К дәрумені

К дәрумені: жалпы мәліметтер


vitamin K

К дәрумені — бұл тек бір қосылыс қана емес, қасиеттері мен сипаттамалары (К1 ден К7 дейін) бойынша біріктірілген жалпы дәрумендер тобы. Табиғи ортада еритін санаттағы 2 зат қана табылған – олар К1 және К2 дәрумендері.

Табиғи ортада кездесетін К дәрумендерінен басқа, бүгінгі күні қасиеттері осыған ұқсас кейбір өндірістік заттар белгілі. Оларды тек синтетикалық жағы ғана ерекшелейді.

К дәрумені майлы қабатты және ашық-сары түсті. -20 С температура кезінде ол кристалданатын қасиетке ие, заттың қайнауы 120-140 С температурада орын алады. Дәрумен хлороформада, спиртте және кейбір органикалық сұйықтықтарда ериді. Дәрумен ерітіндісінің ультракүлгін сәулелерді жою қасиеттері бар.  К тобының дәрумендері антигемморрагиялық қасиеттерге ие, яғни қанның зақымдалған жаралар мен қантамырлардан еркін ағуына жол бермейді, қан құйылуының әртүріне белсенді түрде кедергі келтіреді.

Қандай өнімдерде кездеседі


Кез келген жасыл түсті өсімдіктер мен теңіз өсімдіктерінде. Дәруменнің көп шоғыры «Ламифарэн» тағамдық өнімінің негізі болып табылатын Ламинария қоңыр балдырларында кездеседі.

Сонымен қатар аталған дәрумендік кешен қалақайда, қайың, таңқурай, жөке жапырақтарында, итмұрында кездеседі. Осы затқа бай тағамдық өнімдер ішінен соя майын, сиыр бауырын, түрлі-түсті қырыққабатты, брюссель қырыққабатын, салат жапырақтарын, ақбас қырыққабатын айтуға болады.

Құрамында осы дәрумен кездесетін өнімдер жапырақты көкөністер мен Ламинария қоңыр балдыры болып табылады. Олардың бәсекелестері:

Жасыл қызанақтар;

Итмұрын жемістері;

Саумалдық;

Сұлы үлпегі;

Қара нан;

Бидай;

Соя;

Көк шай;

Юцерн.

Дәрумен шоғырының біраз мөлшері жидектер мен жемістерде болады. Мал өнімдерінің ішінен субөнімдер мен тауық жұмыртқасын ерекше атап өтуге болады.

К дәрумені өзіндік ішек микрофлорасынан түзіледі. Біз үшін қарапайым болып табылатын көптеген азық-түліктер құрамында осы дәруменнің көптеп кездесуіне қарамастан, ол майда ериді және ішек майының орташа болған кезінде ғана дұрыс сіңіріледі.                     

Ағзаға тигізетін әсері


Бұл зат антигеморрагиялық қасиетінің арқасында қанның қалыпты ұюы үшін қажет. Оны қатты қан кеткенде және қанталауда, геморрагиялық қалыптағы диатез (тері қабаты күрең-қызыл көгерулермен – қылтамырлардың қанталауы) кезінде қолданады. Сонымен қатар бұл зат бауыр жұмысының ақауында пайдаланылады.

Кей кездері дәрумен жүкті әйелдерге қан құйылуынан іштегі сəбидің шетінеп кетпеуінің алдын алу үшін тағайындалады. Сондай-ақ бұл затты жүктіліктің көптеген патологияларында ота жасау алдында алдын алу ретінде егеді.  

Кейде адамдар сапа стандарттарына сәйкес келмейтін азық-түліктерді тұтынады, осылайша ағзаға көгерген уыттар түсіп кетеді, бұл бауыр (кумарин) жұмысына жағымсыз әсер береді. Афлотоксиндер деп аталатын бұл заттар көбіне онкологиялық аурулардың дамуына себеп болады, құрылымы жағынан көбінесе кумаринге ұқсас. Дәруменнің арқасында органдарда жиналған осы уыттардың жағымсыз әсерлерін бейтараптандыру мүмкін болады.

Осы зат қанның ұюын сенімді және мұқият реттеушінің маңызды рөлін атқарады. Осылайша ол бауырдың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін протромбиннің пайда болуына әсер етеді.

К дәрумендік кешені адам денесінде өмір сүретін микроағзалармен өндіріледі, алайда бұл мөлшер көптеген аурулардың дамуы кезінде жеткіліксіз болады. Ағзаға К дәруменінің қосымша мөлшері қажет болады, оған арнайы азық-түліктер мен тамақтанудың теңгерімді түрі көмектесе алады.

«Ламифарэн» тағамдық өнімін үнемі қабылдау – К дәруменінің жетіспеушілігін болдырмау кепілі. Гельді қабылдау аталған дәрумендегі ағзаның тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және оны басқа да сансыз пайдалы заттармен жабдықтайды.  Осыған қоса бұл заттың тікелей қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлері жоқ.

Тәуліктік мөлшері


Барлық органдар жүйесінің қалыпты қызметін сақтап тұру үшін, адам тәулігіне 1 кг дене салмағына аталған заттың ең кемі 1,2 мкг қабылдауы керек. Филлохинон (К дәруменінің басқаша аты) жетіспеушілігі сирек орын алады, алайда оның мөлшерін қадағалап отыру керек.

К дәруменінің жетіспеушілігі негізінен липидтік метаболизмнің ауыр ауытқулары мен асқорыту жолдары жұмысының ауытқуында дамиды. Сонымен қатар бұл дәруменнің жетіспеуі антибиотиктер, антикоагулянттар қабылдағаннан, сәулелі терапия курсынан, ұйқы безінің қабынуынан, тоқ ішектің қабынуынан, ішек жұмысының бұзылуы салдарынан болуы мүмкін. осыған қоса заттың мөлшері шамадан тыс болса, бұл ағзаға соншалықты ауырлық әкелмейді, себебі ол уытты зат болып табылмайды.  

Әрекет ету бағыты


Жақсы құрам мен қанның дұрыс ұюын қамтамасыз етеді (оның көрсеткіштерін қалыпта ұстап тұрады).

Остеопороздың дамуының алдын алады. К дәруменінің жетіспеушілігі кезінде кальцийдің жойылуы байқалады, салдарынан остеопороз ауруы пайда болады. Осы себептен К дәруменінің қалыпты шоғырын бақылау қажет.

Менустрациялық кідіріс кезінде К дәрумені сүйек ұлпасының дамуын белсенді етеді.

Қантамырларын кальций зақымдануларынан сенімді қорғау үшін қызмет етеді. Дәрумен мөлшері қалыпты болғанда ол қантамырларының кальциймен бітеліп қалмауын қадағалайды. Бұл зат кальцийдің ұлпаларда жиналып қалуын бәсеңдететін ақуыздың ерекше түрін түзу үшін қажет.

Ағзаны онкологиялық аурулардың дамуынан қорғайды (ең алдымен бауырды және қуық алды безін).

К дәруменсіздігінің белгілері


Бұл заттың ағзада жеткіліксіздігі кезінде кейбір қауіпті аурулар дамуы мүмкін:

Несеп тас ауруы;

Өт қабына тас байлану;

Асқынған және хрондалған бауыр патологиялары;

Тоқ ішектің қабынуы;

Ұйқы безі жұмысының ауытқуы;

Қатты және созылмалы қан құйылу;

Қанталау;

Қан аздық;

Менструация кезіндегі ауыру сезімдері; асқорытудың бұзылуы; тез шаршау;

Күштің түсуі;

Ұйқышылдық;

Тромбоз;

Жүрек пен қантамырлар аурулары;

Инфаркт, инсульт.

Қолданылу тәсілдері


Мынадай жағдайларда дәруменді қосымша қабылдауға кеңес беріледі: ішкі қансырау арқылы жүретін асқазан-ішек жолдарының патологиялары орын алғанда;

Отадан кейін қан жоғалтудың алдын алу мақсатында;

Құйылып келетін менструация кезінде ауырсынуды басу мақсатында;

Остеопорозда;

Сүйектердің сынғыштығының алдын алу үшін;

Бауыр ауруларында;

Гепатиттерде;

Инфекциялық ауруларда;

Туберкулез кезінде;

Бұлшықеттердің әлсіздігінде; қантамыр ауруларында.

Көптен күткен рецептіңізді алу үшін дәрігерге бару міндетті емес. Бүгінгі күні мәселені оңай жолмен – «Ламифарэн» тағамдық өнімін үнемі қабылдау жолымен шешуге болады. Аталған гель дәрумендердің, макро және микроэлементтердің нақты бір қатарын өзіне сіңірген. Гель түріндегі өнімді қабылдау көптеген аурулардың өнімді алдын алу себебі болуы мүмкін және аурулардың клиникалық жағдайын бәсеңдете алады.  

Өнімді сенімді түрде күнделікті, емдеу-алдын алу және емдәмдік тамақтану үлесіне қосуға болады. «Ламифарэн» гелінің құрамы 100% табиғи, сол себептен оны жүктілік кезінде де және емшекпен емізу кезеңінде де қолдануға болады және алдын алу, мектептегі үлгерімін жоғарылату мен ағзаны жалпы сауықтыру мақсатында балаларға да беруге болады.

Басқа заттармен байланысы


К дәрумені басқа заттардың сіңірілуіне еш кедергі болмайды және майлы тамақпен өте жақсы үйлеседі. Дәруменнің өте жақсы сіңірілуі үшін спирттік сусындарды ішуді, консерванттарды, хош иістендіргіштерді, ұйықтатын заттарды қабылдауды бірден тоқтату керек. Сонымен бірге К дәрумені антибиотиктер, тыныштандыратын дәрілер мен транквилизаторлар қабылдаған кезде ең төменгі деңгейде сіңіріледі.

Жаңа деректер және ғылыми зерттемелер


Қазіргі таңда К1 және К2 дәрумендері туралы көптеген пайдалы деректер белгілі, бірақ кей жағдайлар оқымыстылар үшін жұмбақ күйінде қалуда. Мысалы, ЗҒИ кейбір алдыңғы қатарлы қызметкерлері К дәруменінің түзілуі мен сіңірілуі кезінде ішек микрофлорасының қандай рөл атқаратыны туралы бір мәмілеге келе алмауда.

Осыған орай зерттеулер мен сынақтар бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда және жақын болашақта ғылым аталған заттың кезекті пайдалы қасиеттерін бізге хабарлайты туралы айтуда.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp