Ванадий (лат. Vanadium), V

Ванадий — планетамызда айтарлықтай кеңінен таралған металл. Бұған қарамастан, оны белсенді химиялық элемент деп атауға болмайды. Және де оны еркін түрінде еш жерден кездестіре алмайсыз, бұл металдың табиғатта шашыраңқы түрінде кездеспейтінін білдіреді. Бұл аталған элемент атомы радиуысының темір мен титан атомдарының радиуысымен бірдей болғанына байланысты. Бұл жағдай ванадийдің атомдар деңгейінде басқа металдардан ерекшеленуіне кедергі болып табылады.

     Аталған химиялық элементтің адам ағзасындағы рөлі қандай? Неге «Ламифарэн» тағамдық өнімінің құрамында кездеседі? Осылар жайлы төменде айтып өтейік.

      Адам ағзасындағы ванадийдің әсері                                                                                                           

    Негізі, ванадий адам үшін өте маңызды микроэлементтердің бірі болып есептелінеді. Металл ағзаның басты жүйелерінің – бұлшықет, жүрек-қантамырлық, жүйке жүйелері қызметінде басты рөл атқарады. Сонымен қатар ванадий көмірсу метаболизмін реттеуге жауап береді және сүйек массасының қалыптасуына әсер етеді. Барлық органдарда аталған микроэлементтің кездесетіні белгілі болған, алайда металдың ең көп шоғырланатын жерлері сүйек массасы болып табылады. Ванадийдің бұдан азырақ мөлшері бұлшықеттер, өкпе, көкбауыр, жүрек бұлшықеттері, бүйректер, ішкі секреция темірлерінің арасында таралатыны белгілі. Ағазадан ванадийдің шығарылуы несеп шығарумен бірге жүреді.  

      Металл қызметтері және оның басқа химиялық элементтермен өзара әрекеттесуі

     Ванадийдің қарсыластары кездесетіні әрине белгілі – олар хром және ақуыздар. Адам ағзасында металдың 0,1 мг кездесетініне қарамастан, оның ағзада болуы көптеген маңызды әрекеттер мен реакциялардың дұрыс ағымына айтарлықтай әсер етеді.

     Ванадийдің басты қызметтеріне төмендегілер жатады:

жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу әрекетіне қатысады (металл гипертониялық аурулардың және жүрек-қантамыр жүйесінің басқа патологияларының пайда болу қаупін төмендетуге жауап береді);

атеросклероздың пайда болуының алдын алады (ванадий бауырдағы холестерин деңгейін төмендетуге әсер етеді);

сүйек массасының қалыптасу әрекетіне қатысады (сүйек массасында кальций тұзының жиналуына әсер етеді, тіс эмалінің қалыптасуын реттейді, тістердің ауруларға қарсыласуын жоғарылатады);

көмірсу метаболизмін реттейді (ванадий инсулин қасиеттерін ұқсату қызметін атқарады);

ісіктер мен домбығуларды жоюға әсер етеді;

жүйке-бұлшықет жүйесінің қызметін қалыпты ұстау әрекетіне қатысады;

тотықтану және қалпына келтіру реакцияларының бірқатарын катализдеуге қатысады;

бауыр мен бүйректің көптеген қызметтеріне әсер етеді;

көру деңгейіне әсер етеді;

қант пен гемоглобин деңгейін бақылайды;

коэнзимдер (А,Q) шоғырын төмендетеді.

      Аталған микроэлемент ненің құрамында болады?

     Адам баласына тәулігіне металдың 12-ден 24 мкг дейін мөлшері қажет болады. Төменде көрсетілген азық-түліктерді тамаққа қосып тұтынған кезде аталған микроэлемент қажеттілігі өтеледі:

теңіз қырыққабаты (қоңыр балдырлар);

қызыл балық (албырт);

теңіз өнімдері (мидия, теңіздің ұсақ балықтары, асшаяндар);

өсімдік майы;

соя өнімдері (тофу ірімшігі, соя еті, соя сүті және т.б.);

астық наны;

өсірілген бидай;

1қозықұйрықтар және ақ саңырауқұлақтар, түлкішек;

жасыл көкөністер (ақжелкен, саумалдық);

бұрыш.

      Ағзадағы ванадий мөлшерінің жеткілікті екеніне көз жеткізу үшін, жоғарыда аталған өнімдерден басқа «Ламифарэн» тағамдық гелін тұтыну өте маңызды. Гельдің құрамында ішінде ванадий кездесетін пайдалы микроэлементтер мен дәрумендердің бірқатары кездеседі. Жанама әсерлерінің және қарсы көрсетілімдерінің болмауының арқасында бұл өнімді қабылдау мүлде қауіпсіз болып табылады. Бір ғана қарсы көрсетілімі – өнімнің құрамдас бөліктеріне төзе алмаушылық.

      Ванадий жетіспеушілігі: несімен қауіпті?

 Аталған мәселе бойынша ақпарат аса маңызды емес, алайда металдың йод метаболизмі мен қалқанша безіне тигізетін кері әсері дәлелденген. Сонымен қатар, күйзеліс пен қатты эмоциялық жағдайларда ағза металл қажеттілігін қатты сезінеді.  Соңғы зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, кейбір ғалымдар ванадийдің аса қатты жетіспеушілігі атеросклероз және қант  диабеті секілді қатерлі сырқаттардың пайда болуына мүмкіндік тудырады деген қорытындыға келген.