Йод (лат. Iodum), I

Әрине, көпшілігі йодтың адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы жақсы біледі. Бұл химиялық элемент адам ағзасында 25-тен 48 мг-ға мөлшерінде бар, олардың 50%-дан астамы қалқанша безінде шоғырланған. Сізге Ангустат Ламинариясы теңіз балдырының негізгі компонентімен және «Ламифарэн» тағам өнімдерімен жақынырақ танысуды ұсынамыз. Йодтың пайдалы қасиеттері өте көп болғандықтан, ол. адамды көптеген проблемалардан құтқара алатын бірегей дәрі болып табылады.

 

Йодтың адам ағзасына әсері

Бұл микроэлемент көптеген реттеуші процестерге қатысады, соның ішінде:

энергия алмасу;

дене температурасын реттеу;

биохимиялық процестер ағымының қарқынын бақылау;

ақуыз алмасуы;

май алмасу;

су-электролиттік алмасу;

көптеген дәрумендердің алмасу процестері;

ағзаның өсуі және қалыптасуы;

жүйке жүйесінің дамуы;

тіндерді оттегімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру.

Басқаша айтқанда, йодтың қасиеттеріне энергиямен қамтамасыз ету, өсу мен дамуды ынталандыру, ойлау қызметін белсендіру, тістерді нығайту, теріні, шашты, тырнақ қабығын жақсартуды жатқызуға болады.

 

Йод қай заттардың құрамында бар?

Ең көп мөлшерде:

теңіз өнімдерінде – қызыл және қоңыр балдырлар, балық, асшаяндар, теңіз тұзы, ұлуларда. Теңіз балдырларында йодтың мөлшері өте көп;

йодталған тұзда;

сиыр бауырында;

тауық жұмыртқасында;

сүт өнімдерінде;

орамжапырақта, сәбізде, пиязда бар.

Микроэлементті күнделікті қабылдау мөлшері – 140 мкг дейін. Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға бұл норманы 200 мкг дейін арттыру ұсынылады.

 

Йод тапшылығы несімен қауіпті?

Йодтың жеткіліксіз мөлшерінің негізгі салдары:

қалқанша безінің гормондарының көбеюі;

алқым ісудің дамуы;

йод тапшылығынан дамитын ауыр патологиялардың пайда болуы:

гипотиреоз (көбінесе балалардағы кретинизм түрінде көрінеді);

ағзаның жалпы нашарлауы;

тез шаршағандық;

жұмыс қабілеттілігінің төмен болуы;

ұйқысыздық;

ісігенндік;

холестерин деңгейіің көтеруі;

салмақтың тез өзгеруі;

әр түрлі формадағы аритмия;

дәрет қиындықтары;

ойлау белсенділігінің төмендеуі (когнитивтік дағдылар бұзылады, зейін тежелген, реакциялар баяулайды);

есту қабілетінің төмендеуі;

әр түрлі формадағы сал (паралич);

ұрықтылықтың төмендеуі;

түсік қаупінің жоғарылауы.

Балалардағы йодтың ұзаққа созылған жетіспеушілігі физикалық және интеллектуалдық жағынан артта қалуға әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Йод жетіспеушілігінің белгілері:

тәбеттің болмауы;

тез шаршағандық;

тітіркенгіштік;

шаштың түсуі және олардың сынғыштығы;

терінің құрғақ болуы;

тістіің біртіндеп бұзылуы;

жадтың нашарлауы;

жиі мигреньдер;

ағзаның қорғаныс функциясының күрт әлсіреуі, жұқпалы ауруларға сезімталдық;

жүректің ауырсынуы;

ентігу.

 

Йод жетіспеушілігін «Ламифарэнмен» емдеу

Йод энергиялық, көмірсулы, май алмасуға, иммундық механизмдерге, өсуге, психикалық дамуға, бейімделуге әсер ететін қалқанша безінің гормондарының негізін құрайды. Йод тапшылығының салдары ағзаның жасына байланысты. Йод тапшылығының ең ауыр салдары құрсақішілік кезеңнен бастап және жыныстық жетілу жасымен аяқтай отырып, ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде қалыптасады. Жүктілік кезінде ананың ағзасы ұрықтың жалғыз йод қабылдау көзі болып табылады. Йод плацента арқылы оңай өтеді және тиреоидты гормондар мен басқа процестерді синтездеу үшін қолданылады. Құрсақішілік өмір кезеңінде тиреоидты гормондардың бақылауымен эмбриогенез процестері жүзеге асырылады, барлық мүшелер мен жүйелер, әсіресе ми сараланады және жетіледі. Оны қабылдау деңгейі балалардың зияткерлік, физикалық даму бағдарламасын жүзеге асыру, қоршаған орта факторлары мен ауруларға төзімділігін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін анықтайды.   Қалқанша безінің және жалпы ағзаның жоғары теңгеруші мүмкіндіктеріне қарамастан, йод тапшылығының әсерін күшейтетін әртүрлі трумогендік факторлар болған кезде тіпті жеңіл йод жеткіліксіздігі бірқатар патологиялық жағдайлардың дамуына себеп болады.

Хабаровск қаласында тұратын анемиялық жағдайы бар 151 жүкті әйелді кешенді тексеру негізінде «Ламифарэн» қабылдау қан йодидтерінің көрсеткіштерін қалыпқа келтіретіні анықталды. https://lamifaren.kz/media/2016/12/posobie-dlya-vrachei-2006.pdf (14 -19 бет) жүргізілген зерттеулер сондай-ақ биологиялық белсенді йод және макро-және микроэлементтердің, витаминдердің, минералдардың, полисахаридтердің толық спектрі бар “Ламифарэн” жүкті әйелдерде және лактация кезеңінде анемия мен йодтың жетіспеу жағдайларын емдеу үшін ұсынылғанын көрсетті.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp