C дәрумені

С дәрумені: жалпы мәліметтер

     С дәрумені, аскорбин қышқылы деген атпен белгілі – суда еритін дәрумен. Бұл қосылыс ұлпалық, қантамырлық, сүйек жасушаларының дамуына, өсуіне және қалпына келуіне үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар бұл қышқыл темірдің дұрыс сіңірілуіне себеп болады, жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді.

     Әсіресе, инфекциялық аурулармен күресу кезінде, аскорбин қышқылының пайдалы әсері мен құндылығы өте өзекті мәселе болып табылады. Дәрумен барлық иммундық әрекеттерді іске қосатын механизм сияқты әрекет етеді. Аскорбин қышқылы тағам өндірісінде  Е315 деген атпен белгілі. Өлшем бірлігі – жалпыға белгілі (МЕ).

Қандай азық-түліктерде кездеседі

     Аскорбин қышқылы шоғырлануының жоғары пайызы теңіз өсімдіктерінде (қоңыр балдыр Ламинария), жаңа піскен көкөністер мен жемістерде кездеседі. Олардың ішіндегі басымдық танытатыны: 

қара қарақат;

болгар бұрышы және қызыл бұрыш;

жасыл бұршақ;

қырыққабат (түсті, брюссель қырыққабаты);

итмұрын;

шырғанақ;

цитрустар.

     Дәруменнің айтарлықтай көп мөлшері құлпынай мен шетенде болады. Ағзаны аскорбин қышқылының қажетті мөлшерімен қанықтыру үшін көкөністер мен жемістерді тек жаңа піскен күйінде (ешқандай термиялық өңдеуден және консервациядан өтпеген) тұтыну талап етіледі. Жоғары температура мен тікелей күн сәулесінің түсуі С дәруменін толықтай жойып жібереді.  

     Егер адам жасанды аскорбин қышқылын тұтынуды көтере алмайтын болса, асқорыту жолдарында қиын мәселелері бар екенін ескере отырып, дәрумендер мен пайдалы заттарға бай арнайы тағам өнімдеріне көңіл бөлу қажет.  Мұндай өнімдердің қатарына «Ламифарэнді» сенімді түрде жатқызуға болады: гельдің стандартты мөлшері қажеттіліктің тәуліктік мөлшерін толықтай қанағаттандыруға мүмкіндік тудыратын, С дәруменінің биоқолжетімді тиімді мөлшерінен тұрады.   

С дәруменінің әсері

     Ең алдымен, қышқылдың иммунтүрлендіргішін және ағзаның қорғаныс қызметін күшейту мүмкіндігін ескере кету керек. С дәрумені амин қышқылдық метаболизміне қатысады және кейбір гормондардың (нарадреналин, серотонин) түзілуіне қатысады. Қышқыл иммунитет үшін аса маңызды ақуыз алмасуына да қатысады.

     Қан құрамының жақсаруы – С дәруменінің тағы бір маңызды қызметі. Қанға түскен кезінде қышқыл мүмкін болатын тотықтандыру әрекеттерінің сенімді қорғанысына айналады.

     Ағзадағы темір қорының сақталуы – С дәруменінің кезекті күшті мүмкіндіктерінің бірі. Осы аскорбин қышқылының арқасында темір үш валенттіліктен екі валенттілікке түрленеді, бұл  оның тиімді сіңірілуіне көмектеседі. Сонымен қатар аскорбин қышқылы холестеринді метаболизмге қатысады және оның қандағы шоғырын қалыпқа келтіреді.

     С дәрумені жүйке жүйесін жақсартады, күйзеліспен күресуге көмектеседі. Қатты эмоциялық жағдайларда кейбір гармондардың, соның ішінде картизол мен адреналиннің бөлінуі байқалады. Аскорбин қышқылы осы аталған гармондардың биологиялық синтезі мен түрленуіне белсенді түрде қатысады. С дәруменінің күйзелісті бәсеңдететін және адамды эмоциялық күштен жайлап арылтатын мүмкіндігі осымен байланысты.

     Аскорбин қышқылының адаптогенді қасиеттері де баяғыда дәлелденген. Тәжірибе көрсеткендей, Солтүстік аймақтардағы күннің қысқалығы адамдарда жүйке тозуының дамуына әкеліп соқтырып отыр. Аскорбин қышқылы осы патологияның алдын алады, бұған климатқа бейімделу әрекетін жылдамдатуға көмектесетін адаптоген ретіндегі қасиеттерінің арқасында қол жеткізіліп отыр.

С дәруменінің тәуліктік мөлшері

     Аскорбин қышқылы ағзада ұзақ сақталмайды – ол тек дәруменнің кейбір мөлшерін сіңіреді. Аскорбин қышқылының шекті тәуліктік шоғырлануы, адам денсаулығы үшін қауіпсіз мөлшері 3 г тең. Дәруменнің қалдығын шығаруға бүйректер жауап береді.

     Денсаулығының кінараты жоқ ересек адам үшін С дәруменінің ең төменгі тәуліктік мөлшері 30 мг тең. Дені сау ересек адам үшін ең тиімді мөлшер орташа есеппен 55 мг құрайды. С дәруменінің тура осындай мөлшері «Ламифарэн» тағамдық өнімін бір рет қабылдаған кезде сіңіріледі. 

     Кейбір жағдайларда С дәруменінің көп мөлшерін тұтыну қажет болады. Бұл кейбір суық тию ауруларын емдеуде, сонымен қатар онкологиялық науқастардың жалпы сауығуы және химиотерапия сеанстарынан кейін қалпына келу мақсатында қажет болады.

     Аскорбин қышқылының көпқырлы әсерлерін есепке ала отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: ол расында да адам ағзасы үшін маңызды болып табылады. Бірінші кезекте вегетериандық тәртіптегі адамдар ағзаларында осы дәруменнің болуын қадағалаулары керек.

С дәрумені жетіспеушілігінің белгілері

     Аталған дәрумен жетіспеушілігі көбінесе бронхтық астмамен ауыратын науқастарда кездеседі. Аскорбин қышқылының май алмасуына қатысатынын және холестерин деңгейін бақылайтынын есепке ала отырып, оның жетіспеушілігі атеросклероздың дамуына әкелуі мүмкін.  Сонымен қатар С дәруменінің жетіспеушілігі көздері су қараңғы науқастарда жиі болады: қышқыл шоғыры көз қарашығында және оның сұйықтығында айтарлықтай төмендеп кетеді.

     С дәруменінің жетіспеушілігі сондай-ақ цервикальді дисплазиядан зардап шегетін науқастарда жиі кездеседі. Қышқылдың жеткіліксіз мөлшері Крон ауруымен сырқаттанған науқастардың біразында кездеседі. Жақын арада гипертониялық ауру мен С дәруменінің жетіспеушілігі арасындағы байланыс дәлелденді.

     Аскорбин қышқылының шеміршек пен байланыстыру ұлпаларына тигізетін әсеріне қарай, оның ағзадағы жетіспеушілігі остеопороз бен соған ұқсас аурулар дамуының тікелей жолы болуы мүмкін. Қышқыл қызылиек ауруларымен күресуде, сіңірдің қалпына келу әрекеттерінде, байланыстыру органдары мен ұлпалардың орнына келуінде ерекше маңызды болып табылады.  

     С дәруменінің жетіспеушілігі кезінде қырқұлақ ауруы дамуы мүмкін – бұл ауыз қуысының ауруы, қызылиектің ісінуін тудырады, олар қанап, тістер түседі, сонымен қатар тері астылық қансырау пайда болады. Қырқұлақ – қажетті емдеу жүргізбесе соңы өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін ауру. Егер ауру өмірлік маңызды органдарға тиіп, ал қажетті шаралар қолданылмаса, соңы өлімге әкелуі әбден мүмкін. Қазіргі кезде бұл ауру соншалықты кеңінен таралмаған, алайда теңізшілер арасында аздап кездеседі. Оның басты белгісі – теңгерімсіз тамақтану.

Аскорбин қышқылы жетіспеушілігінің басты белгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

инфекциялық ауруларға шалдыққыштық;

жаралы аурулардың пайда болуы;

тез шаршау;

қаназдық;

бұлшықет массасының күрт төмендеуі;

үнемі әлсіздікті сезіну;

талып құлау;

асқорыту жолдарының мәселелері;

диарея.

Қолдану жөніндегі көрсетілімдер

     С дәруменін төмендегі жағдайларда пайдалануға кеңес беріледі:

аскорбин қышқылының жетіспеушілігінде;

ағзаның дәруменге деген жоғары қажеттілігінде;

емшекпен емуден толық бас тартып, түгелдей жасанды тамақтандыруға көшкен кезде;

белсенді өсу кезеңінде;

теңгерімсіз тамақтануда;

асқорыту жолдарынан тыс тамақтануда;

айтарлықтай физикалық күш түскенде;

ауыр науқастардан кейін қайта қалпына келу кезеңінде;

қырқұлақ ауруында;

алкогольге тәуелділікте;

күйікте;

ұзақ уақыт суықтың астында болғанда;

ұзақ уақыт қалтырауда;

гипертиреозда;

инфекциялық аурулар және олардың созылмалығы кезінде;

ішек қарын жолдары органдарының патологиясында;

темекі шегуде;

күйзеліс жағдайларына шалдыққыштықта;

түрлі сипаттағы жарақаттарда;

тыныс алу жолдарының ауруларында;

отадан кейінгі кезеңде;

жүктілік кезінде.

Басқа заттармен байланысы

      Аскорбин қышқылының емдік қасиеті оның ретинолмен және Е дәруменімен өзара байланысы кезінде күшеюі мүмкін. С дәрумені басқа дәрумендердің (В тобындағы, ретинол, Е, Пантотенді қышқыл) ағзаға қажеттілігін төмендетеді.

     Сонымен қатар, С дәруменін құрамында төмендегі заттар кездесетін препараттармен бірге қабылдауға кеңес берілмейді:

темір;

кофеин;

В12;

фолий қышқылы.

      Бұл шектеулер «Ламифарэн» тағамдық гелін қабылдау кезінде күшін жояды. Өнім құрамы бірегей және өнімді дәрілік заттармен және қоспалармен бірге қабылдағанда ешқандай қиындықтық тудырмайтын технология бойынша дайындалған. «Ламифарэнді» қабылдау мүлде қауіп тудырмайды: клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша тікелей қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлері табылмаған. 

Жаңа деректер

     «Ламифарэн» тағамдық өнімін тексеру нәтижелері көрсеткендей, аскорбин қышқылы ағзаның жалпы сауығуына ғана әсер етіп қоймай, алкогольді және наркотикалық тәуелділіктің әртүрлілігі кезінде айтарлықтай көмек көрсете алады. Дәрумен әсері ағзаның улануын төмендетуге бағытталған және алкоголь мен наркотикалық заттарды тұтыну салдарын жеңілдетеді.  

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp