Никель (лат. Niccolum), Ni

Никель өзінің жарқыраған күміс түсімен белгілі жұмсақ зат. Металл өте созылғыш, өңдеудің барлық түріне шыдайды. Сонымен бірге зат төмен химиялық белсенділігімен ерекшеленеді, тек жоғары температура әсерінен ғана қышқылданады. Аталған зат ағзаға неліктен қажет және Ламифарэн тағамдық өнімінің   құрамында неліктен болады? Ендеше бірге талқылайық.

      Заттың ағзадағы атқаратын рөлі

     Микроэлемент және оның адам денсаулығына тигізетін әсері аз зерттелген, бірақ бүгінгі күні оның төмендегідей атқаратын қызметтері белгілі:

басқа элементтермен өзара әрекеттесе отырып, қан түзілім әрекетіне қатысады;

инсулин жұмысының белсенділігін жоғарылатады;

гендік ақпаратты тасымалдаушыларды түзу мен олардың қызметіне қатысады;

жасуша ұлпаларына оттегі тасымалдайды;

ферменттік әрекеттердің бірқатарын белсенді етеді;

бүйрек жұмысын жақсартады;

гипофиз жұмысын қалыпқа келтіреді;

гормондық қызметті дұрыстайды;

В 12 дәруменінің қатысуы кезінде бұлшықет ұлпаларының даму қарқынын жоғарылатады;

артериялық қысымды төмендетеді.

     Никельдің жоғарыда көрсетілген қызметтерінің барлығы өмір сүру үшін маңызды жүйелерде осы зат жинақталған кезде ғана мүмкін болады. Олар:

бас миы;

бауыр;

бұлшықет ұлпалары;

гипофиз;

өкпе;

ішкі секреция бездерінде.

     Металдың көп шоғырланатын жері ішкі секреция бездері, олар метаболизмдік әрекеттерге жауап береді. Қазіргі жағдайда басты дәрумендер мен қоректік заттардың түзілуі туралы сөз қозғалып отыр. Уақыт өтуімен бірге өкпедегі никель мөлшері ұлғая беретіні қызық. Никель зәр шығару арқылы, ашты тер бөлумен сыртқа шығып кетеді.

      Тәулігіне никельдің қанша мөлшері қажет?

     Микроэлемент ағзада тәулігіне 65-тен 310 мкг дейін болу керек. Бірінші кезекте ол тағамдық өнімдер арқылы ағзаға түседі, никель тапшылығы өте сирек кездесетінін есте сақтауымыз керек.

     Никель мөлшері көбіне ағзада темірдің болуына байланысты. Әсіресе жүктілік кезінде заттың ағзадағы мөлшерін қадағалап отыру қажет.

      Микроэлемент тапшылығы несімен қауіпті?

     Бұндай тапшылық заттың мөлшері тәулігіне 49 мкг дейін төмендеп кеткенде пайда болуы мүмкін. Бірінші белгілері – терінің тітіркенуі мен дерматиттер.

     Сондай-ақ мынадай белгілер де байқалуы мүмкін:

глюкоза мен гемоглобин шоғырының бұзылуы;

даму сатысы мен сүйек массасындағы жағымсыз ауытқулар;

кальцийлік метаболизмнің бұзылуы;

темір мен В12 дәрумені метаболизмінің бұзылуы;

жасушалық деңгейдегі жағымсыз өзгерістер.

      Никельге бай өнімдер

     Никель мөлшері  теңіз балдырларында және басқа да су өсімдіктерінде жеткілікті болады. Сонымен қатар металдың негізгі тасымалдаушысы астық тұқымдастар, жаңғақтар, шемішке, бұршақтар, шай, шоколад, сүт өнімдері, сиыр бауыры,  асжапырақ, жемістер, пияз, сәбіз болып табылады.

      Кімге қажет?

     Бүгінгі күні аталған металл мен оның қосылыстары псориаз бен басқа да тері ауруларынан зардап шегетіндерге пайдалы. Микроэлемент қатты қан кеткен кезде қосымша зат ретінде жиі пайдаланылады.

       Никель — әр адам оның жеткілікті екенін бақылап отыруды қажет ететін химиялық элемент. Ағзада бұл заттың қажетті мөлшері бар екеніне сенімді болу үшін, Ламифарэн тағамдық өнімін қабылдаңыздар. Аталған өнім сізді никель тапшылығынан сенімді қорғайды және ағзаның толыққанды дәрумендер кешенімен қанығуын қамтамасыз етеді.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp