Ламифарэннің пайда болу тарихы

Ламифарэн қалай өңделді

Ламифареннің пайда болу тарихы ХХ ғасырдың 90-шы жылдары басталды, ол кезде ҚР АӨК «Простор», Ангустат Ламинариясының қоңыр балдырлары негізіндегі бірегей өнім-гельмен жұмыс істей бастады. «Ламифарэн» өнімінің пайда болуы бұл зерттеудің заңды нәтижесі болды.

Көптеген зерттеулер «Ламифарэннің» бірқатар аурулардың кешенді алдын-алу үшін қолданылатынын, сондай-ақ йод, хром, магний, мырыш, кальций, темірдің негізі ретінде,  иммунитетті ынталандыратын зат ретінде қолдануға болатындығын көрсетті.

Онда микро- және макро элементтердің, биологиялық белсенді заттардың, дәрумендердің, полисахаридтердің (алгинат, фукоидан, ламинаран) толық ауқымы бар.

 Халықтың тұрақты пайдалануы үшін Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігімен және Қазақ Тағамтану академиясымен ұсынылған.

Қазіргі уақытта ауруларды емдеу тәсілдері мен «Ламифарэн» өнімін бір уақытта пайдалану тәсілдері дәлелденген және патенттелген:

жүкті әйелдердегі йод тапшылығы жағдайы

балалардағы дизметаболизмдік нефропатия

экссудациялық теңге қотыр

дистрофиялық көз аурулары

ойық жаралы кератит

Сонымен қатар «Ламифарэннің» зерттеулері жүрек-қантамыр ауруларының кешенді терапиясы мен профилактикасы кезінде жақсы нәтижелер көрсеткен: атеросклероздық түйіндердің дамуына кедергі келтіреді, холестериннің, үшглициридтердің мөлшерін төмендетеді.

Өнімді 2-3 ай қабылдағаннан кейін, ол шамадан тыс артық салмақтың 5–10 %-ға дейін төмендеуіне ықпал етеді. 

«Ламифарэннің» құрамына кіретін фукоидан гипогликемиялық әсерге ие, соның нәтижесінде көмірсу алмасуын қалыпқа келтіре алады.
«Ламифарэн» онкологиялық аурулардың алдын алуда ең дұрыс бағыт ретінде зерттеуге ұсынылған. Обнинск қаласының МҒРА МРҒО-да 2000 жылдан 2005 жж. аралығында жасушаларда болатын лизосомалдық ферменттердің қатерлі ісік жасушаларының ДНҚ-ын құртатын фукойданның әсері жайлы зерттеулер жүргізілді (Бобровницкий И.П., 2006), сонымен бірге оның ламинаранмен бірге қатерлі ісіктің дамуы мен  метастазданылуы үшін міндетті болып табылатын ангиогенезді бөгеттейтіні анықталған (Разумов А.Н. с соав., 2006).

 «Ламифарэннің» иммунотроптық қасиеті РФ Иммунология Институтының Мемлекеттік Ғылыми Орталығында өткізілген in vivo сынақтық зерттеулері нәтижесінде дәлелденген.

Laminaria Angustata қоңыр теңіз балдырлары негізіндегі «Ламифарэн» гелі Қазақстанға 2013 жылдың қыркүйек айында «Turkus Global Trade» ЖШС арқылы ұсынылған, ол ҚР «Простор» ресми өкілеттілігі және Қазақстандағы «Ламифарэннің» тауар белгісі болып табылады.  

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp