Д дәрумені

Д дәрумені: жалпы мәліметтер

     Д дәрумені — түссіз, кристалды зат. 120 С температурада қорытылады, суда ерімейді.  Бірақ Д дәрумені органикалық түрдегі кез келген ерітінділерде ериді (спирт, майлар).   

     Бұл зат  кальций мен фосфордың ағзадағы тиімді шоғырын ұстап тұруға көмектеседі, осылайша сүйек массасының тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Ары қарай «Ламифарэн» өнімінің құрамдас бөліктерінің бірінің ерекшелігімен толығырақ танысуды ұсынамыз: оның ерекшеліктері, әрекет ету спектрі, қолданылу көрсеткіштері.

      Қандай өнімдерде кездеседі

     Д дәруменінсіз сіңіріле алмайтын кальцийге қарағанда, соңғысы өз бетімен сіңіріледі. Тағамдық өнімдерде бұл зат шоғыры аз кездесетіндіктен, бірінші кезекте «Ламифарэн» тағамдық өнімінің негізі болып табылатын  Ламинария қоңыр балдырларын ерекше атап өтуге болады. Гельдің стандартты мөлшері тәуліктік қажеттілікті толығымен қанағаттандыра алатын Д дәруменінің жеткілікті көлеміне ие.  

Сонымен бірге өсімдіктердің ішінен мыналарды атап өтуге болады:

саңырауқұлақтар (ақ, қозықұйрық, түлкішек, томарқұлақ);

ақжелкен;

қалақай.

     Күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінен бұл дәруменнің көп мөлшерін алу мүмкін емес: ол астық тұқымдастарда, көкөністерде, жемістерде және нанда өте аз кездеседі.

    Мал өнімдерінің азықтарын тұтына отырып, ағзаны дәруменмен қанықтыруға болады:  

майлы қызыл балықтың белгілі бір түрлері;

балық бауыры;

тауық бауыры;

майлар;

Д дәрумені бар сүт.

     Д дәрумені термоөңдеуден «қорықпайтынын», сондықтан да оны пісірілген астан да алуға болатынын айта кетейік.

     Шамамен ішуге қажетті тамақ теңгерімін белгілеу үшін, кейбір тағамдық өнімдердегі дәруменнің шоғырын көрсетейік:

15 г балық бауырында 1410 МЕ кездеседі;

100 г майшабақта 1388 МЕ кездеседі;

100 г арқан балықта 310 МЕ кездеседі;

тауық жұмыртқасының сарысында 300 МЕ дейін болады.

     Д дәруменінің қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін, ересек адам аптасына бірнеше рет шамамен 15 минуттай күннің астында тұруы керек. Сонымен бірге адам бауыры бір жыл бойы дәруменді жинай алады деген пікір бар.

      Д дәруменінің ағзаға тигізетін әсері

     Заттың басты әрекет ету бағыттарын қарастырайық:

минералды алмасуды реттеу. Д дәрумені сүйек массасының қалыптасуы мен дамуына қатысады, сонымен қатар дентин ұлпасының саулығы үшін жауап береді;

ересек адам үшін Д дәрумені остеопороздың алдын алу мен сүйек ұлпасындағы кальций шоғырын қалыпты ұстап тұруға көмектеседі;

дәрумен қаңқаның даму әрекетіне тікелей қатысушы болып табылады. Балаларға мешелдің алдын алу үшін тағайындауы мүмкін (жақсы сіңірілуі үшін оны кальциймен бірге қабылдауға болады);

метаболизмдік әрекеттерге әсер етеді;

ішектегі магний мен кальцийдің сіңірілу әрекетіне қатысады;

Д дәрумені  метаболизмді айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді, осылайша арықтау әрекетін оңай етеді. Бұл заттың жетіспеушілігі кезінде зат алмасуы күрт бәсеңдеп дене салмағы өсе бастайды;

дәрумендік қасиеттерімен бірге гормоналды қасиеттерге де ие, бұл кальцийдің сіңірілуін жоғарылату мүмкіндігін жақсартады. Бұл жерде гормон ретінде Д дәрумені шықпайды, ағзада пайда болатын метаболит шығады. Сонымен қатар Д дәрумені ақуыздық шоғырлануын белсенді етеді;

ағзаның онкологиялық ауруларға сезімталдығын азайтады, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Д дәруменін тұтыну жеткіліксіздігі көптеген ауруларға (қант диабеті, артрит, аутоиммундық аурулар, онкологиялық аурулар, гипертония) шалдыққыш топ қатарына жатады. Ағзада дәрумен мөлшері жеткілікті болса, аутоиммундық сипаттағы патологиялардың тиімді алдын алады;

ағзадағы дәруменнің қалыпты шоғыры болған кезде, ол қалқанша безінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Заттың жетіспеушілігі кезінде гипотиреоз, сонымен бірге йод жетіспеушілігінің даму мүмкіндігі үлкен екендігі дәлелденген. Осымен байланысты көптеген оқымыстылар Д дәруменін қабылдау артық салмақпен күресуде маңызды фактор болып табылады;

бұл зат адам ағзасындағы иммунды әрекеттердің бірқатарына әсерін тигізеді. Д дәруменінің қажетті мөлшері – иммундық жүйенің тұрақты қызметіне кепіл болады. Сондықтан да иммунитет мәселесі жағынан зардап шегетіндерге дәруменді қосымша қабылдауға кеңес беріледі;

кәсіби спортшылар бұлшықет тонусын нығайту және шыдамдылық таныту үшін міндетті түрде Д дәруменін қабылдайды;

кейбір деректер бойынша осы дәрумен магнийдің сіңірілуіне тікелей әсер етеді екен, сол себепті оған жүйке жүйесін нығайту бойынша қызмет артылады. Құрамында Д дәрумені кездесетін заттар ұмытшақтық кезінде тиімді болып табылатыны белгілі;

біраз уақыт бұрын Д дәруменінің қатерлі ісік ауруларына қарсы қасиетке ие екендігі белгілі болды. Бұл ашылу «Ламифарэн» тағамдық өнімін клиникалық зерттеу кезінде белгілі болған.

      Д дәруменінің тәуліктік мөлшері

     Заттың ең тиімді мөлшері төмендегідей:

ересек адамға заттың 400 бірлігі қажет (5-10 мкг);

денсаулыққа зиян тигізбейтін шекті мөлшері — 14-15 мкг;

заттың балаларға арналған мөлшері — 450-500 бірлік.

     Егер сіз күнге күйіп кетсеңіз, Д дәрумені тері арқылы түзілуін тоқтатады. Егер адам күннің астында мүлде болмайтын болса, ол дәруменді қосымша түрде қабылдап отыруы керек (тамақ үлесін сәйкес өнімдермен байыту).

      Д дәрумені жетіспеушілігінің белгілері

     Д дәруменсіздігі ағзаның жалпы жағдайына жағымсыз әсер етеді. Осы заттың жетіспеушілігінің алғашқы белгілері ретінде құсу,  тез шаршау, ұйқысыздық, көңіл-күйдің күрт өзгеруі, дене температурасының жоғарылауы сияқты жағдайларды айтуға болады. Егер дәрумен жетіспеушілігі уақыт өте келе пайда болса, келесі тері және оған байланысты: мешел, теңге қотыр, остеопороз секілді патологиялардың даму қаупі жоғары болады.

     Жасы келген адамдардағы Д дәруменсіздігі кальций мен фосфордың сіңірілуінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде сүйек массасының тығыздығы төмендеп, олар жұмсарып қалады (остеомаляцияның пайда болуы).

    Д дәруменінің көп жиналуы үшін төменде көрсетілгендерді орындау қажет:

тамақ үлесін құрамында осы дәрумен кездесетін азық-түліктермен байыту керек;

тамақ өнімдерінің қоспаларымен орын ауыстырмай, Д дәруменін қосымша қабылдау.

     Д дәруменсіздігінің басқа амалдардың көмегімен орнын толтыру мүмкін болмаған жағдайда, мақсатты түрде тиамин тағайындалатынын ескерте кетейік. Қазіргі таңда Д дәруменінің жетіспеушілігімен күресудегі ең тиімді зат «Ламифарэн» тағамдық өнімі болып отыр.

     Дәрілік заттар мен дәстүрлі қоспаларға қарағанда бұл өнім құнды органикалық заттардың тағамдық негізі ретінде қарастырылады. Бұл емшекпен емізу кезінде де және жүктілік кезінде де гельді тағайындауға болатынын көрсетеді.

      Қолдану көрсетелімдері:

балалардың мешел ауруы кезінде;

остеомалярия кезінде;

ауыз қуысының күюі кезінде;

ұйқы бұзылған кезде;

тәбет жоқ кезде;

көздің көруі төмендеген кезде;

түстерді ажырата алмай қалу кезінде;

химиотерапия алу кезінде (жалпы сауықтыру әсерін береді).

      Басқа заттармен өзара әрекеттесуі

    Д дәруменін, ретинолды және аскорбин қышқылын бірге қабылдау — суық тию ауруларына қарсы күшті соққы болады. Осы зат ретинолдың, аскорбин қышқылының, Е дәруменінің,  кальцийдің және магнийдің тез сіңірілуіне әсер етеді. Е дәруменімен өзара әрекеті кезінде қантамырлық қалдықтардың тұрып қалуының алдын алады.   

      Жаңа деректер

    соңғы зерттеулерге сәйкес, Д дәрумені әрбір адамның тұтынуына кеңес берілетін стероидты ұқсас байланыстардың бірегейі деп танылып отыр. Ауыр физикалық салмақтан соң ұлпаларды қалпына келтіру әрекетінде бұл заттың белсенділік көрсететіні дәлелденген. Сонымен қатар балалардың дамуы бәсең деп танылған кезде Д дәрумені тиімді деп саналып отыр (өсу бәсеңдігі кезінде кеңес беріледі).

     Қатерлі ісікке қарсы қасиеттеріне байланысты Д дәруменін онкологиялық ауруларды қалпына келтіру курстарына жиі қосып жүр. Күйзеліс кезінде ағзаның энергияны жоғалтуына байланысты бұл зат оның орнын толтырады, қорғаныс қасиеттерін нығайтады.  

     Аталған дәруменнің «Ламифарэн» тағамдық өнімінің құрамында кездесуі оның әрбір пайдалы қасиеттерін тек күшейтіп отырады, бұл оның басқа да бағалы заттармен әрекетіне және оның салыстырмалы шоғырына байланысты.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp