Бериллий (лат. Beryllium), Be

Бериллий — зүбаржат тасының бір түрі болып табылатын минералдың арқасында осындай атауға ие болған химиялық ультрамикроэлемент. Еркін түрінде бериллий адамдарға 19 жүзжылдықтың басында ғана белгілі болды, атақты француз оқымыстысы Бюсси оны зертхана жағдайында жасап шығарған. Бериллий дүние жүзінде кеңінен таралған, алайда еркін түрде оны кездестіру мүмкін емес.  

      Элементтің адам ағзасына тигізетін әсері

     Бериллий өзінің улылығымен белгілі және ультрамикроэлементтер қатарына жатады. Бүгінгі күнге дейін оқымыстылар оның пайдалы қасиеттерін толық зерттеп бітпеген, бірақ бериллийдің  фосфор мен кальций арасындағы алмасу әрекеттеріне қатысатыны туралы бұрыннан белгілі.  Сонымен бірге иммунитетті жақсы ынталандыратын маңызды элемент екені де дәлелденген. Аталған заттың тәуліктік қажеттілігі туралы да нақты мәліметтер жоқ, бірақ кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша тәуліктік мөлшер 15 мкг құрайды екен.  

      Бериллий ағзаға қалай түседі?

     Аталған микроэлемент адам ағзасына тағамдық өнімдер арқылы түседі, сонымен бірге ауа тамшылары арқылы да жеткізіледі. Бериллий тұздары асқазанға түсіп, оның микрофлорасына сіңгеннен кейін, сол мезетте фосфаттар түседі. 

     Бериллийдің адам ағзасына таралуын бірқалыпты деп айтуға болмайды. Сүйек ұлпаларында, бұлшықеттерде және қанда оның шоғыры 3 мг құрайды. Көп мөлшері жүректе, бауырда, лимфа түйіндерінде болады. Көбінесе бұл миуроэлемент ағзадан қарапайым жолмен, несеп шығару кезінде сыртқа шығарылады.

      Адам денсаулығы үшін бериллийдің рөлі

     Табиғатынан улы болғанына қарамастан, бұл элементтің фосфорлық-магнийлік алмасу әрекетіне тікелей қатысы бар. Кейбір зерттеу нәтижелері бойынша, бериллийдің органикалық емес фосфаттар қатысатын биохимиялық әрекеттерге белсене қатысатыны атап көрсетілген.

      Бериллий ненің құрамында болады?

     Көп мөлшерде ол теңіз өсімдіктерінде (әсіресе, теңіз балдырларында), көкөністерде, қызанақтарда болады.

     Бериллий жетіспеушілігі несімен қауіпті?

     Бұл тақырып бойынша толықтай дәлелденген ғылыми зерттеулер жасалмаған, өйткені оның кері әсері бериллийдің шамадан тыс болуы жайлы көп сөз қозғалады. Бұл жағдайға қарамастан, элемент көп мөлшерде болмаса да адам ағзасы үшін қажет. Кейбір маңызды ферменттер қатарының қалыпты қызметін сақтап тұру үшін аталған микроэлементтің ағзада болуы қалыпты жағдай.

     Ерте заманнан бастап бериллий аса пайдалы минерал болып саналған. Оның көмегімен әйелдердің жыныстық органдарының бірқатар ауруларын емдеп жазған. Бүгінгі күні белгілі болғандай, ертеректе бериллийді ұнтақтап, жатырды түсіру үшін, несеп шығару жүйелерінің, аналық ұрық безінің ауруларын емдеуде қолданған екен. Кей кездері тіс ауруын басу үшін, бас ауруын бәсеңдетуде қолданған. Бас ауруын басу үшін бірқатар адамдар осы күнге дейін бериллийі бар білезіктер тағып алады.

      «Ламифарэн» — құрамында ешбір зиянды құрамдас бөліктер кездеспейтін тағамдық өнім. Өнім белгілі медициналық ұстаным бойынша жасалған:  дәрі мен у тек қоспаларының мөлшерімен ғана ерекшеленеді. Гелдің құрамынан 40 түрлі химиялық элементті табуға болады, олардың шоғыры денсаулыққа ешбір зиянын тигізбейді.   

      Ламифарэн, толыққанды дәрумендер кешенін құрайды,  барлық сырқат түрінде оны қабылдауға кеңес берілетіні бекер емес. Оның тағамда орта мөлшерде кездесуі – синтетикалық дәрілік заттарды пайдаланғаннан әлдеқайда дұрыс шешім.