Үй жағдайында арықтауға арналған орама

Заманауи косметологияда балдырлармен орауды қолдану кеңінен таралған және танымал шара болып отыр. Арықтау үшін балдырлармен орау терінің күшеюі мен сауығуына әсер етеді, пайдалы заттардың жетіспеушілігінің орнын толтырады, қалдықтарды шығарады, целлюлит кезіндегі тері бедерін жақсартады. 

         Балдырлардың қай түрін қолданады?


 Жапырақты ламинария. Ол ұзындығы 80 см дейін жететін қабаттан тұрады. Бұл шикізатты косметикалық салондарда спа-процедуралар жасау үшін және үй жағдайында арықтауға арналған балдыр орамасын жасау үшін пайдаланады.

 Микрондалған балдырлар. Оларды өндіруге арналған шикізатты Ақ теңізден алады. Құрамдас бөлігі натрий альгинатынан, минералдардан және қоңыр теңіз балдырларынан тұрады.

Микрондалған (үгітілген, ұнтақ тәріздес) балдырлар жапырақты ламинариядан сапасы жағынан ерекшеленеді, олар пайдалануға өте ыңғайлы, үнемді және шағын болып келеді. Бұл балдырларды көбінесе целлюлитті жою үшін қолданады. 

         Орама түрлері


Балдырлармен орау ыстық және суық күйінде болады. Олар ағзаға әртүрлі әсер етеді.

Суық орамалар арықтатады, себебі олар майдың артығын жояды. Бұл аяқтардың шаршауын жақсы басады, қантамырлар қабырғаларын берік қылады.

Ыстық орамалар қан айналымын жақсартады және уыттарды сыртқа шығарады. Оларды тамырлардың варикозды кеңеюі кезінде қолдануға болмайды.

         Балдыр орамаларының артықшылықтары


Балдырларды пайдалану теріні сергітеді, оның түсін қалыпқа келтіреді, қозғалыс икемділігін жақсартады. Балдырлардың көмегімен целлюлиттен арылуға болады. Бұл әдіс артық салмақты жоюға да әсер етеді. Балдыр орамалары теріні тазартады, оны белсенді заттарға қанықтырады, асқыну әрекеттерін жояды.

Арықтауға арналған орама босанғаннан кейінгі тері созылуларының алдын алу үшін тиімді және сенімді шара болып табылады. Балдырлар орамасын қолдана отырып, метаболизмді жақсартуға және гормондық теңгерімді қалыпқа келтіруге болады.

         Қарсы көрсетілімдері


Тиреотоксикоз кезінде балдырлармен орама жасауға болмайды. Жүктілік кезінде де орама жасауға тиым салынады. Онкологиялық аурулар мен терінің түрлі зақымдары да (механикалық және термиялық) орама тағайындауға қарсы көрсетілім болып табылады. Варикоздық аурулар мен тромбофлебит кезінде балдыр орамасын жасамайды.

 

 Бұл шараға қалай дайындалу керек?


Қоректік заттар теріге сіңуі үшін оны алдын ала жақсылап тазалау керек. Бұл үшін ыстық ванна қабылдау немесе душтың астында жуынып алу қажет. Балдырлар көтеріліп және жұмсарып тұруы үшін алдымен оған су құйып қояды.

         Шара барысы


Бұндай шараны үй жағдайында өз бетіңізше жасауға болады. Тек қолыңыз жетпейтін жерлерге балдырды тегіс жағу үшін басқа біреудің көмегіне жүгіну қажет. Тағамдық пленкамен жылдам орану үшін де көмек керек болады. Осыдан соң жатып, жылы көрпеге орану керек. Жақсы нәтиже алу үшін жылулық әсері өте маңызды. Бұл шара шамамен бір сағатқа созылады. Содан соң үстіңіздегі балдырды душ астына тұрып жуып тастайсыз, ал денеге ылғалдандыратын жақпа жағыңыз. 

       Теңіз балдырларын пайдалану


Теңіз балдырлары кеңінен қолданылады. Олар тағамдық, фармацевтикалық және косметикалық өндірісте пайдаланылуда. Олардың құнарлылық әсерін есепке ала отырып, кейбір аймақтарда бұл балдырлар күнделікті тағам үлесінің құрамдас бөлігі немесе малдарға беретін азық ретінде қолданылады екен. Ағзаның дұрыс қызметі үшін өте қажет, қосымша минералдарға бай негіз (мырыш, фтор, фосфор немесе магний) болып табылады.

         Теңіз балдырларының қасиеттері


Балдырлар су асты әлемінің флорасына жатады. Көлемі жағынан кейде жерүсті тоғайларына немесе бұтақтарға ұқсап кетеді. Теңіз өсімдіктерімен қатар, тұщы су өсімдіктері де судағы минералдарды өздеріне сіңіру мүмкіндігіне ие, ал балдырларда олар адам бойына оңай сіңірілетін  формада болады. Бұл су асты өсімдіктері   мырыш, фтор, фосформысмагниймарганец, кальцийкалий және темір секілді микроэлементтерге бай негіз болып табылады.

Сонымен қатар теңіз балдырларының құрамы йодқа өте бай. Ағзада йод жетіспеушілігі орын алғанда тағам үлесіне балдырларды қосу осы элементтің орнын толтыруға көмектеседі. Теңіз және тұщы су балдырлары көптеген дәрумендерге ие. Оларда бета-каротин, яғни А дәрумені, В тобының дәрумендері, сонымен қатар С, Е, К және РР дәрумендері болады. Бұл әрине, дұрыс тағам.

Өздерінің құнарлылық қасиеттерінің арқасында балдырлар вегетариан емдәміне керемет қосымша бола алады, себебі ағзаның дамуы үшін қажетті ақуыздың көп мөлшеріне ие. Сонымен бірге ол ағзамыз өз бетінше өндіре алмай, тағамдардан сіңіретін сыртқы амин қышқылдарының бірегей негізі болып табылады.  Кейбір Азия елдерінде теңіз балдырлары ақуыздың, дәрумендердің және минералдардың көзі ретінде күнделікті тамақ үлесіне қосуда маңызды орын алады.

         Косметикадағы теңіз балдырлары


Заманауи косметология балдырлар маңыздылығын кеңінен пайдалануда. Су асты өсімдіктерінің сығындылары биологиялық белсенді қоспаларға бай болып келеді, олар түрлі қасиеттері арқылы ерекшеленіп тұрады. Мысалы:

 В тобының дәрумендері эпидермистің қалпына келуіне ықпал етеді;

 бета-каротин, сонымен қатар С және Е дәрумендері антиоксиданттық қасиетке ие және терінің сыртқы қабатының жақсаруына көмектесетін қантамырлар қабырғаларын берік етеді;

 минералдар терінің жақсаруына ықпал етеді;

 теңдесі жоқ амин қышқылдары теріні ылғалдандыруға жағымды әсер береді;

 полифенолдар антиоксидантты әсер беріп, терінің қартаю әрекетін бәсеңдетеді;

 көмірсулар май бездерінің жұмысын реттеп отырады;

 каррагинан ылғалдандыру қасиетіне ие;

 гиалуронды қышқыл мен хондроитин сульфаты теріні тиімді ылғалдандыру мүмкіндігіне ие;

 қанықпаған май қышқылдары терінің липидтік кедергілеріне жағымды әсер береді;

 агар косметиканы қоюландыру үшін пайдаланылады.

Косметикалық тағайындаулардың ішіндегі маңыздыларының бірі тері қартаюын бәсеңдету әрекеті деп айтуға болады. Бұл косметика сонымен қатар майлы және мәселесі көп теріге арналған косметикаларда пайдаланылады. Олар жақсы тазартатын және тыныштандыратын әсер береді.

Косметикалық құралдарда болатын бұл балдырлардың тағы бір құнды сапасы –  коллаген бөлу белсенділігінің арқасында терінің қалпына келуі және май ұлпаларындағы зат алмасудың нәтижесінде болатын целлюлиттің азаюы. Бұған қосымша балдырлар тек теріге жақсы жақсы әсер беріп қоймай, сонымен  бірге шашқа да әсер етеді, сондықтан шаш күтіміне арналған қоректік заттар мен косметикалардың да құрамдас бөлігі болып табылады. 

       Ламифарэн гелімен арықтауға арналған орама 


Ламифарэн гелімен арықтауға арналған орама целлюлитпен күресуде, сонымен бірге емдеу-сауықтыру булары үшін немесе «балдыр лайынан» жасалған компресстер үшін өте тиімді болып табылады. Ол целлюттік дөңестерді айтарлықтай азайтады, теріні тегіс және әдемі қылады, ағзаны дәрумендермен және минералдармен қанықтырады. Босанғаннан кейін сымбатыңызды түзеуге арналған бірегей зат. 

Балдырлармен жасалған орама әсерін бірден сезесіз және көресіз: теріңіз жұмсақ және серпімді болады, «апельсин қабығы» секілді ұсқынсыз бедер ақырындап тегістеле бастайды.

3-5 апта аралығында 8-10 рет осы шараның курсын жасағаннан кейін, денеңіз арықтап, қанның микроциркуляциясы жақсарады, тонус көтеріліп, тері әдеміленіп, тартылады және тері бедерлері тегістеледі. Балдырлармен орау кезінде, тиімділігі жоғары болу үшін денеге пилинг (денеге арналған скраб) жасауға кеңес беріледі. 

Қалай қолдану керек: денеге Ламифарэн гелі жағылады. Сосын денеге пленка оралып, жылы көрпеге оралады. Жылу – ұсақ тесіктердің ашылуына және денеге балдырлардың белсенді заттарының сіңірілуіне мүмкіндік береді. Кәдімгідей арықтау үшін (5-8 см.) мұндай шараны ең аз дегенде алты рет жасау қажет. Бір шара жасағанда 1-1,5 см арықтауға болады. Шараны жасау ұзақтығы 35-40 минуттан аспауы керек, қарсы жағдайда артериялық қысым мәселелері туындауы мүмкін. Шараны жасағаннан кейін міндетті түрде демалу қажет.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp