеушілігі кезінде адам әртүрлі сезімдерді сезінуі мүмкін. Әрине, ең басты белгі  – бұл көңілсіздік, әлсіздік.

Адам ештеңе істегісі келмейді, ойлау белсенділігі төмендейді. Сонымен бірге көздің асты жиі қараяды немесе қара дақтар пайда бола бастайды. Сондай-ақ көз еш себепсіз жасаурай береді. Ауыз қуысы қурайды, ерін кеуіп, жарылады, ауыз айналасында іріңді безеулер пайда болады.

Қызыл иек, әсіресе тісті тазалаған кезде қанауы мүмкін. Тамаққа тәбеті төмендейді, ал кейде керісінше, артады, бірақ талғам жейді. Адам тәтті, ащы, тұзды тағамдар жегісі келеді.

Дәрумен жетіспеушілігінің тағы бір белгісі – аяқтың ісінуі, саусақтардың дірілдеуі.

Мына белгілер қандай дәрумендердің жетіспейтінін білдіреді?

Дәрумен жетіспеушілігі адамға нақты бір дәруменнің жетіспейтінін білдіреді. Ағзада барлық дәрумендердің жетіспейтін күйі толық әлсіреген жағдайда ғана өте сирек орын алады. Көбінесе бұл ұзақ уақыт бойы алкоголь өнімдері ішкен немесе түрлі диеталар ұстанған адамдарда орын алады. Жоғарыда келтірілген белгілер бойынша ағзада нақты қандай дәруменнің орнын толықтыру керек екенін анықтауға болады.

  1. А дәрумені. Терінің құрғақтығы, түлеуі, жарылған тері, ағзада осы дәруменнің жетіспейтінін білдіреді. Бұл туралы іштің өтуі, көздің жасаурауы, нашар ұйқы айғақтайды.
  2. В1 дәрумені. В1 дәруменінің жетіспейтінін тәбеттің нашарлауынан немесе мүлдем болмауы, ашушаңдық, шаршағыштық, қажу, есте сақтау және жадының нашарлауы сияқты белгілер арқылы білуге болады.
  3. В2 дәрумені. Оның жетіспейтінін ауыздың құрғауы, еріннің ісінуі, қызаруы, бетке шыққан бөртпелер, көздің қызаруы сияқты сыртқы белгілер дәлел бола алады.
  4. В6 дәрумені. Бұл дәруменнің жетіспеушілігі келесі белгілер арқылы сипатталады: бет терісі жарылады, көз құрғақ бола бастайды, бұлшықеттердің қатты жиырылады.
  5. В12 дәрумені. Осы топтың дәрумені жетіспейтініне келесі белгілер дәлел бола алады: аяқ-қолдардың ауруы, қимыл-қозғалыс үйлесімінің, есте сақтау қабілетінің жоғалуы.
  6. С дәрумені. Егер қызыл иек қанап, буындар ауырса, жара ақырын жазылса, онда ағзада дәл осы дәруменнің орнын толтыру керек.
  7. Д дәрумені. Бұл дәрумен жетіспеген кезде тері сарғаяды, сүйектер әлсіз, сынғыш болады. Бұны қозғалған кезде байқауға болады, яғни сүйектер «сықырлайды».
  8. Е дәрумені. Бұл дәруменнің, сондай-ақ темір жетіспеушілігінің белгісі – қаназдық. Әдетте қаназдық кезінде шаршағыштық, бастың айналуы пайда болады.
  9. Фолий қышқылы. Ағзада фолий қышқылы қажеттілігі пайда болса, онда тіл қызара бастайды, іш өтуі мүмкін. Адамның көңіл-күйі депрессиялық жағдайда болады. Егер қан талдауын жасатса, эритроциттер – қан жасушаларының төмендегенін байқауға болады.
  10. Сүйектің әлсіз, сынуға, шығуға бейім болуы, теріге бөртпелер шығуы, бұлшықеттің, әсіресе аяқтың тартылуы кальцийдің жетіспейтінін білдіреді.
  11. Тамаққа тәбеттің болмауы – йод және фосфор жетіспеушілігінің айқын белгісі.
  12. Егер тырнақтарда ақ дақтар пайда бола бастаса, демек, мырыш жетіспейді.
  13. Көру қабілетінің нашарлауы, көз астының қараюы, жараның ұзақ уақыт жазылуы, терінің құрғауы мен бөртуі ағзаға көп қаныққан майлы қышқылдардың, Омега-3-тің жетіспейтінін білдіреді.

Дәруменнің жетіспеушілігі қандай ауруларға алып келуі мүмкін?

Бір қарағанда дәрумен жетіспеушілігі оңай емделетін жеңіл-желпі ауру болып көрінуі мүмкін. Шынында егер бұл мәселеге қатты назар аудармайтын болса, кейбір аурулардың дамуы қауіпі туындайды:

  1. Жүйкенің қабынуы немесе бери-бери. Бұл ауру азық-түлік өнімдері ретінде ажарланған күрішті кеңінен қолданатын Азия елдерінен шыққан. Өңдеу кезінде күріш B1 дәруменіне бай сыртқы қабатын жоғалтады. Сонымен бірге бұл ауру ақ нан мен тоқаштарды жиі пайдаланған кезде пайда болуы мүмкін.
  2. Діңгене. Бұл ауру теңіз ауруы ретінде де белгілі. Ол бірнеше ғасыр бұрын теңізшілердің арқасында белгілі болды. Теңізшілер ұзақ уақыт теңізде жүзіп, мардымсыз біркелкі тамақ ішетін болған. Көбінесе ұзақ уақыт сақтауға болатын жарма пайдаланатын болған. Ал тез бұзылатын көкөністер мен жемістер теңізшілердің тамақтану рационында мүлдем болмайтын. Шын мәнісінде бұл ауру С дәрумені жетіспеушілігінің салдары болып саналады.
  3. Рахит. Бұл ауру көбінесе жаңа туған сәбилерде Д дәрумені мен кальцийдің жетіспеуінен пайда болады. Сәбилер көп уақытын ғимараттарда, үйде өткізеді, сол себепті оларға күн сәулесі жетіспейді. Балалардағы Д дәрумені жетіспеушілігінің себебі ана сүтінде пайдалы заттардың жетіспеуінен болуы да мүмкін. Бұндай жетіспеушілік емізіп жүрген әйелдің дұрыс тамақтанбауынан, гормонды үйлесімділігінің бұзылуынан немесе ауырған кезде туындайды. Ал ер адамдарда мен әйел адамдарда рахит ауруы кездеспейді, өйткені олардың сүйектері өспейді.
  4. Парестезия, жалған сезім. Бұл аурудың басты белгілері – аяқ-қолдардың тартылуы, ұйып қалуы. Сондай-ақ адам көбінесе «денесі түршігу» деп айтып жүргеніміздей сезімде болуы мүмкін. Бұл B5 дәрумені жетіспейтінін білдіреді.
  5. Ақшам соқыр. Бұл ауру қараңғыда және қас қарайған кезде көру қабілетінің нашарлауымен сипатталады. Оны ежелгі мысырлықтар анықтаған. Сонымен бірге олар оны емдеудің айтарлықтай оңай тәсілін тапқан, яғни тамақтану рационына бауырды көбірек қосу керек. Шынында бұл бауырдың, сондай-ақ сәбіздің құрамында өте көп мөлшерде кездесетін А дәруменінің жетіспеушілігі.

Мәселені шешудегі кешенді тәсіл

Айтып өткеніміздей, ағзада дәрумен жетіспеушілігі негізінен тамақтанудың бұзылуынан пайда болады. Бірақ бұл дәрумендер қорын тек қана дұрыс тамақтануды бастау арқылы толтыру керек деген сөз емес. Ағзаның дәрумендермен қанығу баяу, ал жоғалтуы жылдам әрі тез жүреді. Басқаша айтқанда, іс жүзінде жетіспейтін дәрумендердің орнын тек қана азық-түлік өнімдерінің арқасында толтыру мүмкін емес. Мұндай жағдайда дәрумендік кешенді қабылдау курсын өткен дұрысырақ. Бұл бірқатар жағдайлар бойынша қажет:

Дәрумендердің бір түрінің жетіспеушілігі ағзадағы барлық пайдалы заттардың теңгерімін бұзады;

бірнеше дәрумендердің жетіспеушілігі болуы мүмкін;

дәрумендік кешен дәрумен жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін қажетті мөлшер мен ингредиенттерден тұрады.

Ламифарэн табиғи емдік-профилактикалық өнімі ересек адамдардың да, балалардың да ағзасындағы жетіспейтін дәруменнің орнын толтыра алады. Ламифарэн – бұл Ангустат Ламинариясы, теңіздің қоңыр балдырынан жасалған дәрумендік кешен. Ламифарэн емдік-профилактикалық өнімінің құрамы толығымен табиғи, оны пайдалану кезінде жанама әсерлер болмайды. Сонымен бірге, дәрумендік кешен пайдалы әсерінің аясы ауқымды:

ағзадағы жетіспейтін дәрумендердің орнын толтырады;

ауырғаннан, ота жасатқаннан кейін дәрумендік теңгерімді қалпына келтіреді;

ағзаны мырыш, йод, кальций, селен, магний, темір сияқты минералды заттармен толтырады;

күз және көктем мезгілдерінде дәрумен жетіспеушілігіне қарсы өте жақсы профилактикалық дәрі-дәрмек;

ағзадағы қорғасын, уран, сынап, кобальт сияқты зиянды заттар мен уыттарды шығарады;

АМК зат алмасуларын реттейді.

Дәрумендер жетіспеушілігін емдеу және алдын алу үшін

Ламифарэнді қабылдаудан басқа:  

үйлесімді, дұрыс тамақтану;

тамақтанған кезде шикі көкөністер мен жемістерді, жаңғақтарды, кептірілген жемістерді қолдану;

технологиялық өндіріс өнімдерін жемеу: дүкенде сатылатын тұздықтар, майонез, кетчуп, консервілер, шұжықтар, фаст-фуд, маринадтар;

тегістеу, ажарлау, тазарту сияқты технологиялық өңдеулерден өтпеген өнімдерді қолдануға басымдық беру;

зиянды әрекеттерден бас тарту;

физикалық белсенділікпен айналысу және көбінесе таза ауада серуендеу керек.

Көріп тұрғанымыздай, ағзадағы дәрумендер жетіспеушілігі – бұл кешендік шешімді қажет ететін мәселе. Салауатты өмір салтымен және дұрыс тамақтанумен қатар бұл жағдайда Ламифарэн емдік-профилактикалық табиғи өнімін қабылдау ең дұрыс әрі орынды тәсіл.

 

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp